11 Тақырып. ХІ тақырып: Негізгі сұрақтар



бет5/11
Дата07.02.2022
өлшемі55,75 Kb.
#93017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
тарих11

1) Аталық сана,
2) Рулық сана,
3) Ұлттық сана,
4) Әлемдік сана деп шартты түрде бөлуге болады.
Абай өмір сүрген заманда осының бәрі де болды. Шоқан, Ыбырай, Абай алдыңғы қатарлы елдердің кемеңгерлеріндей әлемдік сананың деңгейіне көтерілгенмен, қалың бұқара халық рулық сананың шеңберінен шыға алмады. Бұның 2 түрлі себебі болды. 1. Молшылықта өмір кешкен көшпелі тіршілік. Ру-ру болып малымен бірге көшіп жүрген үлкенді-кішілі рудың, тіпті тайпаның өз көктеуі, жайлауы, күзеуі, қыстауы болды. Ру - бір жағынан әр адамның қазіргі тілмен айтқанда азаматтық паспорты болса, екінші жағынан ру - әр адамның қиын-қыстау кезеңде т. б. кезеңдерде табан тірер тірегі болды. Осыдан келіп жеке адамдар, әсіресе, ру басшылары елдік, бүкілхалықтық мақсат мүдделерден гөрі рулық, тайпалық мақсаттар мен мүдделерді алға шығарды, жер үшін, жесір үшін өзара жауласу, барымталасу күшейе түсті. Міне, сондықтан да Абай рушылдық сананы өзінің «Ызалы жүрек, долы қол, улы сия, ащы тіл, Не жазып кетсе, жайы сол, Жек көрсеңдер өзің біл», - деп, өзінің ұстарадай өткір тілімен аямай сынады. Өзі туып өскен қоғамның қандас жалғасы бола тұра, өз ортасынан рухының биіктігімен озып шығып
«Менсінбеуші ем наданды,
Ақылсыз деп қорытуын,
Түзетпек едім заманды,
Өзімді өзім тым-ақ зор тұтып» деп ашына жазған.

Абай кемеңгерлігінің өзіне дейінгі, өз кезіндегі, өзінен кейінгі зиялылардан ерекшелігі сол - Абай халық санасын өзгертуді өз аулынан, өзінің туып өскен ортасы, тайпасы, руы - Тобықтыны сынаудан бастайды. «Ел бұзығы тобықты, Көп пысыққа молықты, Малдының малын көре алмай, Борышын түгел бере алмай, Көрінгенге обықты» деп, сол кездегі тобықты ішіндегі пысықтарды түйреп өтсе, «Арғын, найман жиылса, Таңырқаған сөзіме, Қайран сөзім қор болды, Тобықтының езіне» деп, өз аулында, өз руында өзін түсінбейтін, тек болыс болуды арман ететін, күштілері сөз айтса, шыбындап бас изейтін, жағымпаз, санасыз, ел қамын ойламайтын тоғышарлардан жиренеді.
Рушылдық сананың есуінің негізгі себебі - Ресей империясының қазақ даласын толық отарлауға бағытталған 1822-68 ж. шыққан аға султандар мен болыстарды сайлау, уездік соттарды тағайындау жөніндегі ережелер мен заңдар болды. Осындай заңдар мен ережелердің ішіндегі ең зияндысы, халықтың санасын аздырушы - болыс сайлау мен сот сайлауы. Болыс сайлауы - рушылдықты жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай өсіріп, отқа құйған майдай маздатса, сот сайлауы - қазақ даласында бұрын-соңды болып көрмеген «арызқойлық»деген жаңа індетті тудырды. Сайлау заңдарына наразы Абай «Орыс айтты өзіңе ерік берем деп, Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп. Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ, Ұлық жүр бұл ісіңді жек көрем деп». Әр ру болыстыққа өз адамын сайлағанды қалайды... Үш жылға болыс сайланады, үшінші жылы сайлау жақындап қалып, тағы да болыс болып қалуға болар ма екен деп күні өтеді. Осыдан келіп ел іші жік-жікке, ру-руға бөлініп, өзара топтасып партия құрысады, ұйымдасады. Шығу тегі жақын екі ру, екі тайпа бір-бірімен бірде жауласып, бірде жарасып, бірде жақындасып, бірде қас, бірде дос болып күн кешеді. Патша өкіметіне керегі де осы. «Болды да партия, Ел іші жарылды, Әуре мінмен тия, Дауың мен шарыңды» деп налыған кездері аз болмаған. Рушылдыққа, жікке бөлінушілікке Абай ұлттық береке-бірлік идеясын қарсы қояды. Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды-тірлік»дейді, бірақ, «бірлік»дегеннің не екенін қате түсінеді. Олардың ойынша «бірлік» - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. «Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не зиян?». Бұл бірлік емес, біреуге біреу тегіннен-тегін міндетсігендік, жатыпішерлік. Шын мәніндегі бірлік - ақылға бірлік, ел қамын, ұлт қамын ойлаудағы санадағы бірлік, халықтың келешегі үшін күрестегі бірлік екенін кесіп айтады. Тек бірлік болса ғана қазақ ел бола алады, бостандыққа, тәуелсіздікке жете алады, оның керісінше, «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді»деген мақалмен түйіндейді. Абай нысанаға алған моральдық кемістіктің ең бір көбірек еріс алғаны - жалқаулық пен еңбекқорлық арасындағы қайшылық. Қазақтың... жалқау болатындығының себебі не? - деп сұрақ қояды да, өзі жауап береді: «Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді, әрбір мақтаншақ ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді, әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады», - дейді. Жалқаулыққа, еріншектікке Абай еңбек қорлық идеясын қарсы қояды, өз ұлтының келешегін барлық халық болып жұмылып істеген баянды еңбектен күтеді. «Әуелі енер ізделік қолдан келсе, ең болмаса еңбекпен мал табалық», «Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер емес, Еңбектің будан езге бәрі жалған». Әркім өз еңбегімен күн көріп, еңбегінің жемісін жеп, оны мақтан етуі керек. «Бақпен асқан патшадан Мимен асқан қара артық. Сақалын сатқан кәріден Еңбегін сатқан бала артық» деп ой түйеді. Сол кездегі аса шиеленісіп тұрған мәселенің бірі - ұлттық сананың әділеттілікке ұмтылуы мен арызқойлықтың көбеюі арасындағы қайшылық болды. Халық санасына тереңдеп сіңе бастаған арызқойлық кесапаттың ел арасын бұлдіруден басқа берері жоқ екенін жанымен түсінген ақын:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет