11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама



бет35/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

10б сыныбына жалпылама-сыныптық
бақылау бойынша анықтама
қараша, 2022 жыл

Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру жоспарына негізінде, №250-ө бұйрығына сәйкес, 10б сыныбында 21.11-25.11.2022ж күндері аралығында пәндік-жинақтық бақылау ұйымдастырылды.
Негізгі орта білім беру деңгейін аяқтаған оқушылар, жалпы орта білім беру деңгейіне көшті. Бұл оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы орта білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.
10 сынып оқушылары жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша 2 сыныпқа бөлінген.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта /төмендетілген мазмұнның/ үлгілік оқу жоспары /ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы №415 бұйрығы 30,31-қосымшасы/ алынған.
Қоғамдық гуманитарлық бағытта:

  1. Инварианттық компонент - 29 сағат

  2. Вариативтік компонент: Жаһандық құзыреттілік /Кәсіпкерлік және бизнес негіздері/ - 1 сағат

  3. Элективті курстар – 7 сағат бөлінген.



Жаратылыстану-математикалық бағытта:

  1. Инварианттық компонент - 33 сағат

  2. Вариативтік компонент: Жаһандық құзыреттілік /Кәсіпкерлік және бизнес негіздері/ - 1 сағат

  3. Элективті курстар – 3 сағат бөлінген.

Оқушылардың екі бағыт бойынша бейімделуі, сабаққа қызығушылықтарын байқау мақсатында мектеп әкімшілігі 15 сабаққа қатысты. Сабаққа қатысу барысында оқушылардың сабақ оқуға құлшыныстарының баяулығы анықталды. Сабақ үстіндегі белсенділіктері орташа қалыптасқан. Болашақ мамандықты игеру мақсатында бағыт бойынша бөлінгендіктен, психолог тарапынан оқушылардан сауалнама алынды.


10 а сыныбы қоғамдық - гуманитарлық бағыт бойынша қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндеріне қатысу барысында, оқушылардың сабаққа қатысуы төмен, тек мұғалімнің көмегімен ғана сұрақтарға жауап береді. Үй тапсырмасын орындауда тек қыз балалар белсенділік танытты. Пән мұғалімі А. Құсайынованың күнделікті сабақ жоспары тақырыптық - күнтізбелік жоспарға сәйкес жазылған, тақырыптардан қалушылық жоқ. Сабақ барысында оқушыларға белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақта оқушылардың сыни ойлауын, өзара қарым-қатынас орнатуын, сабақ мақсатына жету қадамдарын ұсына білді.
10 б сыныбында қазақ тілі пәнінде оқушылардың пәнге қызығушылығы орта деңгейде. Пән мұғалімі А.Мырзабаеваның ҚМЖ-сы бар, талапқа сай жазылған. Өткен сабақты қайталау барысында М.Серікқызы, Еркінқызы Г, А.Ақмалиқызы қойылған сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындаған. Мұғалімнің қолдауымен оқушылар берілген тапсырманы орындайды. Сабақ үстінде белсенді оқушылар Жұмағазы Раушан, Еркінқызы Гүлден. Ұл балалардың сабаққа белсенділігі өте төмен болды, тек дәптерге жазумен ғана шектелді,
10б сыныбы алгебра, геометрия, ағылшын тілі сабақтарында ұл балалардың пәнге деген белсенділігі төмен. Сынып оқушыларының үй тапсырмасына көңіл бөлмейтіні көрінді.
Сыныптарда өткен сабақтар барысында пән мұғалімдері тарапынан оқушыларға балдық жүйеде бағалау жүргізілмегені, сабақ мақсаттарына көңіл бөлінбейтіні, сонымен қатар, әр сабақ тек дәстүрлі форматта өтетіні анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет