Есту мүшесі: Есту мүшесі 3 бөліктен тұрады: сыртқы құлақ, ортанғы және ішкі құлақ.
Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы жатады. Сыртқы есту жолы иірім жасай орналасқан шеміршекті және сүйекті бөліктерге бөлінеді. Оның шеміршекті бөлігінде май бездері мен сарғыш түсті секрет – құлық көп бөлінеді. Ал сыртқы есту жолындағы түктер қорғаныш қызметін атқарады: шаң, тозаңды, ұсақ жәндіктерді, микробтарды тұтып қалады.
Ортаңғы құлақбір-бірімен жалғасып жатқан дабыл қуысы, есту түтікшесі мен емізік тәрізді өсіндіден (өзінің үңгірімен) тұрады. Ортаңғы құлақтың бұлшық еттері дабыл жарғағы мен дыбыс сүйекшелері тізбегінің қалыпты тонусын сақтау, ішкі құлақты тыс дыбыстық шамадан тітіркендірулерден қорғау, дыбыс өткізгіш аппараты толқынындағы дыбыстарға бейімдеу қызметтерін атқарады.
Ішкі құлақ – “лабиринт” деп аталады. Ол шеміршекті және сүйекті бөліктерге бөлінеді. Сүйекті лабиринт: кіре беріс, жартылай үш иірім өзектері мен ұлулы денеден тұрады. Шеміршекті бөлігі сүйекті лабиринттің ішінде орналасқан. Оның іші мөлдір сұйық эндолимфамен, ал осы екі лабиринттің арасы перилимфамен толған. Дыбыс дірілі перилимфадан эндолимфаға, ал ол арқылы ұлуға беріледі. Есту жүйкесінің шеті орналасқан ұлудан дыбысты қабылдайтын жүйке клеткалары бар есту жүйкесі шығады.
1 — завиток; 2 — балғашық; 3 — төс сүйекшесі;
4 — үзеңгіше; 5 — жарты шеңберлі өзектер; 6 — ұлу; 7 — кіреберіс; 8 — сыртқы есту жолы ; 9 — қалқанның шиыршығы; 10 — ішкі құлақ; 11 — ортаңғы құлақ; 12 — дабыл жарғағы;
13 — сыртқы есту жолы;
14 — қалқан бүртігі;
16 — құлақ шеміршегі;
17 — есту түтігі;
18 — сыртқы құлақ
Сыртқы, ортаңғы,ішкі құлақ құрылысы: Иіс сезу мүшелері: Иіс сезу мүшелері – адамның және жануарлардың иіс қабылдайтын органы. Иіс сезу мүшелері иіс сезу шұңқыршасын жауып жатқан иіс сезу клеткаларынан тұрады. Омыртқасыз жануарларда иіс сезу мүшелері эктодермадан дамиды және олардың әр жерінде жеке не топтанған клетка түрінде болады. Омыртқалы жануарлар мен адамдарда мұрын қуысының (иіс сезу шұңқыршасының) кеңейіп, тереңдеуіне байланысты иіс сезу мүшелері одан әрі жетіле түседі. Кейбір жануарлардың иіс сезу мүшелері болмайды (аносоматиктер). Оларға дельфиндер жатады. Адамдарда иіс сезу мүшелері мұрын қуысының жоғарғы бөлімінде, яғни жоғарғы мұрын қалқаны мен мұрын қалқасының жоғасыр бөлігінде орналасқан. Заттардың иісі ауамен бірге мұрын қуысына еніп, иіс сезу мүшелерінің иіс сезетін, жүйке клеткаларынан түзілген рецепторларда қабылданады. Бұл клеткалардың ортасындағы өсінділері бассүйектің тор сүйегі арқылы миға өтетін 15 – 20 иіс сезу жүйкелерін құрайды. Мидың ілгек деп аталатын бөлігінде иіс сезу мүшелерінің (анализаторының) орталығы орналасқан. Осы орталықта әр түрлі иістер саналы түрде қабылданады.