№12 Дәріс. Топографиялық пландар мен карталарды жаңарту


Планды түзету жұмыстарын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата26.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#133434
1   2   3   4   5
Байланысты:
№12 Дәріс

Планды түзету жұмыстарын ұйымдастыру 
және оның құрамы 
 
Планды түзету түсіріс жүргізгеннен кейін жер жағдайының өзгерісін планға түсіру 
үшін жүргізілетін бөлек геодезиялық жұмыстардың түріне жатады. 
Түзету жұмыстары мынадай кезекпен жүргізіледі: 1) камералдық дайындық 
жұмыстар; 2) жаңа аэрофототүсіріс суреттеріндегі пайда болған контурлерді далалық 
дешифрлеу және түзету планын жер бетімен салыстыру (рекогносцировка); 3) жоғалған 
контурлерді планнан шығару; 4) пайда болған объектілерді түсіру үшін түсіріс негізін 
құру; 5) пайда болған контурлерді түсіру; 6) түсіріс және дешифрлеу нәтижелерін планға 
түсіру; 7) түзету нәтижелерін бақылау және безендіру. 
Дайындық кезінде түзетуге жататын пландар мен карталарды дайындау және түзету 
барысында қолданылатын материалдарды реттеу жұмысын жүргізеді. Егер территорияда 
жаңа аэрофототүсірістің аэросуреттері болса, онда дайындық жұмыстары кезінде түзетілетін 
план аэросуретпен салыстырылады. Салыстыру барысында пайда болған жағдай контурлерін 
белгілеп, жоғалған контурлерді сызып тастайды. Түзету планына соңғы өзгерісті далалық 
дешифрлеуден кейін енгізеді. 
План түзетудің далалық жұмыстары жер бетін байқаудан басталады. Жер бетіндегі 
барлық объектілер алдын ала белгіленген маршрут бойынша түзету планын жер бетімен 
мұқият салыстыру арқылы барлық алқап контурлерінің аты мен пішіндері тексеріледі. Жаңа 
аэрофототүсіріс суреттері болса, жер бетін тексеру кезінде жаңадан пайда болған контурлерді 
далалық дешифрлеу арқылы анықтайды. 
Егер жаңа аэрофототүсіріс суреттері болмаған жағдайда жер бетін тексеру кезінде 
келесі жұмыстарды орындайды: 
а) аты өзгерген танаптарды ешқандай өлшеу жұмыстарын жүргізбей-ақ жөндейді. 
Бұрынғы шартты белгі қаламмен сызып тасталып, жаңа шартты белгі қойылады. Сондай-ақ,
ешқандай өлшеу жұмыстарын жүргізбейді, егер бұрынғы контур жоғалған болса (айдалған 
немесе жұлынып тасталған) немесе контур қабырғасы түзу және айқын контурлік нүктелерге 
тірелсе; 
б) түсіріске жататын контурлар мен массивтерді анықтайды. Өзгерген жағдай 
контурының пішіні қаламмен планнан сызылып тасталынады және көз мөлшерімен жаңа 
контур сызылады. Контур орны өлшеу барысында нақтыланады және контур өзгерді деп 
саналады, егер контур жағдайы бастапқы жағдайдан план бойынша өзгерісі 1 мм асса; 
в) түсіріс негізін құру схемасы белгіленеді, яғни жер жағдайына, геодезиялық желі 
пункттеріне және жер пайдалану аймағы бойынша жағдай өзгерісінің көрсеткішіне 
байланысты планда түсіріс негізін құру түрі белгіленеді; 
г) пайда болған контурлар мен массивтерді түсіру тәсілдері анықталады. 
Жер бетін қарау, түзету кезіндегі ең жауапкершілік кезең болып табылады, пландағы 
көріністі жер бетімен салыстыру үлкен тәжірибені және ұқыптылықты қажет етеді. Сондықтан 
түсіріс жұмыстарын жүргізу тәжірибелі орындаушыға жүктеледі немесе оның 
басшылығымен орындалады. Жер бетін тексеру барысында түзету планындағы жоғалған 
контурлер қызыл «x» белгісімен белгіленеді немесе алынып тасталады, ал басқа өзгерістер 
түзету планына түсіріледі. 
Аэрофототүсіріс жүргізілмеген аудандарда планды түзету жер пайдалану 
территорияларында жерге орналастыру және мелиоративтік шараларды жүргізу барысында 
орындалады. Бұндай шаралар жүргізу барысында барлық контурлар өзгерісі жүйелі түрде 
түсіріліп, планға салынып отырылады. Жер жағдайының кішкене өзгерісін ішкі шаруашылық 
жерге орналастыру кезінде жүргіссе де болады. Түсіріс негізін құру кезінде жобаны соңғы 
құрастыру және оны жер бетінде белгілеу кезінде пайдалана алатындай мүмкіндік 


болатындай жерлерге орналастырады. 
Жоба құрастыру арқылы планды түзету және жобаны жер бетінде белгілеу 
жұмыстарының басқа да жолдары болуы мүмкін. Мысалы, жоба құрастырудың алдында
түсіріс жұмыстарын жүргізеді, содан соң пайда болған үлкен ауданды контурларды 
(жайылымның немесе шабындықтың үлкен аумағын егістікке көшіру) планға түсіреді, ал 
жобалау жұмыстарына әсер етпейтін пайда болған майда контурларды планға көз жобамен 
салады және оларды жобаны жер бетінде белгілеу кезінде түсіреді. Бұндай шаралар жоба 
құрастыру және жобаны жер бетінде белгілеу кезінде 
планды түзету жұмыстарын қатар орындау түзетуге кеткен уақытты үнемдейді және 
камералдық жұмыстардың кейбір бөлігін басқа уақытқа ауыстыруға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет