№12 Дәріс. Топографиялық пландар мен карталарды жаңарту



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата26.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#133434
  1   2   3   4   5
Байланысты:
№12 Дәріс
Махамаджанова Шахноза ЖФИ 012-1, Картография Срс 2, 2 5404546408722207948


№12 Дәріс. Топографиялық пландар мен карталарды жаңарту 
Әр-түрлі түсірістер нәтижесінде алынған пландар мен карталардың егжей-тегжейлігі 
мен толықтығы бірдей болмайды. 
Планның 
егжей-тегжейлігі 
деп пландағы көріністің жер жағдайы мен бедердің 
барлық өзгерістеріне сәйкестік дәрежесін айтады. Егжей-тегжейлігі жоқ карталарда жер 
жағдайы мен бедер көрінісі жалпыланған болады. Жалпылану (генерализация) жер бетін
түсіруде, горизонталь сызуда және аэросуреттерді дешифрлеуде болады. 
Планның
толықтығы
деп планның жер бетіндегі объектілермен берілген 
масштаб бойынша көрсетілген толық жағдайын айтады. Толықтығы жоғары карталар көбінесе 
аэросуреттердің көмегімен алынады. Басқа тәсілдерде карталардың толықтығы төмен
болады. Аэрофототүсіріс материалдарына горизонталдың көмегімен түсірген жер 
бедерінің егжей-тегжейлігі жоғары және толық болады, өйткені жер бетінің фотографиялық 
көрінісі бедер түрін анық ажыратуға мүмкіндік береді, дегенмен стереофотограмметриялық 
құралдардың көмегімен жер бедерін горизонталдармен көрсету үшін орындаушының үлкен 
өндірістік тәжірбиесі болуы керек. 
Фототеодолиттік түсіріс планы жақсы егжей-тегжейлікті және толықтықты бере 
алады, дегенмен аэрофототүсіріс планынан бір шама төмен болады. 
Толықтығы және егжей-тегжейлігі жағынан мензулалық түсіріс планы 
аэрофототүсіріс планына қарағанда төмен, ал теодолиттік және тахеометрлік пландардың 
егжей-тегжейлігі және толықтығы оданда төмен болады, өйткені олар абристің егжей- 
тегжейлігіне және толықтығына байланысты болады, сол себепті орындаушыдан үлкен
мұқияттылық пен өндірістік тәжірбиені қажет етеді. 
Жер бетін шаршылап нивелирлеу планының егжей-тегжейлігі 
және толықтығы жер жағдайы мен бедердің күрделілігіне ғана емес шаршы қабырғасының 
ұзындығынада байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет