11-сынып оқушыларына арналған мектепшілік олимпиадасының тапсырмалары 2021-2022 оқу жылы. І нұсқа Олимпиада мақсаты



бет4/4
Дата23.03.2023
өлшемі30,47 Kb.
#172938
1   2   3   4
Байланысты:
11-сынып о ушыларына арнал ан мектепшілік олимпиадасыны тапсырм
тесты РЯ весна 2022 37369, Дүниежүзі тарихы тест жауаптарымен (1), 01.09.20 ЕСТ, Мұқағали Мақатаев ✔️, Ақылбекова Айшагүл, Ашық сабақ ✔️, Уканнн (копия), 14.09.23, Айтенов Р Фарм-1, КРДСМ «Онтустік Казакстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖК
ІІ-Жазылым. (Эссе)
Берілген төрт тақырыпты таңдап эссе жазу.- 10-ұпай
1.Абай мұрасы – ұлтымыздың рухани байлығы.
2. Ұлт шамшырағы – Ыбырай Алтынсарин (Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жыл).
3.Жыр алыбы – Жамбыл Жабаев. (Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл).
4. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз. (Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл).
5. «Ұлтының ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» (Қазақтың ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл).
6. «Тұғыры биік тәуелсіздік» (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл ).
Эссенің бағалау критерийі


Ұпай

Сипаттамасы

9-10

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданады. Ойын еркін әрі толық беруде, күрделі әсерлерді жеткізе алады, тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.

7-8

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданады. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір
орфографиялық қателер түсінуді қиындатпайды.

5-6

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қанағаттанарлық деңгейде қолданады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, орфографиялық қателер, мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы жалпы әсерді бұзады.

3-4

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолдануға тырысады.Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.

1-2

Қолданған тілдік құралдары жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай емес. Сөздер кейде анық емес, орфографиялық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы,шақтардың,
бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.



ІІІ. Айтылым.
Берілген үш тақырыптан біреуін таңдап диалог құрастыру. -10 ұпай

  1. «Білім – инемен құдық қазғандай»

  2. Жаһандану – тарихи құжат.

  3. Жолдау – тарихи құжат.

  4. Латын әліпбиі – уақыт талабы.

  5. Адамзаттық құндылықтар – рухани дамудың қайнар көзі.


IV.
Сүйікті ақынның бір өлеңін жатқа айту – 10 ұпай

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет