Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет1/55
Дата26.12.2019
өлшемі8,24 Mb.
#55072
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Sbornik Zholamanov


 

 



 

 

 

 


 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  

 

Ш.УӘЛИХАНОВ атындағы  

КӚКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІКУНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

Белгілі ұстаз, ғалым, ЖОО-нда білім беруді ұйымдастырудың шебері  



Қуандық Досмағанбетҧлы Жоламановтың 

85-жылдығына арналған  

«Жоғары педагогикалық білім: дәстүр мен жаңашылдық» атты  

республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының 



МАТЕРИАЛДАРЫ 

 

 

 



МАТЕРИАЛЫ 

Республиканской научно-практической конференции  

«Высшее педагогическое образование: традиции и инновации»,  

посвященной 85-летию известного педагога и ученого,  

организатора высшей школы  

Жоламанова Куандыка Досмаганбетовича 

 

 

4 қараша 2016 ж. 

4 ноября 2016 г. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кӛкшетау - 2016 

 

 


 

УДК 378 



ББК 74.58 

В-93 

 

В-93     

Белгілі ҧстаз, ғалым, ЖОО-нда білім беруді ҧйымдастырудың шебері 

Қ.Д.Жоламановтың 85-жылдығына арналған «Жоғары педагогикалық білім: дәстҥр 

мен жаңашылдық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының 

материалдар жинағы, 2016.  – 476 б. 

Сборник материалов Республиканской научно-практической конференции «Высшее 

педагогическое образование: традиции и инновации», посвященной 85-летию 

известного педагога и ученого, организатора высшей школы в республике 

Жоламанова К.Д., – Кокшетау, 2016. – 476 с. 

 

ISBN 978-601-261-309-4

 

 

Бұл басылымға 2016 жылдың 4 қарашада ӛткен  белгілі ұстаз, ғалым, ЖОО-нда білім 

беруді  ұйымдастырудың  шебері  Қ.Д.Жоламановтың  85-жылдығына  арналған  «Жоғары 

педагогикалық  білім:  дәстүр  мен  жаңашылдық»  атты  республикалық  ғылыми-тәжірибелік 

конференциясы материалдары енген. Олар ғылыми қызметкерлерге, ЖОО оқытушыларына,  

орта  мектеп  мұғалімдеріне,  PhD  докторанттарға,  магистранттарға  арналған  ӛзекті 

мәселелерді қамтиды. 

 

В  настоящее  издание  вошли  материалы  Республиканской  научно-практической 



конференции  «Высшее  педагогическое  образование:  традиции  и  инновации»,  посвященной 

85-летию  известного  педагога  и  ученого,  организатора  высшей  школы  в  республике 

Жоламанова  К.Д.,  проходившей  4  ноября  2016  года.  Они  отражают  проблемы 

педагогической  науки,  рассчитанные  на  широкий  круг  работников  образования, 

преподавателей ВУЗов и  учителей средних школ, PhD докторантов и магистрантов.  

УДК 378 


 

СЕКЦИЯЛАР: 

 

Орта мектептің жаңартылған мазмұны шеңберіндегі педагогикалық білім 



 

Үш  тілді  білім  беруді  дамытудың  2015-2020  жылдарға  арналған  жол  картасын  іске 

асыру жағдайындағы қазіргі педагогтардың даярлығы 

 

Инклюзивті білім  беру – педагогикалық тӛзімділіктің негізі 



 

СЕКЦИИ:  

 

Педагогическое образование в рамках обновленного содержания средней школы 



 

Подготовка современных педагогов в условиях реализации Дорожной карты развития 

трехъязычного образования на 2015-2020 годы 

 

Инклюзивное образование – как основа педагогической толерантности 



 

РЕДКОЛЛЕГИЯ: 

Абжаппаров А.А. – ректор КГУ им. Ш.Уалиханова, д.т.н., профессор 

Искаков А.Ж. – проректор по НР и МС, д.э.н., и.о. профессора 

Шапауов А.К. – руководитель службы науки и коммерциализации, к.ф.н., профессор 

Искендирова С.К. – руководитель Учебно-методической службы, к.э.н., и.о.профессора 

Тавлуй М.В. – к.ф.н., ст.преподаватель кафедры русской филологии и библиотечного дела 

Курманова А.К. – магистр педагогики, ст.преподаватель кафедры казахской филологии 

Громова О.В.– руководитель РИО. 

 

ISBN 978-601-261-309-4



                                                           

 ©Кокшетауский государственный 

 

университет им. Ш.Уалиханова, 2016 



 

 

 



 

ПОСТЕРЛІК БАЯНДАМАЛАР секциясы 



Секция ПОСТЕРНЫХ ДОКЛАДОВ 

 

 

 

 

 



 

 



 

 



 

 



 

 



 

10 

 

«ОРТА МЕКТЕПТІҢ ЖАНАРТЫЛҒЫН МАЗМҦНЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ  



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ» секциясы  

 

Секция 

«ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ ОБРАЗОВАНИЕ  

В РАМКАХ ОБНОВЛЕННОГО СОДЕРЖАНИЯ СРЕДНЕЙ ШКОЛЫ»  

 

 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ  

ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Абежанова Н.А. 

С.Сейфуллин атындағы №5 кӛпсалалы мектеп-лицейі 

Степногорск қ., Қазақстан 

nuri180370@mail.ru

 

 

«Интерактивті оқыту» ұғымы (interactive – ағылшын тілінде «қарым-



қатынас»)  оқытушы  мен  оқушының  бірлесе  жүзеге  асыратын  әрекеті 

негізінде  оқытуды  білдіреді.  Негізгі  басымдық  «оқытушыға»  берілетін,  ал 

оқыту барысындағы басты әрекет «білімді беру, үйрету» болып табылатын 

дәстүрлі  түсініктегі  оқытумен  салыстырғанда,  интерактивті  оқыту 

«оқытушы» мен «оқушының» ӛзара іс-әрекеттесуін меңзейді, мұндағы басты 

әрекет - «білімді алу, үйрену», яғни «оқушының» әрекет барысында білімді ӛз 

бетімен игеруі болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде, автор мақаласында 

бастауыш  сыныпта  интерактивті  әдістерді  қолданудың  тиімділігін 

қарастырған. 

 

Білім  беру  жүйесін  жаңарту  мақсатында  Қазақстан  Республикасы   Білім 

 және ғылым министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру 

ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық  білім   беру академиясымен  бірлесіп 

мемлекеттік жалпыға міндетті  бастауыш   білім беру стандартын» дайындады. 

Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты  енгізілетін және 

орта білім мазмұны ішінара жаңартылатын  30 пилоттық мектептердің  тізіміне 

біздің    Ақмола  облысындағы    Степногорск  қаласының    Сәкен  Сейфуллин 

атындағы №5 кӛпсалалы мектеп-лицейі де кірді. Бұл мектеп үшін үлкен дәреже 

және  сонымен  қатар  аса  жауапкершілікті  талап  етеді.Мен  ӛз  іс-тәжірибемде 

түрлі    интерактивті  әдістерді  қолданып  келемін.  Олар: Рольдік  ойындар,  миға 

шабуыл,  дебат  әдісі,  дискуссия  әдісі,  тағы  сол  сияқты  түрлі  ойындарды 

қолданамын. Бұл әдістерді қолдану барысында, оқушылардың ойлауы, іскерлік 

дағдысы қалыптасып, қабілеті, дарыны дамып сонымен бірге олар ӛз ойын тез 

жинақтай білуге, бір-бірімен пікір алмасып, ой қорыту процесі жылдам жүріп, 

 сӛйлеу дағдыларының  қалыптаса бастағаны байқалды.  



 «Қазақстан  жолы  –  2050: бір  мақсат,  бір  мҥдде,  бір  болашақ» атты 

Қазақстан  халқына  Жолдауында  Ұлт  Кӛшбасшысы  Н.А. Назарбаев білім  беру 



11 

 

саласының басты міндеттерін айқын белгіледі: 



Біріншіден,  барлық  дамыған  елдердегідей  сапалы  бірегей  білім  беру 

жүйесін  қалыптастыру.  Ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының  сапасын 

жақсарту.Орта  білім  беру  жүйесінде  жалпы  білім  беретін  мектептерді 

Назарбаев  зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне  жеткізу  керек.  Мектеп 

түлектері  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  жетік  білу.  Тілдерді  оқыту 

нәтижесі  бойынша   оқушылар  сындарлы  ойлау,  ӛзіндік   ізденіс  пен  ақпаратты 

терең талдау машығын игерулері қажет, - деп кӛрсеткен болатын. 

Білім  беру  жүйесін  жаңарту  мақсатында  Қазақстан  Республикасы   Білім 

 және ғылым министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру 

ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық  білім   беру академиясымен  бірлесіп 

мемлекеттік жалпыға міндетті  бастауыш   білім беру стандартын» дайындады. 

Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  бастауыш  білім  беру  стандарты 

 енгізілетін  және  орта  білім  мазмұны  ішінара  жаңартылатын   30  пилоттық 

мектептердің   тізіміне  біздің    Ақмола  облысындағы    Степногорск  қаласының  

Сәкен Сейфуллин атындағы №5 кӛпсалалы мектеп-лицейі де кірді. Бұл мектеп 

үшін үлкен дәреже және сонымен қатар аса жауапкершілікті талап етеді. 

Ӛткен   2015-2016   оқу  жылының  басынан   мектебімізде  орта  білім 

берудің  жаңа  мазмұнын  және  бастауыш  білім  берудің  жаңа   мемлекеттік 

стандартын енгізу  бойынша  дайындық  жұмыстарын жүргізе бастадық. 

Атаулы  жұмысты үш бағытта жүргізіп келеміз: 

1)    мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды оқыту; 

2)    озық педагогикалық тәжірибемен танысу; 

3)    орта білім берудің мазмұнын жаңарту. 

 2015-2016     оқу  жылында  мектебімізде  үш  1-сынып  ашылып,    барлығы 

76  оқушы   бастауыш  білім  берудің  жаңа   мемлекеттік  стандарты  бойынша  

оқытылып  келеді.   Білім  беру  жүйесінде  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері» 

ДББҰ,  «Атамұра»,«Алматы  кітап»,  баспаларынан  шыққан  оқулықтарын 

қолданып келеміз. 

Қазіргі уақытта мектеп орта білім берудің жаңа мазмұның және бастауыш 

білім берудің жаңа  мемлекеттік стандартын енгізу  бойынша   оқу-әдістемелік 

кешендерімен,  нормативтік-құқықтық  құжаттарымен   және  оқулықтармен 

толық  қамтамасыз  етіліп,  1  сыныпқа  арналған  барлық  оқу-әдістемелік 

кешендері   толығымен мектепке  жеткізілген. 

Деңгейлік  бағдарламалар  бойынша   біліктілігін  арттырған   ұстаздардың 

бірі  ӛзім  болғандықтан    мектептегі  оқыту  жүйесінде   ӛзгерістер  енгізу  

мақсатында ӛткен  оқу жылында  инновациялық  технологияны  игеру,  жасау,  

ендіру  мақсатында   бірнеше  сабақ  үлгілерін   кӛрсеткен  болатынмын. 

 Сабақтардың мазмұны  оқу пәндері бойынша    оқушылардың білімдерін, және 

дағдыларын кеңейту және тереңдетуге бағытталды.  

Кері  байланыстар  мұғалім  мен  оқушы  арасында,  оқушы  мен  оқушы 

арасында,  мұғалім  мен  мұғалім  арасында  жүзеге  асырылуда.  Бұл  жұмыстар 

мектептегі оқыту мен оқу сапасын кӛтеріп, білім саласына кӛптеген ӛзгерістер 

әкелді.  Әрине  ол  сабақтарымды  ұйымдастыру  және  ӛткізу  барысында 


12 

 

қиындықтар  аз  кездескен  болатын,  ӛйткені  ол  кезде  сыныбым  4-сынып 



болатын. 

Қыркүйек  айында  алдымда  бірінші  сынып  оқушылары  отырғанда 

алдымда  кӛптеген  жұмыстар  мен  қиындықтар  тосып  тұрғанын  түсіндім. 

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, оқушылардың жас ерекшеліктерін 

ескере отырып, жаңа бағдарламамен жұмыс жасау міндеті қойылды. 

Осы жұмысты іске асыру мақсатында 25 оқушыны қабылдап алдым. Оқу 

жылының  бірінші  аптасында  ата-аналарды  жаңартылған  білім  беру  мазмұны 

мен мақсатымен таныстырып ӛттім. Бұрынғы оқу бағдарламасынан ерекшелігі 

әр  оқу  мақсаты  қалыптастырушы  бағалау  арқылы  («талпынды»  және  «жетті») 

деп бағаланады. 

Оқушыларды  алғашқы  күнненнен  бастап  жеке,  жұппен  және  топпен 

жұмыс  істеуге  дағдыландыра  бастадым.  Себебі  жаңартылған  білім  беру 

мазмұны бағдарламасында тӛрт тілдік дағдыға: тыңдалым, айтылым, жазылым, 

оқылым дағдыларын қалыптастыру бағытталған. 

Мен  ӛз  іс-тәжірибемде  түрлі    интерактивті  әдістерді  қолданып  келемін. 

Олар: Рольдік  ойындар,  миға  шабуыл,  дебат  әдісі,  дискуссия  әдісі,  тағы  сол 

сияқты  түрлі  ойындарды  қолданамын.  Бұл  әдістерді  қолдану  барысында, 

оқушылардың  ойлауы,  іскерлік  дағдысы  қалыптасып,  қабілеті,  дарыны  дамып 

сонымен бірге олар ӛз ойын тез жинақтай білуге, бір-бірімен пікір алмасып, ой 

қорыту  процесі  жылдам  жүріп,   сӛйлеу  дағдыларының    қалыптаса  бастағаны 

байқалды.  

Сауат  ашу  пәнінің  әліппе  кезеңінде  ойын  түрлерін  кӛбірек  қолданудың 

кӛмегімен  оқушылардың  әріптерді  танып  білуін  және  сӛздер  мен  сӛйлем 

құрауды  үйреттім.  Мысалы  мынадай  ойындар:  «Адасқан  әріптер»,  Қай 

дыбысты 

дыбыстадым?», «Әріп 

тастамақ», 

 «Қай 


буынды 

жоғалттым?», «Ұйқасын  тап»,  «Сӛзді  есіңе  сақта», «Сӛз  ойла,  кӛп 

ойла»,«Қайсысы  қалай  дауыстайды  ?»,«Жалғасын  тап», «Кім  тапқыр 

?», «Жасырын  сӛз»,«Жоғалған  сӛздер»,«Бӛтен  буынды  тап»,«Кім  шапшаң 

сӛйлем құрайды ?» т.с.с. 

Сонымен  қатар    жаңа  технологияға  сай  интерактивті  құралдарды 

қолданып отырамын.  Мысалы сауат ашу пәнінен жануарлардың тӛлдерін қалай 

шақырады  дыбыстарын  тыңдай  отырып,  естігендерін  жазды.  Байқағаным  әр 

оқушы әр түрлі естіп, дыбыстап жазды. Мысалы «Мәә - мәә», «мее - мее», «бӛӛ 

-  бӛӛ»,  «бее  -  бее»  осылайша  жануарлардың  тӛлдерінің  қалай  дыбыстайтынын 

тез  меңгеруді  үйреттім.  Ал  түрлі  суреттер  мен  видеокӛріністердің  кӛмегімен 

оқушылар   кӛре отырып,  есте  сақтау  қабілеттерін  арттыруда   тақта  беттерінің 

мүмкіншіліктерін  кеңінен  пайдалана  алды.  Ал  математика  пәнін  оқытуда 

интерактивті  тақтаның  қажеттілігі  шексіз  деп  ойлаймын.    Power  point 

презентациясы  мен  гиперссылканы  қолдана  отырып  түрлі  тапсырмалар  ойлап 

шығардым. Мысалы бір ертегі жүйесімен түрлі кейіпкерлердің тапсырмаларын 

даярлап  қызықты  етіп  сабақ  ӛткіздім.  Сауат  ашу  пәнінде  сол  ертегінің  желісі 

бойынша  оқушы  суретті  ертегі  құрастырып,  айтып  берді.  Интерактивті  тақта 

балалардың  топтық  қызметін  ұйымдастыру  үшін  жақсы  құрал  бола 


13 

 

алатындығына, мысалы, мұғалімге балалармен бірге жұмыс істей отырып, ӛзара 



әрекеттесе  және  түсіндіре  алатын  қызықты,  мультимедиялық  ресурстардың 

жақсы  құрылымдалған  топтамасын  жасауға  мүмкіндік  беретіндігіне  кӛзім 

жетті. Ӛзінің топтық жұмысы үшін интерактивті тақтаны пайдаланған балалар 

сыныптағы барлық жұмысқа жоғары деңгейде қатыса білді.  

Сонымен    интерактивті  тақтаны  орынды  қолдану  оқыту  сапасын 

арттыруға  кӛмектесетіндігіне  және    сабаққа  қатысушылардың  барлығының 

ойын  бір  ортаға  жинақтап,  қажет  ақпаратты  ӛңдеу  арқылы  жалпыланған 

ақпараттық 

біліктілікті 

қалыптастыратын 

тиімді 

құрал 


болып 

табылатындығына кӛзім жетті. 

Әрбір  оқушының  білім  деңгейін  талапқа  сай  кӛтеру  үшін  интерактивті 

технологияларды  тиімді  қолдану  қажет  деп  ойлаймын.  Осындай  жұмыстарды 

үнемі  жүргізіп  отырсақ,    оқушылар  шығармашылыққа    баулиды,  сын 

тұрғысынан  ойлауға,  шәкірт  бойындағы  қабілет  кӛзі  ашылады,  тілін  байлығы 

артып,  ӛз  бетінше  ізденуге  және  зерттеу  дағдылырының  қалыптасуына  зор 

әсерін тигізеді деп ойлаймын. 

Жаңартылған  білім  беру  мазмұны  бойынша  ата-аналар  мен  оқушылар 

үшін  ӛте  қызықты  болып  жатқан  жаңа  пән  жаратылыстану  пәні.  Бұл  пәннің 

ерекшелігі  оқушыларды  ғылымға  бастама  жасауға,  зерттеушілік  қабілеттерін 

арттыруға  бағыттайды.  Жаратылыстану  пәнінің  физика,  химия,  астрономия 

пәніне кіріспе сабақ екендігі де оқушыларға мәлім.  

Біз  бұл  сабақта  әр  тақырыпқа  байланысты  түрлі  зерттеу  жұмыстарын 

жүргіземіз.  Мысалы  «Жарық»    тақырыбында  оқушылардың  алдарына  бос 

қорап,  фонарик,  айналар,  тақтайшаларды  қойып,  жарықтың  адам  ӛміріндегі 

маңызы  мен  пайда  болуы,  табиғи  жарық  пен  жасанды  жарық  түрлерін  танып 

білді  .  Оқушыларға  түрлі  сұрақтар  қою  арқылы  ӛздеріне  әр  түрлі  зерттеулер 

жүгізуді ұсындым. Мысалы: жабық қорап ішіндегі затты қалай кӛруге болады? 

Жарықты  неліктен  қолданамыз?,  Айналарды  қолдану  арқылы  тақтайшаның 

екінші жағына қалай жарық түсіруге болады?. Әрине зерттеу жұмысын жасауда 

ойланып,  қиналатын  оқушылар  да  жоқ  емес  әйтсе  де  балалардың  кӛпшілігі 

қызыға жұмыс атқарады. 

Ал  дүниетану  сабағында  оқушылар  кӛбіне  топпен  жұмыс  жасағанды 

ұнатады.  Мысалы:  «Табиғаттағы  құбылыстар»  тақырыбын  ӛткен  кезімізде  әр 

топ ӛз  жыл  мезгіліне  байланысты  табиғаттағы  құбылыстарды,суреттеп  жазып, 

топтастырып  постер  құрап,  жасаған  жұмыстарын  қорғап  айтып  берді.  Дұрыс 

тамақтану  –  денсаулық  кепілі  тақырыбын  ӛткен  кезімізде,  оқушылар  кафеде, 

асханада  болған  жағдайларды  рӛлге  еніп  сомдап,  бір-бірімен  диалогқа  түсе 

білді. Әр топ үйлерінен түрлі – түсті қима суреттер алып келіп «Ас – адамның 

арқауы»,  «Ас  атасы  -  нан»,  «Ас  иесімен  тәтті»  деген  тақырыптарға сутеттерді 

сәйкестендіріп  фотоколлаж  жасады  және  әр  топ  кезекпен  жасаған 

жұмыстарымен  таныстыру  жүргізді.  Ал  «Мектеп»  тақырыбын  ӛткенімізде, 

«Мектеп  –  біздің  ортақ  үйіміз»  атты  эссе  жазғыздым.  Оқушылардың    жазған 

эсселері шағын болғанымен тақырыпты аша білді.   

Интерактивті  тақта  балалардың  топтық  қызметін  ұйымдастыру  үшін 



14 

 

жақсы  құрал  бола  алады,  мысалы,  мұғалімге  балалармен  бірге  жұмыс  істей 



отырып,  ӛзара  әрекеттесе  және  түсіндіре  алатын  қызықты,  мультимедиялық 

ресурстардың  жақсы  құрылымдалған  топтамасын  жасауға  мүмкіндік  береді. 

Ӛзінің  топтық  жұмысы  үшін  интерактивті  тақтаны  пайдаланған  балалар 

сыныптағы  барлық  жұмысқа  жоғары  деңгейде  қатысады.  Бірақ  олардың 

интерактивті тақтаны тиімді пайдалануы мұғалімдердің оларды топтарда қалай 

жұмыс  істеуіне  дайындағанына  байланысты  болады,  мысалы,  олармен  қалай 

сӛйлеу мен бірге жұмыс істеудің «негізгі ережелері» бойынша келісуде. 

Жалпы  айта  кетсем,  интерактивті  әдістердің  тиімділігін  тӛмендегідей 

нәтиже кӛрсетті:  

-  ойындар  оқушыларды  инновациялық  іс-әрекетке  кіргізеді,  ӛзін-ӛзі 

тануына түрткі жасады;  

жеке 



тұлғалық 

қасиеттерін 

дамытты 

(дарыны, 

қабілеті);  

- ӛзін-ӛзі басқара білуі, ӛз бетімен алдындағы мақсатқа жетуін ұйымдастырды;  

-  алғырлық,  тапқырлық,  шапшаңдық,  жинақтық  қасиеттерін  дамытты;  

- білімді тереңдетті, толықтырды;  

-  сӛздік  қорлары  байып,  ауызекі  сӛйлеу  тілдерін  жетілдірді.  

Оқушыларым  қазіргі  таңда  топпен,  жұппен  жұмыс  атқара  біледі.  Ӛз  ойларын 

ашық  ,  нақты  және  сыни  тұрғыдан  ойлай  біледі.  Оқушыларымның  сабаққа 

деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы кӛтерілді.Егер де жаңа 

технология  элементтерің  сабақта  ӛз  дәрежесінде  ұйымдастыра  білсек,  ӛз 

нәтижесін  береді  деп  ойлаймын.  Бастауыш  сынып    оқушыларына  лайықты 

мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас 

арқылы  оларды  дамыту  мәселесін  ғылыми  жолға  қою  оңай  мәселе  емес 

екендігіне,  оқу-тәрбие  үрдісінің  небір  қиын  проблемаларына  тап  болып,  оны 

шешу  жолындағы  басқару  әрекеттерін  дұрыс  ұйымдастыра  білгенде  ғана 

жұмысымыз нәтижелі болмақ. 

  

Әдебиеттер:  

 

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңы . 



2.Құзіреттіліктерді  қалыптастыруға  бағытталған  тапсырма//  12  жылдық 

білім беру, 3-2008. -20-21б. 

3. Бұзаубақова  Қ.Ж.  Жаңа  педагогикалық  технология.-  Алматы:  Алматы,    

2004. 


4. Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару.   

Алматы-2014. 

5.    Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін 

арттыру  курстарының  бағдарламасы.  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық.  Үшінші 

базалық деңгей ІІІ басылым «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ,2012. 

6.Б.Тұрғынбаева.  "Дамыта  оқыту  технологиялары"  Оқу-әдістемелік 

құрал.– Алматы,2000. 

 

 

 


15 

 

ПИЛОТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҦНЫН 



АПРОБАЦИЯЛАУДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҦМЫСТАРЫ 

 

Акылбекова С.М. 

Степногорск қаласы С.Сейфуллин атындағы №5 кӛпсалалы мектеп-лицейі 

saule.akylbekova771@mail.ru 

 

Жаңартылған  білім  беру  бағдарламаның  мәні  баланың  функционалды 

сауаттылығын  қалыптастыру.  Оқушы  ӛзінің  мектеп  қабырғасында  алған 

білімін ӛмірінде қажетке асырып, пайдаға асыра білуі керек. Сол үшін де бұл 

бағдарламаның  негізі  —  «Ӛмірмен  байланыс»  ұғымына  құрылған.  Пилоттық 

жоба  ретінде  таңдалған  мектептегі  бірінші  сынып  оқушыларын  жалпы 

мектептің  ортасына  бейімдеу  жүргізіліп,  оқытуда  әріп  тануға,  оқу  мен 

жазуға үйрету, ана тілі , орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен айтылым–

тыңдалым дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

   Критериалды  бағалау  формативті,ішкі  жиынтық  және  сыртқы 

жиынтық  бағалау  арқылы  іске  асырылады.  Формативтік  бағалау-бұл 

оқытудың  қандай  сатыда  екенін,  оқушының  нәтижесі  жоғары  болу  үшін  не 

істеу  керектігін,  тоқсан  бойы  оқыту  мен  оқу  үрдісінде  үздіксіз  кері 

байланысты  қамтамасыз  ету  үшін  оны  қалай  істеу  керектігін  белгілеу 

мақсатында оқыушы мен оқытушы қолданылатын дәлелдерді іздестіру және 

кӛрсету.  Оқушылардың  формативтік  бағалау  нәтижелері  «жетті»  (оқыту 

мақсаттары) немесе  «талпынды» айқындамалары түрінде тіркеледі. 

 

 «Бұған дейін жасалғандардың бәрін  

одан да жақсырақ етіп жасауға болады». 

 Генри Форд 

 

Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайында білім сапалы біліммен 

қамтамасыз  ету.  «Қазақстан  жолы  –  2050: бір  мақсат,  бір  мҥдде,  бір 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет