11 сыныптаѓы геометрия сабаѓы


Типі: Жаңа тақырып Көрнекілігі



бет26/112
Дата16.12.2021
өлшемі1,53 Mb.
#101725
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   112
Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру


Жаңа тақырып

Дұрыс көпжақ жақтары дұрыс үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш,алтыбұрыш және т.б болуы мүмкін.

1. Дұрыс көпжақтың жақтары дұрыс үшбұрыш деп қарастырамыз:

Сонда көпжақтың төбесіндегі жазық бұрыштардың қосындысы 600n болуға тиіс, n -жақтарының саны. Көпжақ болу үшін n ≥3.

а) егер n=3 болса, онда 600 · 3 = 1800 ә) егер n=4 болса, онда 600 · 4 = 2400

б) егер n=5 болса, онда 600 · 5 = 3000 в) егер n=6 болса, онда 600 · 6= 3600

n=6 жағдайда дұрыс көпжақ шарға айналады.Сонымен жақтары дұрыс үшбұрыш болғанда,дұрыс көпжақтың үш түрі болады.

2.Енді дұрыс көпжақтың жақтары дұрыс төртбұрыш деп қарастырамыз:

Дұрыс төртбұрыштың бір бұрышы 900.Ал төбесіндегі жазық бұрыштарының қосындысы 900 n.

а) егер n=3 болса, онда 900 · 3 = 2700 ә) егер n=4 болса, онда 900 · 4 = 3600

n=4 жағдайда көпжақ шарға айналады. Сонымен жақтары дұрыс төртбұрыш болғанда дұрыс көпжақтың бір ғана түрі болады.

3.Енді дұрыс көпжақтың жақтары дұрыс бесбұрыш деп қарастырамыз:

Дұрыс бесбұрыштың бір бұрышы:

(n -2)· 1800 /5 = (5 -2)· 1800 /5 = 1080

а) n=3 болса, онда 1080 · 3 = 3240 б) n=4 болса, онда 1080 · 4 = 4320 > 3600

ондай дұрыс көпжақ қарастыруға болмайды. Сондықтан жақтары дұрыс бесбұрыш болғанда, дұрыс көпжақтың бір ғана түрі болады.

4. Енді дұрыс көпжақтың жақтары дұрыс алтыбұрыш деп қарастырамыз:

Дұрыс алты бұрыштың бір бұрышы : (n -2)· 1800 /6 = (5 -2)· 1800 /6 = 1200

Егер n=3 болса, онда 1200 · 3 = 3600

n=3 жағдайда көпжақ шарға айналады.

Жақтары дұрыс алты бұрыш болып келген дұрыс көпжақты қарастыруға болмайды екен.

Сонымен дұрыс көпжақтың саны бесеу болды.

Кесте құрастырамыз:



Дұрыс көпжақтың

Грекше аттары



Қазақша аты

Қырының саны

Жақтарының саны

Табандарының саны

1

Тетраэдр

Төрт жақты

6

4

4

2

Гексаэдр

Алты жақты

12

6

8

3

Октаэдр

Сегіз жақты

12

8

6

4

Додекаэдр

Он екі жақты

30

12

20

5

Икосаэдр

Жиырма жақты

30

20

12

Осы кестеден байқағандай Қ +2= Ж+Т

Мұндағы Қ- қырларының саны,

Ж-Жақтарының саны,

Т-табандарының саны.

Бұл формула Эйлер формуласы деп аталады.



Есептер шығарту.

6, №7


Бекіту

Қандай көпжақ дұрыс көпжақ деп аталады?

Дұрыс көпжақтың бес түрін атап, оларға сипаттама бер?
Үйге тапсырма беру:

§4 оқу сұрақ 1-5, №8 есеп

Сабақ №14

Күні: 19.10

Сынып:_11___

Тақырыбы: «Көпжақтар.» бақылау жұмысы

Мақсаты:


  1. Көпжақтардың қималары туралы ұғымды және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет