12-апта: Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті



бет2/15
Дата04.12.2022
өлшемі8,89 Mb.
#161135
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
13 Презентация13 (1) сонгы

 3. Атамекен мұражайы

  •  3. Атамекен мұражайы
  • Астана қаласындағы аспан астындағы мұражай. 2001 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Перзиденті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша ашылды. Онда Қазақстаннын барлық қалалары мен тарихи ескерткіштерінің кішірейтілген модельдері көрсетілген. 1,7 га алаңда(екі футбол алаңы)елді алақандағыдай көруге және оның сәулет-ландшафт тарихымен танысуға болады. Картада 14 облыс пен 2 республикалық маңызы бар қала-Астана мен Алматы орналасқан.
  • Жыл сайын жақын және алыс шет елдерден келген 10 мыңнан астам қонақ тамашалайды.

4. Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайы

  • 4. Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайы
  • Қазақ халқының ең жарқын тұлғаларының бірі, ұлы ақын, жазушы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық жұмыстарын сақтай отырып, 1988 жылғы 21 ақпанында Астана қаласында өлкетану мұражайының бір бөлігі ретінде ашылған. Мұражай жанына ақыннын ескерткіші орнатылған.Тарихи архитектуралық ескерткіш саналғанымен,мұражайдың сыртқы көрінісі бүгінгі жаңа құрылыстар ансамбліне ұқсас келеді.Мұражайда 6000-ға жуық материалдар жинақталған.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы

  • 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы
  • Мұражай 2014 жылдың 2 шілдесінде ашылды. Бұл елдегі ең үлкен мұражай болып келеді. Жер телімінің жалпы ауданы 9,9 гектар, ғимараттардың алаңы 74 мың шаршы метр, экспозицияның алаңы 14 095 шаршы метр, қорлар 8 000 шаршы метр.
  • 7 залдан, 8 қабаттан тұратын мұражай яғни,Алтын зал, Қазіргі заманғы өнер залы, Этнография залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залдардан тұрады. Әрқайсысында қайталанбас құнды экспозициялар жинақталған. Оған шетелдік қонақтар да жоғары баға беріп жатады. Ұлттық тарих мұражайы – Орта Азияда баламасы жоқ бірегей жобасы болып саналады.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы

Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы 

  • Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы - Абайдың өмірі мен ақындық жолына байланысты материалдар жинақталған мәдени мекеме. 1940 ж. 16-қазанда Абайдың 95 жылдық мерейтойына орай Семей қаласында ашылған. Алғашында қазіргі Абай көшесі, 83-үйде ұйымдастырылды. Ал 1944-67 жылдары қазіргі Комиссар көшесі 132-үйде орналасып, 1967 ж. музейдің экспонаттар қоры көбеюіне байланысты мемлекеттік архитектуралық ескерткіш болып саналатын Ленин көшесі 12-үйге көшірілді. Музейдегі 13 мың экспонат қоры (оның 7500-і негізгі қор) 7 дербес тақырыптық залдарға орналасқан. «Абай және оның дәуірі», «Жайлау», «Үш қайнар бұлақ», «Абай шығармашылығы», «Абайдың ақындық өнер айналасы», «Абайтану», «Қазақ халқы ақын атын ардақтайды» бөлімдерінде Абай өміріне байланысты архивтік материалдар, түрлі құжаттар, қазақ халқының тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар, қол өнері мен бейнелеу өнерінің туындылары, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар т.б. орналыстырылған 1885 өлкетану мұражайына Абайдың алғашқы шығармалары, оның дүние жүзі халықтарының тілдеріне аударылған өлеңдері, ақынның әдеби мұрасын жалғастырушылардың шығармалары қойылған. Сондай-ақ М.О.Әуезов бастаған абайтанушы ғалым-зерттеушілердің еңбектері де бар (қ. Абайдың жидебайдағы қыстауы). Абайдың 150 жылдық мерейтойына байланысты мұражай үйі ұлғайтылып, түбегейлі жөндеуден өтті.байдың әдеби-мемориалдық мұражайы 1940 жылы ашылған. Ол Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет