Құрастырған Құрмашева Б. А



Дата18.02.2018
өлшемі136,5 Kb.
#38050
Электронды вариант –

жалпы психология тарихынан

 

 

 



 

 

 



Құрастырған Құрмашева Б. А

Педагогика – психология кафедрасы

 

 

8-бет жалпы психология оқулығынан.



 

 

КӨКШЕТАУ – 2003 ж



 

Психологияның даму тарихынан мәліметтер.

Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамның тәні мен жанының сырын білүге ден қойылды. Адам тіршілігінің негізі-қан айналысына ерекше мән берілді. Тіршіліктің негізі-қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік қалыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б.з.д. ХІІІ ғасырда денені басқарушы жүрек қызметі деп саналды, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді.Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсүнілді.

Ежелгі Үндістан дәрігерлері адамның психикалық әрекетінің негізгі органы - жүрек, оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады деген тұжырым жасады.

Темперамент жайындағы ілім іргесінің қалануы, әрбір адам өзінің даралық ерекшеліктерімен сипатталады деген ұгым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсініктерді тудырды. Ертегі Қытай мен Ұндістан дәрігерлері темперамент үш бөлшектен тұрады, олар: бастапқыда ауа тектес нәрселерден-өттен және қан мен шырыннан құралған, осы үш түрлі нәрсенің дене құрамындағы мөлшеріне орай адамдар бірнеше типке ажыратылады деп санаған.

Осы негіздерге сүйене отырып, Қытай дәрігерлері адамдарды мынадай типтерге жіктеген: 1) адамың бойында өттің не қан құрамының басым болуы. Мұндай адамдар күшті, батыр келеді. Олардың мінезі жолбарыс тәрізді өжет те шапшаң; 2) ауа тектес нәрселердің көптігі. Ондай адам ұстамсыз, қозғалғыш болады, маймылдың әрекетіндей әрекеттер жасайды; 3) шырынның басымдылығы – қимыл - қозғалыстың баяулығын, сабырлылықты білдіреді деп санайды.

Адам организмі жайындағы мұндай пайымдаулар сол дәуірлерде, бір жағынан, табиғи-ғылыми түсініктерге жол ашқанымен, екінші жағынан, әр түрлі діни наным-сенімдер тарапынан қарсылық тудырған көзқарастарға душар болды. Дегенмен, психологиялық жане физиологиялық құбылыстар жайындағы ақылға қонымды көзқарастар өзіне жол тауып, одан әрі дами берді.

Б.з.д. VІ ғасырда Ұндістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген джайнизм мен буддизм бағыттары кеңінен тарады.

Бұдан кейінгі кездерде Үндістанға философиялық мектептер жан туралы түсініктерді метафизикалық-әдептік мақсаттарды дәріптеуге пайдаланды. Бұл бағыт келесі дәуірлерде түрлі жолға түсіп, жан дүние сырын адамның даралық ерекшеліктеріне орай түрліше түсіндірді. Ал иога бағытын ұстанушылар шындықты танып білу үшін адам бойындағы психикалық қасиеттердің жасырын сырларын жеңе білу керек деп уағыздады. Ертедегі Үндістан ғұламаларының пікірінше, адамның, өз ішкі дүниесінің сырын менгеріп, оның даралық ерекшеліктерін әдептік (этикалық) жағынан іздестіріп білуге ұмтылғаны осыдан айқын байқалады.

Ерте дәуірдегі Қытай елінде кеңінен таралған философиялық-діни ой-пікір әйгілі ғұлама Конфуцийдің (б.з.д.551-479 жж.) есімімен байланысты. Оңың іргесін өзі қалаған мектебі конфуцияндық деп аталады. Конфуцийдың пікірінше, адамның білімі мен психикалық сапалары - туа берілетін қасиет. Адам жаратылысынан қайырымды болып туады, бірақ оны дұрыс жолдан тайдырып, бұзатын - сыртқы орта.Сондықтан, ол өз бойындағы сырттан әсер еткен зиянды қасиеттерден арылу ұшін адам өзінің ішкі дүниесіне терең бойлап, ақыл-ойының кемелдене түсуіне бой ұрғаны жөн деп үйретеді.

Конфуцийдың бұл пікірін шәкірттері әрі қарай дамытып, ел арасына кеңінен жайды.

Адамның тәні мен психикалық тіршілігінде қан айналу процесінің айрықша маңызды қызмет атқаратындығы туралы пайымдаулар келесі дәуірлерде Вавилон, Мысыр, Қытай мен Үндістан сияқты ежелгі Шығыс елдерінде жалғасты. Мұндай жайттар организм құрылымындағы бөлшектер мен адам психикасының бір арнаға келіп құятынын көрсетеді. Осындай тарихи жағдайлар адамның жан дүниесіне қатысты мәселенің өте ерте кездерде-ақ адамзат мәдениетінің, дүниетанымы мен білімінің философиялық жүйесін, табиғат жайындағы орынды мағлұматтары мен адам психикасының өзіндік сипаттарын білдіретін ізденіс нәтижесі болғандығын корсетеді. Міне, осы орайда, психология тарихын зерттеген ғалымдар бұл пәннің практикалық маңызді мен ғылыми білімдер жүйесінде алатын орнын оның философия мен жаратылыстану ғылымдарының түйіскен торабынан өрбіп шыққандығымен түсіндіреді. Бұл объективтік шындық және ғылыми тұжырым.



Ежелгі психология

Сонау ерте замандардан бері адамдардың әлеуметтік өмірі олардың күнделікті сан алуан іс-әрекеттерінен бірбірімен қарым-қатынасынан, олардың жан дүниесінің сырын бейнелейтін психологиялық ерекшеліктерінен, мінез-құлық сипаттарының өзара айырмашылықтарынан тұратындығы белгілі болған. Осындай ұғым-түсініктерде адмның жаны тәнімен бірге болады деп саналған.

Өндіріс пен кәсіптің, өнер мен мәдениетің, салт-сананың дамуымен қатар әр алуан әдет-ғұрыптар да қалыптасып отырады. Адамдар өздері тіршілік ететін орта мен айналадағы әр қилы заттарда, құбылыстарда өзіндік жан болады деп ұғынған. Мұндай ұғым анимизм деп аталады (латынша “анима” - жан деген сөзден шыққан).

Ежелгі грек жұртының ғұламалары - Гераклит (б.з.д V ғ.), Демокрит(б.з.д.Vғ.) жан –табиғаттың бір бөлігі, ол сол табиғат заңына ыңғайланбайды деген пікірді қолдады. Демокрит психиканы (жанды) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонымен, жан туралы алғашқы ілім психиканы адам тәнінің қызметі деген бірінғай материалистік түсінікті тудырды. Сол заманның ғұлама ойшылы Платон (б.з.д.427-347 жж.) жан мәнгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген қорытынды жасады. Ол бұл пікірімен өз заманында үстемдік құрған билеуші топтың мүддесін қорғап, психиканы түсіндіруде идеалистік бағытты жақтады. Оның көзқарасы психологиядағы материалдық пен рухани дүние екеуі бірдей қатар өмір сүреді деген дуалистік көзқарастың негізін салды.

Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист ғалым Аристотель (б.з.д.384-322 жж.) психологиялық ой-пікірді табиғи негізге суйеп,биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі тереңірек зерттеп, “Жан туралы” деген еңбек жазды. Аристотель бұл шығармасында жан дүниесінің (психиканың ) әрекетін шындық әдіс арқылы зерттеп, оны тәжирібиеге негіздеп құруды мақсат етті. Психология Аристотель заманында-ақ дербес сипаттағы ғылым саласына айналған-ды. Ол психиканың тәнмен бірге өмір сүретінін айта келіп, психикалық әрекеттердің басым көпшілігін материалистік тұрғыдан шешті, Платонның психика жайындағы дуалистік көзқарасын объективтік шындыққа, материалистік бағытқа қарай бұрды.Сонымен, Гераклит пен Демокриттің, Платон мен Аристодельдің жан жайындағы көзқарастары психологиялық ілімнің келешектегі дамуына ғылыми негіз болып қаланды.

Жан жүйесі жайындағы ертедегі ілім коптеген ойшылдар мен ғұламалардың шығармаларында озіндік орнын тапты. Ежелгі Римның көрнекті ойшылдары Лукреций (б.з.д. I ғ.), Гален (б.з.д. II ғ.) жан дүниесінің сырымен байланысты табиғи негіздерін іздестірді. Ал ұлы грек ойшылы Сократ (б.з.д. 470-399 жж.) өзіңді өзің тани біл деген ұлағатты адамның жан дүниесімен, сырымен ұштастырды. Сондай-ақ, адамның жаны тәніне тән деп санап, ол ақыл-ой арқылы реттеліп отырады деді.



Орта ғасырлардағы жан туралы ілім

Аристотельдің жәңе басқа да ғалымдардың идялары, ашқан жаналықтары, ой пікірлері жаңа сипат алып, біздің аты әлемге әйгілі ғұлама бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.), Әбу Али ибн Сина (Авиценна) (980-1037 жж.), Ибн Рошд (Аввероэс) (1126-1198 жж.) сияқты орта ғасырдың ғұламалардың зерртеулері арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім өркендеді. Араб ғалымы Ибн әл-Хайсам (Әлгазен) (965-1039 жж.), Иранның медик ғалымы Закария Рази (865-925 жж.) өз еңбектерінде адам жан жүйесі жайлы сол замандардағы ғылым жетістіктеріне сүеніп, әр алуан зерттеулер жүргізді.

Әбу Насыр әл-Фараби-сан алуан еңбектер жазып, “Әлемнің екінші ұстазы” атанған данышпан ғалым.

Ұлы ойшыл Әл-Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде дүние материядан құралады, ол жойылып кетпейді, бір түрден екінші түрге

Көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайым жасайды.

Орта ғасырларда жан туралы ілімді аристотельдік идеялар тұрғысынан іздестірген араб тілді елдердегі көрнекті ойшылдар шығыста – Ибн Сина, ал батыста Ибн Рошд болды.

Ибн Синаның көзқарастарының тәғі бір маңызды мәселе – оның жан туралы философиялық және медициналық тұрғыдан қарастырған бір-біріне қайшы пікір.Оның анықтауынша, жан туралы түсінік ғылым мен дін арасындағы аралық қабат сияқты. Алайда ол бұл мәселенің психофизиологиялық мәнін ашып көрсету үшін тәжірибиелік зерттеулерді барынша үдете түсу керек дейді. Медицина психология саласында Ибн Сина пікірлерінің түйіні- өткен замандағы беделді ғалымдардың пікірлерін дәріптей бермей, шығыс медицинасының табыстарына иек артып, неғұрлым тәжірибиеге, оның жетістіктеріне сүйену қажет дейді. Мұндай ой – тұжырымдарын ол өзінің “Медицина қағидаларында” кеңінен баяндайды. Адам

психикасының ми қызметіне тәуелді болып отыратындығы бұл еңбекте материалистік тұрғыдан қарастырылады. Ибн Сина зерттеулерінде жанның (психиканың) адамның көңіл - күйіне қарасты сезімімен эмоциясының және аффекттің табиғи негізінің іздестіріліуі сол замандағы психология іліміндегі жаңашылдіқ бағыт еді. Ибн Синаның психологиялық ой – пікірлері мен зерттеулері, негізінен, тәжірбиелік бақылауға жүгінді.

Орта ғасырлардағы еуропалық жанның мәңгі өлмейтіні, оның денеден болек өмір сүретіндігі жайлы психологиялық ой - пікірлер одан әрі қарай өрістеп, идеалистік көзқарастың дами түсуіне жол ашты. Осы бағытта Фома Аквинский (1225-1274 жж.) мен басқа да философтардың схоластикалық жүйедегі көзқарастары үдей түсті. Алайда мұндай схоластикалық түсініктердің шындыққа сай еместігіне көз жеткізген ағылшын оқымыстылары Гроссетест (1175-1263 жж.), оның шәкірті Роджер Бэкон (1214-1292 жж.) барлық ғылымдар тәжірбиеге және математика ғылымына сүйену деген тұжырым жасап, жан туралы және оның материямен бірлікте өмір сүреді дейтін аристотельдік қағиданы жаңғыртты.

XVIII ғасырдағы психологиядағы эмпиризм мен ассоцианизм.

Ассоциативтік психология. Психология тарихында ассоциацияны жалпы

категориялық ұғым денгейіне тұңғыш рет көтеріп, оны дәріптеуші- ағылшын дәрігері Гартли (1705-1757 жж.). Ол психикалық процестердің бәрі ассоцияцияға сүйенеді деп түсіндірді. Гартлидің “Адамды бақылау” деген кітабы (1749 ж.) ассоцияцианың кеңінен тарап, өзекті ілім болып қалыптасуының бастамасы болды. Осы еңбегінде ол көптеген психикалық процестерді жүйке жүйесінің тербелісімен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекеттерін материалистік тұрғыдан түсіндіруге күш салды. Соның нәтижесінде Гартли адамның саналы әрекетінің жемісі болып табылатын ақыл-ой, ерік-жігер қассиеттерін де анықтайды. Бұл зерттеулер – санасыз әрекеттің сырын түсіндіретін алғашқы материалистік тұжырым. Бір сөзбен айтқанда, Гартли теориясын XVIII ғасырдағы ассоциациалық материалистік ілімнің шыңы деуге болады.



Психологияның дербес және тәжірибиелік ғылымға айналуы

Психологияның XIX ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи-ғылыми негізі - физика мен химия, физиология мен биология, дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психофизикалық зерттеулердің нәтижелері.

XIX ғасырдың ортасында психологияның және дербес тәжірибелік пән болып тарихи қалыптасуы нәтижесінде адамның жан дүниесінің сырын әр тарапты зерттеу қызу жүргізіледі. Өмір тіршілігінің мұндай талаптары психологияның жаңа салалары мен тармақтарының өркен жайып дамуына қолайлы жағдай тудырды. Осы жағдайлар адамтану ғылымдар арасында психологияның жетекші орын алатындығын айқын аңғартты және сол кезеңде бұл пәннің мұнадай салалары өрбіді: экспериментальдіқ психология, бұл сала қазіргі кезде жалпы психология деп аталады ; дифференциалды психология, оның негізгі зерттеу объектісі – адамның ерекшеліктері ; балалар мен тәлім тәрбие (педагогикалық) психологиясы; жануарлар психологиясы ; әлеуметтік және мәдени тарихи даму психологиясы ; психотехника.

Психологияның дамуындағы осы кезеңіңде әр тұрлі бағыт – бағдар мен түрлі ағымдағы мектептер де тарих сахынасына келіп, бұл пәннің сан алуан мәселелерін әрқилы көзқарастар тұрғысынан қарастырды. Олардың негізгілері мыналар: Э Титченер негізін қалаған құрылым психологиясы (көрнекті өкілі -- В.Вунт . Бұл мектеп сананың құрылымын тәжірибелік тұрғыдан іздестіруді мақсат етті ) ; Вюрцбург мектебі (Батыс Европа мен АҚШ-та кеңінен таралды. Психикалық процестерді тәжірибелік зерттеу арқылы талдады. Көрнекті өкілдері: К. Марбе, И.Орт, А. Майер, Г. Уотт, А. Мессер, Н. Ах, К . Бюллер, О. Зельц ). Бұл мектептің негізі Германияда қаланды.



Американдық психологиядағы функционализм ағымы.

Негізгі мақсаты – психология ғылымының жетістіктерін тәжірибеде қолдана отырып, адамның мінез құлқын зерттеу. Бұл ағымның көрнекті өкілінің бірі Р. Вудвортс (1869-1962) болды.



Бихевиоризм – XX ғасырдағы психология ғылымын сиппаттайтын американдық бағыт. Ол адамның қүлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу объектісі деп санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Торндайк (1874-1949).

Гештальд - психология – Германиядағы психологиялық мектеп. Оның негізін қалаған Макс Вертгеймер (1880-1943). Гештальд немісше- тұрпат, түр, форма, құрылым. Қазақша құрылым психологиясы деп алып отырмыз. Бұл мектептің мақсаты- жеке психикалық процестердің құрылымын тәжірибе жүзінде зерттеу.

Фрейдизм. Бұл- Австрия ғалымы З. Фрейд (1856-1939) есімімен аталатын бағыт. Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады.

Бұл ілім адам өмірінің көп жақтарын қарастырып бірсыпыра ғылымдармен байланыста болады.

XIX ғасырдың ортасынан бастап алып, XX ғасырдың басында өрістеген психология пәнінің дербес ғылымға айналуы мен тәжірбиелік сипат алуына неміс психологтары көп үлес қосты.

Когнитивтік бихевиоризм – адамның ішкі дүниесін зерттеп, танып білу,

гепотизалық-дедукциялық бихевиоризм- психологияның даму қисынын зерттеу, операнттік бихевиоризм және неофрейдизм тәрізді жаңа бағыттары пайда болды. Неофрейдизм (көрнекті өкілі-Х. Корни, 1885-1953) – биологиялық еліктеудің әлеуметтік факторлармен байланысып психологиялық тұрғыдан зерттесе, ал американ психологі Курт Левин (1890-1974) адамдардың белгілі бір топтарының қозғаушы күштерін, ондағы адамдардың өзара қарым-қатынасын қарастырып, өріс теориясын жасады. Бала ақыл-ойының дамуын, оның ойлауы мен сөйлеуін т.б. мәселелерді бір жүйемен қарастырған біздің заманымыздағы көрнекті психолог маман – швейцариялық Жан Пиаже (1896-1980).

Кенестік психологяның дамуы

Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төнкерісіне дейінгі психологиялық ой-пікірлерді жинақтап топтастыратын болсақ, бұл пәннің дамып өрістеуінің Батыс елдерімен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктерден адамгершілік, тәлім- тәрбиелік, діни көзқарастар мен құқықтық жағдайлардың шиеленісті болғандығын айқын аңғарамыз. Ресейде психологиялық ой-пікір, негізінен, екі түрлі бағытта өрістеді. Оның бірі-бостандық жолындағы жалпы халықтық қозғалыстағы санасезімнің дамуы, екіншісі- ресми идеология.

Кеңестік дәуірде психология ғылымының іргесін қалауға П.П.Блонский, В.Я. Струмлинский, К.Н. Корнилов, Б.М.Теплов т.б. айтарлықтай үлес қосты. Психика дамуын әлеуметтік тарихи-мәдени теория тұрғысынан зерттеп, көптеген еңбек жазған Л.С. Выготский (1896-1934), іс-әрекет психологиясының мәселелерін зерттеген С.Л. Рубенштейн (1887-1960), А.Н. Леонтьев т.б.еңбектері бұл ғалымның методологиясы мен принциптерімен жаңа сипатта дамуға бағдарлады.

Қазақстанда психология ғылымының даму жолы.

Психология ғылымына тікелей қатысты болмағанымен, адамның жан дүниесі жөніндегі пайымдаулар мен ой-пікірлер Қазақстанда өте ерте кездерден бастау алып, XV-XIX ғасырдағы қазақ халқы ғұламаларының, ағартушы-демократтарының туындыларында айтарлықтай көрініс берді. Ал одан бұрынғы дәуірлерде ақын-жыраулардың олең-толғауларында, билердің шешендік сөздері мен халықтық нақылдарда, ел намысын найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан дүниесінің жұмбақтарына терең бойлап, болашақ ұрпаққа тағылым берерлік мол рухани қазына жатқандығы қазіргі кезде әр тарапты зерттеліп, белгілі жүйеге келтірілуде.

Аса көрнекті ғалым Ш. Уалиханов шығармаларында халықтың рухы оның таным-наным түсініктерімен тығыз ұштастырылады. Ы. Алтынсарин еңбектері этникалық және балалар психологиясының қыр-сырына толы деуге болады. Сондай-ақ, Абай туындылары да туған халқының жан дүниесіне тән қарапайым сезімнен бастап кемеңгерлік ақыл-ой шыңына дейінгі мәселелерді егжей-тегжейлі қамтиді.

Ал Сұлтанмахмут Торайғыров жан мен тән ылғи да бірлікте, байланысты болады деген орынды сөз қалдырып, “Дене азыққа тоюдан ержетер, жан ержетіп, дүниенің сырын табар ” дейді. Ол адамның тәнімен бірге оның жаны да, ақыл-ойы мен сана-сезімі де өсіп, жетіліп отырады, олардың негізі-тәнде, адам өлгеннен кейін онда қимыл да, сезім де, жек кору де, махаббат та, өмір де жөқ, яғни бір сөзбен айтқанда, тәннен бөлінген жанда еш уақытта өмір болмайды деген реалистік қорытынды жасады. Осы бағыттағы психологиялық ой-толғаулар мен пайымдау-тісініктер Шәкірім Құдайбердіұлы мен өзге де ағартушы демократтарда, ақын-жырауларда көп кездеседі.

Кеңестік кезеңде де Қазақстандағы психология ғылымының өрісі кеңейіп, оның аясы халыққа білім беру, тәлім-тәрбие істерінің мақсат-міндеттерімен сабақтасты.

Жүсіпбек Аймаутовтың “Психология” оқулығы мен “Жан жүйесі және өнер таңдау” деген туындысы-психология пәні бойынша таза ана тілімізде жазылған бірден-бір алғашқы еңбек. 1920-1930 жылдары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатовтардың оқу-ағарту, тәлім- тәрбие істерімен өзара ұштастырылған ұлттық сипаттағы психологиялық ой-пікірге толы терең мәнді еңбектер жазғаны белгілі. Сонымен қатар, С. Балаубаев, Т. Тәжібаев, М. Мұқанов, А. Темірбеков, Ә. Ситдықов, Е. Сүфиев тәрізді психолог мамандардың ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері, тақырыптары сан алуан. Қорыта айтқанда, Қазақстандағы психология ғылымы сансалаға тарамдалып, қанатын кеңінен жайып өркендеп келе жатқан ғылыми пәндер қатарына жатады.

 

 

Әдебиеттер



Ж.Аймаутов. Психология( оқу құралы).Қызылорда- Ташкент, 1926.

Ж.Аймаутов. Жан жүйесі және өнер тандау(араб әріпімен басылған).Мәскеу,1926.

Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы, “Қазақ университеты”, 1992.

Ә.Алдамұратов.Оқушылардың грамматикалық ұғымдару меңгеру психологиясы.Алматы, “Мектеп”, 1983.

Ә.Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалық сабақтар.Бірінші бөлім. Алматы,1978; Екінші бөлім. 1979.

А. Әбдрахманов, Қ.Жарықбаев. Психологиялық орысша-қазақша сөздік.Алматы, “Мектеп”, 1976

Ф.Н. Гоноболин. Психология.Алматы, “Мектеп”,1976.

Жалпы психология.В.В.Богословский т.б. редакциясымен.Алматы. “Мектеп”,1980.



Қ.Қойбағаров, Қ Рақымбеков. Педагогика-психология терминдерінің орысша- қазақша сөздігі. Қазақ ССР-ға Тіл және әдебиет институты. 4- том. Алматы,1960, 117-186-б.

Қ. Жарықбаев. Психология : Алматы, “Мектеп” ,1982.

К.Н. корнилов. Психология (педучилищеге арналған оқулық). ҚОАБ, Алматы,1946.

М. Мұқанов. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ, Алматы,1964.

М.Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы,1956.

М.Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Алматы, Қазақстан баспасы, 1980

М.Мұқанов. Бақылау және ойлау.ҚМБ, Алматы, 1959.

Т. Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы, “Қазақ университеті”, 1993.

Б.М. Теплов. Психология. Орта мектептерге арналған оқулық.ОПБ,Алматы, 1953.

А.Темірбеков, С.Б Психология. Пединституттар мен университет студенттеріне арналған. Алматы, “Мектеп”, 1966.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет