№12 Дәріс. Топографиялық пландар мен карталарды жаңарту



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата26.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#133434
1   2   3   4   5
Байланысты:
№12 Дәріс
Махамаджанова Шахноза ЖФИ 012-1, Картография Срс 2, 2 5404546408722207948
Планның дәлдігі 
деп пландағы контурлік нүктелер орнының геодезиялық түсіріс 
негізінен орташа квадраттық ауытқуын айтады. 
Нүкте орнының қатесі мынадай формуламен анықталады 
m
m
2
m
2

(1) 



бұл жерде 
m
x
 
және 
m
y
 
нүктелердің координата қатесі, яғни нүкте орнының координаталар 
остері бойынша алынған қателер. 
 
Пландық картографиялық материалдардың ескіруі.
Ескіру жылдамдығына әсер ететін факторлар. 
 
План және картадағы мәліметтер түсіріс кезіндегі жер жағдайына сәйкес болады. 
Уақыт өткен сайын план мен картадағы мәліметтер жер жағдайына сәйкестігін жоғалта 
бастайды, ондай жоғалтуды ескіру дейді. Түсірістен кейін өткен уақыт көбейген сайын 
ескіруде соншалықты арта береді. 
План мен картаның ескіруі мынадай факторлардың әсерінен болады: 1) адамның
шаруашылық қызметіне байланысты жер бетінің үздіксіз өзгеруі; 2) ғылыми техникалық


талапқа сәйкес, план мен картаның дәлдігіне, толықтығына, егжей-тегжейлігіне қойылатын 
талаптың өсуі. 
Ауылшаруашылық өндіріс аймағында шаруашылық шараларды жүргізу нәтижесінде 
мынадай өзгерістер болуы мүмкін: а) жер бөліп беру және жерді қайтып алу, алқаптар 
контурларының трансформациясы, жер пайдаланудың пішіні мен мөлшері; б) мелиоративтік, 
агротехникалық және басқада шараларды жүргізу нәтижесінде алқаптың жағдай сапасының 
артуы; в) жер пайдалану категориясының және жер категориясының құрамының өзгеруі; г) 
басшылық шекараның өзгеруіне байланысты алқап мөлшерінің өзгеруі. 
Жерге орналастыру және жер кадастрын жүргізу кезінде план мен картаның тез 
ескіруі жүйелі түрде оларды жаңартып және түзетіп отыруды қажет етеді. Өйткені, түсірістен 
кейін бір жылдан кейінде ауылшаруашылық алқаптардың жағдайын олар толық көрсете 
алмайды. Сол себепті, жаңарту уақытын немесе түзету мерзімін анықтау үшін, план мен 
картаның сандық ескіру көрсеткішін анықтау керек. 
Планды жаңарту деп түсіру жұмыстарын жаңадан жүргізіп жаңа план құрастыруды 
айтады. Жаңарту кезінде ескі план мен геодезиялық негізді пайдаланады. Планды немесе 
картаны 
жаңарту 
белгіленген 
кезеңнен 
кейін 
Мемлекеттік 
ауылшаруашылық 
аэрофотогеодезиялық ізденіс институтымен (ГИСХАГИ) 
«Қазгеодезия» экспедициялары жүргізеді. План мен картаның 


ескіру көрсеткішіне байланысты карталау ауданына байланысты 8 жылдан 15 жылға дейінгі 
аралықта көбінесе аэрофототүсіріс жұмыстарын жүргізу арқылы орындайды. 
Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарын қазіргі уақыт талабына сәйкестендіріп 
ұйымдастыру үшін және план мен картадағы мәліметтерді заманауи деңгейде ұстау 
мақсатында план мен картаны қысқа мерзімде бір жылдан бес жылға дейінгі аралықта
жаңартып отырады. Сондай-ақ, шаруашылық аралық және ішкі шаруашылық жерге
орналастыру жобаларын құруда, план және картадағы мәліметтер қазіргі жағдайға сәйкес
болуы үшін план мен картаны түзетіп отырады. Түзету кезінде, пайда болған жер жағдайын 
түсіріп, жөнделетін планға салады және жоғалған контурлерді планнан шығарып тастайды. 
Ауыл шаруашылық план мен картаның ескіру көрсеткішін (дәрежесін) және планды 
жөндеу мен жаңарту жұмыстарының құнына байланысты анықталуы керек және олар
мыналарға байланысты болады: 1) планның (картаның) ескіру көрсеткішіне; 2) жөндеу 
тәсіліне, яғни аэрофототүсіріс немесе жер бетіндегі түсіріс; 
3) жөнделетін план түріне, яғни план немесе фотоплан; 4) түсіру жерінің күрделігіне. 
Жаңарту құны далалық жұмыстар көлемімен анықталады. 
Жер бетіндегі түсіріс тәсілдерін қолданғаннан көрі аэрофототүсіріс тәсілдерін қолданған 
әлдеқайда арзан болады. Далалық жұмыстардың көлемі түсіріс жүрістерінің және түсіру 
контурларының ұзындықтарымен анықталады. Сондықтан ескіру көрсеткіші түсіру 
контурлерінің ұзындықтарын
l
барлық контурлердің ұзындықтарына 

бөлгенге тең болады, 
яғни 
(%)

100. 

(2) 
Планды жаңарту жұмыстарының құнын анықтаудан басқа бұл көрсеткіш орындалған 
жұмыстың нақты көлемін айқын анықтайды. Бірақ бұл көрсеткіш көп картометрлік
жұмысты қажет етеді, сондықтан жаңарту көлемін анықтау үшін басқа көрсеткішті 
қолданады, яғни өзгерген контурлердің аудандарының планда көрсетілген барлық 
аудандарға қатынасымен анықталады 


(%) 100 


P

(2) 
Ескіру көрсеткішінің бұл қатынасы ауылшаруашылық алқаптар және контур өзгерісі 
туралы бар әртүрлі ақпараттарға қолдануға болады. 
Планның (картаның) ескіру көрсеткіші мынадый формуламен анықталады 
 
(%)
RT 
RT
 
100. 
(3) 
бұл жерде 


RT
- жаңарту кезіндегі план туралы ақпарат саны; 

соңғы жаңартылған кездегі план туралы ақпарат саны. 
Планның (4.1) және (4.2) формулалар бойынша есептелген ескіру көрсеткіштерін 
және планды жаңарту мен түзету жұмыстарының құнын анықтау кезінде анықталғаны: егер 
план жаңарту тек жер бетіндегі түсіріс тәсілдерімен жүргізілсе және жер жағдайының өзгерісі 
күрделілігі I және II категорияда 50% дейін, ал III категорияда 40% дейін болса, онда план 
түзету жұмыстары жүргізіледі, ал план жаңарту аэрофототүсіріс тәсілдерімен жүргізілсе 
және жер жағдайының өзгерісі күрделілігі I категорияда 30%, II категорияда 20% дейін, ал III 
категорияда 10% дейін болса план түзету жұмыстарын жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет