Географиялық зерттеу әдістерінің негізгі



Дата06.06.2022
өлшемі18,23 Kb.
#146110
Байланысты:
физика Айнельи

§ 2. Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері
Географиялық зерттеу әдістерінің негізгі
түрлері.
Әр ғылым саласында зерттеу әдістері оның даму барысына, зерттеу пәні мен мақса-
тына, теорияның даму деңгейіне байланысты қалыптасады. Осы сыныпта географиялық
әдістердің негізгі үш тобымен танысамыз:
1. Далалық әдістер.
2. Картографиялық әдістер.
3. Теориялық әдістер (1-сызбанүсқа). Далалық зерттеу әдістері және оларды қолдану. Далалық әдістер - белгілі бір маршруттар бойымен жүріп өту және сипаттаулар жасау, өлшеу жүмыстарын жүргізу барысында зерттеу нысаны туралы деректер жинақтау және өңдеу әдістері. Далалық әдістер география ғылымында маңызды рөл атқарады. Оның мәнісі - бастапқы деректерді зерттеу аумағына жинақтау. Далалық жағдайда көзбен көріп, байқаған құбылыстар мен үдерістер, жинақталған үлгілер аса құнды географиялық деректер болып табылады.
Үйымдастырылуы бойынша далалық зерттеу әдістері экспедициялық және стационарлық деп бөлінеді. Олардың басты айырмашылығы -экспедиция мерзімдік сипатта, ал стационарлар түрақты сипатта зерттеулер жүргізеді.
Экспедициялық зерттеулер география ғылымының дамуына зор үлесін қосты.
Экспедиция жұмысы алдын ала бекітілген жоспар мен маршрут бойынша ұйымдасты-рылады. Экспедицияның арнайы көліктері, қажетті құрал-жабдықтары болуы шарт. Экспедиция құрамында оның жетекшісі және жоспарланған жұмыстарға сәйкес мамандар,
қосымша қызметкерлер болады. Қазіргі кезде Қазақстанда географиялық ғылыми зерттеу экспедицияларын География институты, Қазақстандық Ұлттық географиялық қоғамы
және басқа мекемелер ұйымдастырады.
Экспедициялар барысында әртүрлі географиялық нысандар мен құбылыстарды, үдерістерді байқау, олардың басты белгілері мен жай күйі туралы нақты деректер жинақтау және сипаттау жүргізіледі.
Физикалық географияда белгілі бір табиғат нысанының (көл, мүздық, өзен, тау және т.б.) жай-күйін немесе үдерісті (шөлдену, деградация және т.б.) зерттеу мақсатында экспедиция үйымдастырылуы мүмкін. Ал экономикалық және әлеуметтік географияда шаруашылық пен халықтың орналасуына қатысты зерттеулер жүргізіледі. Экспедиция
кезінде қолданылатын тәсілдер 2-суретте берілді.
Стационарлық жұмыстар зерттеу ауданында түрақты жұмыс істейтін бақылау стансылары, ғылыми лабораториялар, орталықтар негізінде жүргізіледі. Стационарлық зерттеудің артықшылығы … түрақты түрде ұдайы зерттеу нысанының жай-күйінің өзгерістері
туралы деректер жинау, жинақталған деректерді өңдеу арқылы болжамдар жасау. Әдетте, белгілі зерттеу аумағын түгел қамту үшін желілік стационарлар құрылады. Олардың деректері қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар нәтижесінде зерттеу орталықтарына автоматты түрде жіберіліп, өңделеді.
Ерекше қорғалатын аумақтарда да (қорықтар, ұлттық парктер және т.б.) жергілікті зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Оларда ландшафттардың жай-күйін, қорғалатын өсімдік, жануар түрлерін зерттейді және табиғат жағдайында тәжірибелер жүргізеді. Стацио-нарлық әдіс нысанның, құбылыс пен үдерістің кеңістік және уақыт ішіндегі өзгерістерін нақты зерттеуге мүмкіндік береді.
Жас зерттеуші географтар үшін «Туған өлкенің бүлақтарын зерттеу» атты экскурсия үйымдастыру.
Картографиялық әдістер және оларды қолдану. Картографиялық әдіс - картаны дереккөз ретінде, яғни онда бейнеленген нысандар, құбылыстар мен үдерістерді жаңа білім алу үшін пайдалану әдісі. Картографиялық әдістер қатарына картаны графикалық, картометриялық, статистикалық, математикалық талдау тәрізді түрлері жатады.
Картографиялық әдістер нысандардың кеңістікте орналасуын, олардың сандық сипаттамаларын анықтайтын тәсілдерді қамтиды.
Теориялық әдістер және оларды қолдану. География ғылымының теориялық әдістері ғылымның дамуымен қатар жетіле түсуде. Теориялық әдістер - зерттелетін нысанды танып білу мақсатында ой әрекетіне негізделетін әдістер жиынтығы. Бүгін біз теориялық әдістердің кейбіреулерімен нақты танысамыз.
Ғылыми зерттеулерде ең кең қолданылатын әдіс - жүйелеу. Ол зерттелетін географиялық нысанды немесе құбылысты құрамдас бөліктерге ойша жіктеп алып, оның құрылымын, қасиеттерін, байланыстарын зерттеуге бағытталады. Жалпылау - зерттелетін географиялық нысанның немесе құбылыстың құрамдас бөліктерін, олардың қасиеттерін, байланыстарын ойша біріктіру арқылы осы нысанды біртүтас түрде танып білу.
Жүйелеу мен жалпылау бір-бірімен тығыз байланысты. Жүйелеу нысанның элементтеріне тән ерекшеліктерін анықтаса, жалпылау нәтижесінде нысанның жалпы қасиеті анықталады.
Географиялық зерттеулерде ерте кезден бастап қолданылып келе жатқан, ең кең тараған әдістің бірі - салыстырмалы-географиялық әдіс. Бұл әдіс Геродот, Страбон, Аристотель еңбектерінде қолданылған.
Ғылыми тұрғыда салыстырмалы-географиялық әдістің негізін неміс ғалымы, әйгілі саяхатшы А.Гумбольдт қалаған. Ол осы әдісті қолданып, табиғат кешендерінің басты заңдылықтарын анықтады.
Модельдеу -- қоршаған ортаны танып білу әдістерінің бірі, мүнда зерттеу нысаны оның моделімен («көшірмесімен») алмастырылады. Модельдеу барысында нысанның, құбылыс немесе үдерістің барлық белгілері мен байланыстары емес, тек зерттеу мақсаты үшін маңыздылары ғана ескеріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет