1.2 Жалпы орта білім беру құрылымы
Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту білім беру процесіне қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқыту сатылары бойынша оқу материалдарын бірдей қайта бөлуді, оқытуды дараландыруға жағдай жасауды көздейді.
12 жылдық жалпы орта білім берудін құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылды:
жеке тұлғаның жас кезендерінің ескерілуімен;
күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;
оқытудың сабақтастығы;
әрбір оқыту сатысының даралығы.
12 жылдық білім беру жағдайьшда мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру деңгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау олардың психологиялық, педагогикалық, дене және физиологиялық талаптарьш ескере отырьш, бастауыш мектепке оқытуға дайыңдау сапасьшың басты жағдайы ретінде жүзеге асырылуы тиіс.
1-саты
Жалпы орта білім беру (1-4 сыныптар)
Оқуды бастау жасы — 6 жас
Оқыту үзақтығы — 4 жыл
1-сатыдағы негізгі бағдар — оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.
Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге, оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтерінің, жеке гигиенасы мен денсаулығын сақтау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.
2-саты
Жалпы орта білім беру (5-10 сыныптар)
Оқыту үзақтығы - 6 жыл
2-сатының негізгі бағдары негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне, зерттеу дағдысының қалыптасуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.
Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.
Бұл сатының ерекшелігі оқушының үшініші сатыдағы бейіналды дайындықтың мектеп қызметінің оқушының болашақ бағдарын саналы таңдауына дайындығына игі ықпал ететін педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық жүйесі ретінде жүргізілуі болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |