Көрнекіліктер: әңгіме, сұрақ-жауап. Барысы



Дата27.12.2016
өлшемі14,54 Kb.
#5577
Абайлаңыз, тайғанақ.

Мақсаты: Табиғат құбылысы туралы тайғанақ жайлы түсінік беру.

Жолдағы шараларды сақтау керектігін түсіндіру.



Көрнекіліктер: әңгіме, сұрақ-жауап.

Барысы:

-Балалар, біз көркем ауылдық жерде өмір сүреміз. Әсіресе, біздің ауыл қыс мезгілінде әдемі: айнала аппақ қарға оранған, ағаштар жалт-жұлт еткен қар ларға шомылған. Кең жолдардан көліктер, автбустар өтеді. Бір-біріне ешкім де бөгет болмайды, себебі әрқайсысы жолда жүру ережесін сақтайды.



Дидактикалық ойын: «Жақсы-жаман»

-Балалар, қыс мезгілі жақсы ма немесе жаман ба (жақсы- қар көп, қар құрылыстарын балалар жасайды; жаман- жол тайғанақ, жүру қауіпті.)

«Мұз» (жақсы- шаңғымен ойнаймыз, қысқы балық аулау; жаман- ададамдар тайғанақта құлайды, авариялар болады)

Суретпен жұмыс.

-балалар, суретте не көріп тұрсыңдар? (авариялар бейнеленген)

-авариялар неден болды, қалай ойлайсыңдар? (балалар жауаптары)

-Тайғанақ дегеніміз не? (балалар жауаптары)



Сергіту сәті.

Сауалнама «Көшедегі сабақ»

Сұрақтар қойылып, балалар жауаптары тыңдалынады.

-балалар, қыста адамдар аяқ киімдері қандай болулары керек? Жолда қалай жүру керек? Тайғанақтың алдын қалай алады? (жолдарды тазартады, құм төсейді)

«Қарапайым әже( әңгімесі оқылады).

Әңгіме талқыланып, тайғанақта дұрыс жүру ережелері айтылып өтіледі.



Қорытынды.

Біз бүгін не туралы айттық? Жолда қалай жүру дұрыс деп ойлайсыңдар?

Белсене жауап берген балаларды мадақтау.

Өткізген: Мазанова Г.Т.



1 топ «Балдәурен» шағын орталығы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет