Отбасы бюджетін сақтау және нығайту



Дата10.06.2017
өлшемі72,19 Kb.
#18604
Отбасы бюджетін сақтау және нығайту
Тажиева З.Д., э.ғ.к, қауымдастырылған профессор м.а

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті


Қәзіргі экономикалық пікір бойынша отбасы – немесе үй шаруашылығы негізгі тұтынушы және өндіруші ретінде қарастырылады. Оның өмірдегі іс әрекеті – әр жеке тұлғаның әлеуметтік, экономикалық және рухани сұраныстарын қанағаттандыру үшін іске асырылады. Бүгінгі күні отбасы институты дағдарысты басынан кешіп отыр. Нарықтық экономика жағдайында барлық ауыртпалықты басынан кешуге тура келді. Оған дәлел ретінде отбасының төмен табысы, әлеуметтік төмен қамтылған отбасылардың елімізде азаймай отырғандығын айтуға болады. Отбасында бала санының көбеймеуі, азаматтық некенің өсуі және ертеңгі күніне деген сенімнің жоғалуы да осыған дәлел.

Адами капиталдың өсуіне керекті жағдай жасау үшін үй шаруашылығын тиімді жүргізу ғана емес, сонымен қатар, отбасы бюджетін дұрыс жоспарлаудың да әсері мол. Қандай да бір ұйым ретінде үй шаруашылығы да өзінің өмір сүруін қамтамасыз етуі үшін және мүшелерінің әл ауқатын жақсарту үшін әр түрлі шешімдер қабылдап отырады. Дегенмен үй шаруашылығын басқарудың басқа ұйымдарға қараған да ерекшелігі бар. Себебі, үй шаруашылығындағы адамдар бір бірімен туысқандық қатынаста болады, олар бір бірімен тек қана экономикалық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік байланыс жасайды. Ал бизнестегі ұйым мүшелерінің арасында тек қана экономикалық тұрғыдағы байланыс болады. Сонымен, үй шаруашылығында экономикалық шешім қабылдаудың екі түрі болады:

1. Өз активтерінің құрылымын қалай қалыптастыру керек. Жер, жылжымайтын мүлік алу керек пе? Жылжитын құралдар алу керек пе? Бағалы қағаздар алу керек па?

2. Жұмыс уақытының қорын қалай жүргізу керек?

Үй шаруашылығында қабылданатын экономикалық не қаржылық шешімдерге бірнеше факторлар әсер етеді. Олар:


  • Ағымдағы немесе алдағы уақыттағы мақсаттар;

  • Үй шаруашылығындағы мүшелерінің қарым қатынасы;

  • Кірістерінің шамасы;

  • Үй шаруашылығы мүшелерінің қауіп қатерге қатынасы;

  • Үй шаруашылығы әрекет ететін сыртқы орта;

Дегенмен, еліміздің экономикасының өсуі мен дамуы - әр отбасының экономикасының дамуы мен ұлғаюына байланысты екені сөзсіз. Кез келген бюджет үнемделіп қана қоймай, ұлғайтылуы да керек. Бұл, әсіресе отбасылық бюджетке қатысты. Отбасылық бюджет деген не және оны қалай ұлғайтамыз деген сұрақ бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Отбасылық бюджетті қалыптастырып үйрену – бұл алға қойған мақсаттарға қол жеткізудің басты шарты. Мамандар отбасылық бюджетті жоспарлаудың артықшылықтарын былай көрсетеді;

  • жағдайға материалдық тұрғыдан тәуелді болудан аулақ болу

  • өмір сапасын жақсарту үшін өзінің басқарушылық дағдыларын кемелдендіру

  • бүгінгіге шектеу қоймай, болашаққа инвестиция құю

  • байлыққа қарай алғашқы қадам басу

  • арманымызды жүзеге асыруға жақындай түсу

Бірақ қазақстандық отбасылар өз экономикасын басқаруға құлықсыз болып отыр. Қазақстандықтар өз шығындарын бақылауға ниет қылмау себептері де бар:

- біріншіден кеңестік кезеңнен қалыптасқан идеялогия, яғни бізді ешкім аш-жалаңаш қоймайды, біреуден кейін, біреуден ілгері өмір сүрсек болды;

- екіншіден тұтыну мәдениеті психологиясының төмендігі;

- үшіншіден қаржы ғылымының бір қарағанда қиын болып көрінуі.

Әлемдік қаржылық дағдарыс әр адамға , әр отбасыға өз шығынын қайта қарауға мәжбүр етеді. Көп жағдайда ақша жетіспеушілік мәселесі кездеседі. Отбасылық өмірде кірісті дұрыс бөлу маңызды болып саналады, сондықтан жалақы немесе еңбек ақы алған күні оны бөліп қою қажеттігі туындайды. Мысалы тамаққа, киімге, жолға, т.б. Азық түлікті аптаға бірден алған тиімді. Осы мәселені зерттеушілер, сауалнама қорытындыларына негіздеп, мынадай формула ұстанған ұтымды дейді.

Жинақтау есебі – 20%

Өмірлік қажеттілік , киім, тамақ, тұрғын үй -50%

Білім – 10%

Демалу-10%

Шұғыл жағдайларға-10%



Қаржыны жоспарлау үшін отбасы мүшелері төмендегідей сұрақтарды шешуге шешім қабылдауды:

1. Қаржылық-мүліктік жағдайды бағалау

2. Өмірде болатын керек емес құбылыстардан сақтандыру жүйесін құру;

3.Жинақтарын сақтау және дамыту жолдарын қарастыру;

4. Болашаққа төлемдер жасау варианттарын таңдау.

Ал көптеген отбасылар күнделікті өмірде қаржылық жоспарлауды елемеу деңгейінде жүреді . Сонымен қатар, керек емес құбылыстар да кездеседі, олардан сақтану жолдары ретінде төмендегідей іс-әрекеттер жасауды ұсынамыз:

1. Келешек табыстарын жұмыстан босап қалу қаупіне, жұмысқа жарамай қалу қаупіне, бизнесінің құлдырау қаупіне жоспарлау.

2. Өз денсаулығынын сақтау жолдарын белгілеу.

3. Мүліктерін сақтандыру. (саяжай, мекені, бизнесі, әшекейлерін).

5.Кредит алу кезінде тәуекелдерін ескеру

Өмір тәжірибесі көрсеткендей, кез келген отбасылық бюджет тұрақты жалақымен ұлғаюға мүмкіншілігі зор. Әр бір компанияның жоспарлау мен болжау арқылы ойластырған экономикалық базасы болмаса, ол компания бір апта немесе бір ай ғана өмір сүреді, сондықтан да кіріс-шығысын есептеп, болжау жоспарларын құрады. Ал отбасының беріктігі өте жоғары, қаржылық тұрақсыздық деңгейінде де ол жылдар бойы өмір сүре алады. Уақыт өте келе, көпшілігі экономикалық дүрмек жағдайында өмір сүруге дағдыланып кетеді. Соған қарамастан, статистика бойынша ажырасудың шамамен 70% отбасындағы материалдық қиыншылық себебінен орын алып жатады.

Сондықтан да, кіріс пен шығыстың есебін жүргізуге ниет қоймау көпшіліктің қажетсіз әрі тиімсіз шығындардың қақпанына жиі ұшырауына апарып соқтырады. Отбасы мүшелерінің көбісі өздерінің жалақысының мөлшері мен жұмсау мөлшерінің қаншалықты екенін нақты айта алмайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін отбасылық бюджетті құрып бастау керек. Құра отырып ең негізгі қаржылық қағиданы орындау қажет. Ол – тапқаныңнан жұмсағаның аз болсын! – деген қағида.

Қаржылық бостандыққа барар жолда өз шығыныңа есеп жүргізіп отырып, алтын ережені ескерген жөн: ол – байлықты тапқан ақшаң емес, сақтаған ақшаң әкеледі, - деген.



Әр отбасы өз шығынын бақылау кезінде, жеке капиталды құрып бастау үшін, қандай шығындарды болдырмауға болады немесе тіптен алып тастауға болады деген сұраққа жауап береді. Бағалау жұмысын жүргізу кезінде бюджетті жоспарлау басталады. Яғни өзіңнің шығыныңды азайту арқасында сақтау қорын жасау. Әрмен қарай, анықтау керек нәрсе - қаржылық тұрақтылыққа жету үшін, өзіңнің кірісіңнен қандай бөлігін болашаққа инвестиция жасай аласың? Ғалымдар мен экономистердің айтуы бойынша әрбір адамның кірісінің 10-15 пайызы психологиялық тұрғыдан отбасының әл-ауқатының деңгейіне әсер етпейтінін анықтаған. Бірақ, қаржылық бостандықты құруға мүмкіндігі зор болатынын айтады. Сондықтан да, кіріс пен шығынның есебі бойынша әрбір азамат өзінің қаржылық жоспарын құруына болады. Қаржылық жоспар құру кезінде мақсатты анықтап алу және оған жететін жолдары мен мерзімін көрсету керек және міндетті түрде отбасы мүшелерін барлық жағдайдан сақтандырған жөн. Талдау жасау үшін шығындарды үш түрге бөлеміз:

  • Керекті шығындар

  • Қосымша шығындар

  • Тұтқиыл шығындар

Қаржылық жоспар құрудың кезеңдері болады. Ол:

  1. Мақсатын белгілеу;

  2. Өзінің қаржылық мүмкіндігін бағалау;

  3. Қаржылық мүмкіндікке байланысты мақсатына түзету жасау;

  4. Мақсатты орындау үшін жол таңдау.

Қаржылық жоспарға мезгіл сайын талдау жасап отырған жөн. Мысалы, 30 жасар қызметкердің не кәсіпкердің жалақысы - 80000 тенге болсын. Ол қаржылық жоспарды зейнеткер жасына келгенде қаржылық бостандықта болуы үшін жасайды. Ол үшін айлығының 20 пайызын инвестициялық қорда немесе сақтандыру қорына тапсырады. Сонымен айына 16000 тенге өз-өзіне инвистициялық қоржын жасап құяды. Келісім шарт мерзімі барлық елдердегідей – 15 жыл болады. Сонымен 45 жасында бұл азамат – 16000*12 ай*15 жыл=2 880 000 тенге жинайды. Бірақ ол қаржылық қор жинағаннан кейін, оның пайызын да алуы керек. «Endoment – классическая форма сохранения денег» формасы бойынша шамамен – 30 пайыз болуы керек. Сонымен 2880000тг + 864000тг= 3 744 000 тг болды. Бұл қаржысын зейнеткерлікке жетем дегенше, яғни 45 жастан 63 жасқа дейін депозитке салса, яғни 18 жыл бойы айына 34320 тенгеден алып отыруына болады. Ал негізгі қаржысы осы пайызды беріп тұра береді. Яғни бұл азамат қаржысын тек басқарып отырады. Зейнет жасына жеткен кезде өз қалауы бойынша барлық жинақталған қаржысын қайтарып, немесе әрі қарай басқара береді.

«Арманы жоқ халықтың болашағы жоқ» деп саясаткер Джон Кеннеди айтқандай, арманды қоя біліп, оған жетудің жолдарын үйреніп, өзімізден кейінгі ұрпаққа үйретіп, оларға үлгі -өнеге көрсету керек. Ең негізгісі - алдымызға мақсат қоя білу, сол кезде өмірге де басқаша көзқарас түзіледі. Егер отбасылық қаржы есебі жүргізілсе және жоспарланған стратегия бойынша қаржы басқарылса, мақсатқа жету іске асырылатынына сөз жоқ.

Әдебиеттер тізімі:



  1. Курс экономической теории: Учебник/ Под ред. Проф. Чепурина М.Н., проф. Киселевой Е. А. - Киров.: Издательство АСА, 1999.(с 442-454).

  2. Современная экономика. Общедоступный курс/ Под ред. Мамедова О.Ю. - Ростов н/Д.: изд-во «Феникс», 2000. (с 256-269).

  3. Горелов Н.А «Политика доходов и качество жизни населения». - Изд-во «Питер» 2003. (с 42-43)

  4. Основы планирования семейного бюджета: Методическое пособие / Кредитный Потребительский кооператив «Первый Дальневосточный» - с. , 2004.

Резюме

В статье рассматривается вопросы формирования семейного бюджета и финансовое управление домашним хозяйством. Даны определения понятиям «сущность и функции финансов домашних хозяйств», раскрыты пути управление всеми ресурсами и средствами для достижения целей и стремлений при планировании финансов.
Ключевые слова
Отбасы, қаржылық басқару, шығындар, экономикалық және қаржылық шешімдер, отбасылық бюджет
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет