Конференцияға қатысқан «Сұраншы батыр жолымен» атты Оңтүстік Қазақстан облысына келген тарихи-мәдени экспедиция мүшелері: Нағашыбек Қапалбекұлы



Дата13.11.2016
өлшемі31,47 Kb.
#1664
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 2012 жылы 31 шілдеде өткен Сұраншы Ақынбекұлының 200 жыл толуына арналған “СҰРАНШЫ БАТЫР - ХАЛЫҚ БАТЫРЫ” республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясының

ҚАРАРЫ
«Сұраншы батыр жолымен» атты тарихи-мәдени экспедициясының аясында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да 2012ж. 31 шілдесінде Сұраншы Ақынбекұлының 200 жыл толуына арналған “СҰРАНШЫ БАТЫР – ХАЛЫҚ БАТЫРЫ” республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференцияға «Сұраншы батыр жолымен» атты тарихи-мәдени экспедициясы мүшелері, республика өңірлерінен келген зиялы қауым өкілдері, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы әкімшілігінің өкілдері және 200-ден аса М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің профессор-оқытушылары құрамы, студенттері, магистранттары және докторанттары қатысты.

Конференцияға қатысқан «Сұраншы батыр жолымен» атты Оңтүстік Қазақстан облысына келген тарихи-мәдени экспедиция мүшелері:


  1. Нағашыбек Қапалбекұлы академик, профессор, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағы Алматы облыстық филиалының директоры, республикалық кітап музейінің директоры, қоғам қайраткері.

  2. Ғарифолла Есім – ҚР Парламенті сенатының депутаты, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы

  3. Қайрат Шәріпбаев – Сұраншы батыр ұрпағы, Қазтрансгаз «Алматы аймақ» АҚ президенті.

  4. Әскербек Абаев – «Сұраншы, Саурық батырлар» қоғамдық қорының директоры, аудандық кәсіподақтар комитетінің төрағасы.

  5. Есенқұл Жақыпбеков – ақын, айтыскер, Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің бас редакторы.

  6. Рәтбек Терлікбаев – Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, шежіреші, тарихшы.

  7. Қуанышбек Ботабеков – «Әділет» газетінің бас редакторы

  8. Манарбек Ізбасаров – Қазақтың Ұлттық аграрлық университетінің аппарат жетекшісі, баспагер-журналист қатысты.

  9. Сәрсен Тәжімұратов – Қазақстан телевидениесінің режиссер-операторы;

  10. Ержан Хамитқожаев – фотограф.

Конференцияда «Сұраншы батырдың ерлігі мәңгілік халық есінде», «Сұраншы батыр – халық батыры», «Қазақ әдебиетінде Сұраншы батырдың ерлігінің зерттелуі», «Бұқаралық – ақпарат құралдарында Сұраншы батырдың ерлігінің насихатталуы патриотттық сезімді туғызады» атты баяндамалар тыңдалып, талкыланды. Сұраншы батырдың өмірбаяны, сол кездегі қазақтардың тәуелсіздігі үшін күрестің тарихы және саяси деректері келтірілді. Сұраншы батырдың ерлігін зерттеу, насихаттау қазіргі жастардың патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруы талқыланды және студенттер, магистранттарды оқыту процессінде қаралған деректер, ғылыми нәтижелер өрнектелуі қарастырылды.

Конференцияның жұмысы нәтижесінде төмендегі қарар қабылданды:

1. Шымкент қаласында Сұраншы батырға үлкен даңғылға және мектепке есімін беру;

2. Сайрам ауданының орталығы Ақсукентте Сұраншы батырдың еңселі ескерткішін тұрғызуға ұсыныс беру;

3. Облысымыздағы білім ошақтарында Отан сүйгіштік сезімін тудыру бағытында «Сұраншы батырдың ерлігіне тағзым» атты оқу-тәрбие кештерін өткізу;

4. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекетттік университетінде «Жастар саясаты және тәрбие» бөлімі, «Қазақстан тарихы» және «Қазіргі Қазақстан және саясаттану» кафедралары студент жастарға Отан сүйгіштікке тәрбиелеу бағытында Сұраншы батырдың ерлігіне арналған арнайы курстарды оқу жұмыс жоспарларына ендіру;

5. Сұраншы Ақынбекұлының Отан алдындағы қызметі мен тарихи ерліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарын университеттің гуманитарлық ғылыми орталықтарында жандандыру;

6. Сұраншы Ақынбекұлының 200 жыл толуына арналған “СҰРАНШЫ БАТЫР - ХАЛЫҚ БАТЫРЫ” республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясының материалдарын және «Сұраншы батыр жолымен» атты тарихи-мәдени экспедициясы барысында жиналған материалдарды жинақ етіп басып шығару;



7. Мектептердегі «Қазақстан тарихы» пәнінде Сұраншы батыр және тағы басқа батырлардың ерліктерін насихаттайтын оқу бағдарламаларын құрастырып енгізуді оқытушыларға ұсыну;

8. Казақстан Республикасының әскери бөлім, бөлімшелеріне қазақ батырларының, соның ішінде Сұраншы батырдың есімін беруді атқарушы органдарға ұсыну.
Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет