Байланысты: 12. Білек айма ыны топографиялы анатомиясы (алды ы ж не арт ы
63. Асқазанның топографиялық анатомиясы: байламды аппарат, тамырлар, иннервация. Асқазанда екі қабырға болады:алдыңғы және артқы.Олар бір-біріне өткенде екі шеткі жиегі яғни иіні құралады:
Кіші иіні жоғарғы шеті
Үлкен иіні төменгі шеті.Асқазанның үлкен бөлігі сол жақ қабырға астында,ал қалған кіші бөлігі құрсақ үсті аймақта орналасады.Асқазанның орналасуы түрліше болып келеды,яғни онын толуына,адам жасына немесе кеуде қаңқасының пішініне байланысты болып келеді.Асқазан шартты түрле үш бөлімге бөліп қарастырамыз:бастапқы бөлім-pars cardiaca,өңешке жақын жерде,асқазан денесі-corpus uentriculae-ортаңғы бөлімі және қалтқыға жақын жері pars pylorica.Асқазанның аллыңғы қаьырғасы іштің алдыңғы қабырғасының артқы беткейімен жанасады.Асқазанның аллыңғы бетінің оң жағы бауырмен сол жағы диафрагманың қабырғалық бөлімімен жанасады.Жоғарыда кіші иініне бауырдың сол бөлігі тиіп жатады,ал үлкен иіні көлденең тоқ ішекпен шектеседі.Асқазанның байламдарына тоқтала кетсем яғни ішперде асқазанды алдынан және артынан жауып үлкен және кіші иіндерінен көрші ағзаларға өтіп ағзалардык бекітілуінде маңызы бар бірнеше байламдар түзейді.Беткей байламдар ішперденің екі жапырағынан фронталды бағытта асқазанның жоғарғы және төменгі қырларынан желпеуішке ұқсас тарайды.Олар мына байламдарға жатады:
1-асқазан тоқ ішек байлымы
2-асқазан көкбауыр байламы
3-сол жақ асқазан диафрагмалық байлам
4-бауыр қалтқы жатады.
Асқазанның кіші иініне бекитін үш байлам болады олар: бауыр диафрагмалдық,бауыр асқазан,бауыр 12елі ішектік байламдар.
Асқазаның тереңдені байламдары асқазанның артқы қабырғасын ұйқы безінің алдыңғы бетімен жалғайтын ішперде қыртыстарынан тұрады.Жоғарлы немесе сол жақ асқазан байламы-ұйқы бездің жоғарғы қырымен асқазанның артқы бетін қосады.Байламда сол жақ асқазан тамырлары жатады.Ал төменгі немесе оң жақ қалтқы ұйқы без байламы асқазанның пилорикалық бөлімі мен ұйқы бездің оң жақ арасында орналасқан.
Сонымен қатар асқазан лимфа түйіндері байлам ішілік байламнан тыс бөлік болып екі кезеннен тұрады.Байламнан тыс лимфа түйіндері ұйқы без көкбауырлық,құрсақ және ұйқы без 12-елі ішектік деп бөлінеді.Асқазан нервтенуіне келетын болсақ:Асқазан симпатикалық және парасимпатикалық нервтермен қамтамасыз етеді.Парасимпатикақ нервтену екі кезбе нерв арқылы жүреді,олар құрсаққа өңешпен бірге кіреді.Алдыңғы сол жақтық кезбе нерв өңештің алдыңғы көкет пен өңеш арасындағы байламда жатады.Яғни бұл байлам көкет асқащан байламына өтеді.Көкет пен өңештің арасындағы байламда кезбе нервтік оң жақ бағанымен бірге өңеш пен кардиалды бөліктің 5-7 тармақтары өтеді.Артқы оң жақ кезбе нерв ішперде артындағы ұлпада құсақ аортасы мен өңештің артқы оң жағы арасынан өтеді.Өңеш өткен көкеттің тесігінен кардияға дейін нервтен 5-8 талшықтар өңешке,кардияға,асқазан түбіне қарай тарайды.Олар беткец және тереңдегі қабаттарда орналасады. Асқазан артериялары ағза сырты және де ағза ішілік бөліктен тұрады.Ағза сыртылық артерияларға сол жақ асқазан артериясы мен оң жақ асқазан артерялары кіші иінің артериялық доғасын құрайды,ал оң және сол қарын шарбымай үлкен иіннің артериялдық доғасы және асқазанның қысқа артерияларынан тұрады.Асқазанның сол артериядан ең үлкен ағзаның негізгі қантамыры ретінде 98%жағдайда құрсақ бағанының бауыр жалпы және көк бауыр артериялары бөлінетін жерден жоғары басталады.Веналық жүйеде ағза ішілік және ағза сыртылық асқазан веналарының көрші мүшелер веналарымен ұштасуы деп екіге бөлінеді.Бұл ұштасулар қақпа венасының гипертензиясы кезінде,асқазанның кардиалды және де субкардиалды бөліктерінің сол асқазан мен өңеш веналарының ағза ішілік салалары варикозды кеңейеді.Сонымен қатар бұл кезде асқащаннан қан кетуі мүмкін