Бұл тақырып бойынша негізінен, адамның сезім мүшелерінің рецепторлық жұмысы гистология тұрғысынан қарастырылады.
Яғни, бұл дегеніміз тіндердің қатысында рецепцияның механизмдерін қарастыру болып табылады.
Рецепторлар – анализаторлардың сырттан келген хабарды ең бірінші қабылдап алатын бөлігі. Оларға көру жүйесі, дәм сезу, есту, иіс сезу аймағындағы рецепторлар жатады. Және де сезім ағзалары жайында сипатталады.
Анализаторлар туралы түсінік:
Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы) — шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып тұрған рефлекторлық доғаның сезімтал бөлігі.
Талдағыштар үш бөлімнен тұрады:
тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар);
жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім;
қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім.
Анализаторлардың көмегімен адам мен жануарлар организмдері мен қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, ұлпалар мен мүшелердің қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады.
Сыртқы - терінің сыртқы қабатында орналасып, сырттан келген тітіркенулерді қабылдайды. Мысалы, ыстық затқа қолы тиген адам қолын бірден тартып алады.
Ішкі - ағзаның ішінде орналасып, тітіркенулерді ішкі мүшешелерден қабылдайды.
1 — қасаң қабық;
2 — көз алмасының алдыңғы камерасы;
3 — нұрлы қабықша;
4 — көз алмасының артқы камерасы;
5 — көз бұршағы;
6 — кірпікті дене;
7 — конъюнктива;
8 — кірпікті дене;
9 — көздің шеткі тік б/е;
10 — көздің ішкі тік б/е;
11 — меншікті тамырлы қабықша;
12 — шыны тәрізді дене;
13 — склера; 14 —торлы қабықша;
15 — көру жүйкесігнің дискісі;
16 — кру жүйкесі