Қазақстан экономикасының салалық құрылымы
11 сынып география пәні мұғалімі Який Хайрат Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы №69 мектеп-гимназия Бүгінгі сабақта: Қазақстан аймақтары шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымы мен экономикалық даму көрсеткіштері бойынша салыстырып талдауды үйренесіздер
Қазақстан шаруашылығының қалыптасу кезеңдері Дәстүрлі экономика (б.з.д. І мың ж.басы – ХІХ ғ) кезеңінің ерекшеліктері
Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды;
Әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің негізінде дамыды;
Негізгі кәсіп – көшпенді және жартылай көшпенді мал шаруашылығы;
Мал жеке меншікте, жайылым қауымдық меншікте болды;
Мал шаруашылығымен бірге егін салу, қолөнер кәсіпшілігі де дамыды;
Өнім тұтыну сипатында ғана болды;
Айырбас сауда қосымша рөл атқарды.
Нарықтық экономиканың пайда болу (ХІХ ғ. ортасы – 1920 ж. аяғы) кезеңінің ерекшеліктері
Жеке меншік;
Тауар шаруашылығы мен еркін (нарықтық) баға;
Тауар-ақша қатынасының дамуы;
Жәрмеңкелер кеңінен ұйымдастырылды;
Айырбас сауданы ақшалы сауда ығыстыра бастады;
ХІХ және ХХ ғ. темір жолдардың салынуы Қазақстан шаруашылығын жалпыресейлік және әлемдік нарықпен байланыстыруға қол жеткізді;
Тау-кен және фабрика-зауыт өндірісі пайда болды.
Жоспарлы экономика кезеңінің (1920 ж.аяғы – 1990 ж.басы) ерекшеліктері
Мемлекеттік меншік пен шаруашылық қызметті жоспарлау;
Орталықтан түсетін мемлекеттік жоспар;
Баға қоюды, өнімді таратып бөлуді үкімет жүзеге асырды;
Дамыған индустриалды-аграрлық экономика құрылды;
Индустрияландыру мен тың игеру болды;
Қазақстан өнімнің көптеген түрлері бойынша КСРО-да алдыңғы орындардан көрінді.
Бидайдың әрбір жетінші тоннасын Қазақстан егістіктері өндірді.
Нарықтық экономикаға өту (1990-ж.басынан бастап) кезеңінің ерекшеліктері
Экономикалық іс-әрекетке еркіндік беру;
Мемлекеттік меншікті жеке иеліктерге беру, яғни жекешелендіру;
Шет елдермен жан-жақты шаруашылық байланыстарын қалыптастыру;
Ұлттық және басқа банктердің құрылуы;
Төл теңгенің енгізілуі;
Кәсіпорындарды шет елдік компаниялар басқаруына беру.