11 Тақырып. ХІ тақырып: Негізгі сұрақтар



бет4/11
Дата07.02.2022
өлшемі55,75 Kb.
#93017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
тарих11

Ұлттық рух - халықтың өзін-өзі тануымен айқындалатын, өскелең арман-мұраттарымен сипатталатын, елдік тұтастық идеясымен негізделетін өміршеңдік күш-куаты. Ұлттық рух жалпы ғаламдық рух пен жеке адамдық рухтың дәнекері болғандықтан, кез келген ұлттың, мәдениеттің өкілі өзінің әлемдегі орнын өзіндік ұлттық толсанасы арқылы бағамдауы заңды құбылыс. Сондықтан жеке адамның таным терезесі ұлттық таным тұрғысынан, әлемдегі жалпы адамзаттық құндылықтарды игеріп, рухани игіліктерге өз үлесін қосады. Қай халықтың болсын бойында өз табиғатына тән өзге де қайталанбас қасиеттері, мінезі, ділі болуы ұлттық рухпен тікелей байланысты. Көзбен көріп, қолмен ұстайтын зат болмағандықтан, Ұлттық рухтың көрініс беруі ұлт өкілдерінің көркем шығармашылығынан, халық даналығынан, ғасырлар бойы сабақтастығын үзбеген рухани мұраларынан көрінеді. Әрбір ұлттың өзіне тән ұлттық рухы бар дегенде, оның өзі жайлы дүниетанымынан, дүниеге көзқарастары мен мінез-құлқынан, мұрат-мақсатынан даму, өзгеру, кейде әлсіреу, яғни үнемі қозғалыс үстіндегі құбылыс екенін аңғарамыз. Ұлт болып ұюдың өзі этностың мекендік және мезгілдік факторларына байланысты болуымен қатар, оның табиғи, тарихи, рухани бітім-болмысы, ұлттық санасы, ділі, мінезі, мәдениеті, әлеуметтік-саяси мұрат- мүдделерінің қалыптасып, тұлғалануы үздіксіз процесс және ұлттық рухтың түлеп-толысып отыратын өміршеңдігінің көрінісі. Ұлттық рухтың буырқана бой көрсетер тұсы бодандық бұғауына қарсылық, тәуелсіздік мұратына ұмтылыс сәті болса, сол кезеңдерде қордаланған көркем рухани мұралардың ерлікке, елдікке үндер күш-қуатының маңызы бұғаудан босанып, болашаққа бет түзеген, баянды бағдарын айқындаған ұлттар үшін де зор. ¥лттың рухани тәжірибесін саралап-салмақтау үшін мол мағлұмат беретін басты байлығы оның сөз өнері. «Ақын сөзіне жұрт рухының сәулесі түспей тұрмайды» деп А.Байтүрсынұлы айтқандай, Ұлттық рухтың көркем образдар арқылы бедерленуі қазақ әдебиетінен көрінеді.
Ұлттық сананың қалыптасуына және оның дамуына екі тұрғыдан қарауға болады:
1. сезімдік, түйсіктік.
2. саналы теориялық.
1-сі ез елін, халқын, ұлтын сыйлайтын, сүйетін алғашқы ыстық сезімнен туса, 2-сі өз елінің, халқының, ұлтының өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп, халық тағдырына, ұлт мәселелеріне мемлекеттік, елдік, тіпті дүниежүзілік тұрғыдан теориялық ұлттық бағыт-бағдарлама тұрғысынан қарап, аңғару арқылы болатын саналы ойдан туады. Ал, ұлттық сананың жасаушысы, қолдаушысы, қорғаушысы, сақтаушысы әрқашанда ұлттық интеллигенция, ұлттық зиялы қауым халықтың тек сезімі ғана емес, ойы, санасы оянған өкілдері, артына, қазіргісіне, алдына ой жүгіртіп, көз жіберетін,
«Қыранша қарап Қырымға,
Мұң мен зарды қолға алып,
Кектеніп надан залымға,
Шиыршық атып, толғанатын» ұлы ойшылдар ғана ұлттық сананың негізін салып, ірге тасын қалаған. Дәл осы тұрғыдан Абай сезімтал да ойшыл, білімдар да кемеңгер. Халқының өткеніне қиналған, қазіргісіне күмәнданған, алайда келешегінен үміттеніп, «шиыршық атып толғанған» 
Абай: «Осы мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді... Ондайым жоқ. Егер жек керсем, сөйлеспес ем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей жата беру керек еді... бұлардың бәрі де жоқ... Мен өзім тірі болсам да анық тірі емеспін... Сыртым сау болса да ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын...» деп, халқының қамын ойлап қиналады, қапаланады, халқының мінін, кемістігін көрсетіп, бетіне баса сынайды. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың. Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың» деп бір жағынан қатты қиналса, екінші жағынан «Дүниеде еш нәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді? » деп, үміттенеді.X
Ойшыл ақынның ұлттық сана жөніндегі пікірін үш тұрғыдан пайымдауға болады. 1-ден, қазақ халқының ұлттық санасының қалыптаса бастауы жөніндегі ойлары; 2-ден, Абайдың өз заманындағы ұлттық сананың ерекшеліктері, қайшылықтары, белгілері туралы ойлары; 3-ден, қазақтың ұлттық санасының қалыптасуын, дамуын Абай қазақ халқының шығуымен тікелей байланыстырады. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген еңбегінде аталған мәселелерге ерекше тоқтала келіп, адам баласының бір саласы Үндістан тарапынан келген, олар «ертерек ғылымға үйір болып, қайдан шыққандарын білгендер», екіншіден - моңғол жағынан келген; олар заманның кебін ғылымсыздықпен өткізіп, тауарларын терең білмейді... соның бірі - біздің қазақ, - деп, қазақтың сары нәсілге, оның ішінде монголоид тегіне жататынын білдіріп, қазақты өзінің тегімен таныстырады. Қазақтың ертеректе Амудария және Сырдария бойын жайлағанын, сонсоң Алатау бөктерін, Ташкент төңірегін, кейіннен «Ақтабан шұбырындыға» ұшырап, қалмақтардан қауырт жеңілген соң Сарыарқаға, Шыңғыс тауына ауыса көшкенін айта келіп, «Қазақтың қатты өсе бастағаны Құба қалмақтың жұрты бұзылған соң, осы Сарыарқаға орныққан соң ғана болса керек», - дейді.X
«Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі қырық жылға созылған қиян-кескі шайқас - қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастыруда аса үлкен орын алған 1-дүн.жүз. соғыс болғанын Абай аңғарғандай. «Ақтабан шұбырынды» жөніндегі ойларында Абай халықтың сан жағынан өсуін ғана емес, сапа жағынанда, әсіресе, сана жағынан есуін де ескеріп отыр. Алғашында ойсырай жеңілгеніне, қансырай күйрегеніне қарамастан Абылай ханның, Бұхар жыраудың, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің халықтың санасын оятып, төңірегіне үш жүздің халқын жинап, бүкіл қазақ «халық болып қаруланып» Отансүйгіштік, патриоттық ұлттық сананы рухани ту көтеріп, қазақ жерін азат етіп, тілін, дінін, тінін, әдет-ғұрпын, салт-сананы сақтап қалғанын Абай жақсы білген. Енді Абай кезеңіндегі ұлттық сананың қайшылықтары мен ерекшеліктеріне тоқталайық. 18 ғ-дың ортасында ұлттық сананың қалыптасу кезеңімен бірге үш жүздің басы қосылып, мемлекет болып құрылуымен қатар, осыған қарсы құбылыс Ресей империясының қазақ халқын отарлау, боданға айналдыру процесі басталды. Бұл процесс ескі жараның - рушылдық жараның аузын қайта ашты. Осы орайда орыс патшасы ІІ-Екатерина езінің отарлаушыларына берген бір нұсқауында: «1. Қырғыз-қазақ халқының бір ру басшыларын екінші ру басшыларымен араз етіп, бірімен-бірі қас етіп, бірінің етін бірі жеуге себеп болыңыз. 2. Султандардың бірімен-бірін араз қылып, бірімен- бірін иттей таластырып, бірін-бірі жеуге себеп болардай іс қылыңыз», - деп, қазақтардың отарлаудың ежелгі әдісі - «бөлшекте де билей бер» деген саясатын іске асыра бастады. Абай орыс халқын, Пушкинді, Лермонтовты, Толстойды т. б. орыс халқының озық ойлы қайраткерлерін өте жақсы көрді. Алайда, Ресейде Пушкин бар еді, сонымен бірге пушка да бар еді... Абай Пушкиннің кім екенін бар ынта-жігерімен түсінгенімен, пушкаға, патша империясының қазақты орыстандыру саясатына ашық қарсы шықпаса да іштей наразы болды. Абай өмір сүрген кезеңде ұлттық санада қайшылықтар шиеленісе түсті. Соның ең негізгілері рулық сана менулт бірлігіне ұмтылу, жалқаулық пен еңбекқорлық арасындағы қайшылық, арызқойлық пен шын мәнінде әділеттілікке ұмтылу арасындағы т. б. қайшылықтар.X
Абайдың рушылдық санамен күресі. Абай заманында қазақ қоғамының дамуына, өсіп-өнуіне, прогреске ұмтылуына зиянды әсерін тигізген кесепат құбылыс - рушылдық сана, алтыбақан алауыздық, береке бірліктің жоқтығы, руға, тайпаға, жүзге бөлінушілік болды. Сананың жекеден жалпыға қарай даму сатыларын:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет