11-сынып. «Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Пайым мен парасат»



бет1/2
Дата26.12.2023
өлшемі17,89 Kb.
#199379
  1   2
Байланысты:
11-сын.ҚӘ.2-тоқ.ТЖБ
План Трение 7 кл

11-сынып. «Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


«Пайым мен парасат» бөлімі
Шығармалар:
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі, Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы,
Б. Мұқай «Өмірзая» романы, Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы,
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романы, С. Елубай «Жалған дүние» романы


1-БӨЛІМ
1. 1. «Шындыққа əділеттің ақ жолымен бару керек. Жалынып, жаттың аяғына жығылып, жарамсақтанып жүріп нағыз шындыққа жете алмайсың, қарағым. Ол – адасу жолы, теріс жол». Шығармада берілген үзіндінің қай кейіпкерге тиесілі екенін анықтаңыз.
А) Аяған
В) Асылхан
С) Қуат ақсақал
D) Алдияр Ақпанұлы

2. «Жалған дүние» романында көтерілген мәселені белгілеңіз.


A. ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін жылдарының басталуы
B. екінші дүниежүзілік соғыстың зардабын кешкен қазақ тарихы
C. қазақтың киіз үйінің тарихы мен колхоздастыру кезеңі туралы
D. «тоқырау заманы» мен «ұлтсыздану» дәуірінің басталуы
[1]
3. Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы жанры жағынан қанда роман түріне жатады?
A. роман-эссе
B. тарихи роман
C. роман-дилогия
D. роман-трилогия

4. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романының кейіпкерлерін табыңыз


A. Тұрар, Рысқұл
B. Ерік, Таған
C. Назира, Қасымбек
D. Мауысымжан, Едіге [1]

5. Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім,


Көре алмай көп жеріңді мен кетемін.
Арпалыс ала құйын заманалар
Арбасып тұрып алды, мен не етемін, - деген өлең жолдарында қолданылған троптың түрін көрсетіңіз.
А. метафора
В. эпитет
С. теңеу
D. синекдоха
[1]


2-БӨЛІМ
6. «Өмірзая» романының негізгі идеясын бүгінгі заман шындығымен байланыстырып, талдау жасаңыз. Ойыңызды дәлелдеңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [5]
7. ...Ежелден ерке бұлан Қасым едім,
Бұлқына тасып едім, басып едім.
Жүзім – жаз , көңілім — көктем кең пейілді,
Жақсының жүрегіне ғашық едім...
Үзіндіде кейіпкер бейнесін сипаттаудағы көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз.
[5]

8. Әлем әдебиетіндегі Хансұлу сияқты кейіпкерлердің іс-әрекетіне, бейнесіне құндылықтар тұрғысынан талдау жасаңыз.


[5]


3-БӨЛІМ
9. Екі тақырыптың бірін таңдап, 200-250 сөзден тұратын әдеби сын жазыңыз.
1). ...Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын,
Бақытын ойламаймын құр басымның.
Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын,
Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын....
Үзіндіде көтерілген адамгершілік мәселесі бойынша әдеби эссе жазыңыз.

2). «Қызыл жебе» шығармасындағы Тұрардың тағдырын суреттеудегі автор шеберлігіне талдау жасап, әдеби сын жазыңыз.


[10]




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет