1. Тапсырма. Мәтінді оқы, көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз. Қазақ елінің басынан өткен талай нәубет қазақтың демографиялық тарихында айқын із қалдырды. Өткен ғасырдың басындағы Ресей патшалығының саясаты, одан бергі 30- жылдардағы ашаршылық, 37-38- жылдардағы репрессия, оның артын ала келген Екінші дүниежүзілік соғыс қазақ халқының табиғы өсімінің тамырына балта шабумен болды. Осы нәубеттердің салдарынан бір кездері Қазақстандағы қазақ ұлтының саны 30 пайызға азайып кетті.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары еліміздің аумағынан 3 миллионға жуық өзге ұлт өкілі көшіп кетті. Көшкен өзге ұлт өкілдерінің орнын тарихи Отанына алыс-жақын шетелдерден оралған қандастарымыз толықтырды. Олардың тарихи Отанына оралуына жол ашқан- Тәуелсіздік. Өткен ғасырдағы 80- жылдардан соңында демографиялық ахуал біршама оңалғаны байқалады. Бірақ 1999 жылғы көрсеткіш бойынша қазақ әйелдерінен туған бала саны біршама азайғанын көреміз. Ал соңғы 10 жыл ішінде 127 мыңға көбейген. Яғни қазақ ұлтының саны қарқынды өсіп келе жатыр. Бір кезде 40% пайызға жетпей қалған қазақ халқының үлесі бұл күнде 65% пайызға жетті.
Елімізде Үкімет тарапынан отбасыға, әйелдерге, жетім балаларға қамқорлық жасалып жатыр. Жәрдем ақы мөлшері жыл сайын өсіп келеді. Үкімет алты- жеті балалы аналарды «Күміс алқа», «Алтын алқа» төсбелгілерімен марапаттап жатыр. Сонымен бірге әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылуда. Ал он баладан артық туған аналарды екінші рет «Алтын алқа» төсбелгісімен марапаттап , арнайы мәртебе беру керек. Тіпті кезексіз тегін үймен қамтамасыз етсек те артық болмас.
Соңғы жылдары еліміздің демографиясында өсу байқалады. Статистикаға сүйенсек, 2016 жылы екі мыңға жуық егіз сәби мен 26 үшем дүниеге келген. Дүниеге келген егіздер мен үшемдердің саны жөнінен Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Сонымен қатар 2017 жылы мамыр айында Қазақстан халқының саны 18 миллион адамға жетті. Ал 18 миллионыншы тұрғын 2017 жылдың 11 мамырында дүниеге келді. Ол Алматы облысы Талдықорған қаласында туған Муслима Саматқызы.