Бағалау --- оқыту сапасының өлшеуіш процесі 12 баллдық бағалау жүйесінің үлгісі - Оқу жетістіктері
- деңгейлері
| | | | | | | | | | | | | | | - 1-3 сыныптар ---- кіші мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағасыз бағалау жүйесі;
- 4-5 сыныптар ---- көпбағдарлы оқытуға жеңіл ауысуды қамтамасыз ету мақсатында кейбір пәндер үшін пайдалану;
- 6-12 сыныптар ---- оқу жоспарының инвариантты бөлігі үшін барлық білім саласы бойынша оқушылар дайындығын бағалау.
І деңгей - Егер оқушы білім, білік, дағдыларын қайта жаңғырта отырып амалдарды орындаса, оқушылардың оқу жетістіктері қанағаттанарлық сияқты бағаланады және 1-3 балл аралығында есептеледі:
* Объектілерді біледі, ажыратады; жекелеген құбылыстарға, терминдерге, формулаларға, фактілерге сүйенеді; қайталау қызметтерін орындайды (анықтамаларды, ұғымдарды қайталайды, қасиеттерді тізеді); * оқу материалын көмекші тірек құралдары арқылы жалпылаусыз, қорытындылаусыз қайта жаңғыртады; * үлгі бойынша ұқсас оқу тапсырмаларын орындайды; * жекелеген пән және жалпы оқу бойынша интеллектуалдық біліктерді пайдалануда қиындықты сезінеді; *мұғалім көмегімен қателерін жөндей алады (3 маңызды, 5 жеңіл). - ІІ деңгей
- Егер оқушы түсінгендігін көрсете алса, яғни білім, білік, дағдыларын пайдаланып амалдарды түрлендірсе, онда оқушының оқу жетістіктері жақсы ретінде бағаланады да, 4-6 балл аралығында есептеледі:
- Мазмұн негізгісін құрылымдай алу, анықтамалар мен ұғымдарға еркін сүйене алу, мәтінді ақпараттарды формулаларға, теңдеулерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға түрлендіре алады; -Оқу материалын саналы, толық (өздігінен, тізбектей, мысал келтіре, жинақтай, қорытындылай) қайта жаңғыртады; - Фактілер мен құбылыстарды сипаттау негізінде салыстырады, ұқсастық пен ерекшелік себептерін анықтайды, процестер мәнін, зерттейтін теориялар мен заңдылықтардың пайда болуын түсіндіреді; - жалпы алгоритм бойынша типтік тапсырмаларды орындайды; - қандай да бір көмек деңгейінде жеңіл қателерді (3-5) жөндей алады; - мұғалім бақылауымен пәндік және жалпы оқу бойынша арнайы интеллектуалдық біліктілігін пайдалана алады. ІІІ деңгей - Егер оқушы стандартталған жағдайда игерген оқу материалын пайдалануда қабілетін көрсетсе, яғни білім, білік, дағдыларын интеграциялай отырып амалдарды орындаса, онда оқушының оқу жетістіктері өте жақсы ретінде бағаланады да, 7-9 балл аралығында есептеледі:
- белгілі бір жағдайда оқу материалына сүйене алады, белгілі мағлұматтар мен фактілерді жалпылайды, жіктейді, жүйелейді, сараптайды, қорытындылайды; - оқулықта келтірілген мәліметтер негізінде логикалық, себеп-салдарлы байланыстарды анықтайды, берілген мәліметтер бойынша болжам жасайды; -өзара байланысты бірнеше тапсырмалардан құралған оқу тапсырмаларын өздігінен орындайды; -пәндер мен жалпы оқу бойынша арнайы интеллектуалдық біліктер мен мұғалімнің мардымсыз көмегімен қызмет тәсілдерін қолданады; - жұмыстағы қателерді (3-тен көп емес) өздігінен жөндей алады. ІV деңгей - Игерген оқу материалын стандартталмаған жағдайларда пайдалану қабілетін көрсете алса, яғни білім, білік, дағдыларды мүлдем өзгерте отырып әрекет етсе, оқушының оқу жетістіктері үздік ретінде бағаланады да 10-12 балл аралығында есептеледі:
-Пән бойынша теориялық және нақты материалды біледі, оны құрылымға бөле алады, білімін шығармашылықпен ауыстырады әртүрлі білім саласы мен қайнар көздерден мысалдар келтіреді, қажетті көрнекі құралдарды, сызбаларды, графиктерді пайдаланады, қорытынды жасайды; - материалға белгілі және белгісіз жағдайларда сүйене алады, бұл кезде оқушы өзі жөндей алатын 1-2 қате жіберуі мүмкін; -оқу пәндерінің әртүрлі тақырыптары мен бөлімдері мазмұны арасында және пәнаралық байланыстар орнатады; ұқсастық пен айырмашылық себептерін түсіндіреді, фактілер, оқиғалар, процестер арасындағы өзара әсерді, нақты байланыстарды анықтайды; - ғылыми заңдар мен негізгі ойлар негізінде жоғары дәрежеде жалпылай отырып, басты және болмашы материалды бөліп алады; - тәжірибелер бойынша проблеманы шешудің жолдарын табады, жаңа ойлар, жаңа идеялар айтады, нәтижелерді зерттейді, есептер шығаруда, талдауда логиканың жоқтығын, қателерді анықтайды. Барлық оқушылардың қол жеткізуі тиіс стандартты минимум - Білім, білік, дағдыларды меңгеру деңгейлері
Білім - Нақты деректер мен берілгендерді ажыратады және қайта жаңғыртады (даталар, нысандар, оқиғалар мен құбылыстар туралы әңгіме, сұлбалар, карталар, формулалар , т.б.);
- Ұғымдарға анықтама береді;
- Белгілі формулалардың қолданылуын талап ететін шаблондық мысалдар мен есептерді шешеді, алгоритмдерді қайта жаңғыртады.
2.Түсіну - Дәлелдеу, дәйектеу қисынын қайта жаңғыртады;
- Формуланың, заңдылықтардың анықталуын қайта жаңғыртады;
- Құбылыстар мен процестер бағасын және оларды бағалау негіздерін қайта жаңғыртады;
- Салыстырмалы, себеп-салдарлы байланыстар талдауын түсініктемесімен қайта жаңғыртады;
- Белгілі фактордың жүйе мен процеске әсері мен өзара әсерлесу түсініктерін қайта жаңғыртады;
- Теориялық есептерді көркемдейді, мысалдар келтіреді.
3.Қолдану - Тапсырылған көзқараспен нысанның жәй-күйін немесе құбылысты түсіндіреді;
- Берілген жағдайда құбылысты сипаттайды және көрсетеді;
- Нысан немесе құбылыстың категориясын анықтайды, топтастырады;
- Нақты деректерді жинақтайды, дәйектейді;
- Шаблондық есептерді шығарады;
- Танымал деректерді, ұғымдарды, танымал технологияларды, білім салалары технологияларын үйлестіре отырып, деректерді өз бетімен түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |