Д.З. Жабықбаев.Аудандық мәслихаттың депутаты.
«Білім шуағы»үн қағазы№18-21.15-желтоқсан 2009ж
Тұрар туралы толғау
Болар ма жанашырлық сірә бұлай,
Кешегі құйын заман ылаңын-ай,
Құмыққан қойнауынан тарихымның
Сыр тартсам салады еске Тұрарым ой.
Халқымның қамын ойлар қыраны ғой,
Қырандар келешектің ұраны ғой.
Қонсақта ел арманың жалау еткен
Жатырсаң қай қойнауда Тұрарым-ай.
Халқының қабағынан мұң арылмай
Жатқанын сезген есті қыраным-ай.
Қазағым деп жүргенде қапы кеткен
Бір туар,бейбіті жоқ шынарым-ай!
Кешегі кер заманның ылаңын-ай.
Ұйтқыр деп кім ойлаған сірә былай,
Шыққанда щырқау шыңға топшысына
Тас тиген қылыш қанат қыраным-ай. 8
Тұқыртса аштық,індет,мұң арылмай,
Өмірден етер дейсің кім арымай.
Жүрегін жөргек қылып елі үшін
Ажалға қарсы тұрған қыраным-ай.
Арманның көтерерде шынары бой,
Аяқтаған жалған заман кінәлі ғой.
Төрінен Ресейдің,жаутандаған
Халқына қолын созған қыраным-ай.
Бір парыз жүруші еді маза бермей,
Тоқтайын,түйіндейін соза бермей.
Өлуің,аға,сенің мүмкін емес,
Біржола жер бетінен қазақ өлмей.
Достарыңызбен бөлісу: |