12. Білек аймағының топографиялық анатомиясы (алдыңғы және артқы аймақтар). Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы. Пироговтың талшықты кеңістігі. Білектің алдыңғы аймағы Шекарасы



бет25/53
Дата18.04.2022
өлшемі3,62 Mb.
#139882
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53
Байланысты:
анат

Мойынның пішіні.
Мойын ұзындығы, оның негізінің орташа диаметріне тең, ал кейде одан екі есе ұзын болады. Бірінші жағдайда брахицефалды адамдардағысы – қысқа және жалпақ, ал екінші жағдайда долихоцефалды адамдардағысы – ұзын әрі жіңішке мойын дейді. Мойынның сыртқы пішінінің өзгергіштігі, ондағы қантамыр және ағзалардың орналасуының да әр түрлі болуына әкеледі. Мойынның алдындағы терісі қозғалмалы, әрі созылмалы болса, ал мойын артындағы терісі қалыңдау және аз қозғалады.
Негізі операциялар мойынның алдыңғы аймағында жасалады. Сондықтан бұл аймақ «хирургиялық қауіпті аймақ» деп ескеріледі. Операция жасалатын аймақ тіндерін кесу үшін және ағзаға жету жолын табуды жеңілдететін жағдай – сүйектік нысаналарды білу (тіласты сүйек, os hyoideum, төменгі жақ, mandibula, төстің мойындырақ ойығы, бұғана сүйек үсті).
Арық адамдарда трапеция тәрізді бұлшықеттің алдыңғы қыры көрініп тұрады.
Бұлшықеттері топографиялық орналасуына қарай беткей және терең орналасқан болып бөлінеді.
Беткей тіласты сүйегінен төмен және тіласты сүйегінен жоғары деп бөлінеді.
Терең орналасқан латеральді және медиальді болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет