малдан, араға 2-3 апта салып, 2 рет қан алады (қан сарысуларының әрқайсысының
мөлшері 5 мл-ден кем болмауы керек).
Шайындыны малдың мұрын, көз,
жұтқыншақ қабырғасының, тік ішек және
құстар клоакасының кілегейлі қабықшаларынан стерильді тампонмен алып,
оларды 3-5 мл антибиотик пен белокты стабилизаторлары бар жасуша өсінділерін
өсіруге арналған қоректік орта немесе Хенкс ерітінділері құйылған флакондарға
немесе шыны түтіктерге салады.
Ауыз қуысы немесе сілекей бездері зақымдалған малдардың сілекейлерін
шыны түтіктерге тікелей жинап алады немесе таяқша ұшына бекітілген тампонға
сіңдіріп алады да, физиологиялық ерітінді құйылған ыдысқа салып, аузын бекітіп
қояды.
Зәрді катетр көмегімен
стерильді ыдысқа жинап алса, нәжісті тік ішектен
шпательдің немесе таяқша көмегімен алып, стерильді ыдысқа салады.
Везикула сұйықтығын шприц немесе Пастер түтікшесінің көмегімен
стерильді шыны түтіктерге жинайды.
Афталарды, тері бетіндегі қабыршықтарды пинцетпен қырып алады.
Жұлын сұйықтығын асептикалық жағдайда пункциялау арқылы алады.
Аурудан өлген малдар органдарының кесінділері тез арада алынуы керек.
Себебі көптеген вирустық инфекция кезінде организм аутостерилизациялану
феномені байқалып, нәтижесінде олардан вирустарды бөліп алу қиынға түседі
және өлекселердің бактериялармен ластануы
салдарынан сынамалардың
стерильділігі бұзылады.
Экспериментальды жолмен жұқтырылған жануарлардан инфекциялық
материалдарды аурудың агональды кезеңінде сойып, стерильді жағдайда алады.
Бактериялармен ластанған немесе бүлінген патологиялық материалдармен
зертханалық жануарлар организмінде, тауық
эмбриондары мен жасуша
өсінділерінде зерттеу жүргізуге пайдалануға болмайды.
Зерттеуге патологиялық материалды пішіні, көлемі, түсі, консистенциясы
өзгеріске ұшыраған органдардың кесінділерін (мөлшері бірнеше см
3
және
салмағы 10-20 г болатындай етіп) алады.
Достарыңызбен бөлісу: