12 жылдық білім беру жүйесі


- саты Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар)



бет5/14
Дата02.06.2022
өлшемі221,5 Kb.
#145775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
kur -12-zhyldyq-damytu-kuni-zhane-bilim-beru-bagdary-29

3 - саты
Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар)
Оқыту ұзақтығы - 2 жыл
Жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын үшінші сатының негізгі мақсаты оқытудың саралануы мен даралануына бағдарланған жалпы орта білім беру, оқушылардың болашақ кәсіби қызметіне саналы да жауапты таңдау жасауына, жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасау.
Бейіндік оқыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып анықталуы тиіс.
Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады.
Материалдық-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуметі мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік оқыту төмендегі ұйымдастыру нысандары бойынша қарастырылады:

  1. Бір бейінді мектеп - бір бейінді оқытуды іске асыру;

  2. Көп бейінді мектеп - бірнеше бейінді оқытуды ұйымдастыру;

3.Жалпы білім беретін мектептердегі, гимназиялардағы, лицейлердегі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердегі бейінді
оқыту сыныптары.
4.Өңірлік ресурстық орталық - материалдық және кадрлық әлеуеті жеткілікті, басқа мектептер бейіндік оқытуға пайдалана алатын ресурсы бар білім беру ұйымы. Ресурстық орталықтар ЖОО, колледждер немесе білім беру орталықтары жанынан ұйымдастырылуы мүмкін.
(Ауыл мектебі жағдайындағы ауылдық ресурстық орталық -айналасындағы мектептердің материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік және кадрлық әлеуметін кіріктіре алатын ауылда толыққанды база мен бейіндік оқытуды қамтамасыз ете алатын, қуатты білім беру ұйымдарының бірлестігі.)
5.Сырттай оқытатын және кешкі мектептер еліміздің ЖОО, облыстық БАИ жанынан ашылған бейіндік мектептер мен ресурстық орталыктардың
базасында жүзеге асырылады.
Ауылдық жер жағдайында шалғай ауылдан келетін оқушылардың тұруына мынадай жағдайлар жасалады:

  • ауыл оқушыларына арналған бейіндік оқытудың барлық түрі ұсынылған мектеп-интернат;

  • интернат типіндегі пансионат - шағын комплектілі ауыл мектептерінен келген оқушыларды таңдаған бейіндеріне немесе ресурстық орталықтарына қарай аудан орталықтарындағы орта мектептерде жүзеге асырылады.

Бейіндік мектептің тиімділігінің негізгі көрсеткіштері мыналар болуы тиіс: оқушының өмірлік жолын жобалауда субъективті қатынасының жоғары сатылығы, таңдаған бейіндік оқытуға өзінің қабілеті мен қажетіне сәйкес қанағаттылығы [3, 62 б].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет