Қуандық ШОЛАҚ,ақын,Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі
Айбарлы да ақылшы
Шын сүйген жақсылыққа құмар елін,
Айбалы да ақылшы Тұрар едің.
Ақ арманын іздеген бар қазақтың
Ойлы бас,көрер көз бен құлағы едің.
Ойлаумен аш-жалаңаш күйін көптің,
Сөзіңді улы істермен түйіндеттің.
Түрксібір темір жолын бітірген-ді
Демеу боп өзіндегі құйынды екпін. .
Тағдырдың таптан өтіп бұлтарысын,
Күрестің келер күнгі ұрпақ үшін.
Бұл күні кім ұмытар бір өзіңдей
Жүз жылда бір туатын жұрт арысын.
Үстіңе қара құрттай өрлемеген
Тұрар бабам не сұмдық көрмеген ең.
Шындық үшін шырылдап өртенетін
Қалай ғана сыйды екен көрге денең?!
...Аяған жоқсың сірә күшіңді елден,
Қиялындай шарқ ұрды құстың көлден.
Өзің аттас ауданның ел-жұртына
Бейнең қуат берердей мүсінденген.
Қарсы тұрып жамандық өртіне мұң,
Жолатпадың қазақтың көркіне мұң.
Көк байрағын көтеріп егемен ел,
Орындалды мінеки өр тілегін.
Достарыңызбен бөлісу: |