12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ДИАЛОГТЫҚ ОҚЫТУ
Жакупова Ажар Ерболатовна
№19 жалпы орта білім беру мектебі
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселенің бірі екендігі баршаға мәлім.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Қазақстан халқына арналған жолдауында: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, кллі әлімге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», - деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдыретті кш-білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларғы бірдей талап қойып, олардыңтабиға қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін айқындап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Қазіргі кезде Еуропа кеңесінің (1992) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне дүниежүзінің 138-ге жуық мемлекеттері енген. Олардың ішіне дамыған елдерден АҚШ, Жапония, Германия, Франция және тағы басқа елдер кіреді. ТМД елдерінен 12 жылдық орта білім беру мерзімін Өзбекстан, Латвия, Литва, Эстония, Украина, Молдова таңдады. Қазақстан 12 жылдық білім кеңістігіне енді ғана еніп жатыр. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 107 мектебінде 12 жылдық білім беру үдерісі эксперимент түрінде жүргізілуде.
Сонымен қатар 12 жылдық білім беруге көшу төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөледу:
жаңа білім технологияларының енгізілуі;
оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі;
терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;
оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі;
өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы құндылықтарға қажет жағдайда түзету енгізу және жаңадан жасау;
білім ұйымдарының оқушының әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.
Демек, 12 жылдық білім берудің мақсаты қоғамның мүддесіне өзін өзі белсенді етуге дайын, жаңа өмір сруге бейім, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Бұл жүйенің басты мақсаты – жүйені ашық, заман талабына сай негізде дамыту. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби шеберлік.
Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жеке тұлға қалыптастыру. Ол үшін қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын терең меңгеру керек.
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәні бойынша 12 жылдық білім беруде нені оқыту керек екені оқулықтарда,бағдарламаларда айқын берілген. Ал сол берілген білім мазмұнының негізін оқыту және оны қалай оқыту керек екендігін мұғалімнің өзі анықтауы тиіс. Яғни оқу материалдарын сұрыптау, оларды сыныптағы оқушылардың дайындық деңгейіне қарай бейімдеу және меңгеру технологиясын таңдау – мұғалімге жүктелетін іс.
Белгілі ғалымдар «Қазақ тілін оқыту методикасы» атты еңбектерінде Д.Әлімжанов пен Ы.Маманов оқыту әдістерінің 6 түрін көрсетеді: байқау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау, ал С.Рахметова оқыту әдістерін негізінен 3 топқа бөлген.
балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері;
оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері;
оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері;
Бұлардың әрқайсысына бірнеше жекелеген әдіс енеді. Мысалы, 1-ші топқа – сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер (олар қабылдау мен есте сақтауға негізделеді);
-индуктивтік, дедуктивтік әдістер (логикалық ойлауға негізделеді), өздігінен орындау, мұғалімнің басшылығымен орындау әдістері (қиялға, ерікке негізделеді). Ал 2-ші топқа балалардың қызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістері; 3-ші топқа ауызша тексеру, жазуша тексеру, лабороториялық-практикалық тексеру және өзін-өзі тексеру әдістері енеді. Қазақ тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, таңдап қолданады. Тіл дамыту әдістерін тілдің әр саласына тоқтала отырып қарастырғанды жөн көрдік. Төрт жылдық бастауыш мектеп бағдарламасында: «Бағдарламаның мақсаты – бастауыш сынып шәкірттеріне әр пән бойынша меңгеруге тиісті білім мөлшерін саналы түрде игертіп, оқушылардың іс-әрекетке икемділігін арттыру болып табылады».
Бұл жерде іс жүзінде мұғалім де, оқушылар да тап болатын үлкен қиындық бар. Ол оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу деңгейінен туындайды. Қазақ тілі пәнін оқу барысында оқушылар тұрмыстық ортада және қарапайым әлеуметтік мәдени сипаттағы мәтіндер деңгейінде сөйлеуге үйренеді.Қазақ тілі сабағында қарым-қатынастық сөйлеуге бағытталған оқушы осы кезеңде енді одан жоғары әдеби нормада оқуға міндетті. Қазақ тілінде сөйлеуге үйрету техникасы мұғалім таңдаған технологияда жетекші орын алатын болады. Осы орайда көптеген технологиялардың элементтерін оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай лайықтап қолданумен бірге деңгейлік оқыту технологиясына баса мән беріледі. Өйткені, ол әр баланың жеке мүмкіндігіне негізделеді, оқытудың жеке тұлғаны дамытуға бағытталуына аса қолайлы. Ол халықаралық білім стандартының шарттарымен де үндес. Олар:
Оқушылардың дайындық деңгейін бақылай алу.
Оқу материалдарын сұрыптап ұсына алу.
Оқу әрекетін ұйымдастыра алу.
Сабақты жағымды эмоция сөздермен қанықтыра алу.
Мақсаттың нәтижемен біртұтастығы.
Диалогтық қарым-қатынаста оқу материалдары диалогқа тсудің әрі құралы, әрі нысаны ретінде қолданып оқыту коммуникативтік технология сипатына ие болады.
Диалогтық қарым-қатынас - мәтіндік жағдаяттарды бірлесіп талқылау, көздеген мақсатқа бірлесіп бағыт алу. Мұнда сұхбатқа қатысушылар өздерінің жеке белсенділігі бойынша емес, сол белсенділігінің қарым-қатынас нысанына, яғни оқу материалдарын меңгеруге бағытталуымен бағаланады.
Сонымен диалогтық қарым-қатынасты мұғалім мынадай әрекеттер арқылы құрады:
1.Оқу материалдарының негізгілерін сұрыптап екшейді.
2.Оқу материалдарын оқушылар меңгеруі үшін 3 деңгейге бөліп, дайындап ұсынады: қарапайым, орта ,крделі.
3.Оқушылардың пәнге қызығушылығын шығармашылыққа қабілеттілігін дамыту мақсатында шығармашылық сипаттағы материалдар дайындайды.
4.Барлық оқушыларды оқу мәтінін диалогтық қарым-қатынас арқылы, яғни сөйлеу жолымен меңгеруге қатыстырады.
Диалогтық қарым-қатынас ұстанымдарын қолдану қазақ тілі пәні шін тиімді. Мысалы, бұл сатыда оқу материалын, оның көркемдік- мазмұндық компоненттерін меңгеру оқушылардың диалогқа түсу арқылы жүзеге асады. Ол «кез келген коммуникативтік үрдіске іс-әрекет, қарым-қатынас, таным үшеуі бірге кіреді» дейтін Т.М.Андреева тұжырымымен сәйкес келеді. Мұнда оқушы дискурсивтік сөйлеу әрекетіне берілген тілдік бірліктердің үлгілерін пайдалана отырып, өз пікірлерін айту, мәтін құра білу, хабарлау, баяндау, суреттеу, диалог, монолог түседі, ойлауға үйренеді, сөздің түрлі қолданыстарын пайымдайды, оларды өзара салыстырып, байланыстары мен өзгешеліктерін анықтайды, түсіндіреді, өз ойын айта алуға дағдыланады, ақыл-ойы мен шығармашылық, креативтілік қабілеттері дамиды, оқу мақсатына жетуге бағдар ұстауға үйренеді.
Ендігі бір маңызды ұстаным – оқу модулін меңгеруге оң көңіл-күй тудыру, оны сабақ бойында сақтау.
- Оқушы ұсынылған әрекетті іштей қабылдауы тиіс.
- Оқушы әрекеті диалогтық қарым-қатынас арқылы ұйымдастырылса, онда оған қатысушылардың қызығушылығына, ниеттеріне, ой-сезімдеріне белгілі бір ықпал жасады.
- Демократиялық ахуал жағдайында қабілеттерді дамытуға жеңілірек қол жетеді.
Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.
Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Сабақ ьарысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады. Оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін-бірін тексеру жатады. Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа бәләм алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.
Жоғары технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан қазіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеду.
Сабақ беруге және оқытуға барынша мақсатқа сай және креативті амалдарды дамытуда орталық аспект мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастардың түсінікті болуы керек. Егер оқытуға белсенділік пен өзара әрекет кіретін болса, ол тиімдірек бола алады.
Оқуды белсендіруге және диалог түрінде оқытуды белсендіруге ықпал ететін кез келген тәсілді қолдау мектептің басынан бастап құқықтар тең бөлінген орын екенін білдіретін фактіні растайды; сабақ беру мен оқыту талқылау үдеріснде жзеге асырылуға және ынтымақтастық қолдануға тиіс, сондықтан мұғалімдер оқушыларғы өз бетінше орындау құқығын беретін, сыныпта аса демократиялық атмосферасын қалыптастыратын тәсілмен оқыту үдерісін көңіл бөле ұйымдастыруы керек. Бағдарламаға сай, сабақ барысында «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер»-ді қолдануды «диалогтық оқыту» тәсілін басшылыққа алдым. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Қазақстан халқына арналған жолдауы. 2012 ж.
2) ҚР Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы»
3) Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері: пед.ғыл.докторы ғылыми атағын алу үшін дайындалған дисс. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 1996.-421 б.
4) Нұрғали С. Жоғары оқу орындарында қазақ тілі үстеулерін ғылыми әрекеті арқылы оқыту әдістемесі (заң факультеті орыс бөлімінің жалғастырушы топтары үшін): пед.ғыл.канд.автореф.: 30.10.03.- Алматы: Абай ат.АлМУ, 2003, -27б.
Достарыңызбен бөлісу: |