Контурлық нүктелерді негіз ретінде пайдаланып планды
жаңарту
Планды жаңарту негізінде геодезиялық негіз дәлдігіне байланысты болады.
Геодезиялық негіз ретінде мыналар болуы мүмкін: геодезиялық тор пункттері, межелік
белгілер, түсіру пункттері. Сондай- ақ, контурлік нүктелерде болуы мүмкін. Мысалы: жол
қиылысуы, егістіктің бұрышы, бөлек құрылыс немесе қора, құдық, жер бетіндегі тұрақты
заттар т.б.
Жаңадан пайда болған контурды ескі контурларға қарап түсіру үлкен дайындықты
және іскерлікті қажет етеді. Бұндай жағдайда түсіру нүктелерін есептеу және олардың
координаталарын табу сияқты жұмыстар керек болмайды.
Жер бетінде барлық өлшеулер графикалық тәсілмен жүргізіледі.
Масштабтары 1:10000 және 1:25000 планды жаңартуда қолданылатын тәсілдер:
1.
Полярлық
тәсіл.
Теодолитпен немесе мензуланың көмегімен жүргізіледі.
2.
Перпендикулярлар
тәсілі.
Контурлік
нүктелерге
тірелетін
сызық арқылы түсіріледі.
3.
Бұрыштық немесе сызықтық қиылыстыру тәсілдері.