12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері



бет4/5
Дата10.06.2017
өлшемі2,13 Mb.
#18720
1   2   3   4   5
2-сурет. Білім беру парадигмасының өзгеруі
Пәндік және түйінді құзіреттіліктердің дамуы білім алушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, алған білімін кез-келген оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалануына, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруға дайындауға мүмкіндік береді. Түйінді және пәндік құзыреттіліктің білім берудің нәтижесі ретінде нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыты анықталған болуы қажет. Білім мазмұны мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға және түйінді, пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге бағдарланады.

Пәндік құзыреттіліктер пән бойынша оқушылардың білімі, біліктігі мен дағыдысының деңгейімен анықталады, яғни жекелеген пәндік салалар шеңберінде пәндік құзыреттілік: оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім, іскерлік, дағды ерекшеленеді.

Түйінді құзіреттіліктер оқушының адамгершілік және этикалық нормаларға қарсы келмейтін жетістікті шешім қабылдау үшін танымдық және практикалық біліктері мен дағдыларын кіріктіруге дайындығын байқататын білім салалары аралығындағы қабілеттер болып табылады [26, 27]. Түйінді құзыреттіліктер адамның адамгершілік құндылықтары мен ынталарын қалыптастыруға, сондай-ақ әлеуметтік және мінез-құлықтық әрекеттерінің дамуына, алғы шарт болады; әрбір білім салалары бойынша күтілетін нәтижелерді анықтауға қызмет етеді [28].



Түйінді құзыреттіліктер барлық білім беру салаларының күтілетін нәтижелерінде көрініс табады және ол мынадай негізгі түрлерге бөлінеді [4]:

  • тұлғалық құзыреттіліктер (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті);

  • әлеуметтік құзыреттіліктер (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті);

  • азаматтық құзыреттіліктер (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті);

  • ақпараттық құзыреттіліктер (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі);

  • басқарушылық құзыреттіліктері (проблеманы шешу қабілеті);

  • коммуникативтік құзыреттіліктер (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті);

  • технологиялық құзыреттіліктер (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті).

12 жылдық жалпы орта білім беру деңгейінде тұлғалық құзыреттіліктің қалыптасу нәтижелері:

  • өзінің әрекеттері мен істері үшін мақсатты және мағыналы бекітімдерді таңдай білуі;

  • өзін-өзі тануға, қазіргі заманғы адамға қажетті тұлғалық сапаларды дамытуға қабілеттілігі;

  • психологиялық сауаттылығы;

  • ойлау мәдениетін меңгеруі;

  • қоғамдағы өзінің рөлі мен орнын түсіне білу қабілеттілігі;

  • пайда болған жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттілігі;

  • салауатты өмір салтын жүргізуі және үгіттеуі;

  • өзінің қауіпсіздігін сақтай білу ережелерін білуі;

  • өзінің жеке құндылық сезімін және өз елінің азаматының құндылық сезімін көрсете білуі;

  • өздігінен білім алу, өзін-өзі іске асыру, жасампаз еңбектену қабілетінің болуы;

  • физикалық, рухани және интеллектуалды өзін-өзі дамыту қабілетінің болуы;

  • эмоционалды өзін-өзі басқару және өзін-өзі қолдау қабілеттілігі.

12 жылдық жалпы орта білім беру деңгейінде азаматтық құзыреттіліктің қалыптасу нәтижелері:

  • қоршаған әлемді дұрыс қабылдай білуі, жоғары этикалық құндылықтар, азаматтық және патриоттық негізінде қоғамның саналы өмірінде өз орнын таба білуі;

  • азаматтық-қоғамдық іс-әрекеттер аймағында білім мен тәжірибелерді меңгеруі;

  • өзінің әрекеттері мен істері үшін мақсатты және мағыналы бекітімдерді таңдай білуі;

  • Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздерге, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуі, заңдарды және құқықтық тәртіптерді сақтауы;

  • белсенді азаматтық бағытты, жоғары патриоттық сезімді, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайындығын көрсете білуі;

  • болып жатқан әлеуметтік оқиғаларға баға бере білуі, мемлекеттің мүддесін қорғау тұрғысында әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдай білуі;

  • саяси жүйені түсіне білуі және бағалай білуі.

12 жылдық жалпы орта білім беру деңгейінде әлеуметтік құзыреттіліктің қалыптасу нәтижелері:

  • қоғамдық қызметтер, әлеуметтік-еңбектену саласы, отбасылық қатынастар аймақтарында, экономика және құқық мәселелер мен кәсіби өзін-өзі анықтауда білім мен тәжірибені меңгеруі;

  • қоршаған әлемдегі стандартты емес мәселелерді шешу барысында әлеуметтік білімді қолдана білу қабілеттілігі;

  • жалпыадамдық мәдени жетістіктері, ұлттық ерекшеліктері, этномәдениеттік құбылыстар мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмір салттары негізінде танып білу мен іс-әрекет тәжірибесін иеленуі;

  • қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауы;

  • мемлекеттік тілді сөйлесу құралы ретінде пайдалануға оң көзқарастың болуы, оны танып білу, мәдени және әлеуметтік әрекеттесу аймағында пайдалана білуі;

  • танып білу, өзін-өзі дамыту, мәдени алмасу, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктері туралы ақпараттарды алу құралы ретінде орыс, ағылшын және басқадай шетел тілдерін меңгеруі;

  • қоршаған ортаны, туған өлкесін, өзінің елін қорғау тұрғысында белсенділік көрсетуі;

  • адамдармен сөйлесуде жоғары мәдениеттілікті, этикалық нормаларды сақтауды көрсете білуі;

  • отбасында өзін ұстау этикасын білуі, өзінен жасы үлкен адамдарды сыйлауы және өзінен кішілерге қамқорлық көрсетуі, отбасы мүшелеріне және қоршаған адамдарға жақсылық пен қайырымдылық көрсетуі;

  • әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуы, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуі.

12 жылдық жалпы орта білім беру деңгейінде басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасу нәтижелері:

  • жоспарлаудың және іс-әрекеттерді ұйымдастырудың нақтылы болашағымен өз мүмкіндіктерін ұштастыра білуі;

  • әртүрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуі;

  • баламалы мүмкіндіктермен салыстырмалы түрде таңдап алған шешімді негіздей білуі;

  • лидерлік қасиеттерді көрсетуі;

  • базалық өзара байланыстарды, қатынастардың көптігін көруде тұжырымдамалық ойлауды иеленуі, күрделі жағдайларды пайымдауы, білімді практикалық іс-әрекеттерде пайдалануы, алынған ақпараттарды шығармашылықпен өңдей білуі;

  • аналитикалық және жаңашыл ойлауға ие болуы, жаңашыл қызметке ұмтылуы;

  • әрекеттердің стратегиясын анықтай білуі және нәтижелерді болжай білуі;

  • шығармашылық көзқарастарды жасай және енгізе білуі, оларды басқаларға оқыта білуі.

12 жылдық жалпы орта білім беру деңгейінде коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасу нәтижелері [29]:

  • оқу және өмірлік міндеттерді шешу үшін ауызша және жазбаша қатысымдардың әртүрлі тіл құралдарын пайдалана білуі;

  • коммуникативтік міндеттерді дұрыс шешуге әртүрлі стилдер мен жанырларды таңдай білуі;

  • оқу және әлеуметтік мәдени қарым-қатынас жағдайларында өнімді әрекеттесуді жүзеге асыра білуі;

  • қатысымдық іс-әрекеттерде өзінің қатысуын бағалай білуі және осының негізінде өзіндік түзетулер жасай білуі;

  • тұрмыстық, оқу, мәдениет және бейіндік бағыттағы салалар іс-әрекеттерінде қазақ, орыс тілдерін пайдалана білуі;

  • күнделікті қарым-қатынас және бейіндік оқыту аясында ағылшын тілін пайдалана білуі.

12 жылдық жалпы орта білім беру деңгейінде ақпараттық құзыреттіліктің қалыптасу нәтижелері [30]:

  • қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен ақпараттарды табу, талдай және іріктей білуі;

  • алған ақпаратты құрылымдай және жүйелей білуі;

  • сыни байыпты ақпарат негізінде саналы шешім қабылдауға даяр болуы;

  • ғылымдар негізі және ғылыми жетістіктердің қолданылу аймақтары бойынша білім жүйесін меңгеруі;

  • ақпаратты өздігінен талдау, өңдеу, іріктеу, жүйелеу, түрлендіру, сақтау, тасымалдау және оқу қызметінде пайдалану әрекеттерін білуі;

  • танып білу, модельдеу, құрастыру әдістерін меңгеруі;

  • оқу қызметі үдерісінде өңделген ақпаратты қолдана білуі;

  • оқу қызметінің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес таңдап алынған материалдарды топтастыра білуі.

12 жылдық жалпы орта білім беру деңгейінде технологиялық құзыреттіліктің қалыптасу нәтижелері:

  • таңдап алған оқу бағдарының (жалпы орта білім беру деңгейінде) аясындағы өндірістік қызметінде пайдаланылатын негізгі технологиялардың жалпы сипаттамаларын білуі;

  • оқу қызметінің аясындағы зерттеуді құрастыру мен жобалауда қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы;

  • жобалық іс-әрекеттер негіздері мен ақпараттарды берудің графикалық құралдарын меңгеруі және оларды зерттеу қызметтерінде пайдалануы.


3.3 12 жылдық мектептегі жалпы орта білім берудің базалық мазмұнын жобалау негіздері
12 жылдық мектептегі жоғары сынып, бұл жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылады. Бұл деңгейдің негізгі мақсаты – оқытудың саралануы мен даралануына бағдарланған жалпы орта білім беруде бейіндік оқыту, оқушылардың болашақ кәсіби қызметіне саналы да жауапты таңдау жасауына, жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасау.

Жалпы орта білім берудің мазмұны жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша ішкі бағдарларға бөліну арқылы бейіндік оқытуды енгізе отырып, саралау, кіріктіру және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде жүзеге асырылады. Бұл оқушылардың өздерінің танымдық қызығушылықтарына, қабілеттілігіне, оқудағы жеткен жетістіктеріне және кәсіби ниеттеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркінше таңдап алуға негізделген. Сонымен қатар, оқушылардың белгілі бір тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталған. Әр топтағы оқыту үдерісі түрліше жүреді, білім мазмұнымен ерекшеленеді, оған қандай да бір оқыту әдістерінің, түрлерінің және формаларының басымдық рөлі, оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым-қатынас стилі өзгереді.

11-12 сыныптардағы жалпы орта білім оқушының табиғат, қоғам және адам туралы біртұтас, аяқталған білім жүйесін меңгеруін, функционалдық сауаттылығының дамуын, тұлғаның интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын, білім мазмұнын саралау, кіріктіру және бейіндеу негізінде болашақ мамандығының бағытын таңдау жағдайын қамтамасыз етеді [31].

12 жылдық білім беретін мектептерге көшудегі бейіндік оқытуды ұйымдастыру барысында жаңа формаларды қолдану төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді [32]:

- оқушы өзі таңдаған бейіндігіне сәйкес терең білім алуға, алғашқы кәсіптік білімді меңгеруге мүмкіндік алады;

- өзінің қабілеті мен бейінділігіне қарай білім мазмұнын таңдап оқуға қол жеткізеді;

- оқу мүмкіндігіне қарай білім мазмұнының игерілуі мүмкін, әрі міндетті деңгейлері жүзеге асырылып, мұғалім мен оқушы арасындағы қайшылықтың бір үлкен түйіні шешіледі;

- білім алушы оқу үрдісінде белсенді ұйымдастырушы, өздігінен білім жолын игеруші, нәтижесін бағалаушы тұлғаға айналады;

- бейіндік оқыту жеке адамының өзін-өзі дамытуда жетілдіру тұрғысынан ұйымдастырылғандықтан, сыртқы әсерден гөрі сыртқы мотивацияның үлес салмағы артып білімді игеру жолындағы табыстан туатын құштарлық, құлшынысы жетіледі, білімді игерудің жаңа қайнар көзі пайда болады;

- білім алушының даму кеңістігіне толық мүмкіндік беріліп, өзін-өзі дамыта, басқара отырып, өсу траекториясын өзі белгілеуші болады.

12 жылдық білім жүйесіндегі бейіндік мектепте негізгі үш бағыт басшылыққа алынады:

1-бағыт: оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.

2-бағыт: оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.

3-бағыт: ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.



12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім мынадай негізгі компоненттермен таныс болуы тиіс [3]:

Білімнің базалық мазмұны – жалпы орта білім беретін ұйымдардың меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, меңгеруге міндетті, орта білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім мазмұнының құрамы мен көлемі;

Оқу жоспарының инвариантты компоненті – орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына енгізілген және жалпы білім беретін ұйымдарда оқуға міндетті пәндердің жиынтығы;

Оқу жоспарының вариативті компоненті оқушылардың қабілеттеріне және білім беру сұраныстарына есепке отырып жалпы білім беретін ұйыммен анықталатын оқу пәндері мен курстарының жиынтығы;

Базалық пән – оқытудың барлық бағыттарына міндетті болатын типтік оқу жоспарының инвариантты компонентінің пәні;

Бейіндік пән – жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту бағытына сәйкес нақтылы мазмұны бар болатын типтік оқу жоспарының инвариантты компонентінің пәні.

Жалпы орта білім мазмұнының инварианттық компоненті типтік оқу жоспарларында, ал вариативтік компоненті оқу жұмыс жоспарларында беріледі.

11-12 сыныптардағы бейіндік оқыту инварианттық компонентке енгізілген базалық пәндер мен жаңа мазмұнды бейіндік пәндер есебінде және вариативтік компонентті (мектептік және оқушы компоненттері) пайдаланумен жүзеге асырылады (1-кесте).
1-кесте ‒ Бейіндік оқытудың типтік оқу жоспарының ерекшеліктері





Жаратылыстану-математикалық бағыты

Қоғамдық-гуманитарлық бағыты

1

Инварианттық компонент

Базалық пәндер

Базалық пәндер

Бейіндік пәндер

Бейіндік пәндер

2

Вариативтік компонент

Қолданбалы курстар

Қолданбалы курстар

Таңдау бойынша курстар

Таңдау бойынша курстар

Бейіндік оқытудағы базалық пәндер және олардың мазмұны барлық бағыттарда (жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар) біркелкі болады.

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі базалық білім мазмұны [33]:

1) Қазақстан Республикасындағы білім беру кеңістігінің біртұтастығын, орта білім беру деңгейлері және білім салалары бойынша орта білім мазмұнының жүйелілігін, сабақтастығын және үздіксіздігін;

2) барлық оқушылар үшін білімнің тең мүмкіндігі мен тең қолжетімділігін;

3) жалпы орта білім беретін ұйымдардың типіне, оқыту нысанына және түріне қарамастан, орта білім мазмұнының бірыңғай талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.



11-12 сыныптардағы базалық білім мазмұнын алты білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Адам және қоғам», «Жаратылыстану», «Технология», «Дене шынықтыру».

Әрбір білім саласы ұқсас оқу пәндерін қамтиды:



1) «Тіл және әдебиет» білім саласына енетін пәндер: «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін, оқыту тілі қазақ тілінде емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті» (орыс тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті» (қазақ тілді және басқа да орыс тілді емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Шетел тілі».

Қазақстанда тұратын этностың тілінде оқытатын жалпы білім беретін ұйымдарда «Тіл және әдебиет» білім саласына осы этностың «Ана тілі мен әдебиеті» қосымша енеді. Нақты этностың шоғырланып орналасқан жерлерінде олардың тілін оқыту мәселесін шешу білім саласындағы жергілікті атқару органдары құзырына беріледі. «Ана тілі» («Ұйғыр тілі», «Өзбек тілі», «Тәжік тілі») мен «Әдебиет» («Ұйғыр әдебиеті», «Өзбек әдебиеті», «Тәжік әдебиеті») пәндері үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентіне енеді.

«Тіл және әдебиет» білім саласының білім мазмұнына қойылатын талаптар:


  • қазақ, орыс және шетел тілдері бойынша коммуникативтік, тілдік, лингвистикалық және әлеуметтік мәдени құзыреттіліктерді қалыптастыру;

  • сауатты жазбаша және ауызша сөйлеуді дамыту;

  • этноаралық қатысымда табысты сөйлесуді жүзеге асыру біліктігін қалыптастыру;

  • әдебиеттердің адамгершілік және гуманитарлық құндылықтарын пайымдау арқылы белсенді азаматтық борышты қалыптастыру;

  • типологиялық әдеби байланстарды анықтау арқылы әртүрлі халықтардың дәстүрлерін ұлттық танып білу мен толеранттық қатынасты қалыптастыру;

  • оқушылардың оқуға қызығушылықтарын, эстетикалық талғамдарын, бейнелік ойлауларын дамыту және оларды өздігінен мәтін жасауда қолданып шығармашылық қабілетін дамыту.

2) «Математика және информатика» білім саласына енетін пәндер: «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика».

«Математика және информатика» білім саласының білім мазмұнына қойылатын талаптар:



  • оқу пәндерінің даму әлеуетін, білім мазмұнының қолданбалы бағыттылығын кеңейту;

  • оқытудың негізгі екі функциясының орнықты жүзеге асуын қамтамасыз ету: математикалық білім беру және математика мен ақпараттық-коммуникациялық технология көмегімен білім беру;

  • математика мен информатиканы оқу кезінде пәнішілік және пәнаралық байланысты, білім беру деңгейлеріндегі сабақтастықты қамтамасыз ету;

  • информатиканы және басқа да мектеп пәндерін оқыған кезде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдаланып нақтылы объектілер мен үдерістердің моделдерін қолдану және түрлендіре білу, қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және визуалды программалаудың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру;

  • әртүрлі формаларда ұсынылған ақпаратты қабылдау мен сыни талдауын, математика мен информатиканың әртүрлі тілдерін (ауызша, символдық, аналитикалық, графикалық) пайдалану қабілетін, функционалдық сауаттылығын, логикалық, алгоритмдік және операциялық ойлауды, кеңістіктік түсініктерін, танымдық қабілеттер мен практикалық дағдыларды дамыту.

3) «Жаратылыстану» білім саласына енетін пәндер: «Биология», «География», «Физика», «Химия».

«Жаратылыстану» білім саласының білім мазмұнына қойылатын талаптар [34]:



  • коэволюциялық, синергетикалық парадигмаға негізделген ғылыми-жаратылыстану білім берудің жаңа тұжырымдамасының элементтерін меңгеру;

  • «табиғат-қоғам-адам-техносфера» мегажүйесін тұрақты және гармониялық дамуын қамтамасыз етудің құндылықтары мен мақсаттарына жетуге бағытталуы;

  • планетарлық ойлауды және экологиялық-гуманитарлық көзқарасты қалыптастыру;

  • әлемді танып білудің ғылыми-жаратылстану, гуманитарлық, техникалық және технологиялық, ақпараттық компоненттерін ауқымды кіріктіру негізінде әлемнің тұтас ғылыми бейнесін қалыптастыру.

4) «Адам және қоғам» білім саласына енетін пәндер: «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық».

«Адам және қоғам» білім саласының білім мазмұнына қойылатын талаптар:



  • мәденилайықтылық принципті және ұлттық-мәдени құндылықтардың кіріктірілуін есепке ала отырып білім мазмұнын сұрыптау;

  • пәндердің тәрбиелік және әлеуметтендіру әлеуетін күшейту;

  • әлеуметтік, мәдениеттік, саяси, құқықтық және экономикалық білімдердің бастамасын оқып білу;

  • дүниеге көзқарастық, жалпылама және әдіснамалық сипаттарын күшейту;

  • Егеменді Қазақстанның жетістіктері тұрғысынан Қазақстан тарихының мазмұнын жаңарту.

5) «Технология» білім саласына енетін пәндер: «Технология. Графика және жобалау».

«Технология» білім саласының білім мазмұнына қойылатын талаптар:



  • ақпараттарды іздеу, жүйелеу және тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  • жобалау, моделдеу, құрастыру дағдыларын дамыту;

  • оқытуды ертерек кәсіптендіруге бағыттау;

  • өндірістің инновациялық технологиялары мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық құралдардың негіздерін меңгеру;

  • танымдық және практикалық іс-әрекеттерге ынталарын арттыру.

6) «Дене шынықтыру» білім саласына енетін пәндер: «Дене шынықтыру», «Алғашқы әскери дайындық».

Бейіндік оқытудағы бейіндік пәндер және олардың мазмұны әр бағытта (жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар) әртүрлі болады, яғни бейіндік пәндер жоғары сыныптағылардың бейіндік оқыту бағытын, мамандандыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бейіндік пәндер:



  • оқыту бағыттарына байланысты сараланған түрде болады;

  • инварианттық компонентке қосылған және олардың бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендері мемлекеттік деңгейде әзірленеді;

  • жаңашыл және тәжірибеге бағытталған қолданбалы мазмұнды қамтиды;

  • көптілді оқыту арқылы жүзеге асырылады;

  • бейіндік оқыту аясында жекелей және аралас пәндерді кіріктіру жолымен орта мектеп пен жоғары мектептің бакалавриат бағдарламасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді.

11-12 сыныптарда бейіндік оқытудың білім мазмұны жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардың ішкі бағдарларға бөлінумен жүзеге асырылады, яғни жаратылыстану-математикалық бағыт химия-биологиялық, физика-математикалық және т.б. бағдарларға, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыт филологиялық, тарихи-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және т.б. бағдарларға бөлінеді.

Жалпы орта мектептегі жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарындағы білім мазмұны 11-12 сынып оқушыларының мүдделерін, қабілеттері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып тиімді педагогикалық жағдайлар жасауға бағытталған. Сонымен қатар, ол барлық оқушыларды жоғары оқу орындарының сәйкесінше мамандықтарында кәсіби білім алуға қажетті дайындық деңгейімен қамтамасыз етеді.

Жаратылыстану-математикалық білім берудің мақсаттары: жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету; қоршаған әлемді түрлендірудегі математиканың, информатиканың, физиканың, биологияның және химияның рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру; оқытуды бейіндендіруге жағдай жасау және оқушыларды одан әрі кәсіби өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі дамытуға даярлау [34, 35].

Жаратылыстану-математикалық бағыт жаратылыстану-математикалық циклдегі пәндер бойынша білім беру үдерісінде оқушы тұлғасының интелектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында физика-математикалық және химия-биологиялық білім беруді, оқушылардың логикалық, математикалық, ғылыми-жаратылыстану, инженерлік ойлауын қалыптастыруды, әртүрлі өмірлік жағдайларға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті оқушылардың аналитикалық, практикалық біліктері мен дағдыларын жетілдіруді қамтиды [34, 35].

Жаратылыстану-математикалық бейіндік бағыты келесідей бейіндік пәндер құрамымен қамтамасыз етіледі: бағдар бойынша терминология (шетел тілінде), математика, қолданбалы математика, физика, астрофизика, химия, биология, география, информатика, биохимия және биотехнология негіздері, экология және тұрақты даму, қазіргі заманғы химиялық технологияның негіздері, графика және проекциялау, компьютерлік моделдеу, ақпараттық жүйелер мен технологиялар және т.б.

Қоғамдық-гуманитарлық білім берудің мақсаттары: қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету; оқушылардың қабілеттерін, жеке бейімділіктері мен қажеттіліктерін ескеріп оқыту мазмұнын жіктеу, оқушылардың гуманитарлық даму ортасын жасау; жоғары рухани-адамгершілік мәдениеттерін және тұлғааралық, этносаралық қатынас мәдениеттерін оқушылардың бойына сіңіру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, тұлғаның өзін-өзі тануын және өз мүмкіндігін іске асыруын қалыптастыру және дамыту [31].

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауды оқушылардың бойында қалыптастыру, адамгершілік қарым-қатынастың жоғары мәдениеттілігін дамыту, этикалық нормаларды сақтау, келешекте оқушыларды табысты әлеуметтендіру үшін қажетті тіл-қатынастық біліктер мен дағдыларды жетілдіру мақсатында тарихи-мәдениеттік, әдебиеттік және көптілді білімді қамтиды [31, 32].

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар, бейіндік пәндердің келесі құрамымен қамтамасыз етіледі: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, әдебиет, шешендік өнер, мәдени қазына, әлемдік әдебиет, шетел тілі, бағдар бойынша терминология (шетел тілінде), әлеуметтік-экономикалық география, экономика және менеджмент негіздері, әлеуметтану, кәсіпкерлік негіздері, қазіргі әлемдегі Қазақстан, Қазақстандық заңнама, этика мен шешендік өнер және т.б.

Оқыту мазмұнын жетілдірудің дидактикалық негізіне оқытуды ұйымдастырудағы тұлғалық-бағдарлық және шығармашылық іс-әрекет тұрғысынан балаға іс-әрекет субьектісі ретінде (қызығушылығына, әрекеттердің себептеріне, мақсаттарына т.б.) қарап, оны қалыптастыру туралы теориялық принциптер жатады [24, 36]. Осыған орай, 12 жылдық мектептегі жалпы орта білім беру деңгейіндегі білім мазмұнын жобалауда бірнеше дидактикалық принциптер жүзеге асырылуы тиіс:

Ғылыми және жас ерекшелік принципі. Берілетін білімді мұқият іріктеу, қазіргі таңда ғылыми тұрғыдан айқындалған принциптер, ғылымда нақты қолданылатын ұғымдардың енгізілуі. Сол берілген материалдың оқушылардың оқуға дайындық деңгейіне, олардың дене дамуы мен психикалық үдерістерінің (зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау және т.б.) даму деңгейіне сәйкес келуі.

Кіріктіру принципі. Бейіндік мектепте математика, физика, химия, биология, технология пәндері қоғамның индустриялдық-инновациялық дамуына, болашақ мамандығына дайындауға байланысты жоғары мектептің сәйкесінше пәндерімен мазмұнына қарай бір-бірімен кіріктіріліп келеді. Кіріктіру бұл бірнеше жақын мазмұнды, оқу пәндерінің біреуінен берілетін білімді бірі толықтыруға ыңғайлы болып, олардың мазмұндық жүйесінің кірігуі. Кіріктіру принципі арқылы дүниенің біртұтастығы, оның құбылыстарының өзара байланыстылығы туралы түсініктер қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Бейіндік мектеп пен жоғары мектеп компонентінің кіріктірілуі жалпы орта білім беру мен жоғары білім берудің (бакалавриат) мазмұндарындағы сабақтастықты; 1-2 курс бакалавриатының жалпы білім беру циклі пәндерінің (қазақ тілі (орыс тілі), шетел тілі, Қазақстан тарихы, информатика, саясаттану, философия, әлеуметтану, құқық негіздері, өмір қауіпсіздігінің негіздері) мазмұнын бейіндік мектепке көшіруді; бакалавриаттың жалпы білім беру пәндерінің (ЖБП) циклі азаюына байланысты базалық және кәсіптендіру пәндері бойынша білім мазмұнын күшейтуді қамтамасыз етеді.



Пәнаралық байланыстар принципі. Бұл әр пәннен алынған білімді кез келген сабақ барысында кешенді түрде пайдалануды көздейді. Бұл сабақтас оқу пәндерінің мазмұнын сәйкестендіруге, пәндердің өзара байланысын іздестіруге сол арқылы оқушылардың логикалық ойын дамытуға жағдай жасайды.

Әр түрлі деңгейде оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде бала тұлғасын дербес дамыту принципі. Бұл барлық жағынан баланың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі міндеттерді шешу мүмкіндіктерін, алға қойған мақсатты шешудегі қарқындылығын дамыту.

Нәтижелі шығармашылық принципі. Бағдарлама мазмұны тек әр пән бойынша білім мен тәрбие беруге және оны меңгертуге ғана емес, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Бұл әр уақытта балалардың эвристикалық қабілеттерін дамыта отырып, оқу іс-әрекетін, оқушылардың қызығушылығы мен бейінділігін дамыту, ойлан тап, ойдан шығар, орында, қиялда, құрастыр, дайында т.с.с. жаңа нәтижелер жасауға бағыттайтын тапсырмалар беру арқылы жүзеге асады.

Мәдениеттендіру принципі. Кез келген пәннің мазмұнында оқушылардың жеке басынан бастап оның жалпы мәдениетін көтеру, ол үшін отбасының гигиенасынан басталатын түрлі қатынастың біртіндеп, мәдени орталықтарды, адам баласының қай салада болсын Республикамыздың ғана емес, адамзат тарихынан бастап, қолы жеткен жетістіктерін қамту көзделген.

Экологиялық принципі. Әр сынып сайын оқушының өзін-өзі байқауы, өз әрекетін басқаның тиімді әрекетімен салыстыру, қоршаған ортаға, табиғатқа адами, мәдени қатынас жасауға мүмкіндік беру жағы қарастырылады.

Өлкетану принципі. Әр пәннің әр тарауын жергілікті материалдармен байланыстыра оқытуды талап етеді. Бұл, әрине, мұғалімдердің әдістемелік ізденістерін, қосымша материалдардың молдығын керек етеді.

Осы сияқты білім берудің дидактикалық принциптерін сақтай отырып жаңа буын бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы 12 жылдық білімнің барлық буынында оқыту мен тәрбие талаптарын қамтамасыз етуге жағдай туады. Білім беру барысында осы дидактикалық принциптердің жүзеге асырылуы негізінде баланың жалпы дамуын қамтамасыз ету мәселесі жүзеге аспақ. Олар баланың жеке бастық іс-әрекетінің, әлеуметтік, зейінін, тілі мен ойының, қимыл әрекетінің т.б. дамуын қамтамасыз етеді. Бірақ бұл дамулардың бәрі де бала мүмкіндігінен асып кетпеуге тиісті.

Сонымен 12 жылдық мектептің жоғары сыныптарында бейіндік оқытудың мақсаты, бейіндік оқытуды дамытудың басымды бағыттары мен жүзеге асыру механизмдері, білім мазмұны мен оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар (түйінді және пәндік құзыреттіліктер), білім мазмұнын жобалаудың дидактикалық принциптері негізінде жалпы орта білім берудің базалық мазмұнын анықтаудың матрицасы құрастырылды. Оны біз көрнекі түрде мынадай кесте арқылы ұсынамыз [22, 25, 31] (2-кесте).
2-кесте ‒ 12 жылдық білім беру мазмұнын жобалау матрицасы


ӨТПЕЛІ КОМПОНЕНТТЕР

Тұлғалық мүдделер

Қоғамдық мүдделер

Мемлекеттік мүдделер

Білім беру мазмұнын жетілдірудің басымды бағыттары

БІЛІМ МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР







ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР







ПӘНДІК ЖӘНЕ ТҮЙІНДІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР







«Тіл және әдебиет» БС

«Мате-матика және инфор-матика» БС

«Жара-тылыс-тану»

БС


«Адам және қоғам»

БС


«Технология»

БС


«Дене шынықтыру»

БС








ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР







Пәндер

Пәндер

Пәндер

Пәндер

Пәндер

Пәндер

ІІІ

Жалпы орта білім беру деңгейі






















































4 Жалпы орта мектепте негізгі оқу пәндерінің үлгілік базалық мазмұны
Қазақстан бойынша 12 жылдық білім беру көшу бойынша эксперименттік жұмыстар 2003-2004 оқу жылынан бастап өткізілуде. Қазіргі уақытта республикамыздағы эксперимент жүріп жатқан мектептер саны – 104. Эксперименттік сыныптарда 5784 оқушы оқиды, оның ішінде қазақ тілінде оқытатын мектептерде – 3 551, орыс тілінде оқытатын мектептерде – 2 233.

2013-2014 және 2014-2015 оқу жылдарында 12 жылдық оқытуға көшу бойынша эксперименттік жұмыстар жалғастырылып, 11-12 сыныптардағы бейіндік оқыту жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда ішкі бағдарларға бөлінуі бойынша жүзеге асырылатын болады.

12 жылдық оқытуға көшу бойынша жүргізілген эксперименттік жұмыстар және әзірленген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері бойынша әдіскер-ғалымдар мен практик-мұғалімдердің тиімді ұсыныстары мен пікірлері [37, 38, 39], 12 жылдық білім берудің тұжырымдамалық негіздері арқылы 12 жылдық мектептің білім беру деңгейлері бойынша базалық білім мазмұны мен оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар анықталды.

Осыған орай, жалпы орта білім беру деңгейінде оқытылатын базалық пәндер бойынша үлгілік базалық білім мазмұны мен оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды білім салалары бойынша ұсынамыз.


4.1 «Тіл және әдебиет» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны
«Тіл және әдебиет» білім саласының мазмұны «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін, оқыту тілі қазақ тілінде емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті» (орыс тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті» (қазақ тілді және басқа да орыс тілді емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Шетел (ағылшын) тілі» пәндері арқылы жүзеге асырылады.

Қазақ тілі пәні (қазақ мектептерінде)

Мәтін және шешендік өнер. Мәтін байласымы. Байласымның жасалу тәсілдері.

Шешендік өнердің тарихы. Шешендік сөзге қойылатын талаптар. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөз. Әлеуметтік-саяси шешендік сөз. Академиялық шешендік сөз. Соттағы шешендік сөз. Діни шешендік сөз.

Шешенге қойылатын талаптар. Пікірталас мәдениеті.

Пікір алмасу. Ойталқы. Ойкөкпар. Сөзталас. Пікірсайыс. Айтыс.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар: ауызша, жазбаша тілде сөздерді талғап қолдана білуі; сөз мәдениеті және сөйлеу түрлерінің сабақтасығын білуі; тілдік қатынас түрлеріне сай тілдің стильдік жүйесін меңгеруі; мәтін белгілері мен мәтіндегі тілдік бірліктердің қызметін білуі; мәтіннің түрлері мен табиғатына, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасай білуі; тақырыпқа сай сөздердің тіркесу мүмкіндігін білуі; тілдік бірліктердің мәтін ішіндегі қызметін білуі; әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрлері болатынын, оларға тән ерекшеліктерді білуі; мәтіннің тақырыбы мен идеясын, мәтіннің құрылымын ажырата білуі; сөз мағыналарын мәтіндік қолданыста ажырата білуі; сөздердің жасалу тәсілдерін білуі; сөз тіркесінің өзіне тән белгілерін және олардың күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерден айырмашылығы мен ұқсастықтарын негіздей білуі; әдеби тілдің нормаларының сөз мәдениетіне қатысын негіздей алуы; әдеби тілдің нормаларын стиль түрлеріне сай қолдана білуі; сөз мәдениетіне енетін ұғым-түсініктерді түсіндіре алуы; монолог сөздің қолданылатын орындарын білуі; монолог сөздің мазмұндық-құрылымдық жүйесін білуі; диалогтің адам қарым-қатынасындағы маңызын білуі; полилог сөздің түрлері мен пікірталас мәдениетін білуі; зерттеу және шығармашылық әдістерді өз әрекетінде тиімді қолдана білуі тиіс.

сонымен қатар, оқушылар: тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдыларды меңгеруі; тұрмыстық-әлеуметтік қатынастағы әдептілік нормаларын меңгеруі; жеке адам өміріне, мекеме, ұйым жұмысына қажетті ресми іс-қағаздар жүйесін меңгеруі; түрлі тақырыптарда пікірталасқа түсу еркіндігін және жиі қолданылатын тәсілдерді меңгеруі; мәтін бөліктеріндегі сөйлемдердің ойды жеткізудегі рөлін және қолданыс ерекшелігін меңгеруі; сөйлем мүшелерінің мәтіндегі қызметін меңгеруі; полилог сөздің түрлері мен пікірталас мәдениетін және пікірталасқа түсу тәсілдерін меңгеруі; қазақ тілін функционалдық сауаттылық тұрғысынан меңгеруі тиіс.

Қазақ әдебиеті пәні (қазақ мектептерінде)

ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның тарихи-әлеуметтік жағдайы.

Ахмет Байтұрсынұлы. «Қырық мысал», «Маса» жинақтары. Міржақып Дулатұлы. «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян, қазақ» өлеңдері. Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Кім жазықты» романы. Мағжан Жұмабаев. «Күміс нұрлы ай», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін», «Шолпы», «Сырдағы Алашқа» өлеңдері.

1930-1960 жылдардағы әдебиет. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетіне жалпы шолу.

Сәкен Сейфуллин. «Аққудың айырылуы» поэмалары. Бейімбет Майлин. «Азат әйел», «Көңіл айту» өлеңдері, «Майдан» пьесасы. Ілияс Жансүгіров. «Құлагер» поэмасы. Жамбыл Жабаев. «Өтеген батыр» жыры. Жамбылдың эпикалық жырларының тақырыбы мен идеясы. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы (үзінді), «Еңлік-Кебек» драмасы. «Абай жолы» роман-эпопеясының әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген шығарма екендігі. Сәбит Мұқанов. «Сұлушаш» поэмасы. Ғабит Мүсірепов. «Қазақ солдаты» романы (үзінді). Қасым Аманжолов. «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байқал», «Орал».

1960-1990 жылдардағы әдебиетке жалпы шолу. Поэзиядағы тың ізденістер. Проза мен драматургиядағы жаңалықтар.

Мұқан Иманжанов. «Алғашқы айлар» повесі. Жұбан Молдағалиев. «Мен – қазақпын» поэмасы. Сырбай Мәуленов. «Боранда», «Қош бол, сәулем» өлеңдері. Табиғат лирикасы. Ақын өлеңдеріндегі соғыс суреттері. Сырбай өлеңдеріндегі сыршыл сезім. Зейін Шашкин. «Доктор Дарханов» романы. Мұқағали Мақатаев. «Қайран, Қарасазым-ай» лирикасы, «Дариға, жүрек» поэмасы. Мұқағали өлеңдерінің өзге ақындар шығармаларынан өзгешелігі. Поэмаларының тақырыптары. Шерхан Мұртаза. «Қызыл жебе» романы. Мұхтар Шаханов. «Танакөз» поэмасы. «Ғашықтық ғаламаты» өлеңінің идеялық мұраты. Қадыр Мырза Әли. «Домбыра» өлеңі. Қабдеш Жұмаділов. «Тағдыр» романы. Әбіш Кекілбаев. «Үркер», «Елең-алаң» романдары. Өмірі мен шығармашылығы туралы. Мұхтар Мағауин. «Аласапыран» роман-дилогиясы. Қалтай Мұхамеджанов. «Көктөбедегі кездесу» пьесасы.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті. С. Елубаев «Ақ боз үй». Д. Досжанов «Алыптың азабы». Ш.Мұртаза «Ай мен Айша». К. Оразалин «Абайдан соңғы арыстар». З.Қабдолов «Менің Әуезовім», Ә.Таразидің «Жаза», Б. Мұқайдың «Өмірзая» романдары, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» повесі, Т. Нұрмағамбетовтің «Айқай» повесі.



Драма жанрының өзіндік ерекшеліктері. Қазақ драматургиясының пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері туралы қысқаша шолу. 60-90-жылдарға дейін драматургия саласында қалам тартып келген қаламгерлер (Қ.Мұхамеджанов, Қ.Шаңғытбаев, О.Бөкеев, А.Сүлейменов, т.б.). Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясының жай-күйі. Драматургияда қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларды баяндайтын пьесалар Ә.Кекілбаев «Абылай хан», И.Оразбаев «Мен ішпеген у бар ма?».

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар: ХХ ғасыр әдебиеті үлгілерін білуі; тәуелсіздік жылдары жазылынып жүрген шығармалардан хабардар болуы; көркем шығарма мазмұнын әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдауы; әдебиеттің өзге ғылымдармен сабақтастығын білуі; шығармада бейнеленген өмір шындығы мен автордың ойын тани алуы; әдеби тақырыпқа реферат жазып, жоспарын, тезисін дайындауды білуі; компьютермен, техникалық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп, интернет арқылы әлем әдебиетімен таныса алуды; сыныптан тыс және қосымша оқуға ұсынылған әдеби-көркем шығармаларды өздігінен оқуы тиіс.

сонымен қатар, оқушылар: ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармалардың тарихи сипатын, маңызын көркемдік шындық тұрғысынан меңгеруі; өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын меңгеруі; сөйлеу дағдыларын меңгеруі; қазақ әдебиетінен алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде пайдалана алуды меңгеруі тиіс.

Қазақ тілі (қазақ тілді емес мектептерде)

Қазақстан Республикасы. Қазақстан мемлекеттік және саяси құрылым атаулары. Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері. ҚР Заңдары. ҚР мемлекеттік тілі. ҚР экономикасы.

Бұқаралық ақпаралық құралдар. Қазақ газет-журналдары. Теледидар. Радио. Пошта қызметі. Публицистикалық жарнамалық материалдар (сұхбат, мақала, жарнама). Іс қағаздары.

Мамандық. Мамандық түрлері. Менің болашақ мамандығым. Біздің еліміздегі оқу жүйесі. Халықаралық байланыс.

Отбасы. Отбасының бюджеті. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасы. Қонақ күту дәстүрі. Әуежайда. Теміржол бекетінде. Қонақ үйде. Қала мен дала.

Мәдениетті тұлға. Ұлттық салт-дәстүрлер мен мұралар. Мәдени орындарға саяхат. Компьютер, телефон. Сән әлемі. Жастар киімі. Мектеп формасы.

Тілдік білім. Тілдің әлеуметтік-мәдени қызметі. Қарым-қатынас мәдениеті. Әлеуметтік қарым-қатынас жағдаяттарындағы сөйлеу мәдениеті.

Фонетика. Сингармонизм. Ассимиляция. Орфоэпиялық және офографиялық норма. Екпін.

Лексика. Сөз. Қатысымдық (коммуникативтік) мәтіндермен жұмыс. Мамандыққа, кәсіпке байланысты лексикалық тақырыптар.

Морфология. Жай септеу және тәуелді септеу. Көмекші есімдер мен көмекші етістік. Септеулік шылаулар, ерекшеліктері. Етіс түрлері. Етістіктің шақтары. Жұрнақтар, оның түрлері. Диалог, оның тыныс белгілері. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, байланысу тәсілдері. Бірыңғай мүше, жалпылауыш мүше, айқындауыш мүше, қыстырма сөз, олардың тыныс белгілері.

Синтаксис. Құрмалас сөйлем, тыныс белгілері.

Іс-қағаздары. Стиль. Ресми стиль.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар: әдеби тілдің орфографиялық және орфоэпиялық нормаларын сақтап қолдана білуі; сөздің мағыналық топтарын айыра біледі, оларды сөйлеу тілінде еркін қолдана білуі; мәтін тіліне, мазмұнына байланысты өз ойын жеткізе білуі; мәтіннен өзіне қажетті ақпаратты іріктейді, оларды тілдік қатынаста мақсатқа сай саралап, еркін қолдана білуі; мәтіннің құрылымын ажыратады, жанрлық белгілерін анықтай білуі; мәтіндерге сапалық жағынан талдау жасап, өзінің берген бағасын дәйектей білуі; мәтіндерге кешенді тілдік талдау жасайды; стиль түрлерінің ерекшеліктерін ажырата білуі тиіс.

сонымен қатар, оқушылар: мақал-мәтелдер мен фразеологизмдерді меңгеруі; мәтін құрауды меңгеруі; сөздік құрам түрлерін меңгеруі; сөз тіркесі мен сөйлем түрлерін меңгеруі тиіс.

Қазақ әдебиеті (қазақ тілді емес мектеп)

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Жалпы шолу.

Ахмет Байтұрсынұлы. «Қырық мысал». Аудармалары. Міржақып Дулатұлы. «Оян, қазақ» өлеңдері. Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Бір адамға» өлеңі. Сәкен Сейфуллин. «Ақсақ киік» өлеңі. Мағжан Жұмабаев. «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін» өлеңдері. Жүсіпбек Аймауытов. «Ақбілек» романы. Бейімбет Майлин. «Шұғаның белгісі» хикаяты. Ілияс Жансүгіров. «Құлагер» поэмасы. Жамбыл Жабаев. «Ленинградтық өренім» өлеңі. Сәбит Мұқанов. «Балуан Шолақ» повесі. «Балуан Шолақ» повесінің тақырыбы. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы. Ғабит Мүсірепов. «Қазақ солдаты» романы. Ғабиден Мұстафин. «Шығанақ» повесі. Қасым Аманжолов. «Дүниеге жар» өлеңі. Әбділда Тәжібаев. «Монологтар» поэмасы. Ілияс Есенберлин. «Қаһар» романы. Сырбай Мәуленов. «Сәкен» өлеңі. Жұбан Молдағалиев. «Мен - қазақпын» поэмасы. Тахауи Ахтанов. «Шырағың сөнбесін» романы. Әбдіжәміл Нұрпейісов. «Қан мен тер» трилогиясына шолу. Мұқағали Мақатаев. «Үш бақытым» өлеңі. Қадір Мырза Әли мен Тұманбай Молдағалиев. «Домбыра» өлеңі, «Студент дәптері» жинағы. Қабдеш Жұмаділов. «Соңғы көш» дилогиясына шолу. Олжас Сүлейменов. «Қасқырдың бөлтіріктері» өлеңі. Оралхан Бөкей. «Тортай мінер ақ боз ат». Мұхтар Шаханов. «Танакөз» поэмасы.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті.



Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар: ХХ ғасыр әдебиеті үлгілерін білуі; тәуелсіздік жылдары жазылынып жүрген шығармалардан хабардар болуы; әдебиеттің өзге ғылымдармен сабақтастығын білуі; шығармада бейнеленген өмір шындығы мен автордың ойын тани алуы; әдеби тақырыпқа реферат жазып, жоспарын, тезисін дайындауды білуі; компьютермен, техникалық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп, интернет арқылы әлем әдебиетімен таныса алуды; сыныптан тыс және қосымша оқуға ұсынылған әдеби-көркем шығармаларды өздігінен оқуы тиіс.

сонымен қатар, оқушылар: ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармалардың тарихи сипатын, маңызын көркемдік шындық тұрғысынан меңгеруі; өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын меңгеруі; сөйлеу дағдыларын меңгеруі; қазақ әдебиетінен алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде пайдалана алуды меңгеруі тиіс.

Орыс әдебиеті (қазақ мектептерінде)

Произведения русской классической литературы второй половины XIX века: лирические произведения Ф.И.Тютчева, А.А.Фета; стихотворения, поэма «Кому на Руси жить хорошо» Н.А.Некрасова; пьеса «Гроза» А.Н.Островского; 1-2 повести Н.С.Лескова; романы «Преступление и наказание» Ф.М.Достоевского, «Война и мир» (главы) Л.Н.Толстого, «Господа Головлевы» Салтыкова-Щедрина; 1 пьеса, 1-2 рассказа А.П.Чехова;

Произведения русской литературы XX века: А.И.Куприна, И.А.Бунина, М.Горького, стихотворения, поэма «Двенадцать» А.А.Блока, лирические произведения Н.С.Гумилева, М.И.Цветаевой, А.А.Ахматовой, О.Э.Мандельштама, В.В.Маяковского, С.А.Есенина; 1-2 прозаических произведения М.М.Зощенко, М.А.Булгакова, А.П.Платонова М.А.Шолохова, В.М.Шукшина; стихотворения и роман «Доктор Живаго» (обзор с чтением глав) Б.Л.Пастернака; лирические произведения Н.А.Заболоцкого, А.Т.Твардовского;

Произведения поэтов русского зарубежья; Произведения современных поэтов; Прозаические произведения современных авторов; Прозаические и стихотворные произведения современных русскоязычных писателей Казахстана.



Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар: оқылатын туындылардың авторлары туралы маңызды өмірбаяндық мәліметтерді; әлемдік әдебиет үдерісінің дамуы ерекшеліктерін және әлемдік әдебиет үдерісіндегі орыс әдебиетінің орнын және ұлттық өзгешелігін білуі тиіс;

сонымен қатар, оқушылар: орыс әдебиеті туындысының келелі мәселелерін, ана тіліндегі әдебиет туындысындағы жуық мәселелермен негіздеуді; көркем туындыларды оқыған кезде арнайы әдебиеттерді (өмірбаяндық, тарихи-әдебиеттік зерттеулер, әдебиеттану сөздіктері, анықтамалықтар, энциклопедиялар) пайдалануды; әдеби тақырыпқа баяндама, реферат, тұсаукесер дайындауды, өз бетінше оқыған кітапқа, көрген фильмге, теледидарлық хабарға, спектакльге рецензия немесе пікір жазуды меңгеруі тиіс.

Орыс тілі (орыс мектептерінде)

Сөйлеу-коммуникативтік құзыреттілігі: Соотношение языка и речи. Формы речи: устная и письменная. Речь диалогическая и монологическая. Культура речи: нормы речи. Текст: тема, основная мысль, части текста. План текста. Логическая структура текста. Типы монологической речи: описание, повествование и рассуждение. Описание: композиционные и языковые особенности. Логическая структура текста-описания. Повествование: композиционные и языковые особенности. Логическая структура текста-повествования. Рассуждение: композиционные и языковые особенности. Логическая структура текста-рассуждения. Монологическое высказывание с разными типами речи. Функциональные стили речи. Система функциональных разновидностей речи. Разговорный стиль речи. Научный стиль речи. Официально-деловой стиль речи. Публицистический стиль речи. Художественный стиль речи. Стилистический анализ текста. Лингвистический анализ художественного текста. Художественно-изобразительные средства речи. Речевые жанры. Структура текста разных жанров. Общение и коммуникация как отношение частного к общему. Стратегия и тактики общения. Учет ситуации общения в продуцировании речи: официальный/неофициальный тип обстановки, возрастной или социальный статус собеседника, тип взаимоотношений с собеседником. Культура общения. Коммуникативные качества речи. Риторика. Основы ораторской речи. Позиция говорящего в тексте, ориентированном на широкую аудиторию.

Продуцирование текстов разных жанров и стилей. Практические умения общаться в деловом мире. Умения дискутировать по актуальным проблемам в обществе. Общение на тему искусства. Общение по научной проблеме. Выступление перед широкой аудиторией на общественно-политическую, экологическую, духовно-нравственную тему. Совершенствование коммуникативных качеств речи.



Тілдік құзыреттілік: Язык как развивающееся явление. Функции языка в обществе. Государственный и русский языки в Казахстане. Фонетические особенности языка. Орфоэпия и нормы произношения. Фонетический анализ слова. Орфография и фонетика. Лексика. Слово и его значение. Тематическая лексика. Синонимические ряды и антонимические пары внутри тематической лексики. Стилистические синонимы. Омонимы. Омонимия и смежные с ними явления. Паронимы и их различение в речи. Формирование русской лексики: исконно русская лексика, заимствованная лексика. Фонетические и морфологические черты заимствованных слов. Устаревшая и новая лексика. Типы устаревшей лексики. Лексика и орфография. Лексический анализ слова. Фразеология. Фразеологизм и его связь со словом. Стилистическая характеристика фразеологизма. Заимствованные фразеологизмы и отражение в них культуры других народов. Фразеология и пунктуация. Морфемика. Основа слова и окончание. Корень и аффиксы. Варианты корня. Орфографическое оформление морфем. Морфемный анализ. Словообразование. Словообразование разных частей речи. Словообразовательный анализ. Морфологические и неморфологические способы образования слов. Словообразующая и формообразующая функции аффиксов. Словообразовательный тип. Грамматический строй языка. Морфология: самостоятельные и служебные части речи. Части речи и их орфографическое оформление. Морфологический анализ слов разных частей речи. Функционирование слов разных частей речи в текстах описания, повествования и рассуждения. Слово, словосочетание и предложение в синтаксисе языка. Грамматическая основа предложения. Характеристика простого предложения на разных основаниях. Пунктуация в простом предложении. Пунктуация в простом осложненном предложении. Сложное предложение. Средства связи частей сложного предложения. Классификация сложного предложения. Сложносочиненное предложение. Сложноподчиненное предложение. Бессоюзное предложение. Сложное многочленное предложение с разными типами связи. Пунктуация в сложном предложении. Синтаксический и пунктуационный анализ предложений разных типов. Сложное предложение с разными типами связи. Многоуровневый синтаксический анализ сложного предложения с разными типами связи. Функционирование типов предложений в текстах разных стилей. Грамматические нормы современного русского литературного языка. Орфографический анализ текста. Соблюдение орфографических норм русского литературного языка. Пунктуационный анализ текста. Соблюдение пунктуационных норм русского литературного языка. Анализ языковых особенностей текста разных стилей и жанров.

Әлеуметтік-мәдени құзыреттілік: Социокультурная функция языка. Язык как национально-культурный феномен. Особенности русского речевого этикета в межкультурной коммуникации. Культура речевого поведения в различных ситуациях социального общения.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар: тілдік жүйенің деңгейлік ұйымдастырылуын; тілдік жүйенің әр түрлі деңгейдегі бірліктерінің айырмашылығын; дыбыстар жүйесін және олардың түрлі негіздемедегі классификациясын; әдебиеттік дыбыстаудың негізгі ережелерін; сөздердің лексикалық мағынасының түрлерін; синоним сөздер тізбектерін, антоним сөздерді; фразеологиялық бірліктерді және олардың сөз бен сөйлемнен айырмашылығын; сөздер мен фразеологизмдердің тақырыптық топтарын; сөздердің стилистикалық сипатын; сөз таптарын және олардың сипаттамасын; сөзжасам тәсілдерін; басты сөз таптары және олардың сипаттамасын; қызметтік сөз таптары және олардың сипаттамасын; түолі негіздемедегі сөйлем түрлері және олардың сипаттамасын; лексика, морфемика, сөзжасам, морфология және синтаксис деңгейіндегі омонимдік құбылыстарды; төлеу сөзді жеткізу тәсілдерін; орыс орфографиясының ережелерін; орыс тілінің пунктуциясының ережелерін; монолог сөз түрлерінің ережелерін (сипаттау, хабарлау, пайымдау); сөйлеу стильдерінің ерекшеліктерін білуі тиіс;

сонымен қатар, оқушылар: сөзге фонетикалық, морфемдік, сөзжасамдық талдау жасауды; сөзге лексикалық талдау жасау; сөзге, сөз тіркесіне, сөйлемге грамматикалық сипаттама беруді; мәтіннің мағыналық бөлімдерін ерекшелеуді, жоспарын жасауды; мәтінге тақырып қоюды; мәтіннің түрін анықтауды; түрлі стиль мен жанрдағы мәтіндерді ажырату; әдебиеттік орыс тілінің нормаларына сәйкес тілдік жүйенің түрлі деңгейлерінің тілдік құралдарын қолдануды; орыс тілінің орфографиясы мен пунктуациясының нормаларын саөтай отырып сауатты түрде жазуды; әр түрлі стильдегі монолог сөз құрастыру; сөйлеу этикетінің ережелерін сақтауды; мәтінге толық лингвистикалық талдау жасау; анықтамалықтар мен әр түрлі сөздіктерді (түсіндірме, антонимдік, синонимдік, орфографиялық, сөзжасамдық және т.б.) қолдануды; қарым-қатынас жасау стратегиясына сәйкес сұхбат құруды; ресми/ биресми қарым-қатынас түріне қарай сөйлеу; әңгімесушіге деген қарым-қатынас түрін ескеруді; контекст аясында түрлі деңгейдегі тілдік бірліктерге толық талдау жасауды; түрлі стильдегі мәтіндерді хабарлау; түрлі типтегі және аралас типті (сипаттау, хабарлау, пайымдау) мәтіндерді хабарлауды; мәдени және ғылыми сипаттағы сөз жанрларындағы мәтіндерді хабарлауды (ресми хат, жеке хат, құттықтау, газетке хабарлама, еркін тақырыпта эссе-шығарма жазу, есеп, реферат, баяндама, ғылыми жоба жұмысы); көптілді және көпмәдениетті қарым-қатынас жағдайында табысты түрде қарым-қатынас жасауды (сөз әрекетінің барлық түрлерін меңгеруді, ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасауды, ауызша және жазбаша сөз әрекетін дұрыс қабылдауды, белгілі бір мәселе бойынша өз пікірін толық және логикалық түрде жеткізу, орыс тілінің сөйлеу этикетінің нормаларын сақтауды, ауызша және жазбаша сөз әрекетінің нормаларын сақтауды, ұлттық мәдениеттің, ұлттық сөйлеу этикетінің, көпмәдениетті қоғамда әңгімелесушінің ерекшеліктерін ескеруді) меңгеруі тиіс.

Орыс әдебиеті (орыс мектептерінде)

Русская классическая литература. А.С.Грибоедов. Комедия «Горе от ума». А.С.Пушкин. Лирика: «Вольность», «К Чаадаеву», «Деревня», «Погасло дневное светило…», «Демон», «Свободы сеятель пустынный…», «К морю», цикл «Подражание Корану», «Храни меня, мой талисман», «К ***», «19 октября », «Пророк», «Во глубине сибирских руд…», «Поэт», «Анчар», «На холмах Грузии лежит ночная мгла…», «Зимнее утро», «Я вас любил: любовь еще, быть может…», «Брожу ли я вдоль улиц шумных…», «Бесы», «Элегия», «Осень», «Не дай мне Бог сойти с ума…», «Туча», «Вновь я посетил…», «Я думал, сердце позабыло…», «Я памятник себе воздвиг нерукотворный…». Поэмы: «Бахчисарайский фонтан», «Цыганы», «Медный всадник». Маленькие трагедии: «Скупой рыцарь», «Моцарт и Сальери», «Каменный гость». Драма «Борис Годунов». Проза: «Повести Белкина», «Дубровский», «Пиковая дама», «Капитанская дочка». Роман «Евгений Онегин». Пушкин и мировая литература. Дж.Байрон «Корсар», «Гяур»; В.Скотт «Роб Рой», «Айвенго», «Эдинбургская темница». Пушкин и Казахстан: Пушкин и Абай.

М.Ю.Лермонтов. Лирика: «Мой демон», «Ангел», «Я не унижусь пред тобою…», «Нет, я не Байрон, я другой…», «Парус», «Смерть поэта», «Бородино», «Когда волнуется желтеющая нива…», «Молитва», «Дума», «Поэт», «Три пальмы», «Молитва», «Есть речи – значенье…», «Как часто пестрою толпою окружен…», «И скучно, и грустно», «Воздушный корабль», «Завещание», «Родина», «На севере диком стоит одиноко…», «Утес», «Сон» , «Нет, не тебя так пылко я люблю…», «Выхожу один я на дорогу…», «Пророк». Поэмы: «Мцыри», «Беглец», «Демон». Драма «Маскарад». Роман «Герой нашего времени». Лермонтов и мировая литература. Байрон. Лермонтов и Казахстан. Гейне – Лермонтов – Абай.

Н.В.Гоголь. Циклы повестей: «Вечера на хуторе близ Диканьки», «Миргород», «Петербургские повести». Комедия «Ревизор». Поэма «Мертвые души». Гоголь и мировая литература. «Одиссей» Гомера, «Божественная комедия» Данте, «Дон-Кихот» М.Сервантеса, Э.Т.А.Гофман. Гоголь и Казахстан. Переводы произведений Гоголя на казахский язык.

А.Н.Островский. Пьесы: «Гроза», «Бесприданница», «Лес». И.А.Гончаров. Романы: «Обыкновенная история», «Обломов», «Обрыв». И.С.Тургенев. Повести: «Ася», «Вешние воды». Романы: «Рудин», «Дворянское гнездо», «Накануне», «Отцы и дети». Тургенев и мировая литература. Флобер, Мериме, Мопассан, Золя. Н.С.Лесков. Повести и рассказы: «Очарованный странник», «Тупейный художник», «Жемчужное ожерелье». Лесков и мировая литература. О.Генри «Дары волхвов».

Н.А.Некрасов. Лирика: «В дороге», «Колыбельная песня», «Тройка», «Нравственный человек», «Вчерашний день, часу в шестом…», «Мы с тобой бестолковые люди…», «Блажен незлобливый поэт…», «Влас», «Забытая деревня», «Внимая ужасам войны…», «Поэт и гражданин», «Размышления у парадного подъезда», «Крестьянские дети», «Железная дорога», «Элегия», «О Муза! Я у двери гроба…». Поэма «Кому на Руси жить хорошо».

Ф.И.Тютчев. Лирика: «Весенняя гроза», «Бессонница», «Цицерон», «Весенние воды», «Silentium!», «Как над горячею золой…», «О чем ты воешь, ветр ночной?..», «Как птичка, раннею зарей…», «Тени сизые смесились…», «Фонтан», «29-ое января 1837», «День и ночь», «Море и утес», «Два голоса», «О, как убийственно мы любим…», «Наш век», «Предопределение», «Чему молилась ты с любовью…», «Я очи знал – о, эти очи!..», «Близнецы», «Последняя любовь», «Эти бедные селенья…», «Есть в осени первоначальной…», «Она сидела на полу…», «Весь день она лежала в забытьи…», «Ночное небо так угрюмо…», «Две силы есть – две роковые силы…», «К.Б.».

А.А.Фет. Лирика: цикл «Гадания», «На заре ты ее не буди…», «Я жду… Соловьиное эхо…», «Я пришел к тебе с приветом…», «Я долго стоял неподвижно…», «Уж верба вся пушистая…», «Шепот, робкое дыханье…», «Венера Милосская», «Еще майская ночь», «На стоге сена ночью южной…», «Грезы», «На железной дороге», «В дымке-невидимке…», «Сияла ночь. Луной был полон сад. Лежали…», «Шопену», «Музе», «Учись у них – у дуба, у березы…», «Добро и зло», «Я тебе ничего не скажу…», «Целый мир от красоты…», «Чем доле я живу, чем больше пережил…», «Одним толчком согнать ладью живую…», «Как богат я в безумных стихах!..», «Как беден наш язык! – Хочу и не могу…», «Quasi una fantasia».

М.Е.Салтыков-Щедрин. Сказки: «Медведь на воеводстве», «Премудрый пискарь». Роман «Господа Головлевы». Ф.М.Достоевский. Романы: «Бедные люди», «Униженные и оскорбленные», «Преступление и наказание», «Идиот». Достоевский и мировая литература. Ф.Ницше, Ф.Кафка, А.Камю, Ж.-П.Сартр и др.). Достоевский и Казахстан. Ч.Ч.Валиханов.

Л.Н.Толстой. Романы: «Война и мир», «Анна Каренина». Толстой и мировая литература. «Бальзак, Стендаль и Толстой. «Очарованная душа» Р.Роллана, «Сага о Форсайтах» Дж.Голсуорси.

А.П.Чехов. Повести и рассказы: «Размазня», «Унтер Пришибеев», «Переполох», «Тоска», «Ванька», «Попрыгунья», «Палата № 6», «Дом с мезонином», «О любви», «Душечка», «Дама с собачкой». Пьесы: «Вишневый сад», «Чайка», «Три сестры».

И.А.Бунин. Лирика: «Бледнеет ночь... Туманов пелена», «В орде», «В полночный час я встану и взгляну», «Вечер», «Настанет день – исчезну я…», «Полночный звон степной пустыни», «Родине», «Слово», «Потомки Пророка», «Зеленый стяг», «Ковсерь», «Тайна», «Источник звезды», «Белые крылья», «Ночь Аль-Кадра», «Завеса». Рассказы: «Антоновские яблоки», «Грамматика любви», «Легкое дыхание», «Господин из Сан-Франциско», «Сны Чанга», «Солнечный удар», «Чистый понедельник», «Тень птицы», «Свет Зодиака».

А.И.Куприн. Повести и рассказы: «Поединок», «Молох», «Штабс-капитан Рыбников», «Мирное житие», «Анафема», «Святая ложь». М.Горький. Повести и рассказы: «Бывшие люди», «Супруги Орловы», «Коновалов», «Ледоход». Пьеса «На дне». Л.А.Андреев. Рассказы: «Валя», «Город», «Гостинец», «Губернатор», «Два письма», «Друг», «Жизнь Василия Фивейского».

В.Я.Брюсов. Лирика: «Мучительный дар», «После грез», «Свиваются бледные тени…», «Творчество», «Есть что-то позорное в мощи природы…», «И, покинув людей, я ушел в тишину…», «Как царство белого снега…», «Четкие линии гор…», «Юному поэту», «Я действительности нашей не вижу…», «Я знаю беглость Ночи и Зимы…», «Женщине», «Мы к ярким краскам не привыкли…», «Скифы», «Я», «К портрету М.Ю.Лермонтова», «Отрады», «З.Н.Гиппиус», «Братья бездомные», «Каменщик», «Мечтание», «Работа», «К.Д.Бальмонту», «Я много лгал и лицемерил…», «Кинжал», «Младшим», «Грядущие гунны», Проза: «Бемоль», «В башне», «В зеркале», «За себя или за другую?», «Элули, сын Элули».

К.Д.Бальмонт. «Ангелы опальные», «Аромат солнца», «Безглагольность», «Бог и Дьявол», «Жар-птица», «Избранный», «Камыши», «Поэты», «Раненый», «Скиф», «Сны», «Челн томленья», «Что мне нравится», «Я - изысканность русской медлительной речи…», «Я в этот мир пришел, чтоб видеть Солнце…», «Я вольный ветер, я вечно вею…», «Я мечтою ловил уходящие тени…».

А.А.Блок. Лирика: «Люблю высокие соборы…», «Она стройна и высока…», «Religio», «Вхожу я в темные храмы…», «Девушка пела в церковном хоре…», «Русь», «Незнакомка», «Вот явилась. Заслонила…», «О весна без конца и без краю…», «Двойник», «Ночь, улица, фонарь, аптека…», «Миры летят. Года летят. Пустая…», «О доблестях, о подвигах, о славе…», «О, я хочу безумно жить…», «О, как смеялись вы над нами…», «Земное сердце стынет вновь…», «Друзьям», «И вновь – порывы юных лет…», «Я пригвожден к трактирной стойке…», «О да, любовь вольна, как птица…», «Россия», «На железной дороге», «Грешить бесстыдно, непробудно…», «Рожденные в года глухие…». Поэмы: «Возмездие», «Двенадцать».

Н.С.Гумилев. Лирика: «Credo», «Когда ж вечерняя заря…», «Думы», «Выбор», «Умный дьявол», «Вечер», «Сонет», «Она», «Паломник», «Отравленный», «Солнце духа», «Я вежлив с жизнью современною…», «Восьмистишие», «Рабочий», «Юг», «Рассыпающая звезды», «О тебе», «Сон», «Сердце радостно, сердце крылато…», «Дорога», «Соединение», «Мадагаскар», «Память», «Слово», «Мои читатели».

А.А.Ахматова. Лирика: «И когда друг друга проклинали…», «Дверь полуоткрыта…», «Смуглый отрок бродил по аллеям…», «Музе», «Любовь», «Слаб голос мой, но воля не слабеет», «Помолись о нищей, о потерянной…», «Я научилась просто, мудро жить…», «Приходи на меня посмотреть…», «Вечером», «Стихи о Петербурге», «О тебе вспоминаю я редко…»,«Столько просьб у любимой всегда…», «Черная вилась дорога…», «Я пришла к поэту в гости…», «Вижу, вижу лунный лук…», «Молитва», «Ведь где-то есть простая жизнь и свет…», «Теперь никто не станет слушать песен…», «Мне от бабушки-татарки…», «Это просто, это ясно…», «Когда в тоске самоубийства…».



М.Горький. «Жизнь Клима Самгина», «Несвоевременные мысли». Маяковский. Лирика. Поэмы «Про это», «Хорошо»,»Во весь голос». Пьесы «Баня», «Клоп». С.Есенин. Лирика. Поэмы «Анна Снегина», «Черный человек». А.Ахматова. Лирика. О.Мандельштам. Лирика. М.Цветаева. Лирика. Б.Пастернак. Лирика. Роман «Доктор Живаго». А.Фадеев. «Разгром». М.Зощенко. Рассказы. Е.Замятин. Рассказы. Роман «Мы». И.Бунин. «Жизнь Арсеньева», «Окаянные дни». В.Ходасевич. Лирика. Д.Мережковский. Лирика. Проза. З.Гиппиус. Лирика. Проза. А.Платонов. Рассказы. Роман «Котлован». М.Булгаков. «Собачье сердце», «Мастер и Маргарита». Пьесы «Зойкина квартира», «Иван Васильевич». А.Толстой. «Аэлита», «Петр Первый», «Хождение по мукам». Н.Заблоцкий. Лирика. М.Шолохов. «Тихий Дон». А.Твардовский. Лирика. «Василий Теркин», «По праву памяти». К. Симонов. Лирика. Роман «Живые и мертвые». Военная лирика: М.Исаковский. Лирика. А.Сурков. Лирика. В. Гроссман. «За правое дело», «Жизнь и судьба». А.Бек. «Волоколамское шоссе», «Новое назначение». Б. Васильев. «В списках не значился», «А зори здесь тихие…». В.Быков. «Обелиск», «Сотников». Ю. Бондарев. «Горячий снег», «Берег», «Выбор». Ю.Трифонов. «Обмен», «Другая жизнь». А.Битов. «Такое долгое детство», «Одна страна»; В. Аксенов. «Звездный билет», «Апельсины из Марокко»; Ю.Казаков. Северные рассказы. В.Шаламов. Колымские рассказы. А.Солженицын. «Архипелаг ГУЛАГ». А.Рыбаков. «Тяжелый песок», «Дети Арбата». Е.Гинзбург. «Крутой маршрут». В.Дудинцев. «Белые одежды». Ю.Домбровский. «Хранитель древностей», «Факультет ненужных вещей». В.Шукшин. Рассказы. В.Распутин. «Живи и помни», «Последний срок», «Прощание с Матерой». А.Вампилов. «Старший сын», «Утиная охота». А.Арбузов. «Иркутская история», «Старомодная комедия»; В.Розов. «Гнездо глухаря»; А.Володин. «Пять вечеров»; Л.Зорин. «Покровские ворота». А.Вознесенский. Лирика. Р.Рождественский. Лирика. Е.Евтушенко. Лирика. В.Высоцкий. Лирика. Б.Окуджава. Лирика. Б.Ахмадуллина. Лирика. О.Сулейменов. Лирика. Поэма «Глиняная книга». Исследование «Аз и Я». Н.Рубцов. Лирика. А.Тарковский. Лирика. Д.Самойлов. Лирика. В.Тендряков. «Весенние перевертыши», «Шестьдесят свечей», «Расплата», «Параня», «Охота». В.Войнович. «Жизнь и необычайные похождения Ивана Чонкина». Н.Коржавин. Лирика. И.Бродский. Лирика. С.Довлатов. Проза. Ф.Искандер. «Сандро и Чегема». Ч.Айтматов. «И дольше века длится день…», «Плаха». В.Пелевин. «Амон Ра».

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар:әдебиет туралы тарихи-әдебиеттік мағлұматтарды; көрнекті жазушылардың өмірбаяндық және шығармашылық жолын; әдеби туындылардың мәтіндерін; көркем туындылардың эстетикалық, жалпыадамзаттық және тарихи-әдебиеттік мәнін; өнердің түрі ретінде әдебиет туралы; көркем туындыны талдау үшін қажетті теориялық ұғымдарды; бағдарламалық көркем туындыларды сыни және әдебиеттануда классикалық тұрғыда түсіндірілуін; әдебиеттің рөлін, оның ішінде қоғамның рухани өмірінің бөлігі ретінде орыс әдебиетінің рөлін ұғыну мақсатында әдебиет бойынша білімдер жүйесін, оның жас ұрпақтың рухани-адамгершілік шамасының дамуына әсерін; өлеңмен жазылған мәтіндер және көркем прозалар үзінділерінің белгілі санын білуі тиіс;

сонымен қатар, оқушылар: әдеби туынды туралы ауызша және жазбаша оқырмандық және шығармашылық пікірін бере білетіндігін көрсетуді; әдебиеттану ұғымдарын пайдаланып және мәдени реалийді, этномәдени мәнмәтінді ескеріп көркем мәтінді талдауды; көрем туындыны «бұқаралық мәдениеттен» айыра білуді; әдеби проблемаларда өз көзқарасын дәлелдеуді; әдеби және публицистикалық тақырыптарға әр түрлі жанырда шығармалар жазуды; өз бетінше шығармашылық зерттеу дағдыларын талап ететін жанырлардың мәтіндерін жазып шығаруды: баяндама, тұсау кесер, рецензия, шолу, эссе, сыни шағын мақала; көркем туындыны оқып білуде арнайы әдебиетті және Интернет-ресурстарды пайдалануды; оқып білетін туындылар мен қазіргі заманмен арақатынасын белгілеуді; оқылған туындының суреттеу, кесте, схема, суреттің элементтері бар схема түрінде көркемдік әлемінің моделін жасауды; классикалық туындыны өзінің түсінуінде пәрменді көзқарасы мен ауызша және жазбаша түрде көрсетуді; талдауды, өңдеуді, жинақтауды және ғылыми ақпаратты пайдалануды, қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалануды меңгеруі тиіс.

Ағылшын тілі

Сөйлеу құзыреттілігі: Тіл мен сөз әрекетінің ара қатынасы. Сөз әрекетінің түрлері: ауызша және жазбаша. Сұхбаттық және монолог сөз. Сөз мәдениеті: шетел тілінің нормалары. Мәтін: тақырып, негізгі ой, мәтін бөліктері. Мәтін жоспары. Мәтіннің логикалық құрылымы. Сұхбаттық сөз түрлері: сұрау сұхбаты, іс-әрекетке түрткі болатын сұхбат, пікір алмасу сұхбаты. Монолог сөз түрлері: сипаттау, хабарлама, пайымдау. Монолог сөз түрлерінің тілдік ерекшеліктері. Сөз әрекетінің түрлерін қолдану арқылы монолог құру. Тілдің функционалдық стильдері. Тілдің функционалдық стильдерінің жүйесі. Ауызекі сөйлеу стилі. Тілдің ғылыми стилі. Ресми және іскер стиль. Тілдің публицистикалық стилі. Әдеби стиль. Әдеби мәтінге лингвистикалық талдау жасау. Сөйлеу жанрлары. Сөйлемдер айтқанда қарым-қатынас жағдайын ескеру: қарым-қатынас жасаудың ресми/биресми түрлері, серіктестің жас немес әлеуметтік ерекшелігі, сөйлеуші мен серіктестің қарым-қатынасының сипаты. Сөйлеу этикеті. Сөз әрекетінің коммуникативтік қасиеттері. Шешендік өнер негіздері.

Әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндер құру. Іскер әлемде қарым-қатынас жасау, қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін талқылау іскерліктерін дамыту. Әр түрлі тақырыптарда қарым-қатынас жасау біліктері. Тілдің коммуникативтік қасиеттерін жетілдіру.



Тілдік құзыреттілік: Қазіргі қоғамда шетел тілінің функциялары. Фонетикалық ерекшеліктер. Дыбыстау нормалары мен орфоэпия. Орфография және фонетика. Лексика. Сөз және оның мағынасы. Тақырыптық лексикадағы синонимдік тізбектер мен антонимдік жұптар. Акронимдер. Кірме сөздер. Фразеология. Фразеологияның стилистикалық сипаттамасы. Сөзжасам. Түрлі сөз таптарының сөзжасамдары. Тілдің грамматикалық тізбегі. Морфология. Сөз таптары және олардың орфографиялық сипаты. Синтаксистегі сөз, сөз тіркесі және сөйлем. Сөйлемнің грамматикалық негізі. Жай сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем. Бағыныңқы құрмалас сөйлем. Күрделі сөйлемдегі пунктуация. Әр түрлі стильдегі мәтіндердегі сөйлем түрлерінің қызметі.

Әлеуметтік-мәдени құзыреттілік: Тілін оқып жатқан елдің/ елдердің әлеуметтік-мәдени және мәдениаралық ерекшеліктері. тілін оқып жатқан ұлттық мәдениет ерекшеліктері: салт-дәстүрлері, этикеті, әлеуметтік топтары, тарихы мен мәдениеті және сөйлеу этикетін мәдениаралық байланыста қолдану.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар: меңгерілген лексикалық бірліктердің мағынасын, бағалау лексикасын, тілін оқып жатқан елдің мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттайтын сөйлеу этикетінің реплика-клишелерін; негізгі сөзжасам тәсілдерін; фразалық етістіктерді, тұрақты сөз тіркестерін; меңгерілген грамматикалық құбылыстардың сипатын білуі тиіс.

сонымен қатар: ағылшын тілінің барлық дыбыстарын дауыстылардың қысқалығы мен ұзақтығын сақтай отырып дыбыстауды; меңгерілген материал аясында лексикалық минимумды оқығанда және тыңдағанда ажырата алуды; тақырыптары аясында меңгерілген лексикалық бірліктерді сөз әрекетінде қолдануды; салалас құрмалас және бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді ауызша және жазбаша сөз әрекетінде қолдануды меңгеруі тиіс.

Сөйлеу құзыреттілігіне сәйкес оқушы меңгеруі тиіс: қызықтыратын тақырыптар аясында хабарлама жасау; оқиғаларды, әсерлерін, үміттерін, мақсаттарын сипаттау, болашақтағы жоспарлары мен өз пікірін білдіру; ағылшын тілі ана тілі болып келетін адаммен қарым-қатынасқа еш қиындықсыз түсіп, жылдам сөйлеу; әр түрлі тақырыпта түсінікті, толық хабарламалар жасау; негізгі мәселеге өзінің көзқарасын білдіру, әр түрлі пікірлердің жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету; әңгімені бастау, әңгімеге қолайлы сәтте кірісу және әңгімені аяқтау; таныс тақырыптағы әңгімеге қатысу, талқыланып жатқан мәселені түсіну, өзгелерді әңгімеге қатысуға шақыру; серіктестің сауалдарына жауап беру және сұрақ қою, өз пікірін білдіру, өтініш білдіру, серіктестің жасаған ұсынысына келісім беру/ келіспеу; таныс тақырып бойынша талқылауға қатысу; өз пікірін білдіру және дәлелдеу; болашақтағы жоспарлары жайлы баяндау, өз қаласы/ ауылы, өз елінің және тілін оқып жатқан елдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәлімет беру; қоғамның өзекті мәселелерін талқылау; өзекті мәселе бойынша өз пікірін білдіру және дәлелдеу; меңгерілген тақырыптар аясында оқиғаларды сипаттау, оқылған немесе тыңдалған мәтіннің негізгі ойын, мазмұнын баяндау, өз пікірін білдіру; ауызша және жазбаша сөз әрекетінде синонимдерді қолдану; әртүрлі ғылыми-практикалық конференциялар, дебаттар, дискуссияларда ағылшын тілінде баяндама жасау.

«Тыңдалым» әрекеті бойынша оқушы меңгеруі тиіс: қиын емес түпнұсқалық прагматикалық мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну және өзіне маңызды ақпаратты анықтау; сөз әрекетінің әр түрлі коммуникативтік түрлеріне жататын қиын емес түпнұсқалық мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну, мәтіннің тақырыбын анықтау, мәтіндегі басты оқиғаларды анықтау; мұғалімнің нұсқауларын, сыныптастарының сөзін дұрыс қабылдау; қабылданған ақпаратты сөз әрекетінде қолдану.

«Оқылым» әрекеті бойынша оқушы меңгеруі тиіс: шетел тіліндегі мәтінді түсіну, тақырыбына қарап мазмұнын болжау; түрлі жанрдағы түпнұсқалық мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну (тақырыбын анықтау, негізгі ойын, басты оқиғаларды, оқиғалардың логикалық ретін айқындау); түрлі жанрдағы қиын емес түпнұсқалық мәтіндердің негізгі мазмұнын толық түсіну, оқыған ақпаратқа баға беру, өз ойын білдіру; қажетті немесе қызығушылық тудыратын ақпаратты таңдай отырып мәтінді оқу; нақты немесе жалпы тақырыптағы қиын мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіну.

«Жазылым» әрекеті бойынша оқушы меңгеруі тиіс: сауалнамалар мен бланкілерді толтыру; құттықтаулар жазу, үлгіге сүйене отырып жеке хат жазу, оның өмірі мен қал-жағдайын сұрау, өзі жайлы мәлімет беру, сөйлеу этикетінің нормаларын сақтай отырып алғыс білдіру, өтініш білдіру; қызығушылық тудыратын сұрақтар бойынша толық хабарламалар жазу; өз ойын дәлеледей отырып эссе, баяндама жазу; маңызды болып табылатын оқиғалар мен әсерлерді ерекшелей отырып хаттар жазу.

Әлеуметтік-мәдени құзыреттілікке сәйкес оқушы

білуі тиіс: тілін оқып жатқан елдің сөйлеу этикетінің нормаларын; тілін оқып жатқан елдің мәдениеті мен тарихын, ұлттық мейрамдары, АҚШ пен Ұлыбританияның мемлекеттік құрылымындағы ерекшеліктері;

меңгеруі тиіс: ағылшын тілі ана тілі болып келетін адаммен ауызша және жазбаша сөз әрекетінде өзара түсіністікке қол жеткізу; шет елдегі құрбыларымен мәдениаралық және тұлғааралық қарым-қатынас орнату; ақпаратты жеткізудің шет тіліндегі көздері арқылы әлем мәдениетінің құндылықтары жайлы ақпарат алу; өз елінің және тілін оқып жатқан елдің мәдениеті жайлы монолог сөз айту.
4.2 «Математика және информатика» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны
«Математика және информатика» білім саласының мазмұны «Математика (алгебра және анализ бастамалары, геометрия), «Информатика» пәндері арқылы жүзеге асырылады.

Математика (алгебра және анализ бастамалары, геометрия)

Сандар және есептеулер. Комплекс сандар және олардың жазылуының әртүрлі формалары. Комплекс сандардың координаталық жазықтықта кескінделуі. Комплекс сандармен амалдар орындау.

Өрнектер және оларды түрлендірулер. Бірнеше қосылғыштардың алгебралық қосындысының квадраты. п > 3 үшін қысқаша көбейту формулалары. Көпмүшені көпмүшеге қалдықпен бөлу. Көпмүшелер үшін Евклид алгоритмі. Көпмүшенің түбірлері.

Теңдеулер және теңсіздіктер. Теңдеулер мен олардың жүйелерін шешудің негізгі әдістері. Теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шешудің негізгі әдістері. Дәрежелік-көрсеткіштік теңдеулер және теңсіздіктер. Айнымалысы логарифмнің негізінде берілген логарифмдік теңдеулер және теңсіздіктер. Айнымалысы модуль таңбасы ішінде берілген логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктер. Параметрі бар теңдеулер мен теңсіздіктер. Жоғары дәрежелі теңдеулерді шешу.

Функциялар. Функцияның нүктедегі шегі; функцияның нүктедегі және жиындағы үздіксіздігі; туынды, оның геометриялық және физикалық мағынасы; туындының көмегімен функцияны зерттеу; алғашқы функция, интеграл және оның геометриялық мағынасы; туындыны геометриялық, физикалық және практикалық есептерді шешуде қолдану; анықталған интегралдың көмегімен жазық фигураның ауданын және дененің көлемін табу.

Стохастика элементтері. Комбинаторика элементтері: қайталанатын және қайталанбайтын ауыстырулар мен орналастырулар, қайталанбайтын терімділіктер. Ньютон Биномы. Ақпараттарды өңдеудің статистикалық әдістері.

Геометриялық фигуралар және шамалар. Геометриялық шамаларды өлшеу. Геометриялық фигуралар (екіжақты бұрыш, жартыжазықтық, дөңес және дұрыс көпжақтар, призмалар, пирамидалар, қиық пирамида, дөңгелек денелер: цилиндр, конус, шар) және олардың қасиеттері. Кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуы. Геометриялық шамаларды (кеңістіктегі бұрыштар мен қашықтықтарды, геометриялық денелердің бүйір және толық беттерін, көлемдерін) өлшеу. Көпжақтар мен айналу денелерінің және олардың жазықтықпен қимасының кескіндерін салу. Кеңістіктегі векторлық-координаталық әдіс: нүктелер мен векторлардың координаталары; кесінді ортасының координаталары; координаталары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісі; екі нүктенің ара қашықтығы; жазықтықтың теңдеуі; сфераның теңдеуі.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар: теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің негізгі әдістерін; математикалық анализ элементтерін; Ньютон – Лейбниц формуласын; комплекс сандарды және олардың жазылуының әртүрлі формаларын; түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуының түрлерінің қасиеттерін және белгілерін; кеңістіктік геометриялық фигуралардың қасиеттерін; параллель проекциялаудың қасиеттерін; қиық пирамиданың бетінің ауданы мен көлемін табу формулаларын; цилиндр мен конустың бүйір және толық беттерінің аудандары мен көлемдерін табу формулаларын; сфераның ауданы мен шардың көлемін табу формулаларын; кеңістіктегі координаталық геометрияның негізгі формулаларын білуі тиіс.

және оқушыларда: функцияның туындысын және алғашқы функциясын табу; функцияның нүктедегі шегін табу; функцияның нүктедегі үздіксіздігін дәлелдеу; геометриялық, физикалық және қолданбалы есептерді, соның ішінде функцияның жиындағы ең үлкен және ең кіші мәндерін табуға арналған есептерді шешу; математикалық анализ аппаратын пайдаланып функцияны зерттеу; параметрі бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу; теңдеулер мен теңсіздіктерді стандартты емес әдістермен шешу; бірнеше айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешу; анықталған интегралды пайдаланып жазық фигураның ауданын табу; қарапайым дифференциалдық теңдеулерді шешу; алгебралық және тригонометриялық формаларда берілген комплекс сандарға амалдар қолдану; қажет жағдайда анықтамалықтар мен есептеу құралдарын пайдаланып, тәжірибелік мазмұнды есептерді шығаруда нақтылы объектілердің ұзындықтарын, аудандары мен көлемдерін табу; екіжақты бұрыштың және екі жазықтықтың арасындағы бұрыштың өлшемін (градустық және радиандық) табу; алгебралық аппаратты, тригонометрияны және сонымен қатар векторлық-координаталық әдісті қолданып, игерілген жазық және кеңістіктік фигуралардың қасиеттері арқылы геометриялық есептерді шешу; цилиндрді, конусты, шарды және олардың элементтерін кескіндеу; көпжақтардың, цилиндрдің, конустың және шардың қималарын салуға арналған есептерді шешу; игерілген формулалар мен геометриялық фигуралардың қасиеттері негізінде практикалық жағдайларды зерттеу; математикалық моделдеудің көмегімен тәжірибелік мазмұнды есептерді шешу; математикалық моделдерді талдау, тұжырымдау және құру; диаграмма, график, кесте түрінде берілген сандық мәліметтерді талдау, классификациялау мен тұжырымдау және осы мәліметтерді жобалық-зерттеу жұмыстарында қолдану біліктігі болуы тиіс.
Информатика

Операциялық жүйелер. Операциялық жүйені орнату және кескіні (конфигурация). Ақпараттық жүйелер. Қазіргі заманауи компьютерлік программалық қамтамасыз ету. Аудармашы - программалар. Компьютерлік және оргтехникамен жұмыс.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Мультимедия. Деректер қорымен жұмыс. Баспа жүйелері.

Программалау. Кәсіби баспа жүйесінде жұмыс істеу технологиясы. Компьютерлік графика және дизайн. Movie Maker программасының мүмкіндіктері. Web-беттерді құру жане дизайны. Web-сайтты жобалау және жариялау. Программалау. Модельдеу және формальдау.



Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар: оқу жобасына қойылатын талаптарды; құжатты сканерлеу технологиясын; мәтінді танып алу программасын; мәтіндік процессордың негізгі мүмкіндіктерін; құжатты рәсімдеудің негізгі түрлері мен стандарттары; макростар ұғымын; құжатты қорғау тәсілдерін; анимация мен мультипликацияны ұйымдастыру негіздерін; Web-дизайнның негізгі қағидаларын; операциялық жүйе параметрлерін баптауын; компьютерлік вирус және вирусқа қарсы программа ұғымдарын; компьютерлік графика түрлерін: векторлық және растрлық графиканы; «баспа жүйесі» программасының міндеті мен интерфейсін; браузерлер функциялары мен олардың түрлерін; ақпаратты қорғау аймағындағы ҚР заңнамасын; жоғары деңгейлі программалау тілінің орта ұғымын; құрылымдық, модельдік, объекті-бағдарлы программалау туралы ұғымдарын; объекті-бағдарлы ортасында құрылған файлдар міндетімен типтерін білу; ДҚ қалыптастыруға арналған программалардың мүмкіндіктерін білуі керек;

сонымен қатар, оқушылар: өзекті сұрақты тұжырымдауға, зерттеу тақырыбы бойынша гипотеза ұсынуды; құжатты мәтіндік процессорда құруды, сақтауды, редакциялауды, баспалауды; графикалық бейнелер мен анимацияны құруды және редакциялауды; кез келген мектеп пәнінде және өзін-өзі дамыту мақсатында мәтіндік редакторды, графикалық редакторды, баспа жүйелерін қолдануды; программалық қамтамасыз етуді орнатуды және жоюды; компьютерге қосылған құрылғыларды баптауды; операциялық жүйе параметрлерін баптауды; вирусқа қарсы программаларды қолдануды; растрлық және векторлық графикада жұмыс істеуді; жоғары деңгейлі программалау тілінде программалау; негізгі алгоритмдік құрастырылуымды жобада қолдануды; негізгі Интернет клиенттерін: браузерді, электрондық поштаны іске қосуды; модемді орнатуды және баптауды; жергілікті желіні баптауды; HTML тілінде программалауды; Web-беттер құруды; деректер қорын құруды, толтыруды, сақтауды, редакциялауды; деректер қорымен жұмыс істеуді меңгеруі тиіс.
4.3 «Жаратылыстану» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны
«Жаратылыстану» білім саласының мазмұны «География», «Физика», «Биология», «Химия» пәндері арқылы жүзеге асырылады.

География

Жер планетасы: жердің даму тарихы, жердің пайда болуы туралы ғылыми болжамдар, қалыптасу кезеңдері, өлшемдері, геологиялық жыл санау, геохронологиялық, Күн мен Айдың жердегі үдерістерге әсері. Географиялық қабық, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера туралы ұғымдар, литосфераның құрылысы, зерттеудің қазіргі кездегі әдістері, тау жыныстары, минералдардың белгілері, жел қақтыру, жер бедері, пішіндері, планетадағы ғажайып пішіндер. Гидросфера, оның құрамы, Жер бетінде судың таралуы, табиғаттағы дүниежүзілік су айналымы, оның маңызы. Судың булануы, өсімдіктердің суды буландыруы, судың қасиеттері, табиғаттағы ерітінділер. Атмосфераның зерттелуі, құрылысы мен құрамы, ауаның қасиеттері, маусымдық құбылыстар, ауа райы, климат. Биосфера, ноосфера жайлы түсінік, биосфераның құрамы, топырақ және оның маңызы. Ландшафт туралы түсінік, оның дамуы, Қазақстандық ландшафтар. Экваторлық ылғалды, субэкваторлық ауыспалы-ылғалды орман, саванналы, тропиктік шөлді, субтропиктік жерортатеңіздік, далалы, шөлейтті, шөлді, тайгалық арктикалық шөлді, субарктикалық ландшафтар, биіктік белдеулер.



Дүние жүзінің экономикалық географиясы: табиғат ресурстары, минералды, агроклиматтық, су, жер, биологиялық, рекреациялық ресурстары, Дүниежүзілік мұхит ресурстары, энергияның балама көздері. Халықтар географиясы, ірі агломерациялар, мегалополистер. Ғылыми-техникалық революция, дүниежүзілік шаруашылық, негізгі түсініктер, өзгерістер. экономикалық ықпалдастық (интеграция). Өндірісті аумақтық орналастыру өнеркәсіптік аудандар. Қазіргі әлемдегі Қазақстанның экономикасы, саяси, дипломатиялық байланыстар, экономикалық реформалар, «Қазақстан – 2050» Бағдарламасы. Халықаралық ұйымдар.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар: география ғылымының даму кезеңдері; Жердің планета ретінде даму ерекшеліктері; Күн және Айдың жердегі үдерістерге ықпалы; географиялық қабық планетарлық масштабтағы табиғат кешені; Жер материктеріндегі ландшафтардың алуан түрлілігі; материктер мен Дүниежүзілік мұхиттың табиғат ресурстарының орналасу заңдылықтары; Жер халықтары ерекшеліктері; ҒТР дүние жүзі шаруашылығына әсері; өндірісті ұйымдастырудың аумақтық проблемалары; дүниежүзілік өнеркәсіп салаларының географиясы; ауыл шаруашылығының жетекші салаларын орналастыру географиясы; дүние жүзінің әр түрлі аймақтарында көлік түрлерінің дамуы және рөлі; қазіргі әлем шаруашылығындағы Қазақстан экономиасының құрылымы жайлы түсініктері болуы тиіс.

және оқушылар: Жердік математикалық өлшемдерін; географиялық қабық компонентерінің ерекшеліктерін: литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера, олардың қазіргі жағдайын және дамуын; «ландшафт» түсінігінің құрамдас компонентерін; географиялық қабықтың кеңістіктік бөлінісін; минералды, жер, агроклиматтық, су, биологиялық, рекреациялық ресурстардың экономиканың дамуы үшін маңызын; адамдардың денсаулығын қалпына келтіруде және сақтауда рекреациялық ресурстардың маңызы; Жер халқы санының өзгеруін; аймақтар бойынша ғаламшар халқының құрамын; елді мекендердің типтерін, қалалардың жіктелуі мен қызметін; ғылым мен техниканың жетістіктерін және олардың дүние жүзі шаруашылығы салаларының экономикалық дамуына әсерін және олардың орналасуын; дүниежүзілік өнеркәсіп салаларын орналастырудың факторларын және негізгі бағыттарын, жаңа үрдістерді; ауыл шаруашылық салаларын орналастырудың факторларын және негізгі бағыттарын, жаңа үрдістерді; көліктің маңызын; қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасы құрылымының өзгеруіне әсер еткен факторлар; Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық экономикалық ұйымдарды; «Қазақстан – 2050» Бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы дамуының артықшылықтарын білулері тиіс.

сонымен қатар, оқушылар: жалпы географиялық карталарға талдау; геохронологиялық таблицаның деректерін талдау; климаттың түрін анықтау үшін ауа райы әр түрлі көрсеткіштерін салыстыру; статистикалық деректердің көмегімен жекелеген елдердің даму деңгейін және шаруашылығының құрылымын анықтау; шаруашылық салалары бойынша кешенді сипаттама жасау үшін тақырыптық карталарды талдау; берілген тақырып бойынша хабарламалар, рефераттар дайындау үшін қосымша ақпарат жинақтау; таңдап алынған проблема бойынша өз көзқарасын дәлелдеу; презентациялар дайындау; сабақтарда бұқаралық ақпарат материалдарын, басқа да ақпарат көздерін қолдану; ғылыми зерттеулер жүргізу және жұмыс нәтижесіне презентация жасауды жүзеге асыра алулары тиіс.

Физика

Әлемдi танып-бiлудiң ғылыми әдiстері. Физика – табиғаттың қарапайым және iргелi қасиеттерi туралы ғылым.

Механика. Классикалық механиканың негіздері. Релятивтік механиканың негіздері.

Молекулалық физика. Термодинамика. Молекулалық-кинетикалық теория.

Электродинамика. Электростатика. Тұрақты электр тогы.

Кванттық физика. Жарық кванттары. Атом ядросының физикасы. Астрофизиканың элементтері.



Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар: табиғатты танып-білудің ғылыми әдістері бойынша оқушылар: табиғатты танып-білудің заманауи ғылыми әдістерін; техниканың және басқа ғылымдардың дамуындағы физиканың ролін сипаттауды және түсіндіруді білуі және игеруі тиіс.

  • классикалық механика, молекулалық физика және термодинамиканың физика, электродинамика, кванттық механика теорияларын;

  • модель, болжам, қағида, постулат, заң, теория, кеңістік және уақыт, инерциалды санақ жүйесі, материялық нүкте, зат, өзара әрекеттесу, идеал газ, модель, болжам, қағида, постулат, заң, теория, механикалық және электромагниттік тербелістер, электромагниттік өріс, электромагниттік толқын, атом, квант, фотон, атом ядросы, радиоактивтік, планета, жұлдыз, галактика, Әлем ұғымдарын;

  • орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, масса, күш, қысым, импульс, жұмыс, қуат, механикалық энергия, ішкі энергия, зат бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясы, абсолют температура, жылу мөлшері, период, жиілік, тербеліс амплитудасы, толқын ұзындығы, сыну көрсеткіші, линзаның оптикалық күші, элементар электр заряды, электр өрісінің кернеулігі, потенциалдар айырмасы, электрсыйымдылығы, электр өрісінің энергиясы, электр тогының күші, электр кернеуі, электр кедергісі, электрқозғаушы күш, магнит ағыны, индуктивтік, магнит өрісінің энергиясы, байланыс энергиясы, жартылай ыдырау периоды физикалық шамаларды;

  • заңдар, қағидаларр және постулаттар (тұжырымдамасы, қолданылу шекарасы);

  • жаңаратын және жаңармайтын табиғи қорларды тиімді пайдалану негіздерін, адамның белсенді іс-әрекеті арқылы табиғи нысандарда байқалатын физикалық заңдылықтарды; физиканың дамуына ғалымдардың қосқан үлесін білуі және игеруі тиіс.

  • физикадан игерген кинематикалық және динамикалық қоғалыс, газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің жылулық ұлғаюы, қатты заттардың серпімділік қасиеттерінің температураға тәуелді өзгеруі туралы білімдерін күнделікті өмірде проблемалық жағдайларды шешуге қолдана алуы;

  • бақылаулар мен эксперимент нәтижелерін сипаттап, түсіндіре алуы тиіс.

Биология

Цитология. Цитологияның міндеттері. Жасушалық теория. Жасушаның химиялық құрамы. Прокариоттық жасушаның құрылысы мен қызметі. Эукариоттар жасушаларының құрылыстық - функциялық құрылымы. Тіршіліктің жасушалық емес формалары. Жасушадағы зат алмасу (метаболизм).

Организмдердің көбейуі және жеке дамуы (онтогенез). Өсімдіктер мен жануарлардың жыныссыз көбейуі. Жынысты көбейу. Жеке даму(онтогенез). Организмнің дамуы және қоршаған орта.

Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары. Өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары. Адам генетикасы. Селекция және биотехнология негіздері. Жерде тіршіліктің пайда болуы және дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар. Жерде тіршілік пайда болуының алғышарттары.



Эволюциялық ілім. Тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың Ч.Дарвинге дейінгі дамуы. Микроэволюция. Эволюцияның негізгі заңдылықтары. Макроэволюция. Жер бетінде органикалық дүниенің дамуы. Жануарлар және өсімдіктер дүниесі эволюциясының негізгі ерекшеліктері. Адамның шығу тегі. Организм және ортаның өзара қарым –қатынастары. Экология негіздері. Биосфера туралы түсінік. Бірлестіктердегі тіршілік. Организмдер мен ортаның өзара қарым-қатынастары. Организмдер арасындағы өзара қарым-қатынастар. Бионика.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар білуі тиіс: тірі табиғаттың негізгі құрылым деңгейлерін; жасушалық теорияның негізгі қағидаларын; жасушаның химиялық құрамын; нәруыздардың, нуклеин қышқылдарының, липидтердің, АТФ және бейорганикалық заттардың жасуша және организм тіршілігіндегі рөлін; генетикалық код, геннің құрылысы мен қызметін; прокариоттар және эукариоттар, автотрофтар және гетеротрофтар жасушаларының құрылысы мен қызметін; пластикалық және энергиялық алмасу мен олардың маңызын, өсімдіктердегі пластикалық алмасу ерекшеліктерін және ғарыштық рөлін; зат алмасудағы ферменттердің рөлін; хромосомалар, олардың тұқым қуалау ақпаратын сақтау және ұрпақтарға берудегі рөлін: хромосомалар санының, пішіні мен мөлшерінің, әр түр өкілдеріне тән тұрақтылығын; митоз, мейоз, ұрықтану және олардың маңызын; генетикалық әдістерді, адам генетикасын зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін; тұқымқуалаушылықтың заңдылықтарын, модификациялық және үйлесімдік өзгергіштіктерді, олардың себептерін; фенотип қалыптасуда генотип пен орта жағдайларының, мутациялардың эволюциядағы мутацияның, селекция мен денсаулық сақтаудағы генетиканың маңызын; тірі табиғаттың эволюциясы туралы түсінік; Ч.Дарвин ілімі қалыптасуының алғышарттары; Ч.Дарвиннің қолдан және табиғи сұрыпталу туралы ілімі; тіршілік үшін күрестің формалары; мутациялардың эволюциялық рөлі; табиғи сұрыпталудың формалары; түр түзілу туралы қазіргі көзқарастар; эволюциялық процестің негізгі бағыттары; биологиялық прогреске жету жолдары; эволюцияның негізгі заңдылықтары: дивергенция, конвергенция, параллелизм; архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой замандарында жерде тіршіліктің дамуы; биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері; биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде адамның қасиеттері; «әлеуметтік дарвинизмнің» кертартпалық мәні; организм және ортаның өзара қарым-қатынастары; биосфераның құрылымы және оның құрам бөліктері; ортаның биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторлары; орта факторлары әрекетінің қарқындылығы, шектеуші факторы; организмдер арасындағы өзара қарым-қатынас формалары; антропогендік факторлардың биоценоздарға әсері; экологиялық кешендер түзудің шаралары.

сонымен қатар, оқушылар: автотрофтар мен гетеротрофтар, прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын салыстыра білуі; митоз бен мейозды анықтау; организмдердің көбею әдістерін ажырата білу; фенотип пен генотипті, гомо- және гетерозиготаны салыстыру; организмдердің мутациялық және модификациялық өзгергіштіктерін анықтау; эволюция үшін мутацияның маңызын түсіндіру; селекция үшін генетика заңдарын негіздеу; жер бетінде тіршіліктің пайда болу процесін материяны эволюциялық түрөзгерістері тізбегіндегі табиғи оқиға ретінде материалистік тұрғыда түсіндіруді; алуан түрлі организм түрлері шығуының және олардың тіршілік ортасына бейімділігінің себептерін эволюцияның қозғаушы күштері мен олардың мәні туралы білімге сүйеніп түсіндіруді; экологиялық жүйелерде түрлердің бірлесіп тіршілік етуге бейімділік белгілерін айқындауды; өнеркәсіп пен ауылшаруашылығындағы экологиялық заңдылықтар туралы мәліметтерді іс-тәжірибеде қолдануды; биоценоздың түрлік құрамына талдау жүргізуді; биоценоздардағы қарым-қатынастардың жеке формаларын анықтауды; нақты орта жағдайларындағы қоректік жүйелерді сипаттауды; орман шаруашылығы, балық шаруашылығы тағы басқа, ұйымдастыру үшін экологиялық білімді дұрыс пайдалануды; табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау дың барлық міндеттер кешенін шешу үшін білім мен заңдарды қолдануды; зертханалық және практикалық жұмыстарды орындауда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды меңгеруі тиіс.

Химия

Химия саласындағы ашылған жаңалықтар. Манызды бейорганикалық, органикалық заттармен қосылыстар, олардың құрылыс теориясы. Көмірсутектер мен олардың табиғи көздері. Қазақстан мунай және газ химиясы, осы өндірісте қолданатын заттар. Оттекті, азотты органикалық қосылыстар. Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар. Химия және адам денсаулығы. Қазіргі заманға сай «жасыл», «экологиялық» химия. Қазақстанның табиғи ресурстарын үнемді және тиімді пайдалану. Химия күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және түсіндіруі. Жаратылыстану бағытындағы ғылыми жетістіктер (медицина, биотехнология, биохимия, биоинформатика, нанохимия негіздері).



Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар білуі тиіс: химияның ролі мен маңызы; заттар мен химиялық құбылыстарды танып білудің негізгі әдістер, химияның эксперименттік негізі; көмірсутектердің табиғи көздері, оларды өңдеу және Қазақстандағы кен орындары; жоғары молекулалы қосылыстар, мономер, полимер, құрылымдық буыны, полимерлену дәрежесі, полимерлену және поликонденсациялану реакциялары; кең таралған полимерлер, олардың қасиеттері, практикада қолданылуы, пластмассалар, талшықтар, каучук; химиялық өндірістің ғылыми принциптері; қоршаған ортаның химиялық ластануы мен зиянды әсері; биогенді органикалық қосылыстардың биологиялық маңызы;

оқушылар келесіні атқара алуы тиіс: химиялық терминдер мен таңбаларды пайдалану; кең тараған полимерлерді қасиеттері бойынша анықтау; молекулалардағы атомдардың өзара әсерін ескере отырып, органикалық қосылыстың химиялық қасиетін түсіндіру; көмірсутектер мен олардың туындыларының құрамы мен құрылысын және олардың класын анықтау; химиялық экспериментті қауіпсіздік техникасының ережесіне сәйкес жүргізу; химиялық зақымдану не улану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету; игерілген білімді күнделікті өмірде сауатты пайдалану; сандық анализ нәтижесі мен жану өнімдерінің массасы бойынша заттардың молекулалық формулаларын анықтауға сан есептерін шығару; химиялық ақпараттарды өз бетінше іздеу; химия пәніне деген жоғары қызығушылық; ғылыми танудың негізгі әдістерін игеру мен қолдануға деген дайындық және қабілет; аналитикалық біліктілік – жүргізген тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу, түсіндіру және қорытындылау біліктілігі; зерттеушілік біліктілік – химиялық эксперимент орындау біліктілігі мен дағдысы; математикалық біліктілік – химиялық формулалар мен теңдеулер бойынша есептеулер жүргізу және сандық баға беру; коммуникативтік біліктілік – жұп, топ құрамында жұмыс істеу; әртүрлі көзден алынған химиялық ақпараттың шынайылығына өзінің объективті көзқарасын білдіру; оқуын жалғастыруында профильді сауатты таңдау;

оқушылар пайдалана білуі керек: химия мен химия білімінің орны мен рөлі туралы қалыптасқан түсінік; танымдық әрекеті мен күнделікті өміріндегі білімі; таным процесінде ғылыми негізделген икемдер; өмірлік проблемаға ұқсайтын оқу проблемаларын шешуге жарайтын әмбебап қабілет; химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру; эксперименттік жұмысты жүргізу барысында және өз бетінше алған білімді күнделікті өмірде қолдану мақсатында танымдық және зияткерлік қабілетін дамыту; химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту; адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту; оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану; қолданбалы химияны, заманауи қоғамға қажетті заттар мен материалдар шығаратын өндіріс пен технология негіздерін білу; заттар мен материалдарды қолданудың заманауи проблемалары мен экологиялық аспектілерін анықтау; пәнаралық байланыстарды, химиялық экспериментерді (көрсетілімдер, зертханалық тәжірибелер, практикалық жұмыстар) және есептеулерді жүргізуі; Қазақстандағы табиғи шикізат ресурстары және негізгі металлургиялық, химиялық және өңдеуші өндірістер, олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызы; минералды ресурстарды тиімді пайдалануының білу.
4.4 «Адам және қоғам» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны
«Адам және қоғам» білім саласының мазмұны «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық» пәндері арқылы жүзеге асырылады.

Дүниежүзі тарихы

Қазіргі заман тарихының мазмұны. Қоғамның ХХ ғ.дамуының жалпы нышандарын сипаттаудың әртүрлі нұсқалары. Кеңес тарих ғылымындағы капитализмнің жалпы дағдарысы туралы тұжырымдама. Капитализмнің өзгеруге, дағдарыстан дамудың жаңа деңгейіне көтерілуге қабілеттілігі туралы идеялар. Кеңестен кейінгі тарих ғылымындағы қазіргі заман тарихын кезеңдерге бөлудің нұсқалары.

ХХғ. бірінші жартысындағы дүниежүзілік-тарихи үдеріс. Капитализмнің дәстүрлі құрылымының дағдарысы және қоғамда терең демократиялық реформалар жасауға ұмтылыс.

Дүниежүзі ХХ ғ. басы. Батыстың басты елдерінің ХХғ.басындағы дамуыс. Англияның ХХ ғ. басындағы дамуы. Францияның ХХ ғ.басындағы дамуы. АҚШ-тың ХХ ғ. басындағы дамуы. Германияның ХХ ғ. басындағы дамуы. Ресейдің ХХ ғ. басындағы дамуы. Шығыс елдерінің ХХ ғ. басындағы дамуыс. ХХғ. басындағы халықаралық қатынастар және біріншідүниежүзілік соғысс.

Еуропа мен американың негізгі аймақтарының 1918-1945 жж. дамуы. Еуропа елдеріндегі 1918 - 1923 жылдардағы революциялық оқиғалар. Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесіс. Ресейдегі 1917 жылғы революция және азамат соғысы. Германиядағы қараша революциясы.

Каталог: images -> normativi -> okyshilardin
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
okyshilardin -> Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту
okyshilardin -> Қоғамдық-гуманитарлық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
okyshilardin -> 12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
okyshilardin -> Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері
okyshilardin -> Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
okyshilardin -> Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет