Д. 10. Тұнбалардың пайда болуы және олардың қасиеттері



бет1/9
Дата30.05.2020
өлшемі42,45 Kb.
#71758
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәріс 11- Аналит. химия


Д.10. Тұнбалардың пайда болуы және олардың қасиеттері.
Тұнбалардың пайда болуы әлі аяғына дейін шешілмеген, күрделі физика- химиялық процесс. Тұнбаның қасиеті көбінесе тұнбаның пайда болу механизмінің ішіндегі екі сатымен анықталады. Ол: 1) кристалдану орталығының (кристалдардың ұрығы) пайда болуы; 2) пайда болған ұрықтардың әрмен қарай өсуі. Жаңа пайда болған бөлшектердің мөлшері осы екі сатының қайсысы басым болуына байланысты. Кристалдану орталығы­ның пайда болуы ең аз мөлшердегі иондар не молекулалардың бірігіп тұрақты екінші фаза түзу процесі. Мысалы, күміс хроматының ұрығы 6 , барий сульфатының ұрығы 8 иондардан тұрады. Тұнбаның әрмен қарай тұнуы не жаңа орталықтардың пайда болуы, не алғашқы ұрықтардың әрмен қарай өсуі жолымен жүреді. Егер тұну бірінші жолмен жүрсе тұнба көп мөлшерде өте ұсақ бөлшектерден тұрады, егер екінші жол басым болса, онда ірі кристалды тұнба алынады.

Сапалық түрде қандай тұнба түсетіні ерітіндінің қаншалықты аса қаныққандығына байланысты. Оны салыстырмалы асақанығу (САҚ) дейтін мәнмен сипаттауға болады:

САҚ=

Q – тұндырар алдындағы араластырылатын реагенттердің молярлі концентрациясы,

Q = C/2;

ε – тепе – теңдік орнағаннан кейінгі тұнбаның молярлі ерігіштігі.

Нашар еритін тұнба түсу процесінде тұнба түсіргіштің қосылған әр үлесі ерітіндінің аса қанығуына әкеп соғады, яғни Q >ε. Біраздан кейін бұл тұрақсыздық жағдай бұзылып тұнба пайда болады. Тәжірибелік байқаудан пайда болған тұнба бөлшектерінің мөлшері реагенттің әр үлесін құйғандағы салыстырмалы аса қанығу мәніне кері пропорционалды. Егер тұнба аз ерісе (ε мәні аз) және концентрлі ерітінділерден (Q үлкен ) түсірілсе, онда үлкен мән. Бұл ерітіндіде көп мөлшерде алғашқы кристалдардың түсуіне, соған сәйкес ұсақ бөлшекті аморфты тұнба түзілуіне себеп болады. Егер аз болса ( Q мөлшері аз, ε үлкен), онда кристалдану орталығы аз пайда болады да, пайда болған орталықтардың әрмен қарай өсу процесі басым болады, сондықтан ірі кристалды тұнба алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет