VІІ. Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма:
№1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы мүмкін бе? ( Д = 5 см, хорда 6 см болуы мүмкін емес)
№2. Өзара перпендикуляр хордалар бір-бірін 5 см және 7 см кесінділерге бөледі. О нүктесінен хордаға түсірілген перпендикулярды табыңдар.
№3. АВ және СД центрі О болатын шеңбердің диаметрі. Егер СВ = 13 см, АВ = 16 см болса, АОД үшбұрышының периметрі неге тең болады?
№61
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар. Қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үшбұрыштардың қасиеттерін қолданып есептер шығару
Дамытушық: есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Қайталау, іздену сабағы
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
2.Қайталау сұрақтары:
Үшбұрыштардың түрлері
Элементтері
Биссектриса, медиана, биіктік. Анықтама беру
Бұрыштардың түрлері (сүйір, доғал, тік, вертикаль, сыбайлас, ішкі, сыртқы ...)
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы
Үшбұрыш теңсіздігі
Үшбұрыштың теңдігінің белгілері
3Есептер шығар. у кезеңі
Үшбұрыштың бүйір қабырғалары 30 см және 25 см, ал табаны 11 см-ге тең. Үшбұрыштың
табанына жүргізілген биіктігін табыңыз. Жауабы: 24 см
Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 17 см, ал табаны 16 см. Табанына түсірілген
биіктігін табыңыз. Жауабы: 15 см
Қабырғалары a және b болатын АВС үшбұрышы берілген және осы қабырғалр арасындағы
бұрышы с болатын. С төбесінен шығатын биссектрисаның ұзындығы неге тең?
Жауабы:
Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің ұзындықтары сәйкес 12 және 5-ке тең. Тік бұрыштан
шығатын биссектриса гипотенузаны ұзындықтары қандай кесінділерге бөледі?
Жауабы:
Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің ұзындықтары сәйкес және -ке тең. Тік бұрыштан шығатын биссектриса гипотенузаны ұзындықтары қандай кесінділерге бөледі?
Жауабы:
Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің ұзындықтары 3 және 4-ке тең. Тік бұрыштан шығатын биссектриса гипотенузаны ұзындықтары қандай кесінділерге бөледі?
Жауабы:
АВС үшбұрышының СВ, СА және АВ қабырғалары сәйкес 4 см, 3 см, 2 см болатын болса, онда биссектрисалардың қиылысу нүктесі В бұрышының биссектрисасын қандай қатынаста бөледі? (В төбесінен бастап есептегенде).
Жауабы: 2: 1
Қорытындылау, бағалау
Үйге тапсырма беру: Төртбұрыштар
1. Егер тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышынан гипотенузаға түсірілген биіктік оны 3 см, 27 см бөліктерге бөлетін болса, онда осы биіктіктің ұзындығы қандай? Жауабы: 9 см
2. ДО кесіндісі ДВС үшбұрышының биссектрисасы. Егер ВО=8 см, ВС=22 см6 ВД=12 см болса, ДС-ны табыңыз. Жауабы: 21 см
№62
Пән: геометрия
Сынып: 11 «б»
Күні: __________
Сабақтың тақырыбы: Төртбұрыштар.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Төртбұрыштар және олардың түрлері мен қасиеттері.
Дамытушылық: Төртбұрыштардың ортақ қасиеттері.
Тәрбиелік: Оқушылардың еске түсіру қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдістері:
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатын нұсқау
ІІ Өткен тақырыпты қайталау:
-Параллелограмм
-Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат
-Трапеция
ІІІ Есептер шығару:
1. АВСD тіктөртбұрышындағы А бұрышының биссектрисасы СD қабырғасын СК=15,3см және DK=18,4см кесінділерге бөледі. АВСD тіктөртбұрышының периметрін және АВСК трапециясының орта сызығының ұзындығын табыңдар.
2. Параллелограмның бір қабырғасы екіншісінен 12см ұзын. Егер оның периметрі 220см болса, параллелограмның қабырғалары неге тең?
3. Трапецияның орта сызығының ұзындығы 24см-ге тең. Табандарының қатынасы 5:3. трапецияның табандарының ұзындығын табындар.
4. АВСD Параллелограмында ВАD бұрышының АN биссектрисасы ВС қабырғасын ВN=11см және NC=5см кесінділерге бөледі. Параллелограмның периметрін және ANCD трапециясының орта сызығының ұзындығын табындар.
5. Тіктөртбұрыштың диагоналі 28см, ал кіші қабырғасы 14см. Диагональдарының арасындағы бұрышты табындар.
6. Трапецияның табандарының айырмасы 6см, ал оның орта сызығының ұзындығы 10см. Трапецияның табандарының ұзындығын табындар.
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үй жұмысы:
Бір қабырғасы 72 см және ол периметрінің 3:8 бөлігіне тең болатын параллелограмның қабырғаларын табыңдар. Жауабы: 24 см және 72 см
Периметрі 44 см-ге тең болатын параллелограмм диоганімен әрқайсысының периметрі 30 см болатын екі үшбұрышқа бөлінген. Диагональдің ұзындығын табыңыз. Жауабы: 8 см
Сабақ №__
Күні:______
Сынып:_11___
Достарыңызбен бөлісу: |