ДҮниетану сабағында оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық Қызығушылығын арттыру



Дата25.08.2017
өлшемі121,08 Kb.
#27188
ӘОЖ 373 (072)
ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
АҚЫНОВА Л.А., БУРХАН О.Б.
Мақалада дүниетану сабағын интербелсенді оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту және олардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдары, интербелсенді сабақтар түрлері қарастырылған. «Дүниетану» пәнін интербелсенді оқыту үдерісінде қолданылатын стратегиялар ұсынылған және оқушыларда қалыптасатын дағдылар көрсетілген.

Кілт сөздер: интер белсенді оқыту, дүниетану сабағы, пікірталастар, стратегиялар, дағдылар.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету.

Қазіргі таңда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, іздену – әр ұстаздың міндеті. Сондықтан ұстаздардың міндеті балалардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру, қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болуы.

Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – интербелсенді оқыту әдісі. Негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі қағидасы: білім беруді нәтижеге бағдарлау, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық» ашып, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әртүрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек[1].

Интербелсенді – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзінен шыққан. Ол оқыту процесінде оқушыларды бірігіп белгілі бір мәселені шешуге, белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініп, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл әдіс оқушыларды топ болып, бірігіп жұмыс жасауға, жұмыс жасай отырып, өзгелерге көмек көрсетуге үйретеді. Сонымен қатар бұл ұғым тәсіл ретінде төмендегідей талаптарға сай келеді.

- Ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегінен өткізеді.

- Оқушы өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады.

- Оқушының жеке тұлғасына тікелей әсер етіп, танымдық, шығармашылық қабілетін оятады.

- Топ оқушыларымен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық, топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді.

- Ойлауды белсендіреді.

- Ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді.

- Тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады.

Интербелсенді әдістерге жататындар:

- проблемалық шығарма әдістері;

- пікірталастар;

- топпен жұмыс;

- миға шабуыл әдісі;

- инсерт әдісі;

- викториналар;

- шағын зерттеулер;

- іскерлік ойындар;

- сауалнамалар жүргізу әдісі;

- кейс-стадий әдісі;

- презентациялар; т.б [2].

«Дүниетану» пәні оқушыларға қоршаған ортаны, түрлі қоғамдық және табиғи үдерістер мен құбылыстарды толық, өзара байланыста танып-білуге мүмкіндік береді. Олардың қызығушылығын оятып: Біз кімбіз? Қайдан келдік? Қайда тұрып жатырмыз? Бізді не қоршап жатыр? Біздің өткеніміз бен келешегіміз қандай? деген сұрақтар аясында ойлануына мүмкіндік береді.

Баланың қоршаған өмірге қызығуы болса, ол өзін қызықтыратын құбылысты бақылауын күшейтеді, өзінше оны ойлап байқайды, осыған байланысты өзінше шешім шығаруға тырысады. Осындай іс-әрекет барысында қызығу өз-өзінен дамиды және баланың ақыл-ойы дамуына әсер етеді.

Қызығудың тағы бір ерекшілігі, оның әсерінен іс-әрекет сипаты тез өзгереді. Қызығу бар кезде іс-әрекеттің жақсы нәтижесі ғана қамтамасыз етіліп қоймай, оның сипаты тұтастай өзгереді: белсенді, дербес жан-жақты, шығармашыл, тереңдетілген және т.б.

Алда тұрған негізгі міндет – бала үшін қызықсызды қызықтыға айналдыру. Осылай жасағанда ғана оны өзі-ақ орындайтын болады. Бұл жағдайда оған қиыншылықты жеңу оңай болады. Оны жеңу балаға қуаныш әкеледі, өз күшіне сенім ұялтады.

«Дүниетану» пәні арқылы оқушылар өзі, өз үйі мен отбасы туралы ой қозғаудан бастап, қоршаған ортаның, дүниенің сырларын да түсіне бастайды.

«Дүниетану» пәнін оқыту:


  • оқушыларда өзіндік, қоғамдық және ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырады;

  • оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгере отырып, тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;

  • оқушылар қазақстандық қоғам және өзін қоршаған әлеуметтік ортаның барлық деңгейі: өз үйі, отбасы, жергілікті және ұлттық қоғамдастық туралы білімді меңгереді;

  • оқушылар Қазақстан географиясының негіздерін, оның ландшафты және табиғи жағдайы туралы біледі;

  • Қазақстанның және бүкіл әлемнің өткен және бүгінгі күн оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;

  • өткен замандағы оқиғалардың қазіргі әлемнің қалыптасуына және бүгінгі таңдағы оқиғалардың болашақтың қалыптасуына қандай әсер тигізетіні туралы түсінеді;

  • адамның тіршілік әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы біліп, оның тұрақты болашақтың дамуына қажеттілігін түсінеді;

  • оқушыларда өз халқының және өзге халықтардың мәдениеті, дәстүрін сыйлай білу, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі қалыптасады, олар адамдардың құқықтары мен міндеттерін түсінеді;

  • қоғамдық тәртіп нормаларын біледі, оларды ұстану қажеттілігін түсінеді және әлеуметтік ортада қауіпсіздік тәртіп ережелерін сақтай білумен танысады;

  • адамгершілік қасиеттерді, толеранттылықты қалыптастырады;

«Дүниетану» пәнін оқыту арқылы тарих, география және қоғамтану ғылымдары бойынша оқушылардың алғашқы білімдері мен түсініктерін қалыптастыруға ықпал ететін ойлау дағдыларын дамытады. «Дүниетану» пәнінің мазмұны: отбасы, қоғам, қауымдастық, ұлт, мемлекет, қарым-қатынас, елді мекендер, климат, ландшафт, табиғи және техногендік апаттар, мәдениет, дін, денсаулық және т.б қоршаған ортаның негізгі аспектілерін қамтиды.

«Дүниетану» пәнінің мақсаты – оқушыларда адамды қоршаған әлеуметтік, мәдени және нақты орта туралы білім жүйесін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар мен әлеуметтік тәжірибе туралы түсінігін, қоршаған ортада тиімді қарым-қатынас ережелерін қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

«Дүниетану» пәні оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға, отбасында, жергілікті, аймақтық, ұлттық, жаһандық ауқымда алатын өзіндік орнын түсінуге мүмкіндік береді.

«Дүниетану» пәні қоршаған ортада болып жатқан тарихи, географиялық және әлеуметтік үдерістерді түсінуге мүмкіндік беретін нақты білім мазмұнын игеруге бағытталған. Тарих бағдарламаның уақыттық шегін белгілейді – уақытты сезіну, география – кеңістікті тани білу, өзінің орнын сезіну, ал қоғамтану - қоғамдық ортаны сезінуге ықпалдасады.

«Дүниетану» пәні оқушылардың тану, зерттеу, дәлелдемелерді қарау және мәселелерді шешу арқылы пайда болатын сыни тұрғыдан ойлай білу дағдыларын дамытады, сонымен қатар жеке және топпен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына бағытталған.

«Дүниетану» пәнін интербелсенді оқыту арқылы оқушылардың төмендегідей дағдыларын дамытуға болады:



  • сұрақ қою, оған жауап таба білу; зерттеу жүргізе отырып тарихи, географиялық және әлеуметтік сұрақтарға жауап бере білуді;

  • тарихи, географиялық және әлеуметтік ғылымдардың әдістеріне және басқа қолжетімді ресурстарға сүйене отырып, зерттеулерге қатысу, сұрақтарға жауап беру, эксперименттер жүргізуді;

  • жекелеген үдерістерді талдау және оқиғалардың хронологиялық реттілігін түсіну, тарихи, географиялық және әлеуметтік ғылымдардың деректерін қолдана алу;

  • пікірсайысқа қатысу, дауласу, мәлімдеу, әңгіме құру, таныстырулар жүргізу арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту;

  • интернет, сандық ақпараттық құралдарды және коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалана отырып ақпараттарды іздеу, оны таңдау, қолдану, салыстыру, талдау, жүйелеу, түсіндіру және өңдеуді;

  • алынған ақпаратты ұсыну және талқылауды;

  • алған білімдерін ой-пікірлер, болжаулар, теорияларды тексеруде қолдана отырып, қорытындылар мен алынған мәліметтерді дәлелдеу;

«Дүниетану» пәнін меңгеру барысында оқушылардың дүниетанымын арттыру мақсатында, ой-пікірлерімен алмасу, оларды дамыту, сонымен қатар тиімді жұмыс атқару үшін оқушылар өзара бірлесе отырып жұмыс істейді[3].

Оқушылар үйренеді:



  • қоғамдағы негізгі тәртіп ережелерін сақтауды;

  • сыныпта, мектепте және қоғамдық орындарда сыпайылықты, көңіл бөлуді, сыйлай білуді, әдеп сақтауды;

  • жұпта және топта бірлесіп жұмыс істеуді, ұжымда тиімді қарым-қатынас орнатуды;

  • сезімі және эмоциясының басқа адамдарға әсерін түсіне отырып өзін өзі дамытуды;

  • әлеуметтік ортада өз көзқарасын білдіру, тыңдау, талқылау, диалогтар мен дебаттарға қатысу дағдыларын дамытуды (сөйлеу дағдыларын).

Заман талабына сай мектептер оқу үдерісінде білім алуды қалай үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, талдау жасай алатын оқушы тәрбиелейтін қағиданы ұстануы керек.

Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі педагогикалық ұстанымдар арқылы қалыптастыра алады және дамытады. Олардың ішіне мыналар кіреді:



  • оқушылар және оқушы мен мұғалім арасында сенім қалыптастыру;

  • оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен түсініктерін қолданудың маңыздылығын түсіну;

  • оқушыларды мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлерінің көмегімен ынталандыру және дамыта оқыту;

  • модельдеу және таныстыру стратегияларының проблемаларын оқушыларға түсінікті жолмен шешу;

  • оқытуды оқушылардың білімдерін бағалау арқылы қолдау;

  • оқушылардың зерттеу әдіс-тәсілдеріне негізделген белсенді оқуын марапаттау;

  • оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту;

  • бүкіл сынып қызметін, жеке және бірлескен жұмыс істеуді үйлестіріп қолдану;

  • жеке және топтық іс-әрекет арқылы барлық сынып оқушыларының жұмысын ұйымдастыру.

«Дүниетану» пәнін интербелсенді оқыту үдерісінде төмендегідей стратегияларды қолдану ұсынылады:

  • оқушылардың қызығушылығын тудыратын, өзара қарым-қатынас дағдыларының қалыптасуына негізделетін, дәлелдеу, өзіндік пікір, оқу және зерттеу нәтижесінде шешілетін проблемалық сұрақтар арқылы мотивациясын дамыту;

  • оқушының жеке қабілеті және қызығушылығын есепке ала отырып сараланған тапсырмаларды пайдалану;

  • нақты тақырып бойынша миға шабуыл ұйымдастыру (проблеманы анықтайды, жеке пікірін ұсынады, пікірді сыныпта талдап, талқылап, шешімнің дұрыс нұсқасын қабылдайды); сахналық қойылымдар, рөлдік ойындар арқылы белсенді оқыту;

  • оқушылардың білімін, түсінігін дамыту және пайдалану үшін ақпараттық құралдарды (бейне және т.б. көру) қолдану; сабақ үстінде барлық оқушылардың белсенді қатысуы талап етілетін проблемалық сұрақтар мен мәселелерді талқылау және пікірталастыру;

  • берілген критерийлерге сәйкес оқушылардың оқу процесіне қатысуын, өзара және өзін өзі бағалауын қолдану;

  • пәндік-тақырыптық сұрақтарды, тарихи оқиғаларды немесе тұлғаларды зерттеу үшін жеке және топтық жұмыстар ұйымдастыру[4].

Жалпы дүниетану сабағында қолданылып жүрген рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, пікір талас, оқушылардың баяндамалары, мен ақпараттық хабарлары, дәріс-диалог, тренинг,

дөңгелек үстелдер, ұжымдық-танымдық оқу, имитация әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту әдісінің интерактивті әдіс-белгілері болып табылады. Сабақ барысында қолданылған төмендегі әдіс-тәсілдерге көңіл аударайық[5].

Бастауыш сынып оқушыларына дүниетану сабағында проблемалық негізделген оқыту әдістерін де қолдану тиімді. Проблемалық сабақ – бұл сабақ түрі оқушылардың шығармашылық жеке дамуына қалыпты ықпал етеді. Сабақта бір немесе бірнеше проблемалық жағдай туғызып, оны шешу арқылы оқушының өз-өзіне деген сенімі артып, шығармашылық тұрғыдан дамиды.

Бастауыш сынып оқушыларының ойлау әрекеттерін белсендіруде бірнеше баланың сұраққа жауабын тыңдап: «Сен неге олай ойлайсың?» деген сұрақ арқылы талқылауға болады.

Жалпы тарауларды қайталау сабақтарында викториналарды қолданудың әсері-эффектісі зор. Викториналық сұрақтар жауаптарын іздеу қосымша әдебиеттерге сүйенуді қажет ететіндей болуы керек. Әрбір викторина балалардың дүниетанудан білім көлемін арттырады, туған өлкелері жөнінде танымы артады.

Мысалы: 1-сынып «Айналадағы дүние» тарауы

Тақырыбы: Айнала дүниедегі денелер мен құбылыстар, күндіз, түн.

1. Табиғаттағы тірі денелерге не жатады? – өсімдік, жануар және адам

2. Бір жерде бекініп тіршілік ететін тірі денелер? – өсімдіктер

3. Қыста болатын табиғат құбылыстарын атаңдар? – қар жауады, аяз

4. Көктемде болатын табиғат құбылыстары қандай? – жаңбыр, қардың еруі [6].

Интерактивті әдіс бойынша сабақ барысында оқушылар көп сөйлеп, оқытушылар аз сөйлеуге тиісті болады, бірақ бұдан оқытушының рөлі бәсеңдейді деп санауға болмайды. Оқытудың басқа әдістеріне қарағанда, интерактивтік әдіс оқытушының жоғары белсенділік танытуын талап ететін әдіс. Сабақ кезінде оқытушының көбінесе тыңдаушы рөлін атқаруы оның процестен шет қалуы болып саналмайды. Сабақтың жоспары оқушылар өзара талқылау барысында нені ұғынуы керектігін көрсетеді, яғни, оқытушы оқушылардың іс-әрекетін алға қойған мақсатқа жетуге бағыттайтын басқарушының міндетін атқарады[7].

Қорыта айтқанда, интерактивті тәсілдің ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған тапсырмаларды орындау оқушыларға дүниетану пәнінен алған білімдерін өмірде қолдану нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді және осы жағдай олардың қоршаған ортаны танып білуге деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар, оқушылар әрекетін белсендіру, оқу материалдарын, оқыту тәсілдері мен әдістерін жетілдіру сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді іске асырады.
ӘДЕБИЕТТЕР

1. Н.А.Волгина. Организация, формы и методы проведения учебных занятий и самостоятельной работы: требования, условия, механизмы:Учебно методическое пособие / Под ред. Н.А.Волгина.Ю.Г.Одегова. –М.:Изд-Рос.экон.акад., 2004–136с

2. Рысбаева А.Қ. Білім алушылардың оқу-танымдық іс –әрекеті табыстылығын интерактивті оқыту арқылы қалыптастыру: Оқу-әдістемелік құрал./ Рысбаева А.Қ., Құлмышева Н.А., Исмайлова А.Т.,ТұңғатоваН.Ә. –Алматы,2010– 221б

3. «Дүниетану» пәнін оқу бағдарламасы (12 жылдық білім беру мазмұнының жаңарту аясында) Астана 2014–22б

4. Абдуллина Г. Интерактивті оқыту таным белсенділігінің қазіргі бағыты./ Абдуллина Г // Ұлт тағылымы –2009–№2–36-39б.

5. Әбдіғалиев Қ Осы заманғы педагогикалық технологиялар./ Әбдіғалиев Қ // Қазақстан мектебі. –2001– № 2–13-18б.

6. Әлімов А. Орта мектептің 2-сыныбында интербелсенді әдістемені қолдану. /Әлімов А.ҚосановБ. Базарбекова Р. –Алматы –2010 –147б

7. Бағиева Ш.М. Интерактивті әдістер – өмірлік дағдыны қалыптастырудың тетігі / Бағиева Ш.М //- Білім – 2007– №6 –57-60б



АКЫНОВА Л.А., БУРХАН О.Б. Повышение познавательных интересов учащихся на уроках познания мира посредством интерактивных методов обучения

В статье рассматриваются интерактивные методы, используемые при усвоении учебного предмета «Познание мира». Поскольку интерактивные методы позитивно влияют на развитие познавательных интересов учащихся и способствуют формированию личности, авторы предлагают стратегию организации усвоения учебного предмета «Познание мира» на основе интерактивных подходов.

Ключевые слова: интерактивное обучение, уроки познания мира, дискуссии, стратегии, навыки.
AKYNOVA L.A., BURHAN O.B. USING INTERACTIVE LEARNING METHODSTO IMPROVE THE WORLDKNOWLEDGE LESSON INFORMATIVE INTEREST OF PUPILS

The article deals with an interactive method of teaching in the classroom, «Knowledge of the world» by means of which the personality is formed increases cognitive interest uchaschegeosya. During interactive learning, «Knowledge of the world» The proposed strategy and shaping skills.

Keywords: interactive learning, lesson of knowing the world, discussion, strategy skills.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет