12. Білек аймағының топографиялық анатомиясы (алдыңғы және артқы аймақтар). Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы. Пироговтың талшықты кеңістігі. Білектің алдыңғы аймағы Шекарасы


Сүт безі маңындағы аймақтың лимфатикалық түйіндері



бет28/37
Дата12.09.2022
өлшемі3,62 Mb.
#149296
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Байланысты:
12. Білек айма ыны топографиялы анатомиясы (алды ы ж не арт ы

Сүт безі маңындағы аймақтың лимфатикалық түйіндері
1) Қолтық алдындағы лимфа түйіндері лимфаны сүт безінің латералды бөлігінен қабылдайды. Жолында III қабырға тұсында, үлкен кеуде бүлшықетінің латералды қыры астында, меншікті шандырдан терең Зоргиус түйіні орналасқан. Қатерлі ісікте бүл түйін бәрінен ерте ісінеді. Кей-кезде қатерлі ісік клеткалары Зоргиус түйінін айналып, тереңдегі түйіндерге өтуі мүмкін;
2) Қолтықтың орталық түйіндері қолтық венасы бойында, кіші кеуде бүлшықетінің бекіген жерінің астында жатады . Ол лимфаны бездің жоғарғы -латералды бөлігінен қабылдайды. Осы бездер арасынан қабырға аралық-иық нерві өтеді. Қатерлі ісік кезінде нерв қысылса, иықтың ішкі бетінде үдемелі ауырсыну белгісі пайда болады;
3) Қолтықтың артындағы түйіндер сүт безінің артқы-латералды бөлігінен қабылдайды. Бүл түйіндер қолтық артында және жауырын асты артерия бойында жатады;
4) Қолтықтың латералды түйіндері қолтық венасы мен иық венасы бойында орналасқан. Лимфаны сүт безінің ортасынан қабылдайды;
5) Бүғанасты түйіндер артынан - қолтық венасы, астынан - бірінші қабырға аралық кеңістік, алдынан — бұғана кеуде фасциясынан (fascia clavipectoralis) қүрылған бұрышта жатады. Бүл топқа қолтық лимфа түйіндеріне соқпай, сүт безінің жоғарғы бөлігінен лимфа келеді. Осы түйіндердің эфферентті тамырлары бүғананың оң және сол бүғана астылық лимфатикалық бағанын құрайды. Олар оң жағында бүғанасты және ішкі мойындырық венаның қосылған жеріне, сол жақта кеуде өзегіне қүяды;
6) Төменгі кеуде түйіндері лимфаны сүт безінің үрпісінен жинайды. Осы аймақтан лимфа бесінші қабырға аралықтағы дорсалды қабырға аралық түйіндеріне бағытталған. Бұл түйіндердің эфферентті тамырлары артқы қабырға аралық, омыртқа жотасындағы түйіндер мен кеуденің артңы аралығы түйіндеріне бағытталған;
7) Кеуде алдындағы түйіндер кеуде ішілік артерия бойында орналасқан. Олар лимфаны сүт безінің төменгі және жоғарғы медиалды квадранттарынан алады. Бұл тамырлар кеуде аралығының алдыңғы, кейде тікелей артқы аралығына және бұғана үсті лимфа түйіндеріне өтеді;
8) Кеуде бүлшықеттері арасындағы лимфа түйіндер,nodi Іутphatici interpectoralis үлкен және кіші кеуде бүлшықеттер арасында орналасады. Бүл түйіндерге лимфа - сүт безінің жоғарғы сыртқы квадрантынан келеді. Эфференттік тамырлар қолтық және бүғанасты бездерге қүяды;
9) Кеуде бүлшықетінің астындағы лимфа түйіндер, nodi Іутphatici subpectoralis кеуденің кіші бүлшықеті астында орналасып, қолтық бездерімен байланысады. Олардан лимфа кейде бүғана үстілік түйіндерге қүяды . Кеуде астылың түйіндерге лимфа - сүт безінің жоғарғы медиалды және латералды квадранттарынан келеді;
10) Іш астар артындағы лимфа түйіндері - лимфаны сүт безінің төменгі (әсіресе медиалды) квадрантынан алады. Бұл ағыс жолы метастаздың құрсақ қуысына және кіші жамбасқа өтуіне себеп болады;
11) Шап аймағы лимфа түйіндері - қүрсақ қуысынан немесе құрсақ қабырғасынан тараған метастаздар шап аймағының лимфа тамырларына таралуы мүмкін.
Осылай сүт безінің лимфа тамырларының бәрі қолтықтағы түйіндер арқылы өтеді. Сүт безінің қатерлі ісігінде метастаз безден алыстағы аймақтарға да таралуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет