Педагогикалық үдеріс - біртұтас жүйелі құбылыс
Мақсаты біртұтас тұлға қалыптасуын қамсыздандыру болған педагогикалық үдеріс мәнін түсінудің арқасында педагогикалық үдерісті тұтастай құбылыс ретінде ұйымдастыру қажеттілігі жөнінде мәселе көтеріледі. Біртұтастық - бұл ұйымдасуы жоғары деңгейлі, күрделі ішкі құрылымға ие нысандардың бірігімді, жалпыланған сипаттамасы.
Біртұтастық- педагогикалық үдерістің бірігімді сапасы, оның дамуының ең жоғары деңгейін көрсетіп, үдеріске араласқан субъекттердің саналы іс-әрекетінің нәтижесін білдіреді.
Педагогикалық үдерістің мәнді қасиеті болған біртұтастық жүйе құрастырушы екі жағдайаттың іске асуынан пайда болады:
1) педагогикалық үдерісте тәрбие, оқу-үйретім, даму міндеттерінің теңдей, бірігімді шешілуі;
2) педагогикалық үдерісте барша негізгі де іргелі және дамып барушы іс-әрекет түрлерінің өзара ықпалды байланысқа келуі, яғни оқу-үйретім, еңбек, дене шынықтыру бірлігі.
Біртұтас педагогикалық үдеріске тән заңдылық: оны құрайтын элементтердің іштей бірлігі, олардың бір-біріне болған өзара үйлесімді ықпалы. Бұл тұрғыдан біртұтас педагогикалық үдеріс тәрбиеленушілер өмірін бағыттаушы және өзгеріске келтіруші педагогикалық мақсаттар, мазмұн, әдістер және формалардың ұйымдасқан жиынтығын білдіреді.
Мазмұндық тұрғыдан педагогикалық үдерістің біртұтастығы тәрбие мақсаты мен мазмұнында ескерілетін адамзат топтаған тәжірибе және оның өзара байланысты келген төрт элементінің:
білімдер, олармен бірге жүретін әрекеттерді орындау тәсілдері, ептіліктері мен дағдылары;
шығармашылық іс-әрекеттер тәжірибесі;
сапалық-құндылық тану тәжірибесі;
қоршаған ортаға еріктік қатынас жасай білу тәжірибесі - бірлікті көрінісімен сипатталады. Тәрбие мазмұнының аталған негізгі бөліктерінің іске асуынан педагогикалық үдерістің тәлім жинақтау, дамытушылық, және тәрбиелік қызмет мақсаттарының бірлігі орындалады. Ұйымдастыру тұрғысынан педагогикалық үдеріс төменде аталған салыстырмалы дербес үдерістік бірліктердің тұтастығы қамтамасыз етілген жағдайда ғана өз мәніне ие болады; тәрбие мазмұны мен материалдық қорын меңгеру және құрастыру үдерісі, яғни дидактикалық бейімге келтіру, мазмұн түзу, материал, құралдарын құрастыру, іс-әрекет жобаларын жасау бағыттарындағы педагог қызметі;
мақсатты игерілуі тиіс тәрбие мазмұнына орай педагог және тәрбиеленуші арасындағы іскерлік-әрекеттестік үдерістің орындалуы;
педагог пен тәрбиеленушінің жеке бастары деңгейінде бейресми қатынас әрекеттестік үдерісінің жүрісі;
тәрбиеленушінің өз бойында тәрбие мазмұнын педагогтың қатысынсыз (өзіндік білім меңгеру, өзіндік тәрбие) игеру үдерісіне деген ниеттің болуы.
Біртұтас құбылыс ретінде педагогикалық үдеріс жүйелілік тұрғысынан ұйымдастырылуы мүмкін, осыдан мұнда ең алдымен назарға алынатыны- педагогикалық жүйе. Тұлғаның тұтастай дамуына ықпалды нақты тәрбие мақсаты - төңірегінде ұжымдасқан сан алуан әрі көптеген өзара байланысты құрылым бірліктерінің басын қосқан педагогикалық жүйені құрау.
Біртұтас педагогикалық жүйе өз ішіне көп санды арнайы тәрбие міндеттерін көздеген қызметтік жүйешелерден түзіледі. Мұндай жүйешелер тізімінде еңбеккерлік, адамгершілік ұстаным, елжандылық сезім, эстетикалық талғам, ақыл-ес дамуы, т.с.с. бағдарлы мақсаты болған іс-әрекет түрлерін атауға болады.
Педагогикалық үдеріс жүйелілігі қажеттілік, бірізділік, бірігімділік, жалпы жүйе мен жекеленген жүйешелер әрекеттестігі принциптерінің іске қосылып, орындалуымен түзіледі. Осыған орай педагогикалық үдерістің жүйе құрастырушылық шарты жөнінде мәселе көтеріледі. Мазмұндық тарапынан педагогикалық үдерістің жүйе құрастырушылық себебі ретінде оның көп деңгейлі құбылыс болып ескерілетін мақсаты алғы шепке шығады. Әдетте, педагогикалық жүйе өз ұйымдасуында тәрбие мақсатын көздеп, әрі сол мақсаттың іске асуы үшін қызмет етеді. Ал нақты тәрбие мақсаттары тәрбиелік әрекеттестік түрлері немесе жүйешелер қызметі арқасында іске асады.
Сондықтан, нақты мазмұндық жүйе құрастырушы жағдаят ретінде тәрбиенің жетекші бағытын айыра қарастыру қажет. Гуманистік педагогика үшін мұндай тәрбие бағыттары арасында рухани-тұтастық, адамгершіліктәрбиесін ерекше атаған орынды. Тәрбиелік іс-әрекеттің қай түрі болмасын, ол рухани, ізгіліктілік тәрбиесі төңірегінде топталып, тұлғаға әсер етуші өзара әрекеттестік пен әрекеттік ықпалдарды бір арнаға түсіреді.
Жалпы жүйе аймағында іске асатын жүйешелер әрекеттестігі принципіне сай тәрбиенің әр жеке түрінде оның өзіне ғана тән тікелей міндеттері орындалып қоймастан, басқа тәрбие түрлеріне қатысты жанама міндеттері де атқарылып жатады. (еңбек тәрбиесіне байланысты міндетті орындай отырып, тәжірибелі педагог бір уақытта ақыл-ес тәрбиесін, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие талаптарын, т.с.с. орындайды).
Қызметтік жүйешелердегі арнайы іс-әрекет түрлерінің барша тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, тек ерекшелерін ғана емес, сондай-ақ жалпы педагогикалық міндеттерді де шешу арқылы педагог рухани-ізгіліктілік тәрбиесіне басымдылық берумен әрбір нақты тәрбие түрін біртұтас педагогикалық үдерістің маңызды құрамды бөлігі дәрежесіне көтереді.
Нақты педагогикалық жүйешелер мүмкіндіктерін, олардың өзара байланыстары мен әрекеттестігін толыққанды пайдаланудан біртіндеп тұтастай педагогикалық үдеріс қалыптаса бастайды. Тәрбиенің барша арнайы бағыттары осы үдерісте өздерінің жалпылық сипат алған мүмкіндіктерін толықтай ашады. Рухани құндылық тәрбиесі еңбек, азаматтық, ақыл-ес тәрбиелерімен тығыз қарым-қатынас, байланыс бірігіміне келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |