«Педагогикалық-психологилық зерттеудің теориялық негіздері. Психологиялық-педагогикалық факт, психологиялық-педагогикалық теория, психологиялық-педагогикалық заңдылық ғылыми білімнің формалары ретінде»
Психологиялық ілімдер ерте заманнан бастау алады. Ежелгі дүние елдерінде жан туралы ілім Үндістан, Қытай, Мысыр, Вавилон, Грек елдерінде тіршілік пен өмір, жан мен тəн, оқыту мен тəрбие жəне т.б. негізгі мəселелер ретінде күн тəртібіне қойылып келген. Жан мəселесіне қазақ халқы да ерекше мəн берген. Мəселен, жанға байланысты ой-пікірлер, мақал-мəтелдер мен нақыл сөздер, эпостар мен жырлардың халық психолгиясы үшін маңызы зор болған. Олардың мазмұнынан халқымыз жанның заттық қасиеті жоқ болғандықтан, оны танып білу шектеулі екендігін де жақсы аңғарған. Қазіргі психология ғылымында жанды көбіне психика ұғымының баламасы ретінде қарастырады. Сол дəуірде Френсис Гальтон Англияда биологиялық тестілеудің негізін қалаушылардың бірі болды. Ол тұқымқуалаушылық арқылы берілетін биологиялық қасиеттерді зерттеу арқылы диагностикаға ғылыми қызығушылық туғызғанын атап көрсетуге болады. Тұқымқуалаушылықты зерттеу барысында Гальтон бірге туған адамдар мен қандас емес адамдарды өлшеу қажеттілігін зерттеп, адамның ата тегі мен егіздік арасындағы нақты ұқсастық деңгейін анықтады. Сонымен бірге, осы мақсатта зерттеулер жүргізген Гальтон 1884 жылы бүкілəлемдік көрмеде антропометрикалық лаборатория ұйымдастырды. Онда адамдар өздерінің физикалық мінездемесіне сəйкес көру немесе есту тереңдігін зерттеуге арналған тестік тексеруден өтті. Мұндай тестік зерттеулер алғаш рет тұлғаның дамуын жəне ақыл-ой деңгейін анықтауда да қолданылды. Англияда алғаш рет арнайы психометриялық мекемелерде адам қабілетінің статистикалық мəліметтерін жинақтауға бағытталған корреляция əдісін қолдану ұсынылды. Гальтон зерттеулер барысында дисперсиялық талдауды ұсынса, ал Спирмен факторлық талдауды ұсынды. Сонымен қатар, Г. Айзенк, Г. Кэттел тұлға қасиеттерінің психодиагностикасын анықтау үшін факторлық талдаудықолданды.
Қорыта айтқанда, ғасырлар бойына қалыптасқан жеке адамды зерттеу тəсілдері қазіргі кезеңде олардың құндылығын арттыра түсетін психодиагностикалық зерттеулер мазмұнын толықтыра түсері сөзсіз. Психодиагностикалық əдістемелер жеке адамды зерттеп, даму бағыттарын көрсетумен қатар, психолог қызметінің кəсіби, əдеп жəне моральдық қалыптарына бағыт берді. Олай болса, психодиагностиканың ғылыми-қолданбалы мақсаты тұлғаның жас ерекшелігіне байланысты психикалық даму динамикасын, мінез-құлық ауытқуларын, қабілеті мен қоршаған ортаға бейімделуін зерттеу. Осы мақсатқа қол жеткізуде төмендегідей міндеттерді шешуді көздейді:
1. Жеке адамның қасиеттерінің даму динамикасын нақты уақыт өлшемдеріне байланысты анықтау.
2. Жеке адамның, топтың психологиялық іс-əрекетіндегі нақты өзгерістерді көрсету.
3. Жеке адамның психологиялық даму жəне қалыптасу жағдайларын ұйымдастыру.
Ал практикалық психодиагностика төмендегідей міндеттерді көздейді: - мінез-құлық ерекшеліктері мен психологиялық қасиеттерді анықтау; - психологиялық ерекшеліктердің сандық жəне сапалық көрсеткіштерін анықтау; - топта тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасау.
Психодиагностикалық əдіс түрлерін дұрыс пайдалана білу үшін жеке адамның психикалық ерекшеліктерін, психоаналитиканың теориялық негіздерін толық меңгеру қажет, сол жағдайда ғана жеке психикалық ерекшеліктерді бағалау немесе өлшеу барысында нақты өлшемдерге қол жеткізуге болады. С. Л. Рубинштейн психодиагностикалық зерттеуді ұйымдастыруда зерттеудің негізгі екі базасын атап көрсеткен. Бұл бақылау (өзін-өзі бақылау жəне обьективті бақылау, өздігінен тура жəне жанама бақылау) жəне эксперимент. Одан соң əдістерді төмендегідей жіктейді:
- іс-əрекетті орындау барысындағы психикалық ерекшеліктерді зерттеу əдісі;
- сұхбат алу əдісі;
- анкета əдісі;
- тест əдісі;
- генетикалық əдіс.
Б. Г. Ананьев жіктеулері бойынша психологиялық зерттеулер төрт топқа бөлінеді:
1. Ұйымдастыру, лангитюдті салыстыру жəне жинақтау əдісі.
2. Топтық мəліметтерді жинақтаудың эмпирикалық тəсілдері; бақылау жəне өзін-өзі бақылау, лабораториялық эксперимент жəне психодиагностикалық əдіс (тест, анкета, сауалнама, сұхбатттасу):
а) тапсырманы орындау барысында іс-əрекетті бағалау жəне оған сапалық талдау жасау;
ə) жобалау (математикалық, кибернетикалық);
б) биографиялық əдіс ( адамның өмір жолын зерттеу, құжаттық талдау).
3. Эксперимент жəне бақылау нəтижелерін талдау, мəліметтерді статистикалық өңдеу жəне сапалық сипаттама беру.
4. Талдау əдісі:
а) Генетикалық (жалпы даму ерекшеліктерін көрсететін материалдарды талдау);
ə) Құрылымдық ( жеке адаммен топты жəне өзгеде тұлғалар мен байланысты сипаттау).
Сонымен қатар, психодиагностика əдістерді əдіснамалық бағытын өлшеу технологиясына қарай топтастырады. С. Г. Болтыгин диагностиканы зерттеу тəсілдері ретінде «дедуктивті» жəне «индуктивті» əдістер деп бөледі.
Ал, Розенцвейг психодиагностикалық əдістерді үш түрге бөліп қарастырды.
Бірінші түрі: субьективті əдіс – субьектінің өзін-өзі обьект ретінде бақылауы.
Екінші түрі: обьективті əдіс – жеке адамды сырттай бақылау арқылы ішкі құрылымдық байқау.
Үшінші түрі: жобалау əдісі – жеке адамға кері əсерін тигізбейтін стимулдарға зерттелінушілердің əсерін талдау. Мəскеу университетінде 1987 жылы жалпы психодиагностика авторлары технология бағыттарын негізге ала отырып, келесі топтаманы ұсынды.
Бірінші топтамаға дұрыс жауапты қажет ететін тапсырмалар жатқызылады:
1. ақыл-ой дамуы жəне арнайы қабілеттер тесті, жеке адам ерекшеліктерін анықтауға арналған тесттер;
2. дұрыс жауабы жоқ, бірақ белгілі бір бағытты көздейтін тесттер.
Екінші топ тестері вербальды жəне вербальсыз психодиагностикалық əдістерден құралған.
Үшінші топқа өлшеу қағидаларына негізделген психодиагностикалық əдістер жатады:
1. Обьективті теттер диагностикалық міндетті дұрыс шешуді талап етеді.
2. Стандартты өзіндік есеп беру тесттері.
3. Проективті техникалар.
4. Пікірлесу (интерактивті техникалар).
5. Психофизиологиялық жəне ақпаратты талдау əдістері.
Психодиагностика əдістерінің топтамасы қолданылу бағытына қарай төмендегідей топтастырылады:
1. Объективті əдістер.
2. Субъективті əдістер.
3. Жобалау əдістері. Іс-əрекеттерді орындау тəсілдері мен нəтижелеріне қарай:
1. Жеке тұлғаны зерттеу тестері.
2. Іс-əрекетті зерттеу тестер
3. Ситуациялық тестер
4. Ақыл-ойды зерттеу тестері
5. Қабілетті зерттеу тестері
6. Жетістікке жетуді зерттеу тестері.
7. Бағыт-бағдарды зерттеу тестері
Зерттелушінің өзі туралы берген мəліметіне негізделген өлшемдер:
1. Тұлғалық жəне арнайы сауалнамалар.
2. Сауалнамаларлар.
3. Өзекті жəне өткен мəселелер жөнінде сұхбат алу.
4. Биографиялық əдіс.
5. Белгілі бір жағдайларға байланысты жеке тəртібін баяндау.
Психологтың алдына қойған мақсатына сəйкес орындалатын психодиагностикалық міндеттерді шешуде қолданылатын əдістемелер объективті, субъективті жəне проективті əдістер жүйесінде жинақталса, оңтайлы шешімін береді.
Достарыңызбен бөлісу: |