Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті
Тақырыбы: Аңшылық алқаптарының өнімділігі
Орындаған: Рысбайқызы Аяжан
Тексерген: Әбдібек Алибек Ерланұлы
Алматы 2019 ж.
Қазақстанның аңшылық алқаптары
Казақстанның жалпы 60 млн. га жері аңшылық алқаптар болып саналады, оның 27 млн. гектары спорт бағытындағы аншылық және балық шаруашылық ұжымдарына бекітіліп тіркелген.
Тіркелген аңшылық алқаптар республиканың әр алуан. ландшафты аймақтарында жайғасуына байланысты, ондағы аңшылық аңдардың да түрлері көп болып келеді.
Орманды-далалы аймақ түгелдей Солтүстік Қазақстан шегінен өтіп Қостанай, Көкшетау, Орал аймақтарының солтүстігінде, Павлодар және Семей алқабында жайғасқан Ертіс өзенінің оң жақ жағасын шолып жайғасқан.
Ағашты массивтер, жыртылған далалы учаскелермен, көптеген көлдермен (көбінесе еріген сумен толықтырылатын) араласып дамыған. Бұл аймақтарда ағаштар өкілі болып қайың және терек саналады, ал кейбір учаскелерде қарағай да кездеседі.
Табиғи факторлардың және адам баласының шаруашылық әсерімен аңшылық алқаптар әрқашан өзгеріп тұрады. Алқаптарда бағытты өзгерістер, олардың сиымдылығын біршама жоғарлатады.
Аңшылық алқаптың өнімділігін мінездейтін, негізгі экологиялық факторлардан азықтық және қорғаушылық қасиеттерге аса көніл бөледі. Дегенмен, бұл жағдайда да "минимум заңдылығы" бекітіледі. Ол бойынша ең басты болып, минимуммен берілген фактор саналады.
Аңшылық алқаптар өнімділігі, олардың сапасындай қазіргі және перспективті (прогрессивті, не болмаса регрессивті) болуы мүмкін. Экономикалық көрсеткіштерде перспективтік өнімділікті, қазіргі өнімділікті экономикалық бағалауды пайдаланып, аңшылық алқаптардың сапасын салыстырып бағалау арқылы құруға болады. Болжау (прогноз) есеп, алқаптардың сапалық өзгеруін жобалауға сәйкестелініп, міндетті түрде келешекке әртүрлі аңдардың алқаптардағы тығыздығын анықтау сатысын өтеді.
Аншылық алқаптарының қазіргі өнімділігін бағалау бірімен-бірі байланысты үш жолмен жүргізіледі . Біріншісі - ресурстың барлық түрін түгелдей есептеуге бейімделген. Апқапты бағалауда, ресурстардың және өнімділіктің көп жылдық орташа көрсеткішін мінездеу керек. Осы себептен есептеу жұмыстарының бірнеше жылдық нәтижесін жыйнайды да, бағаланатын аймаққа орташалап қалыптастырады. Егерде кейбір жағдайларға байланысты көп жылдық мәліметтер болмаса, бағалау жүргізуге соңғы бір жылдық көрсеткіштерді қолданады, дегенмен тұрғындардан сұраныс^ арқылы жыйналған деректермен түзету енгізеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ.
Достарыңызбен бөлісу: |