12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері



бет1/2
Дата01.08.2017
өлшемі1,57 Mb.
#22482
  1   2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



12 жылдық негізгі орта мектептің

базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Әдістемелік құрал

Астана

2013
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы № 1 хаттама).

12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 78 бет.



Әдістемелік құралда 12 жылдық мектептің негізгі орта деңгейі оқушыларының физиологиялық ерекшеліктері, психологиялық-педагогикалық аспектілері және негізгі орта білімнің базалық мазмұнын анықтау әдістемесі берілген. Сонымен қатар білім беру салалары бойынша негізгі орта мектепте оқытылатын оқу пәндерінің үлгілік базалық мазмұны енгізілген.

Бұл әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептердегі 12 жылдық оқытуға көшу экспериментін жүргізуші мұғалімдерге, әдіскерлерге және біліктілікті арттыру институттарының мамандарына арналған.


© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013


КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген міндеттердің бірі 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен қоса жүзеге асыру болып табылады.

Мемлекеттік бағдарламада «орта білім берудің мақсаты: жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін əлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бəсекеге қабілетті адами капиталды дамыту, 12 жылдық оқыту моделіне көшу» деп көрсетіліп, оны орындаудағы міндеттерінің бірі «12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғырту арқылы жүзеге асыру» делінген. Яғни жоғарыда аталған құжатта белгіленгендей, 12 жылдық оқытуға көшу үшін білім мазмұнын жаңғырту басты мәселе болып табылады [1].

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өздігінен дұрыс және адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп айқындала отырып, оны орындаудағы міндеттер төмендегідей белгіленген:

  • азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу;

  • білім сапасын түпкілікті бағалаудың субъективтік факторларының әсерін азайту;

  • оқушылардың сапалы білім алуға, функционалдық сауаттылыққа, ал мұғалімдердің біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін ұдайы арттыруға деген уәждемелерін арттыру;

  • білім алушылардың еңбек салада бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдай жасау;

  • денсаулық сақтайтын және ақпараттық технологияларды енгізу;

  • даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға жағдай жасау [2].

Осы тұжырымдамада қойылған міндеттерді іске асыру үшін мыналар қажет:

  1. білім берудің мазмұнын орталық білімнен біліктілік мазмұнына қарай (нәтижеге бағдарланған білім беру) өзгерту;

  2. білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін: тіл мен әдебиет, адамтану, қоғамтану, математика, информатика, жаратылыстану, өнер, технология, дене тәрбиесі сияқты білім беру салалары арқылы іске асыру;

  3. оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес жоғарғы сатыдағы бейіндік және кәсіптік бағдарлы оқыту жүйесін құру;

  4. білікті жұмысшы кадрларын, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандарын даярлаудың кәсіптік білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын жаңарту;

  5. техникалық және кәсіптік білім беруді сапалы ұйымдастыру үшін ынталандырудың және жұмыс берушілердің қаражаттарын тартудың нормативтік және құқықтық тетіктерін әзірлеу» - деп айқындап берілгендіктен, сол үрдістен шығу үшін мектепте оқытылатын пәндердің базалық білім мазмұнын жаңғырту қажеттігі туындағаны сөзсіз.

Жаңа білім беру мазмұнының базалық принципінің бірі - əрбір мектепте тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру. Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді [12].

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің алдына қойылып отырған өзекті міндеттердің бірі дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық оқытуға көшуімен астасып жатыр.

Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне сүйенуде. 12 жылдық орта білімге көшу мәселесі тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Атап айтқанда білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауын, білімнің теориялық және әдістемелік тұстарын жетілдіру. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының дер кезінде орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік және психологиялық тұрғыдан негізделуін керек етеді [10].

12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтауға арналған әдістемелік құралдың мақсаты: 12 жылдық мектептің негізгі орта білімінің базалық мазмұнын анықтау әдістерін сипаттау.



Ал оны шешудің міндеттері:

  • 5-10-сынып оқушыларының физиологиялық ерекшеліктерін және олардың оқу жүктемесіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сипаттау;

  • 5-10-сынып оқушыларын оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сипаттау;

  • 5-10-сыныптарға арналған оқу пәндерінің ерекшеліктерін сипаттау;

  • негізгі орта мектепте оқытудың нәтижелеріне қойылатын қазіргі талаптарды талдау;

  • оқытудың дидактикалық және жеке әдістемелік принциптерін есепке ала отырып, 5-10-сыныптардың пәндері бойынша базалық мазмұнды анықтаудың әдістемесін әзірлеу;

  • 5-10-сыныптарда негізгі пәндер бойынша үлгілік базалық мазмұнды айқындау.

12 жылдық мектеп - жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін-өзі тануына көмек көрсететін, физиологиялық және рухани таза, ізгілендірілген, өмірмен, қоршаған ортамен байланыс жасай алатын, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуға тиіс.

Білім беру жүйесін тиімді басқару мен сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін мектептің, жергілікті қауымдастықтың, әлеуметтік әріптестер мен мемлекеттік басқару органдарының қызметін білу қажет. Мектептерде есеп беру және басшылық, басқару, тиісті құжаттарын әзірлеу жүйесін жетілдіру; білім сапасын диагностикалау мен мониторинг мектеп қызметінің жүйесіне, тұлғалық- қызметтік, құзіреттілік тәсілдерге оқытудың әдістемелік жүйесіне және білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік жүйесін енгізу [11].

Ал 12 жылдық мектепте мұғалімнің басты міндетінің бірі - жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жұмыстарға зор көңіл бөлу. Мұндай бағыттағы жұмыстар оқушының белсенділігін, шығармашылық қабілетін, әлеуметтік жауапкершілігін, өмірде өз білімін іске асыру мүмкіндігін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызуы керек. Сонымен қатар, мұғалімнің кәсіби-әдістемелік даму деңгейіне, тұлғалық қажеттілігі мен сұранысына негізделе отырып, инновациялық мектептерге қойылатын талаптарға сай әдіснамалық ұйымдастырылатын басқару жүйесі нәтижелі болуын қамтамасыз ету қажет.

1 12 жылдық мектептің 5-10-сынып оқушыларының физиологиялық ерекшіліктері
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңының 16-бабында: «Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады»,- деп көрсетілген [3].

Негізгі орта білім берудің басты міндетi – білім алушылар игерген білім, білік, дағдылар мен әрекеттердің тәсілдерін басшылыққа ала отырып, олардың мәдени деңгейі мен дүниетанымын қалыптастыруда физиологиялық ерекшеліктерін ескеру.

Оқыту бала ағзасының үйренуге деген қабілетіне негізделген анатомиялық-физиологиялық аппаратының күрделі қызметі негізінде құрылады. Физиология саласындағы соңғы зерттеулер оқып-білу әуелден-ақ адамның бойында бар табиғи қасиет екендігін дәлелдеп отыр. Ол адамның қоршаған орта мен өзін тани алуынан байқалады, яғни меңгеру үдерісі кезінде көрініс табады.

Әр адамда оқуға деген қабілетілік әртүрлі болып келеді. Оқу – есте сақтаумен тікелей байланыстағы және одан бөліп қарауға болмайтын үдеріс. Оқу үнемі толықтыруды және өзгерістер енгізіп отыруды қажет етеді, ал есте сақтау қабілеті алған білімді меңгеру мен сақтауды қамтамасыз етеді.

ХХ ғасырдың басында алғаш рет оқытуды физиологиялық әдістер көмегімен зерттеу басталды. Қазір де оқыту физиологияның кең түрдегі зерттеу аймағына айналды. Оқытудың әртүрі заңдылықтары мен олардың физиологиялық тетіктерін зерттеу жүйке жүйесі қызметінің іргелі ұстанымдарын анықтауды қамтиды.

Адам миы – ағзаның барлық күрделі қызмет жүйесінің жұмыс істеуіне жауап беретін ерекше аппарат. Қазіргі таңда оқытудың нейрофизиологиялық негізін зерттеуге көптеген мүмкіндіктер туып отыр.

Физиология ғылымында жоғарғы жүйке қызметі мидың жүйелі, жасушалы және молекулярлы деп бөлінетін үдерістерін әртүрлі деңгейде ұйымдастыру тетіктеріне байланысты құрылады деп сипатталады. Оқу мен есте сақтау - мидың жаңаны қабылдауының нәтижесі. Адам миының негізгі қасиеті оның құрылымдық және қызметтік көпқырлылығы, яғни көп нәрсені тұтас қабылдай алу қабілеті болып табылады.

Оқытудың физиологиялық негіздерін түсіндіру Аристотель еңбектерінен бастау алады. Ал мидың түрлі қызметі алғаш рет И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың ғылыми еңбектерінде сипатталды.

Көптеген физиологтар мидың саналы қызметіне оның тек сол жақ бөлігі жауап береді, яғни негізгі рөл атқарады деп есептейді. Сол жақ ми бөлігі ойды қорытады, оны сөзбен жеткізеді және біздің тілімізге жауап береді. Мидың сол жақ бөлігі алынған ақпаратты кезегімен қорытып отырады, сондықтан да оң жақ бөлігіне қарағанда баяу.

Енді дидактикаға келер болсақ. Көптеген ғалымдар (педагогтар, психологтар, физиологтар) мектеп әдістемесінде «сол жақтық» оқыту басым, яғни білім берудің логикасы мен мазмұнын құруға қатаң логистикалық, дискурсивтік-сараптамалық тұрғыдан келеді. Егер математик-ғалым саналы немесе саналы емес түрде өз көзқарастары тұрғысында «логистикалық» мектепке жататын болса, оның оқулығы дедуктивті ойлауға басымырақ құрылады. Ол оқулықтың мазмұны мен математикалық ойлары «қатал» логика мен қатаң қорытындылармен бүркемеленеді. Мұндай оқулықтар барынша абстрактілі болып келеді. Мұғалімдер мұндай жайға жиі ұшырасады. Ондай оқулықпен жұмыс істеу мұғалімге де, оқушыға да қиындық тигізеді.

Осындай «логистикалық» оқулықпен математиканы оқыту мидың сол жақ бөлігіне көп салмақ түсіреді де, мидың оң жақ бөлігі басылып қалады. Нәтижесінде миға біркелкі күш түспейді және мидың қызметі тиімсіз болады.

Осының нәтижесінде оқыту жетістіктері де төмен деңгейді көрсетеді. Мұндай жағдайда білімді психологиялық типі жағынан логикалық түрге жататын оқушы ғана меңгереді. Осыдан психикалық қызметі сезім болып табылатын көптеген оқушылар математиканы оқуда қиындықтарға кездеседі.

Ал математик-ғалым өз көзқарасы тұрғысынан интуитив мектебіне жатса, ондай адамның оң жақ жартышарлы оқулығын бала өмір бойы ұмытпайды. Заманауи психологиялық талдаулар мен физиологиялық зерттеулер нәтижелері ғана математиктердің ғылымды меңгеру туралы ойларына түсінік бере алды. Математикалық ойлау кезінде мидың екі бөлігі де тиімді жұмыс істейтіндей мазмұнды оқулықтар құрастыру қажет.

Оқытудағы физиологиялық ерекшеліктер туралы айта келе келесі қорытындыға тоқталамыз: оқытудың физиологиялық тетіктерін білу оқу үдерісінде баланы тұлға ретінде дамытуға шексіз мүмкіндіктер береді.

Баланың өсіп-жетілуінде жеткіншек жастың алатын орны ерекше. Бұл жас кезеңінде бала ағзасында және оның жан дүниесінің дамуында күрделі психофизиологиялық өзгерістер болады. Осы өзгерістерге байланысты баланың қоршаған ортаға, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, іс-әрекеттерге деген көзқарастары өзгереді. Осы жас кезеңінде ағзаның қайта құрылуымен байланысты жеткіншектер жаңа проблемаларды шешуі қажет болғанда, оның бұл проблемаларды өз бетімен шешуге мүмкіндігі жетпеуі мүмкін. Осы тұрғыда оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеп, оларды өнегелі етіп тәрбиелеу мектептің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Жеткіншек кезеңнің басты ерекшеліктерінің бірі физиологиялық және жыныстық жетілу жасөспірімдер үшін іштей толқуларды туғызады. Бірақ бұл өзгерістер әр жасөспірімде түрлі жолдармен жүзеге асады. Жеткіншек ағзасында осындай өзгерістер олардың психикасы мен мінез-құлқына үлкен әсер етеді деп ойлайды үлкендер. Сондықтан да бұл кезеңде шамадан тыс ренжігіштік, ашушаңдық, өжеттік, шапшаңдық бой көтереді. Бұл кезеңде достық пен құрбы-құрдастар ұжымының маңыздылығы арта түседі. Жеткіншек кезеңде достыққа түрткі болатын нәрселер тереңдей түседі. Өзара достық қатынастардың үзілуін жеткіншектер аса ауыртпалықпен қабылдайды.

А.Е.Личконың айтуы бойынша жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді, үлкендерден және жолдастары мен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзiнің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау) бағытталады [13].

Жеткіншек кезең – мінез-құлықтың қалыптасуында ерекше орын алатын кезең. Бұған дейін жеке мінез-құлықтарды айтатын болсақ, ал жеткіншек кезеңде мінез бірте-бірте тұрақтанады, бір негізге түсе бастайды, өзінің қылығын басқара алуға мүмкіндігі жетеді.



Төменгі сынып оқушысымен салыстырғанда, жеткіншек бір емес, бірнеше пәндерді қатар оқитындықтан, барлық мұғалімдермен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы керек, олардың өзіндік ерекшеліктері мен талаптарын ескеруі тиіс. Жеткіншек кезеңдегі белсенділікке ұмтылыс өзі қаламаған іс-әрекеттерге, тәртіп бұзушылыққа, кей кезде өз ортасынан алшақтауға әкеліп соқтыратын физикалық дамудың ерекшеліктері деп қарастырған жөн. Алайда, бұл нәрселерден жеткіншек кезеңді айналмай өтуге болмайды екен деп әсте ойлауға болмайды. Жетекшілері қатаң талап қойған, жақсы ұйымдасқан ұжымдарда жеткіншек қылығының көрінісі өзгеше болып келеді. Нақ осындай ұжымда ғана жеткіншектердің бойында адалдық, достыққа деген тұрақтылық, ұжымды сыйлай білу сезімі қалыптасады. Солай бола тұрса да, оқу - олар үшін іс-әрекеттің бастысы болып қала береді. Алайда жеткіншектердің психикасындағы негізгі жаңа өзгерістер қоғамдық пайдалы іспен байланысты болады. Бұл қоғамдық пайдалы іс жеткіншектердің құрбыларымен, жолдастарымен араласуын және өзін ұстай білу қабілетін қанағаттандыра алғанда ғана әсерлі болмақ. Жасөспірімдерді азамат ретінде тәрбиелеудің болашағы нақ осы қоғамдық пайдалы іспен байланысты десек артық емес. Қоғамдық пайдалы істі ұйымдастырған кезде жасөспірімдер өз шағын тобының мақсаты мен міндеттері және қызығушылығымен шектеліп қалмайтындай жағын ескерген маңызды. Әйтпесе, бұл жағдай топтық өзімшілдіктің де туғызуы мүмкін. Бұл іс-әрекетте бастысы, жеткіншек өз ісінің маңызын түсініп, жетістіктерге қол жеткізуі тиіс. Кейде іс-әрекеттің бастамасында үлкен қызығушылық байқалады.

Балаларды сыныптан тыс жұмыстың мазмұны ғана емес, формасы да қызықтырады. Оларды батырлық, қиял қызықтырады, оларға бірге саяхатқа шығу, зерттеу жұмыстарын жүргізу ерекше ұнайды.

Жеткіншек кезеңде осы шақтың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, баланың лидерлік тұлғасын дамытуды мақсат етуіміз қажет.

Болашақта саналы, белсенді және мақсатқа бағытталған жеке адамды қалыптастыру – бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік гуманитарлық жүйелердің жоспарлы қағидасы деп айтуға болады. Себебі, физиологиялық және психологиялық тұрғыда белсенді, өмірлік позициясы айқындалған жеткіншектерді дамытып, қалыптастыру – білім беру мекемелерінің алдында тұрған зор міндет [5].
2 12 жылдық мектептің 5-10-сыныптарында оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшіліктері
Психологияда жеткіншек жас кезеңі ең күрделі және көптеген ерекшеліктермен сипатталатын жас кезеңі болып есептеледі. Осы жас кезеңінде организмнің қайта құрылуымен байланысты жеткіншектер жаңа проблемаларды шешуі керек. Бала бұл проблемаларды өз бетімен шешуге мүмкіндігі болмай қалады.

Мектеп жасында негізінен есте ұстау, ерік аңғарымдылығы сияқты психологиялық кабілеттер қалыптасып, баланың ерік-жігері жетіле түседі. Бұл – психологиялық жағынан ерекше атап өтетін кезең.

Жеткіншектің психикалық іс-әрекет динамизмі ұқсас мөлшерде оны әлеуметтік жағымды, сол сияқты әлеуметті теріс ықпалдар бағытына бейімді етеді.

Адам өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі - жеткіншектік кезең (14-16 жас). Бұл кезеңде жеткіншек бала да емес, ересек те емес. Осы кезең адамның «әлеуметтік импритинг» жасы. Яғни, адам барлық жағдайға жоғары деңгейде әсерлене отырып, ересек бола бастайды.

Осы жас кезеңіне тән бірқатар мінез-құлық стереотиптері бар:

1) Оппозиция реакциясы - жеткіншек мінез-құлқы және іс-әрекетіне қарсылық мөлшерден тыс шектеулер, үлкендердің оның қызығушылықтарына немқұрайлы қарау негізінде туындайды.

2) Имитация реакциясы - белгілі бір адамға, бейнеге еліктеу негізінде байқалады.

3) Теріс имитация реакциясы - белгіленген модельге қарама-қайшы мінез-құлық негізінде пайда болады.

4) Орын толтыру (компенсация) реакциясы бір саладағы сәтсіздік екінші саладағы табыспен толықтырылады.

5) Гиперкомпенсация реакциясы - өзі үшін қиын салада табысты ұмтылу.

6) Эмансипация реакциясы - үлкендердің қорғауынан босануға ұмтылу, өзіндік тұжырымдалу.

7) Топтау реакциясы - құрбыларын топтарға біріктіру.

8) Қызығушылық реакциясы жеткіншек қызығушылықтарының түрлі бағыттарында көрінеді.

Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін тұлғалық ерекшеліктері өзара байланысты. Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары. Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс. Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.

Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс. Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады да жеткіншек және жасөспірім шақта жеделдей түседі, ал ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.

Жеке адамның дамуы ағзаның өсуі мен жетілу процесі болып табылады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуі мен жетілу процесі, яғни, оның барлық іс-әрекеттеріне, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістерге қатысты адам үшін елеулі болып табылатын процесс. Жеке адамның, әсіресе, оның балалық және жасөспірім шақта дамып-жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудың арасында екі жақты байланыс болады.

Сондықтан адамның даму ерекшеліктерін тереңірек қарастырған жөн. Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы - философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардың ежелден айналысып келе жатқан көкейкесті мәселелерінің бірі. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдың, М.Ф.Харламовтың «Педагогика» (М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің «XXI ғасырда білім берудің философиясы» (1993), Г.К.Нұрғалиеваның «Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудық методологиясы, практикасы» секілді ондаған монографиялық еңбектері жарық көрді. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес.

Әр адам – өзінше жеке тұлға. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс.

Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін. Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әртүрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Әр адам – саналы жеке тұлға. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады. Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады. Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.

Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты. Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп «мың ойланып, жүз толғанып» іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты.

Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу-тәрбие жұмысының барысында сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету - мұғалімнің басты міндеті.

Мұғалім оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстардың тақырыптарын ақыл-ой, құлық, еңбек, эстетикалық тәрбиесімен ұштастырып алады. Баланың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады.
3 12 жылдық мектепте негізгі орта білімнің базалық мазмұнын анықтау әдістемесі
Педагогикада білім негіздерінен бастау алған білім беру мазмұны – күрделі әрі көп аспектілі ұғым. Білім берудің жалпы анықтамасы - тұлғаның өмір жолында өзін-өзі дамытуға, мүмкіншілігін жете білуге бағытталған кең таңдау процесі. Демек, білім беру - адамның дүниені тану процесін қалыптастыру арқылы жүйелі біліммен іс-әрекет тәсілдерін игеру, дағды, іскерлік, сезім және ақылын дамыту жеке тұлғаны қалыптастыру нәтижесі.

Білімді адам – қабілеті өте жоғары дамыған көп жағдайларды түсінетін, әр кезде оқығанын қолдана білетін, дұрыс ойлай алатын жоғарғы саналы адам. Білім беру мазмұны жеке тұлғаны дамыту және базалық мәдениетін қалыптастыруда негізгі құрал болып табылады. Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы он жылдықта білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында тұлғалық бағдар бірінші орынға қойылды.

Білім мазмұны туралы И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.С. Леднева, Б.М. Бим-Бад, А.В. Петровский және т.б. ғалымдардың еңбектерінде баяндалған.

Белгілі дидакт-ғалым Ю.К. Бабанский білім мазмұны негіздерін төмендегі өлшемдер бойынша анықтаған:

а) ғылым туралы толық мағлұмат беру үшін білім мазмұнының негізгі теориялары, заңдары және ұғымдарын тұтас түсіндіру, өлшемі;

ә) білім беру мазмұны материалының жоғары ғылыми және тәжірибелік мәнін мектептегі оқылатын, өздігінен білімін көтеретін материалдарды әрбір пәнге және оқу пәндер жүйесін енгізу.

б) білім мазмұнының күрделігі оқушылардың жас ерекшелігі мен оқу мүмкіншілігіне сай болуын қарастыру өлшемі;

в) әрбір пәнді оқытуға берілген мерзімі білім мазмұнының көлемімен сәйкес болуы;

г) жалпыға бірдей орта білім беру мазмұнын құруда дүниежүзілік тәжірибені ескеру;

ғ) қазіргі кездегі мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасымен білім мазмұнының сәйкес болуы [8].

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мен қалыптасуын И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин білім мазмұнының теориялы тұрғыда білім, іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде шығармашылық іс-әрекетпен ерікті сезім тәжірибесін меңгеруді және қоғамның мәдени-рухани материалдық байлығын дамытып және оны сақтауды ұсынды [15].

Бірқатар елдің педагогтары (АҚШ, Англия, Франция т.б.) жеке тұлғаға «жалпы адамзаттық тәрбие» беруде, табиғи құбылыстарды және қоғам өміріндегі жағдайларды олардың өзара байланысын түсіндіруде оқушылардың жұмысын ұйымдастыруда оқу пәндерін кіріктіруді негізге алып отыр. Бұл кіріктіру идеясы басқа да елдерде жүзеге асырылған.

Білім беру мазмұнының жаңаруы мектептің күрделі міндетімен байланысты. Жалпыға міндетті орта білім беру мазмұны қазіргі теориялық тұжырымдама тұрғысынан қоғам талабы, адам нені білу керек, қандай сапалық қасиеттерді меңгеруі тиіс екендігі айтылған. Нақты тарихи, қоғамдық-экономикалық жағдайда жасөспірімдерді дайындауға қойылатын әлеуметтік талап анықталады. Ғылыми жетістіктермен, мәдени құндылықтармен қаруланған жоғары білімді адамдарды қоғам өміріне белсене араласатын жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру қазіргі жағдайда қоғамның әлеуметтік тапсырысы болып отыр.

Ал білім беру мазмұны арқылы игерген тәжірибені әрі қарай дамытып, әлеуметтік-мәдени жағынан қалыптасқан ересек ұрпақтың тәжірибесін келесі ұрпаққа беруді қамтамасыз ету қазіргі мектептің парызы.

Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы әзірлей білу. Жасөспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын оның тек сабақтарға жалпы қатынасы және оның қажеттілігі мен мұқтаждығы ғана емес, сондай-ақ білімді тәжірибелік іскерліктерді қабылдау мен меңгеру үрдісінің өзі де анықтайды. Оның ішінде таңдау курстары – шығармашылық ізденістің алғашқы баспалдығы. Қандай да бір таңдау курсына қатысқан оқушының өзіндік талпынысы, ізденісі болары анық.

Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жан-жақты дамытумен бірге жеке және жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет – баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану.

Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы – ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты екендігінде. Шындығында, мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқыту мен тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

Қоғам және тұлғаның қызығушылығын айқындайтын білім беру мазмұнының бастапқы анықтаушы оның мақсаты болып табылады. Қазіргі заманда білім берудің мақсаты - қоғамдағы әлеуметтік құндылық іс-әрекетті жүзеге асыруда тұлғаға қажетті қасиеттерді дамыту. Оқытуға мұндай мақсат қою тұлғаның білім, білік, дағдысы жағынан жан-жақты жетілген, толыққанды ақыл ойы, дене бітімі ерік жігері күшті болуын қамтамасыз етеді.

Адам – қоршаған ортамен бірлікте тұлға болып қалыптасатын динамикалық жүйе. В.С. Леднев өз зерттеулерінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы білім мазмұнын анықтауға болады деп тұжырымдайды. Ал В.В. Краевский өзінің педагогикалық теориясында білім беру мазмұнын анықтау принциптерін қарастырған. Ол принциптер білім берудің барлық деңгейлерінде қоғамның ғылым, мәдениет және тұлғаның дамуымен сәйкес келеді. Сонымен қатар ғалым тұлғаның өсуі үшін және мәдениетті өмір сүруі үшін дәстүрлі білім, білік, дағды қоғамның әлеуметтік дамуы деңгейін көрсететін білім беру мазмұнына іріктеу қажет дейді [9].

Білім беру мазмұнының құрылымдық бірліктегі принципі әр деңгейде оқу материалы мен оқу пәнінің теориялық жағы оқушы тұлғасы мен педагогикалық іс-әрекеттің бірлігін қарастырады. Соңғы жылдары білім беру мазмұны тұлғалық бағдарлы білімге қарай бағытталды. Жалпы білім беру мазмұнын гуманитарландыру принципі оқушылардың тәжірибелік және шығармашылық жағынан меңгеруге жағдай жасаумен байланысты. Бұл принцип оқушылардың көзқарасын қалыптастырумен байланысты. Қазіргі кездегі қоғамның даму жағдайы, сондай-ақ тұлғаның мәдени гуманитарлық компоненті: өмірлік мәдени өзін-өзі анықтауы; еңбек мәдениеті және экономикалық мәдениеті; саяси және құқықтық мәдениеті; интеллектуалдық, адамгершілік, экологиялық, өнер және дене мәдениеті, отбасымен мәдени қарым-қатынас жағдайы сияқты көптеген аспектілерден тұрады.

Жалпы білім беру мазмұнының компоненті тұлғаның базалық мәдениетімен байланысты. Шығармашылық әрекет білімнің, дағдының, тәрбиеліктің негізінде қалыптасады. Білім мазмұнын анықтау әдістерінің ғылыми негіздеріндн теориялық білімнің практикалық дағдыларға айналуына басымдылық беріледі.
4 12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңының 13-бабында: «Білім беру мазмұны – жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені)» - деп айқындалған [3].

Негізгі орта білім оқушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негіздерін меңгеруін; зияткерлік әлеуетінің дамуын; рухани-танымдық қасиеттер мен азаматтық жауапкершілікті, экологиялық мәдениет пен тұлғааралық және этносаралық қатынастар нормаларын игеруін; өзін-өзі тануы мен тұлғаның өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруын; функцияналдық сауаттылығын қалыптастыруды; жас ерекшеліктері мен денсаулықты сақтауды ескере отырып, бейіндік дайындықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Негізгі орта білім деңгейінде бейіналды дайындықтар жүзеге асырылады, яғни жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық көзқарас қалыптастырылады; оқушылардың қоғамда әлеуметтік-психологиялық бейімделуін қамтамасыз етеді; өздігінен бейіндік оқытудың бағытын таңдауына мүмкіндік жасайды.

Негізгі орта білім беру деңгейдегі білім мазмұны салыстырмалы түрде аяқталады және жалпы орта білім деңгейінде оқытуды жалғастыру үшін негіз болады.

Әдістемелік құралда 12 жылдық мектептің негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің мақсаттары мен міндеттері, базалық білім мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары айқындалып, келесі білім салалары бойынша көрсетілген оқу пәндерінің базалық білім мазмұны енгізілді:

  • «Тіл және әдебиет» білім саласының пәндері: «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған), «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» (өзге тілдерде оқытатын мектептерге арналған), «Шет тілі»;

  • «Адам және қоғам» білім саласының пәндері: «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық»;

  • «Жаратылыстану» білім саласының пәндері: «Жаратылыстану», «Биология», «География», «Физика», «Химия»;

  • «Математика және информатика» білім саласының пәндері: «Математика», «Алгебра», «Геометрия», «Информатика»;

  • «Өнер» білім саласының пәндері: «Музыка», «Бейнелеу өнері»;

  • «Технология» білім саласының пәні: «Технология»;

  • «Дене шынықтыру» білім саласының пәні: «Дене шынықтыру».

4.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы
«Қазақ тілі» пәні
І. «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты - әдеби тіл нормаларын жетік қолдана білетін, сөйлесім әрекеті қалыптасқан, тілдің қызметін жүйелі меңгерген дара тұлға қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасау.

«Қазақ тілі» пәні танымдық және практикалық бағыттарда төмендегідей міндеттерді шешеді:

  • оқушының тіл туралы түсінігін кеңейту;

  • тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін таныту;

  • сөйлесім компоненттері бойынша қатысымдық дағдыларын жетілдіру;

  • әдеби тілдің лексикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, сөзжасамдық, грамматикалық, стильдік, пунктуациялық нормаларын меңгерту;

  • тілдік жағдаятқа сай қарым-қатынас жасауға дағдыландыру.


ІІ. «Қазақ тілі» пәнінің базалық мазмұны.

Қазақ тілінің мәні мен қызметі. Қазақ тілі – ұлттың ана тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл – қарым-қатынас құралы. Қазақ тілінің тарихы және дамуы. Қазақ тілінің әлеуметтік-мәдени қызметі.

Әдеби тіл және мәтін. Сөз әдебі. Тіл және сөйлеу заңдылықтары. Сөйлесім әрекетінің түрлері: оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым, тілдесім. Диалог және монолог. Әдеби тіл нормалары және мәтін. Мәтіннің түрлері мен құрылымы.

Тіл білімінің салалары. Лексика. Сөз мағынасы және оның мағыналық топтары. Фразеологизмдер. Мақал-мәтелдер. Табу, эвфемизм, дисфемизм сөздер. Сөздік қор және сөздік құрам.

Фонетика. Тіл дыбыстары және оның жіктелуі. Қазақ әліпбиі. Буын. Тасымал. Екпін. Кірме сөздер. Үндестік заңы. Әріптердің емлесі.

Сөзжасам. Сөздердің жасалуы. Сөз тұлғасы. Түбір және туынды сөздер. Туынды сөздердің түрлері. Күрделі сөздер.

Морфология. Сөз құрамы. Сөздің түрлері. Сөз таптары және олардың түрлену жүйесі. Көмекші сөздер.

Синтаксис. Сөз тіркесі және оның түрлері. Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері. Сөйлемнің түрлері және құрамы. Сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшесі болмайтын сөздер тобы. Сөйлем құрылысы. Жай сөйлемнің түрлері. Құрмалас сөйлемнің түрлері. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі.

Тіл мәдениеті. Тілдің орфографиялық және орфоэпиялық заңдылықтары. Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениеті.

Стилистика және пунктуация. Стиль түрлері және олардың тілдік ерекшеліктері. Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметі.


Оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер.

Мектептің негізгі орта деңгейінде оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай дидактикалық ұстанымдар негізінде сұрыпталды.

«Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын таңдауда басшылыққа алынған негізгі ұстанымдар:

  • түсініктілік, жүйелілік, ғылымилық, жас және психофизиологиялық ерекшелікті ескеру, т.б. ұстанымдар;

  • білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);

  • тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау;

  • этнолингвистикалық және этномәдени ерекшеліктерді ескеру;

  • оқушыны әлеуметтендіру ұстанымы;

  • пәнаралық байланысты сақтау;

  • әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу, креативті немесе шығармашылық пен біліктілікке мүдделілігінің негіздерін қалыптастыру);

  • мәдени-бағдарлылық ұстанымы (әлемнің бейнесі, әлемге мәндік көзқарас, білім мазмұнының тұтастығы, жүйелілігі; тілді, мәдениетті ұлттық, адамзаттық құндылық ретінде таныту).


ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылар:

  • қазақ тілінің ұлттың ана тілі ретіндегі маңызын;

  • әдеби тіл нормаларын; мәтінді, мәтіннің тақырыбын, идеясын, құрылымын және т.б. тіл білімі салаларының тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;

  • қазақ тілінің сөздік құрам тармақтарының ішкі салаларын;

  • сөйлемге лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар жасауды;

  • орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды;

  • қазақ әліпбиінің құрамын, ретін;

  • төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің ерекшеліктері мен тыныс белгілерін; стиль түрлерін, тыныс белгілерінің түрлерін;

  • лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік нормалардың тіл мәдениетіне қатысын;

  • сөздерді әдеби тіл нормаларына сай қолдана алуды және т.б. білуі/меңгеруі тиіс.




«Қазақ әдебиеті» пәні
І. «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаты - сөз өнерін адамзаттың көркем тарихы ретіндегі мәдени мұра, ұлттық құндылық деп бағалап, құрметтей алатын елжанды азамат тәрбиелеу; оқушыларға әдеби туындылар арқылы көркемдік, интеллектуалдық, адамгершілік тәрбие беру; оқырмандық талғам мәдениетін қалыптастыру; әдеби шығармада бейнеленген құбылысты көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларды меңгерген, алған білім негіздерін өмірлік жағдайларда қолдана білетін жеке тұлға қалыптастырып дамыту.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің міндеттері:

  • оқушыларға қазақ әдебиетінің ұлттық сипатын, халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының көрінісін, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, көркем туындының идеялық-адамгершілік мәнін түсіндіру;

  • көркем шығармадағы мазмұн мен форма тұтастығын, тарихи-әдеби мәліметтердің негізін және әдебиет теориясын меңгерту;

  • көркем шығарманы эмоционалды қабылдауға, бейнелі және образды ойлауға және қаламгердің көзқарасын түсінуге үйрету;

  • оқушылардың ішкі жан әлемін рухани-адамгершілік құндылықтармен байытып, көркемдік талғамын кеңейту және оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, көркем шығармаларды өз бетінше іздеп, қызыға оқуға дағдыландыру;

  • оқушының өзіне сенімді түрде жұмыс істеуіне бағыт беріп, өз ойын еркін, шешен жеткізе алуға баулу;

  • әдеби-теориялық білімін сауатты қолдана алу құзыреттілігін қалыптастыру, ауызша және жазбаша тілін дамыту;

  • қазақ әдебиетінен алған білім мен тәрбиенің нәтижесін өмірлік жағдаяттарда қолдана алуға үйрету.


ІІ. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің базалық мазмұны.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері: ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, тұрмыс-салт жырлары, тарихи жырлар, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, айтыстар, шешендік сөздер.

Әпсаналар, діни мифтік әңгімелер.

Әдеби ертегілер, мысал өлеңдер.

Ежелгі дәуір әдебиеті және оның үлгілері: VІ – VІІІ ғасырлардағы көне түрік ескерткіштері: «Алып ер Тоңа», Күлтегін батырдың, Білге қағанның, Тоныкөк жыраудың құлыптастарындағы жазбалар, Қорқыт, «Оғыз қаған» жыры.

Ислам дәуіріндегі әдебиет: Әбунасыр әл-Фараби, Ахмет Йассауи, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашғари, Рабғузи, Сәйф Сараи.

ХV – ХVІІІ ғасырлардағы әдебиет. Жыраулар поэзиясы (Асан Қайғы, Ақтамберді, Бұқар, т.б.).

ХІХ – ХХ ғасырлардағы қазақтың классикалық әдебиеті, олардың көрнекті өкілдерінің шығармалары.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті, олардың көрнекті өкілдерінің шығармалары.

Әлем әдебиеті (үздік туындылар).

Әдебиет – сөз өнері. Көркем шығармалардың қоғамдық-әлеуметтік мәні, әдеби-теориялық ұғымдар, әдеби білім мен дағды, көркем шығарманың сюжеті мен композициясы, әдебиеттің тегі мен түрлері, әдеби ағымдар, әдеби тіл нормалары, көркем шығарма туралы жазылған сыни еңбектер, әдеби-тарихи мәліметтер. Әдебиеттің әлеуметтік-мәдени қызметі, оның қоғамдық құбылыс ретіндегі маңызы.

Оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын сұрыптауда ғылымилық, түсініктілік, жүйелілік, сабақтастық, іс-әрекеттілік, пәнаралық ықпалдастық, сабақтастық сияқты дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынып, оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріледі. Оқытудың барлық деңгейлерінде жалғасын табатын сабақтастық ұстанымы пәндік білім мазмұнын меңгертудің әдіснамалық және әдістемелік қағидаларынан көрінеді. Оқытудың іс-әрекеттілік ұстанымы білім алушылардың танымдық әрекетін дамытып, олардың өз әрекетін өзі бақылай алуының қалыптасуына негіз болады.

Пәнаралық байланыс ұстанымы берілетін білім мазмұнының нәтижелiлiгi мен оқытудың сапалық деңгейін танытады. Сол себептi әдебиеттің басқа пәндермен ықпалдастығы оқушының интеллектуалдық-танымдық, iскерлiк сапаларын, шығармашылық әрекетiн, қарым-қатынастық бiлiктiлiгiн, әлеуметтенуге бейiмдiлiгiн, эстетикалық, рухани-адамгершiлiк құндылықтарын дамытуға септігін тигізеді.

Қазақ әдебиетін оқытуда түсініктілік ұстанымы оқушылардың өзіндік қабілеті мен ерекшеліктерін ескере отырып үйлесімді психологиялық ахуал тудыруға мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға бағытталып, оқушылардың күтілетін нәтижеге жетуіне мүмкіндік береді.

Шығармашылық ұстанымы құзыреттілікке бағытталған әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындау білігін қалыптастыруды нысана тұтып, оқытудың қай ұстанымы болмасын оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің мазмұндық желілері көркем шығарманың қоғамдық-әлеуметтік мәні, әдеби-тарихи ұғымдар, әдеби білім мен дағды, көркем шығарманың сюжеті мен композициясы, әдебиеттің тегі мен түрлері, әдеби ағымдар, әдеби тіл нормалары, көркем шығарма туралы жазылған сыни еңбектер, әдеби-тарихи мәліметтер, коммуникативтік қарым-қатынас, сөйлеу әрекеті т.б мазмұндық желілердің өзара тұтастығы пән мазмұнын сұрыптауда маңызды рөл атқарады. Әдебиеттің әлеуметтік-мәдени қызметі оның қоғамдық құбылыс ретіндегі маңызын аша түседі.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылар:

  • әдеби шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетіне өзіндік көзқарасын білдіре сипаттауды;

  • балалар әдебиеті үлгілерін мұғалім басшылығымен және өз бетімен ізденіп оқуды;

  • оқыған туындының тектік, жанрлық сипатын, әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды анықтауды;

  • өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын біліп, қолданыста ажыратуды;

  • ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармалардың тарихи сипатын, маңызын көркемдік шындық тұрғысынан суреттеуді;

  • компьютермен, техникалық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп, интернет арқылы әлем әдебиетімен таныса алуды;

  • әдебиеттің басқа өнер түрлерімен (бейнелеу, сәулет, саз, мүсін, театр, кино, т.б.) байланысын түсіндіре алуды;

  • көркемдегіш құралдарды әдеби талдауда орынды қолдануды;

  • берілген мәтіндерді баяндалу тәсіліне қарай жүйелеп, толықтырулар енгізуді білуі/меңгеруі тиіс.


«Қазақ тілі» пәні

(өзге тілдерде оқытатан мектептерге арналған).
І. «Қазақ тілі» пәнінің мақсаты мен міндеттері.

Пәнді оқытудың мақсаты - қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

Оқу пәнінің міндеттері:

  • оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

  • оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;

  • қарым-қатынас әдебі нормаларын меңгерту:

  • оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

  • оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу;

  • күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыландыру.


ІІ. «Қазақ тілі» пәнінің базалық мазмұны.

Қазақ тілінің тұрмыстағы, қоршаған ортадағы, адамдар арасындағы қатынас құралы қызметін игеруге берілетін тақырыптар сыныптар бойынша күрделеніп, дамытылып, келесі танымдық тақырыптар арқылы беріледі:

Менің елім – Қазақстан. Қазақстан Республикасы – тәуелсіз ел. Астана. Қазақстан қалалары. Қазақстан тарихы. Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Қазақ әліпбиі. Мемлекеттік мерекелер. Туған жердің табиғаты. Қазақстан қорықтары. Жыл мезгілдері. Денсаулық – зор байлық. Ғылым мен мәдениет. Белгілі ғалымдар. Қазақтың атақты күйшілері, сазгерлері. Қазақстанның белгілі спортшылары. Батырлар. Ғарышкелер.

Мектеп. Мектеп өмірі. Оқу пәндері. Қазақ тілі сабағы. Кітапхана. Асхана. Мектептегі үйірмелер. Ақпарат көзі – Интернет. Менің @-поштам. Менің күн тәртібім. Менің сүйікті заттарым. Сүйікті кітабым.

Мәдени мұра. Киіз үй. Елімнің салт-дәстүрлері. Ұлттық мерекелер. Өнер. (Бейнелеу, музыка, сәулет, кино, балет т.б.) Қолөнер. Ұлттық киім. Музыка аспаптары. Ұлттық тағамдар. Ұлттық ойындар.

Менің отбасым. Отбасы мүшелері. Отбасы сыйластығы. Отбасылық дәстүрлер. Баланың бас ұстазы – ата-ана. Ата-анаға көмек. Отбасы тәрбиесі. Қазақ отбасы. Менің мекенжайым. Достарым. Дастархан басындағы әдеп. Туған күн. Менің сүйікті кейіпкерім. Менің әуес ісім. Сыйлықтар.

Тілдік білімдер. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ халқына тән сөйлеу әдебі. Тілдік қарым-қатынас сапасын жетілдіру.

Фонетика. Дыбыс және оның түрлері. Үндестік заңы. Ықпал және оның түрлері. Орфоэпиялық негізгі ережелер. Лексика және фразеология. Сөз және оның мағыналары. Синоним, антоним, омоним. Терминдер. Фразеологизмдер. Сөздік түрлері. Сөз құрамы. Сөзжасам. Түбір және қосымша. Сөзжасам түрлері. Морфема: мағыналық түрлері, жалғану тәртібі, фонетикалық нұсқалары. Сөз құрамының классификациясы. Грамматикалық мағына және грамматикалық категория. Морфология. Сөз таптарының түрленуі. Сөз таптарының мағыналық және грамматикалық классификациясы. Синтаксис. Сөздердің байланысу түрлері. Сөз тіркесі. Сөйлем және оның түрлері. Сөйлем мүшелері. Төл сөз. Төлеу сөз. Автор сөзі. Диалог. Монолог. Мәтін. Сөздік қор. Сөз мәдениеті. Графика және орфография. Орхон-Енисей, араб (төте жазу), латын алфавиті. Қазіргі қазақ алфавиті. Пунктуация.

Мектептің негізгі орта деңгейін бітірген оқушының белсенді сөздік қор мөлшері ­­– 1400 сөз.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар

Сөйлеу әрекеті бойынша:

Монолог түрлерін меңгереді:

  • түрлі жағдаяттарда өз ойын еркін жеткізеді;

  • оқыған мәтіннің мазмұнын байланыстырып әңгімелейді;

  • белгілі бір тақырыпқа немесе сурет бойынша мәтін құрастырады және т.б.

Диалог түрлерін меңгереді:

  • берілген сұраққа жауап береді және сұрақ қояды;

  • рөлдерге бөліп оқуға қатысады;

  • оқыған үлгі диалогті түрлендіріп, еркін айта алады;

  • берілген тақырып бойынша диалог құра алады;

  • жағдаятқа байланысты сөйлесім құрастыра алады және т.б.

Оқылым әрекеті бойынша:

  • қазақ тіліндегі бірегей дыбыстарды дұрыс оқиды;

  • сөйлем мазмұнына және емле белгілеріне сүйеніп, дауыс әуенін дұрыс қояды;

  • сөйлемнің араларындағы дауыс үзілістері мен логикалық үн байланыстарын аңғарады;

  • сөз, сөз тіркесі, сөйлем, абзац, мәтін сияқты бірліктерді айырады;

  • сөйлем түрлерін дұрыс оқиды;

  • мәтінді мәнерлі және жүргізіп оқи алады;

  • өлең мәтіндерін мәнерлеп оқи алады және т.б.

Тыңдалым әрекеті бойынша:

  • қойылған сұрақты және қайтарған жауапты түсінеді;

  • естіген диалог пен монологті түсіне алады;

  • айтылған сөзді, әңгімені, мәтінді түсініп тыңдайды, еске сақтайды, оны айта алады;

  • естіген ақпараттан негізгі және қосалқы мәліметтерді аңғарады;

  • мәтіндегі негізгі ойларды қорытындылайды;

  • мәтіннен сөз, сөз тіркестерін, фразаларды айыра алады;

  • қазақ тіліндегі бірегей дыбыстарды аңғарады;

  • кино, театр қойылымдарын түсініп, тыңдайды және т.б.

Жазылым әрекеті бойынша:

  • қазақ тіліндегі бірегей әріптердің таңбасы мен емлесін таниды;

  • өзіне таныс естіген, оқыған мәліметтерді жазады;

  • диалогті құрып жазады;

  • суреттеме, хабарлама, публицистикалық мәтін, шағын баяндама, реферат жаза алады;

  • диктант, мазмұндама, шағын шығарма жазады;

  • жазуда емле ережелерін орынды пайдаланады;

  • жеке хаттар (күнделіктер, құттықтау) жазады және т.б.

Тілдік білім

Фонетика бойынша:

  • қазақ тіліндегі төл дыбыстардың ерекшеліктерін біледі;

  • сөздерге қосымша жалғаудағы дыбыстардың ерекшеліктерін айырады;

  • қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылықтарын біледі;

  • қазақ әліпбиінің жүйесін таниды.

Лексика және фразеология бойынша::

  • лексикалық минимумда көрсетілген сөздерді меңгереді;

  • берілген сөздерге синоним, антоним таңдайды;

  • еркін сөз тіркестері мен өзіне таныс фразеологиялық тіркестерді таниды;

  • ғылыми стиль терминдерін біледі, оларды басқа пән (физика, химия, математика т.б.) сабақтарында пайдаланады.

Сөз құрамы. Сөзжасам бойынша:

  • сөз құрамын біледі;

  • сөзжасамның негізгі түрлерін айырады;

  • таныс емес сөздерді сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы ажыратады.

Грамматика бойынша:

  • сөз таптарының мағыналық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін біледі;

  • жалғау түрлерін таниды, оларды орынды пайдаланады;

  • сөз тіркесінде сөздердің өзара байланысын айырады;

  • сөйлемдегі тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді табады;

  • шартты, қарсылықты, мезгіл, себеп, амал, мақсат бағыныңқылы сөйлемдерді мағынасы бойынша ажыратады;

  • етістіктің болымсыз түрін және «жоқ», «емес» сөздерін пайдаланады;

  • төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі, бөгде сөздегі үтір, сызықша, көп нүкте қою тәртібін біледі;

  • салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдер байланысын анықтайды;

  • мәтіннің құрамдық бөлшектерін (кіріспе, ортасы, соңы) айырады;

  • негізгі емле және пунктуация ережелерін жазбаша жұмыстарда орынды пайдаланады.


«Қазақ әдебиеті» пәні

(өзге тілдерде оқытатан мектептерге арналған)
І. «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаты мен міндеттері.

Пәнді оқытудың мақсаты – қазақ халқының көркем әдебиетін оқыту, оқу жолымен қазақ тілін меңгерген, көпмәдениетті, өзге ұлттар әдебиетін құрметтейтін, бойында қазақстандық патриотизм, рухани адамгершілік сезімдері қалыптасқан тұлға дамуына ықпал ету.

Пәнді оқытудың міндеттері:

  • қазақ әдебиеті шығармалары негізінде мемлекеттік тілді меңгеру мүмкіндігін арттыру;

  • қазақ әдебиеті үлгілерімен танысып, әдеби тіл үлгісін пайдалана отырып, пән бойынша өз ойларын қазақ тілінде өзгеге және топта қорғай білу;

  • қазақ ауыз әдебиетінің, ІХ-ХV және XVI-XVIII ғасырлар әдебиетінің пән қызметі аясына сай үлгілермен педагогикалық-тілдік бейімделген нұсқада оқып тану;

  • ІХ және ХХ ғасырлар әдебиетінің классикалық озық үлгілерімен таныстыру;

  • көркем шығармалар негізінде коммуникативтік-модульдік тақырыптар аясында қазақ тілінде сөйлеу әрекеттерін (тыңдалым, оқылым, сөйлесім, жазылым) еркін орындау;

  • қазақстандық патриотизм, рухани-адамгершілік, көркем-эстетикалық сапалары құндылықтарын дамыту;

  • қазақ халқының тілі, әдебиеті, тарихы, мәдениеті, өнері туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыру.


ІІ. «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық мазмұны.

Халық ауыз әдебиеті: батырлар жыры, лиро-эпостық жырларынан үзінділер, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, мысалдар.

Ежелгі дәуір әдебиеті: «Күлтегін» жыры, Қорқыт, әл-Фараби, «Құтты білік».

Жыраулар поэзиясы: Асан қайғы, Қазтуған жырау, Шалкиіз жырау, Доспамбет жырау, Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау, Жиембет жырау, Бұқар жырау, Шал ақын, т.б.

ХІХ ғасыр әдебиеті: Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, т.б.

ХХ ғасыр әдебиеті: С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ж.Жабаев, т.б., М.Шаханов, Ә.Кекілбаев, Ш.Мұртаза, Қ.Мырза әлі, Т.Молдағалиев, М.Мақатаев, т.б.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті, олардың көрнекті өкілдерінің шығармалары.

Әдебиет теориясынан негізгі мағлұматтар. Портрет, тақырып, идея, сюжет, композиция, теңеу, эпитет, метафора, метонимия, ирония, гипербола, литота, ырғақ, ұйқас, аллитерация, ассонанс, параллелизм.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар

Әдеби білімі:

  • шығарманың жазылған кезеңі және оның авторын білу;

  • халық ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті және қазіргі әдебиет туралы түсінігінің болуы;

  • көркем әдебиеттің жанры, оның ерекшеліктері туралы түсінігінің болуы және т.б.

Оқушылардың әдеби-шығармашылық біліктілігі:

  • көркем мәтінді оқу, түсіну, оны айта алу;

  • кейіпкерлерді оның іс-әрекеті, мінез-құлқы, сөзі негізінде мінездей алу;

  • оқығанын айта алу;

  • нақты, қысқа түрде өз пікірін жеткізе алу;

  • негізгі мәселелерді сұрыптау, түйіндеме және жоспар құра алу;

  • оқырмандық қызығушылығының аясын кеңейту және т.б.



«Ағылшын тілі» пәні


І. «Ағылшын тілі» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Оқытудың мақсаты оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытумен, шетел тілін тілін оқып жатқан елдің мәдениеті мен тұрмысын зерттеу-танысу құралы ретінде қолдана білумен, ағылшын тілі ана тілі болып келетін адамдармен еркін қарым-қатынас жасау білігімен, көпмәдениетті және көптілді тұлға тәрбиелеумен анықталады.

Оқытудың міндеттері:

  • оқушылардың шетел тілін өздігінен және үздіксіз меңгеруін, одан әрі өздігінен білім алуға қабілеті мен даярлығын қалыптастыру;

  • жаңа тілдік білімін, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдің құралдарын (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық) және оларды қарым-қатынас жасауда қолдану әдістерін меңгеру;

  • оқушылардың әрекеттің төрт түрінде (тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу) білім, білік, дағдыларын дамыту;

  • оқушылардың тілдік қорын жаңа лексикамен байыту;

  • оқушыларды оқу жағдайы арқылы әлеуметтік бейімдеу;

  • азаматтық және патриоттық қасиетін қалыптастыру.


ІІ. «Ағылшын тілі» пәнінің базалық мазмұны

Әлеуметтік-тұрмыстық сала. Менің Отаным. Менің құқығым және міндеттерім. Отбасындағы аға және кіші буын арасындағы қарым-қатынас. Мектептегі құрбылармен қарым-қатынас. Адамның сырқы келбеті мен сипаты. Бос уақыт және қызығушылықтар (спорт, музыкамен әуестену, саяхат, кинотеатр, концерт, көрме, мұражай, би алаңы, дәмханаға бару). Мен және менің әлемім. Мен және менің достарым. Менің отбасым. Менің үйім, пәтерім. Сатып алынған заттар. Салауатты өмір салты. Дұрыс тамақтану. Зиянды әдеттер және оның салдары. Қазақстанның және ағылшын тілді елдердің мәдениеті, тұрмысы мен өмірі. Қазіргі заман әлеміндегі медицина рөлі. Аурулар, олардың себептері және емдеу тәсілдері. Дәстүрлі медицина және халық емдері. Техникалық үдеудің қазіргі заман қоғамына әсері. Адамзат қызметіндегі ғылыми жетістіктер.

Оқу-еңбек саласы. Орта мектепте білім алу және мектеп өмірі. Мектебіңнің қандай болғанын қалайсың? XXI ғасырдағы өмір. Мектеп өмірі. Жақсы көретін пәндер. Мәдени іс шаралар. Қазақстандағы және ағылшын тілді елдердегі білім жүйесі. Халықаралық мектептер арасындағы қарым-қатынас. Мамандық таңдаудағы шетел тілінің маңызы. Халықаралық тест түрлері. Қазіргі заман мектебінің үлгісі. Осы күнгі университет моделі. Мамандық таңдаудағы шетел тілінің маңызы. Қазақстанда және шетелдегі білім тарихынан.

Әлеуметтік-мәдени сала (Қазақстанда және тілін оқып жатқан елдерде). Салауатты өмір сүру. Көпшілік айналысатын (ұлттық) спорт түрлері және ұлт денсаулығы. Атақты адамдар, олардың ғылым мен әлем мәдениетіне қосқан үлесі. Табиғат және қоршаған орта мәселелері. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Қоршаған орта және менің денсаулығым. Табиғат. Экология. Спорт. Денсаулық. Медицина. Саяхат. Көлік. АҚШ-на саяхат жасау. Менің елім. Ұлттық мейрамдар мен салт-дәстүрлер. Қазақстанның Ұлы адамдары. Бос уақыт. Қызығушылықтар. Қазақстан экономикасының негізгі даму жолдары. Қазақстан туризмінің жаңа бағыттары. Туристік агенттік ашайық. Заң сақтау - өте маңызды! Қазақстан және тілін оқып жатқан мемлекеттер азаматтарының құқықтары және міндеттері; Қазақстан және тілді оқытатын мемлекеттердің заңдары. Менің елімнің әлем мәдениетіне қосқан үлесі. Қазақстан және тілді оқытатын ел арасындағы мәдени тілдесу. Қазақстан және тілді оқытатын елдің әйгілі қайраткерлері. Қазақстан әлем қоғамдастығында. Қазақстанның саяси, экономикалық және іскерлік байланыстары. Қазақстан тарихының асулы кезеңдері. Бізді қоршаған әлем. Қазақстан және тілі оқытылатын ел арасындағы мәдени байланыс. Белгілі мәдени және тарихи қайраткерлердің портреттері. Менің Тәуелсіз Қазақстаным. Қазақстан Республикасының даму жетістіктері мен болашағы. Атаулы мерекелер. Қазақстанның және тілін оқып жатқан елдің көрікті орындары. Саяхат. Қазақстанның және тілі оқытылатын елдің өсімдік пен жануарлар әлемі. Экология. Экотуризм. Бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, теледидар, радио, Интернет). Ақпарат көздерінің шынайылығы.
ІІІ. Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар.

Оқушылар:

  • меңгерілген лексикалық бірліктерді (сөздерді, сөз тіркестерін), сөзжасамның негізгі амалдарын (аффиксация, сөзжасам, конверсия);

  • шетел тіліндегі жай және күрделі сөйлемдердің құрылымдарының ерекшеліктерін; сөйлемнің коммуникативтік түрлерінің негізгі екпін ырғағын;

  • оқылған грамматикалық құбылыстарды (етістіктің шақтарын, модальдық етістіктер мен олардың баламаларын, артикльдерді, зат есімдерді, үстеу мен сын есімдердің шырайларын, есімдіктерді, сан есімдерді, шылау сөздерді);

  • тілін оқып жатқан елдерге тән сөйлеу этикетінің негізгі нормаларын (ілеспе сөз клише, жиі қолданыста болатын бағалау сипатындағы сөздерді);

  • оқыту бағдарламасында берілген тақырыпқа байланысты және қатынас жағдайына сәйкес жаңа лексикалық бірліктің, соның ішінде бағалау лексикасының мағынасын; тілін оқып жатқан елдің мәдени ерекшеліктерін білдіретін тілдік этикеттің реплика-клишелерін білуі тиіс;

  • кең көлемде оқытылған грамматикалық құбылыстардың мағынасын;

  • оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін байытатын аутенттік дереккөздерден алынған елтану ақпараты: оқытылған тілдің елі/елдері, олардың ғылымы мен мәдениеті, тарихи және қазіргі заман жағдайы, қоғам қайраткерлері, әлемдік қауымдастық пен әлемдік мәдениеттегі орны, Қазақстанмен қарым-қатынасы, оқытылған тіл елі/елдерінің және өз елінің салт-дәстүріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы мәліметті білуі тиіс;

  • оқытудың осы кезеңінің тақырыбына байланысты және қарым-қатынас жағдаятына, соның ішінде тілін оқып-үйренетін ел мәдениетінің ерекшеліктерін көрсететін бағалау лексикасына, сөйлеу әтикетінің реплика-клишесіне сәйкес жаңа лексикалық бірлік (130 ЛБ) мағынасын;

  • сөйлемдер құрудың ережелерін білу негізінде, ана тілімен ұқсастығы бойынша мәнін контекст бойынша аңғаруға болатын оқылмаған лексикалары бар немесе мәтіннің негізгі мазмұнын түсінуге кедергі жасамайтын таныс емес сөздерді қалдырып кету арқылы қарапайым аутенттік мәтіндердің негізгі мазмұнын түсінуге;

  • сөздікті, грамматикалық анықтамалықты, түсіндірмелерді пайдаланып, мәтін мазмұнындағы маңызды және қосымша фактілерді ажыратуға (зерттеп оқуға);

  • мәтіндегі қажетті ақпаратты табуға, оқыған мәтінге өз пікірін айтуға мүмкіндіктер беріледі.

Оқушылар:

  • сөз әдебі нормаларын сақтай отырып, әңгімені бастап, жүргізіп/қолдап, қажет болған жағдайда қайталап сұрақ қойып, анықтап және тілдесуді қалыпты жағдаяттарда аяқтай білу;

  • өткен тақырыптарға және меңгерілген лексикалық және грамматикалық материалдарға сүйене отырып, өзінің пікірін, өтінішін білдіру; сұхбаттасқа сұрақтар қойып, оның сұрақтарына жауап беру, әңгімелесушінің ұсынысымен келісу немесе келіспеу;

  • өзінің жеке басы, отбасы, жора-жолдастары, тілек-мүдделері және келешек жоспарлары туралы әңгімелеу, туған елі және тілін оқып жатқан ел туралы қысқаша баяндап бере білу;

  • қысқаша хабарлама жасау, оқиғаларды не құбылыстарды баяндау (өткен тақырыптар аясында), оқылған мәтіннің не тыңдалған әңгіменің негізгі мазмұнын, негізгі айтылатын ойды бере білу, оқыған немесе тыңдаған мәтін-әңгімеге байланысты өз пікірін білдіру, кейіпкерлерге сипаттама бере білу.

  • көлемі шағын қарапайым аутенттік прагматикалық мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну (ауа-райы болжамы, теледидар, радио бағдарламалары, аэропорт немесе сапаржайлардағы хабарландырулар) және қажет болатын маңызды ақпаратты ажырата білу;

  • сөйлемнің әр түрлі коммуникативтік түрлеріне (хабарлама, әңгіме) жататын қарапайым түпнұсқалық мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну, мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі фактілерді айқындай білу;

  • шетел тіліндегі мәтінмен еркін жұмыс жасау; оның мазмұнын тақырыбына қарап болжай білу;

  • мәтінді мағыналық жағынан өңдеу әдіс-тәсілдерін (тілдік тапқырлық, талдау, іріктеп аудару) қолдана отырып, әр түрлі жанрда жазылған қарапайым аутенттік мәтіндерді толық түсіне білу, алынған ақпаратты бағалау, мәтінде көтерілген мәселеге байланысты өз пікірін білдіру;

  • үлгіге сүйене отырып, жеке немесе құттықтау хаттар жазу (хат жолдаған адамның өмір-тіршілігі туралы сұрастыру, өзі туралы мағлұмат беру, алғыс, өтініш білдіру);

  • оқушылар меңгерген білім мен біліктерді күнделікті өмір тіршілігінде қолдана білуі керек;

  • әлеуметтік бейімделу; ағылшын тілі ана тілі болып келетін адамдармен ауызша және жазбаша тілдесім үрдісінде өзара түсіністікке қол жеткізу, шамасына қарай тұлға аралық және мәдениетаралық байланыс орнату;

  • көптілді және көпмәдениетті әлемді түсініп қабылдай білу, әлемдегі ана тілі және шетел тілінің алатын орны мен атқаратын рөлін ой елегінен өткізе білу;

  • шетел өкілдерін қазақ халқының мәдениетінен хабардар ету;

  • оқушы өзін туған елінің ұлтжанды азаматы және әлемнің қай елінде болса да өзін азамат ретінде сезіне білуі керек;

  • жай сөйлемнің барлық типтерін пайдалана отырып, сұрақтарға дәлелді жауап бере алу;

  • қысқаша хабарламаны түсіне және ақпараттың дұрыс/дұрыс еместігін анықтай алу;

  • қысқаша мәтіндерді іштей оқып, негізгі мазмұнын түсіне; түсінгенін сурет, сызбанұсқа түрінде көрсетіп, сұрақтарға жауап беріп, коммуникативтік міндетіне байланысты оқудың негізгі түрлерін пайдалана алу;

  • оқудың әртүрлі стратегияларын;

  • а) зерттеп оқуды (тілдік жұмбақ, екі тілді сөздікті пайдалану, алған ақпараттарын сөйлеу әрекетінің басқа түрлерінде пайдалану); ә) іздену-көз жүгіртіп оқуды (қажет ақпаратты алу); б) танысып оқуды (суреттері, тақырыбы, негізгі сөздері бойынша мәтін мазмұнын болжау, негізгі фактілерді іріктеу) пайдалана алулары керек.

  • стандартты жағдайда әңгімені тіл этикетін сақтау, қолдау және аяқтау және қажет кезінде қайта сұрау, дәлелдеу;

  • серіктесіне сұрақ қойып, оның сұрақтарына өз пікірін қосып жауап беру, көмек сұрау, сұхбаттасушының сұрағына өткен тақырып көлемінде жауап беру, көну / көнбеу;

  • өзі туралы, жанұясы туралы, дос-жараны туралы, өзінің жоспары, қызығушылықтары туралы айту; өз ауылы, қаласы, елі және тілін оқитын мемлекет туралы қысқаша баяндау;

  • қысқа хабарлама жасау, құбылыстарды, оқиғаларды (өткен тақырып шеңберінде) суреттеу, негізгі мазмұнын айту; оқылымның басты ойын табу, өз көзқарасын білдіру, бейнелерді сипаттау;

  • сөйлеуді дамытуда синонимдік құралдар қолдануын;

  • қысқа күрделі емес түпнұсқалық прагматикалық мәтіндерін түсіну (ауа райы болжамы, теле/радио бағдарламасы, әуежайдағы / вокзалдағы хабарламаларын) өзіне керек ақпаратты алу;

  • күрделі емес аутенттік әртүрлі коммуникативтік тілдік типке жататын мәтіндерді түсіну (хабар,әңгіме); мәтінің тақырыбын анықтау, мәтіндегі басты ойды табу, өз пікірін білдіруді білуі/түсінуі тиіс.


4.2 «Адам және қоғам» білім саласы
«Қазақстан тарихы» пәні

І. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Оқытудың мақсатыоқушылардың білімі мен дайындық деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.

Оқытудың міндеттері:

  • оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім беру;

  • Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияларды меңгерту;

  • оқушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап- қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру;

  • оқушылардың қазақ және елімізде тұратын басқа да халықтардың мәдени мұраларына қызығушылығын қалыптастыру;

  • оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дереккөздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік беру.


ІІ. «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық мазмұны.

Отан тарихына кіріспе. «Қазақстан тарихы» пәнінің рөлі мен маңызы. Археологиялық ескерткіштер. Қазақстан аумағындагы археологиялық қазба жұмыстары. Қазақстан тарихынан деректер. Ертедегі жазулар. Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері. Жазбаша деректердің түрлері. Өлкетану. Тарихи уакыт. Біздің заманымызға дейін (б.з.д.). Біздің заман (б.з.). Хижра. Қазақ күнтізбесі. Тарихи жыл санау. Тарихи карталар. Қазақстан дүние жүзі картасында. Қазақстанның табиғаты. Тарихы мен табиғаты. Қазақстан халқы. Халықтың саны, ұлттық қүрамы. Әлеуметтік қүрамы. Халықтың тығыздығы. Тарихи көшіқон. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Ту. Елтаңба. Әнұран. Теңге. Қазақстан тарихына саяхат. Қазақстан XX ғасырдың басында. Қазіргі Қазақстан. Болашаққа жол. Қазақстан Республикасының жариялануы. Н.Ә.Назарбаев — Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау. Астана — мемлекетіміздің Елордасы. «Ежелгі Қазақстан тарихы» ұғымы, оның мазмұны мен мәні. Ежелгі Қазақстан тарихының кезеңдері. Ежелгі Қазақстанның адамзат тарихындағы орны. Ежелгі Қазақстан. Қазақстанның алғашқы тұрғындары туралы білім көздері. Қазақстан территориясындағы тас дәуірі. Неолит дәуірі. Металл өндірісі. Андронов мәдениеті. Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың қоғамдық-мәдени өмірі. Ежелгі Қазақстан темір дәуірі қарсаңында. Қазақстан ерте темір ғасырында. Қазақстан аумағындағы ірі тайпалық бірлестіктер. Темірдің пайда болуы. Сақ-савромат тайпалары. Сақ-савромат тайпаларының қоғамдық-саяси құрылымы мен шаруашылығы. Сақ тайпаларының тәуелсіздік үшін күресі. Сақтар мәдениеті мен өнері. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Шаруашылық өмірдегі өзгерістер. Үйсін мемлекетінің қалыптасуы. Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы. Қаңлы мемлекетінің қалыптасуы. Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы. Ғұн мемлекетінің құрылуы. Ғұндар және халықтардың Ұлы қоныс аударуы. Ғұн мәдениеті. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының антропологиясы.



Қазақстан – Ұлы Дала өркениетінің мұрагері. Қазақстандағы археологиялық зерттеулер. Археологиялық мәдениет туралы түсінік. Шығыс Қазақстанның археологиялық мәдениеті. Қазақстандағы патша қорғандары. Көшпелі өркениеттің қалыптасуы. Орта ғасырлар қарсаңындағы Қазақстан тарихы. «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері.

VI-XII ғғ. ерте орта ғасырлардағы Қазақстан. Түрік қағанаты.

Батыс және Шығыс түрік қағанаттары.

Қазақстан аумағындағы түркеш қағанаты.

«Түркеш» этнонимі. Түркеш тайпалары туралы жазба деректер. Түркеш қағанатының құрылуы. Үш-Елік қаған. Түркештердің этникалық және тайпалық құрамы. «Сары» және «қара» түркештер.

VI-XII ғғ. Ерте орта ғасырлардағы Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті. ХІІІ – XV ғ. бірінші жартысындағы дамыған орта ғасырлардағы Қазақстан. XIII-XV ғғ. Қазақстан қалалары мен сәулет өнері. XV ғ. екінші жартысы – XVІІ ғ. кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан. XVIII ғасырдың басы – 1917 жыл). Қазақстан ХІХ ғасырдың бірінші жартысында. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847жж.). Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы (ХІХ ғ. 40 – 60жж.). Қазақстанның ХІХ ғасырдың І жартысындағы мәдениеті. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан. Қазақстанның ХІХ ғ. екінші жартысындағы мәдениеті. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы (1917 – 1991 жж.). ХХ Ғасырдың басындағы Қазақстан. Қазақстан 1917-1941 жж. Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы. Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезеңінде. Қазақстан 1946-1991 жж.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

  • отандық тарихта болған маңызды кезеңдерді, ежелгі дүниеден казіргі заманға дейінгі аса маңызды оқиғаларды, көрнекті кайраткерлерді;

  • тарих пәні туралы мәліметтерді, тарихи деректерді, тарих картасын, тарихи уакыттарды;

  • әр ел халқының түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениеті, діни сенімдері, өмірі, тұрмысы мен кәсібін білуі қажет;

  • тарихи білім алудың әдістері мен тәсілдері туралы;

  • ежелгі отандық тарихтың негізгі кезеңдері туралы;

  • өткен тарихи тұлғалар мен елеулі оқиғалар туралы;

  • ежелгі Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы және оның халық шаруашылығына әсері туралы;

  • ежелгі Қазақстан халықтарының өмірі, шаруашылығы, кәсібі, діни, наным-сенімдері туралы;

  • ежелгі халықтардың мәдени жетістіктері туралы;

  • тарихи білім алудың әдістері мен тәсілдері туралы;

  • ежелгі отандық тарихтың негізгі кезеңдері туралы;

  • өткен тарихи тұлғалар мен елеулі оқиғалар туралы;

  • ежелгі Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы және оның халық шаруашылығына әсері туралы;

  • ежелгі Қазақстан халықтарының өмірі, шаруашылығы, кәсібі, діни, наным-сенімдері туралы;

  • ежелгі халықтардың мәдени жетістіктері туралы;

  • орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін;

  • орта ғасырлар шеңберінде қазақ елінің тарихында болған маңызды оқиғалар желісін;

  • орта ғасырлардағы Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайының тайпалардың шаруашылық және тұрмыс-салт тіршілігіне тигізер әсерін;

  • қазақ даласында мемлекеттілік ұғымдардың қалыптасуын және оның даму ерекшелігін;

  • орта ғасырларда қазақ жеріндегі қалалар мен қала мәдениетінің даму ерекшеліктерін;

  • орта ғасырлардағы тайпалардың өмірі, тұрмысы, діни-нанымдары мен әлемдік діндердің таралу ерекшеліктерін;

  • орта ғасырлардағы Қазақстан тұрғындарының мәдени мұрасын;

  • зерттеу кезеңінің құбылыстарын, үрдістер мен негізгі фактілерді түсінуі;

  • сол кезеңдегі қоғамның белгілі саяси және мемлекет қайраткерлерін, ғылым мен мәдениет өкілдерін;

  • жаңа дәуірдегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік құрылымдарды;

  • әкімшілік-территориялық құрылыс түрлерін және Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейінгі басқаруды;

  • Қазақстан халықтарының жаңа кезеңдегі салт-дәстүрлерін және мәдени мұраларын;

  • ХХ ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және әкімшілік-территориялық құрылымын;

  • ХХ ғасырдағы Отан тарихындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестердің себеп-салдарлық байланысын;

  • ХХ ғасырдағы Отан тарихындағы қоғамдық, саяси және мәдени қайраткерлерді;

  • Қазақстандағы «әскери коммунизм», ЖЭС, «Кіші Қазан», индустрияландыру, ұжымдастыру және мәдени төңкеріске сипаттама жасай алуы;

  • Қазақстанда ХХ ғасырдағы қоғамдық-саяси процестер: азамат соғысының негізгі оқиғаларын, «Алаш» ұлттық автономиясын құру, Қазақ кеңестік мемлекеттілігін құру, Ұлы Отан соғысы жылдары, соғыстан кейінгі кезең, тың эпопеясы, «тоқырау» кезеңі және «қайта құру», Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жағдайларын сараптай алуы;

  • кеңес дәуіріндегі қазақстандық қоғамның түрлі салаларындағы дағдарыс құбылыстарын анықтай білуі;

  • Қазақстанның ХХ ғасырда халыққа білім беру, ғылым, әдебиет және өнер салаларындағы мәдени жетістіктерді, дінді сараптай алуы білуі тиіс.

Сонымен қатар:

  • Отандык тарихтағы негізгі маңызды оқиғалар мен көрнекті қайраткерлер туралы әңгімелеп айтуды;

  • жыл мен ғасыр ара қатынасын, оқиғаның реті мен ұзақтығын анықтауды;

  • тарихтағы жыл санауды қолдана білуді;

  • тарихи картадан мемлекеттердің шекараларын, аумағын, астанасын, аса маңызды оқиға болған жерлерді дұрыс көрсету және оларды суреттеуді;

  • түрлі кезеңдегі адамдардың өмірі мен тұрмысына сипаттама беруді;

  • түрлі кезеңдегі оқиғаларды, мәдени ескерткіштерді өзара салыстыру жөне жалпы айырмашылықтарын анықтай білу;

  • оқыған мәтіннің жоспарын жасауды;

  • тарихтан алған білімін басқа пәндерді оқығанда, күнделікті өмірде қолдану біліуін меңгеруі қажет.

  • ежелгі Қазақстан тарихы пәніндегі аса маңызды оқиғалар мен бұрынғы өткен тарихи тұлғалар туралы әңгімелей білуі;

  • тарихи деректерді талдауды және салыстыруды, тарихи үрдістердің мәнді белгілерін бөліп көрсете алуы;

  • жылдар мен ғасырлардың ара қатынасын, оқиғалардың реті мен өту мерзімін, себептері мен салдарын баяндай білуі;

  • тарихи картадан тайпалар мен тайпа бірлестіктерінің, мемлекеттердің шекаралары орналасқан аумағын, аса маңызды тарихи оқиға болған жерлерді көрсетуі және оны мазмұндай білуі;

  • ежелгі адамдардың еңбек құралдарын, киімдерін, баспанасын, сыртқы келбетін сипаттай білуі;

  • тарихты оқу барысында қосымша материалдарды пайдалана білуі;

  • оқыған мәтініне жоспар құра білуі;

  • өзге пәндерден және қосымша материалдардан алған білімді тарихи үрдістер мен оқиғаларға қатысты тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында пайдалануды;

  • орта ғасырлардағы маңызды тарихи оқиғалар мен тарихи қайраткерлер туралы логикалық бірізділікпен суреттеп әңгімелеуді;

  • тарихи оқиғалар мен фактілерді талдау және салыстыруды, тарихи үрдістің маңызды белгілерін анықтауды;

  • тарихи оқиғалар желісінің тарихи уақыт пен тарихи кеңістікте жүйелі дамуын көрсете алуы және оның себеп-салдарын анықтауды;

  • тарихи картадан орта ғасырлық мемлекеттердің шекараларын, аумағын, астанасын және қазақ даласындағы Шыңғысхан және Әмір Темір жорықтарының барысын, Ұлы Жібек жолының негізгі тораптарын көрсетуді;

  • тарихты оқып үйренуде қосымша деректерді пайдалануды;

  • орта ғасырлардағы маңызды тарихи оқиғалар туралы қысқаша эсселер мен тарихи шығармалар жазуды;

  • тарих сабағынан алған білімін басқа пәндерді оқығанда және күнделікті өмірде қолдануды;

  • жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихи даму заңдылықтарын және тарихи оқиғалардың себеп – салдарын ашуды;

  • әр түрлі деректерден тарихи ақпараттарды тауып алуды;

  • тарихи фактілерді жинақтап қорыту, оқиға желісін сараптауды;

  • өз көзқарасын қорғай білуді;

  • басқа оқушылардың жауаптарын сараптауды;

  • Қазақстан тарихында орын алған тарихи тұлғалардың қызметін бағалай білуді;

  • тарихи карталармен және хронологиялық кестелермен жұмыс істеуді;

  • жаңа замандағы тарихи оқиғалардың даму заңдылықтарын және себеп – салдарын анықтауды;

  • ХХ ғасырдағы Қазақстанның экономикалық және қоғамдық-саяси реформаларна баға беруді;

  • әртүрлі дереккөздерінен тарихи ақпараттар алуды;

  • тарихи деректерді жинақтап қорытындылауды және талдауды;

  • Қазақстан тарихында орын алған тарихи тұлғалардың қызметін бағалауды және сипаттай білуді;

  • тарихи карталармен және хронологиялық кестелермен жұмыс істеуді;

  • өз көзқарасын құрастыруды;

  • өзге де оқушылардың жауаптарын сараптауды меңгерулері тиіс.


«Дүниежүзі тарихы» пәні
І. «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Оқытудың мақсаты: оқушыларды ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзат тарихындағы маңызды тарихи оқиғалармен таныстыра отырып, жүйелі білім негіздерін қалыптастыру, бүкіл адамзат жасаған құндылықтардың мәдени-тарихи тәжірибелердің мәнін түсінетін, ізгілікті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.

Оқытудың міндеттері:

  • оқушыларға дүниежүзi тарихы бойынша маңызды оқиғалар мен үдерiстер және олардың өзара байланысы мен хронологиялық сабақтастығы жөнiнде жүйелi бiлiмдi меңгерту;

    • тарихи қалыптасқан мәдени, дiни және ұлттық салт-дәстүрлермен танысу барысында құндылық бағыт-бағдарды қалыптастыру;

    • алған тарихи бiлiмiн күнделiктi өмiрде қолдана бiлу дағдысын қалыптастыру;

  • оқушылардың тарихи даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіне отырып, қоғам дамуындағы өзінің бағыт-бағдарын, көзқарастары мен ұстанымдарын айқындау қабілетін дамыту;

  • дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып оқушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілікке, бір-біріне құрметпен қарау.


ІІ. «Дүниежүзі тарихы» пәнінің базалық мазмұны.

Тарих-халықтардың бұрынғы және қазіргі өмірінің сипаттамасы. Табиғатты зерттеу және адам қоғамын зерттеу. Клио - тарихтың пірі. Тарихтың даму жолы туралы түсініктер. Адамзат тарихы қалай дамып, ілгерілейді. Козғалыстың бейнелері: сызықтар, шеңберлер, спиральдар. Отан тарихы-дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі. Тарихи білімнің дерек көздері. Тарихи кеңістік туралы түсінік. Топонимика. Мекендер, өзен-көлдердің атаулары. Адамзат тарихының бастауы. Алғашқы қауым адамдары, олардың іс-әрекеттері мен еңбек құралдары. Тұрғын жайлары, тамағы, киімі және өнері. Үндістан түбегі. Үнді аңғарындағы ежелгі қалалар. Арий басқыншылары. «Ведалар». Касталар. Бабыр. Ұлы Монғол империясы. Ежелгі Қытай. Ежелгі Қытай өркениеті. Конфуций. Ұлы Қытай қорғаны. Скифтер. Еуразия көшпенділері. Шаруашылығы мен мәдениеті. Салт-дәстүрлері. Түркі әлемі. Әлемдік діндер. Славяндар және Киев Русі. Шығыс, батыс және оңтүстік славяндар. Киев. Славян мемлекеті.Алғашқы саяхатшылар. Теңізші Генрих. Африканы айналып өтетін жол. Жер шарын айналған саяхат. Американың жергілікті халқы. Америкадағы ежелгі адамдардың өмірі. Майя. Ацтектер. Инктер. Американың ашылуы. Үнді тайпалары. Жергілікті американдықтар мен еуропалықтар арасындағы соғыстар. Африка халықтарының мәдениеті. Африкадағы ежелгі адамдар. Африка тайпалары. Зулустар. Африкаға еуропалықтардың келуі. Жұмбақ Жапония. Күн құдайының ұрпақтары туралы аңыздар. Жатжерліктердің шапқыншылығы.

Қайта өрлеу дәуірі. Шығыс мәдениеті. Араб тілді әлемнің ғалымдары. Ибн Сина. Әл-Фараби. Батыстағы Қайта өрлеу. Леонардо да Винчи.

Ағарту. Энциклопедистер. «Адам өмірге азат болып келеді». Жан Жак Руссо. Вольтер. Парламент, азаматтық құқықтар, сайлау. Әлемдегі ең ежелгі парламент. Адам құқықтары. Сайлау. Империялар. Ресей. Осман империясы. Аустро-Венгрия. Империялардың ыдырауы.

КРСО. КСРО құрылуы. Коммунизм туралы армандар. КСРО-ның ыдырауы. Фашизм және Екінші дүниежүзілік соғыс. Фашизм. Концлагерь. Екінші дүниежүзілік соғыс.

Әлем және БҰҰ. Халықтардың өзара ынтымақтастығы. Бейбітшілікті сақтау мүмкіндігі БҰҰ. Жаңа заман дәуіріндегі әлем тарихы. ХVІІ ғасыр -ХХ ғасырдың басы.



ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы дүниежүзі тарихындағы негізгі оқиғалар. индустриялық өркениет дәуіріндегі мануфактура кезеңі. ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдағы Англияда парламенттік монархия мен капитализмнің орнығуы.

Солтүстік Америкалық колониялардың тәуелсіздік жолындағы соғысы және АҚШ-тың құрылуы. ХVІІІ ғасырдағы Ресей.

ХVІІІ ғасырдағы Франция: классикалық абсолютизмнен Ұлы Революцияға дейінгі дәуір.

Наполеон соғыстары кезеңіндегі Еуропа. 1812 жылдағы орыс халқының Отан соғысы. Декабристер. Латын Америкасындағы отарлық езгіге қарсы революциялар. ХVІІІ ғасырдың соңы – ХІХ ғасырдың бірінші ширегі. ХІХ ғасыр - ХХ ғасыр басындағы әлем.

Дүниежүзі ХХ ғ. басында. 1918-1945 жж Еуропа және Америка елдері.

1918-1945 жж. Азия және Африка елдері. ХХ ғ. бірінші жартысындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы. Халықаралық қатынастар. Екінші дүниежүзілік соғыс.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

    • әртүрлі халықтар мен этностардың мифтерін, аңыздарын жөне шежірелерін;

    • әлемдік діндер тарихынан қарапайым мәліметтерді;

  • қоғамның адами құндылықтарықтарына, өз Отанының тарихы мен дәстүрлеріне, адам құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық өмірдің демократиялық қағидаларына құрметпен қарау қажеттігін сезінуі;

  • өз халқының тарихы мен мәдениетінің дүние жүзі тарихына, адамзат тарихына қатыстылығын.

  • әртүрлі континенттерде болған өркениеттер мен мәдениеттер туралы;

  • тарихи зерттеулердің негізгі әдістерін, тарих ғылымының қарапайым лексикасын;

  • заттай, ауызша, жазба және басқа да тарихи деректер, тарихи уақыт және тарихи кеңістік, тарихи даму туралы;

  • азаматтық-қоғамдық және әлеуметтік-қызметтік саладағы іс-әрекеттің негізгі қағидалары туралы;

  • жанұялық қатынастардың негізгі қағидалары туралы, адамның, қоғамның және мемлекеттің өзара қатынастарынын негізгі қағидалары туралы;

  • қоршаған ортаға (коғамға) эмоционалдық-құндылықтық қатынастық тәжірибесін білуі/түсінуі қажет;

  • халықтар мен континенттердің тарихи даму заңдылықтарының капиталистік өркениет жолында, белгілі кезеңдер мен дәуірлерден өтетінін саналы түрде түсіне білуі;

  • капиталистік өркениеттің, бостандық пен үздіксіз прогресс идеяларына негізделген әлеумет пен қоғам формасының алғашқы мәні екендігін түсінуі;

  • капитализмнің дамуы мен қоғам дамуында туындайтын терминдер мен ұғымдарды игеруі. «Материалдық өндіріс», «экономикалық қатынастар», «капиталистік»,«саяси құрылыс», «өкілетті мекемелер», «билік тармақтары», «конституция» және «заңдылық» ұғымдарының мағынасы туралы нақты түсініктерді меңгеруі;

  • өнеркәсіптік дамудың мануфактурадан ірі өнеркәсіпке көшу кезеңдерін білуі;

  • революциялық және эволюциялық жолдармен қоғамдық қатынастардың өзгеру мүмкіндіктерін және баламалы өзгерістер болу мүмкіндіктерін түсінуі;

  • Азия және Африка елдерінің өндірістік даму ерекшеліктерін, ол елдердегі дәстүрлі қоғамдардың құрылымдық айырмашылықтарын түсініп үйренуі;

  • оқу барысында оқушылар әлем халықтарының жаңа замандағы ғылыми-техникалық және мәдени жетістіктерімен танысуы және олардың ортақ белгілері мен ерекшеліктерін айыра білуі;

  • оқушылар ауыспалы кезеңдердің белгілерін және сол дәуірлердегі ұлы мемлекеттік және қоғамдық тұлғалардың рөлі мен орны туралы білуі, жеке тұлға мен халық бұқарасының тарихтағы орнын айыра;

  • дүниежүзі елдерінің қазіргі заман тарихындағы негізгі оқиғалары мен құбылыстарын;

  • маңызды мәдени жетістіктер мен құндылықтар жүйесін;

  • ХХ ғ. бірінші жартысындағы әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді;

  • ХХ ғ. бірінші жартысындағы азаттық, әлеуметтік және ұлттық қозғалыстардың сипатын;

  • ХХ ғ. бірінші жартысында өмір сүрген саяси режимдердің мәнді белгілерін;

  • жеке фактілер мен жалпы құбылыстардың арақатынасын;

  • тарихи процестер мен құбылыстардың пайда болу және дамуының бірізділігін, тарихи оқиғалардың себептік- салдарлық байланыстарын білуі тиіс.

Сонымен қатар:

  • шетелдердің ХХ ғ. бірінші жартысындағы саяси және экономикалық дамуына сипаттама беруде тарихи картаның мәліметтерін пайдалануды;

  • қажетті ақпаратты деректерден іздей білуді;

  • тарихи білімдерін қазіргі қоғамның әлеуметтік, саяси және экономикалық мәселелерін талдауда қолдануды;

  • ХХ ғ. бірінші жартысында халықтар мен елдердің тағдырларына елеулі түрде әсер еткен саяси және қоғамдық қайраткерлерге, тарихи оқиғалар мен құбылыстарға баға беруді;

  • шетелдердің қазіргі заман тарихындағы маңызды оқиғаларының бірізділігін анықтауды;

  • тарихи құбылыстарға тән белгілерін анықтауды, тарихи оқиғалар мен фактілерді салыстыру және жіктеуді;

  • ХХ ғ. бірінші жартысындағы шетелдердің тарихындағы оқиғалар, құбылыстар және процестерге жазбаша сипаттама жасауды, өзекті мәселелер бойынша баяндама мен рефераттар дайындауды

  • мәтінді жеке бөлімдерге бөлу, жоспар кұру, оған сұрақтар қою;

  • материалды ауызша айтумен қатар картадан көрсету;

  • оқулықтың мәтінін және деректерден үзінділерді пайдалана отырып, өзіндік көзқарасын баяндайтын қысқаша шығарма жазу;

  • тарихи деректермен, картографиялық және хронологиялық материалдармен элементарлық деңгейде жұмыс жасау;

  • әр түрлі мәдениетті, әр түрлі этностарды, әртүрлі діндерді бейнелейтін қоғамда қарапайым қатынас жасау;

  • өзінің мінез-құлқын кәдуілгі және ерекше жағдайларға бейімдеп отыру білімін меңгеруі қажет;

  • жаңа замандағы тарихи фактілерді жинақтап қорыту, оқиға желісін әңгімелеп айтуды;

  • тарихи оқиғалар туралы өз көзқарасын дәлелді көркем тілмен жеткізіп айта білуді;

  • тарихи тұлғаларға, оқиғаларға, үрдістерге салыстырмалы сипаттама беруді;

  • тақырыптық синхрондық кестелерді жасай алу, оқиғалар мен фактілерді, құбылыстарды заманның нақтылы кезеңімен байланыстырып ұштастыра алуды;

  • карталармен және картографиялық, хронологиялық материалдарды қолдана алуды;

  • тарихи құжаттармен, ғылыми-көпшілік және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу біліктіліктерін меңгеруі тиіс.


«Адам. Қоғам. Құқық» пәні
І. «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Оқыту мақсаты – оқушыларға адам, қоғам, құқық бойынша негізгі білім беру; түрлі өмірлік жағдайларда қолданатын, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды меңгерген, өзіндік азаматтық көзқарасы мен ұстанымы бар, елін, ұлтын құрметтейтін, өз Отанын шын сүйетін азамат болып қалыптасуына ықпал ету болып табылады.

Оқыту міндеттері:

  • білімнің сапалы меңгерілуін, оқушылардың оларды өмір тәжірибесінде қолдана білуін және танымдық әрекеттерде басшылыққа ала білуін қамтамасыз ету;

  • оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан құбылыстар мен үдерістер арасында дұрыс бағыт-бағдар жасай алатын, өзіне лайықты кәсіп түрін таңдап, еркін еңбек ете білетін, әлеуметтік белсенді қоғам азаматы болып шығуына көмектесу;

  • құқықтық сауаттылықты меңгеру, әділетті, заңды, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін қасиеттерді дарыту арқылы жауапкершілікке тәрбиелеу;

  • толерантты болуға, түрлі халықтар мәдениетін қабылдауға; Отанымыздың мәдениеті мен дәстүрі жайлы ұғымын кеңейту және мәдени құндылықтарға, өзі тұратын елдің тіліне деген құрметтеуге тәрбиелеу;

  • оқушыларды құқықтың жетекші салаларының: конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасы, еңбек және қылмыстық негізімен таныстыру, түрлі өмір жағдайында құқық негіздерін қолдана білуді, үнемі өзін-өзі дамыту мен өздігінен білім алуды қалыптастыру;

  • ынтымақтастық және ұжымдық құндылықтар арасындағы байланысты дамыту, дау-жанжалдарды шешуде бейбіт реттеу тәсілдерін меңгеруді қалыптастыру.


ІІ. «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің базалық мазмұны:

Адам және оның сипаты. Қоғам туралы түсінік. Қоғамның әлеуметтік нормалары. Адам және экономика. Қоғамның әлеуметтік аясы Қоғамның саяси өмірі. Қоғамның мәдени аясы. Мемлекет және құқық. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Құқық бұзушылық туралы түсінік. Адамдар және жүздесу.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Оқушылар:

  • жалпы таным, дүниетаным, адамдар арасындағы сақталатын тәртіп нормалары, әдеп, тұлға, жеке адам, даралық терминдерін;

  • адамдар бойындағы табиғи және әлеуметтік қалыптарына, мүмкіндіктеріне, адамның психологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беруді;

  • адамның топтардағы орны, адамның бақыты, өмірінің мақсаты мен өмірлік құндылықтарын талдап түсіндіруді;

  • адамның интеллектілік және тәндік мүмкіншіліктерін бағалауды;

  • қоғамның әлеуметтік нормалары, мораль түсінігі, оның сипаты, моральдің маңызы, мораль санаттары, оның құқықпен ұқсастығы және айырмасы, моральдің қоғамдағы әрекет ететін аялары ұғымдарын;

  • құқықтық нормалар, құқықтың қоғамдағы орнын, құқық тарихын, құқық және заңның арақатынасын, құқықтық жүйе түсініктерін салыстыру, талдап түсіндіру мен оны бағалауды;

  • экономика, техника және технология, сұраныс, ресурстар, таңдау, тауар, ақша, құн, баға, ұлттық валюта, монополия, жекешелендіру терминдерін;

  • экономиканың негізгі мәселелері, нарықтық экономика, меншік түрлері, тұтыным мен сатушы, бизнес және коммерциялық ұғымдарының негізгі санаттарын;

  • сыртқы критерийлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайын, Қазақстан Республикасының негізгі экономикалық реформаларын, мемлекеттің басты экономикалық саясатындағы дұрыс жақтарын таңдай;

  • әлеуметтік, әлеуметтену, балалық шақ, ересектік шақ, жастық шақ, кәрілік т.б терминдерін;

  • әлеуметтік бақылау, әлеуметтік нормалар, әлеуметтік санкциялар, девианттық, қоғамдағы адамдардың ұстанатын мінез-құлық ережелерінің тәртіптерін;

  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымына, әлеуметтік дәрежесін мәніне, оның түрлеріне сипаттама беруді;

  • сайлауға қатысу шарттары, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қоғамдағы саяси өмірге қатысын, қоғамдық ұйымдардың саяси партиялардан айырмашылығын, олардың қызметі мен атқаратын міндеттерін салыстыруды;

  • мәдениеттілік, мәдени идеал, жеке адамның мәдениеттілік көрсеткіші, мәдениет жетістіктерін, білімді меңгеру, өздігінен білім алудың маңызы, рухани даму үрдісіндегі діннің рөлін бағалай алуды;

  • Қазақстан Республикасының қазіргі замандағы орны, өркениетті елдерде қабылданған негізгі құқықтық құндылықтар, ұлттық және халықаралық құқық арасындағы байланыстардың негізгі ұстанымдарын;

  • Қазақстан Республикасының Президенті, оның өкілеттігі мен құқықтық құзыреті, Президенттің атқаратын міндеттері, Қазақстан Республикасы Парламентінің құқықтық құзыреті, Парламент қызметтерінің негізгі бағыттары, Парламент депутаты, Сенат пен Мәжіліс түсініктерін талдау;

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі және оның қызметтері; Үкімет – атқарушы билік органы; сот және соттар төрелігі, ҚР сот жүйесі; ҚР Конституциялық кеңесі деген түсініктерін талдап түсіндіруді;

  • азаматтық құқық бұзушылық пен жауаптылық, әкімшілік құқық бұзушылық және ол үшін жауаптылық, қылмыстық құқықбұзушылық және ол үшін жауаптылыққа сипаттама беруді;

  • әлеуметтік-психологиялық бейімделу, қала мен ауыл әдебі, бейімделе алмау дерті, әлеуметтік-психологиялық құзіреттілікті;

  • тұлғаралық қатынастар, тұлғаралық қақтығыстар, олардың құрылымы және оны шешу жолдарын бағалау алуды білуі/ меңгеруі тиіс.


4.3 «Жаратылыстану» білім саласы
«Жаратылыстану» және «География» пәндері
І. «Жаратылыстану» және «География» пәндерінің мақсаты мен міндеттері.

Оқытудың мақсаты: оқушыларға жаратылыстану ғылым туралы білімді, табиғат, қоғам және экономиканың жүйелі байланысы жайлы түсінік пен көзқарасты дамыту. Қазақстан Республикасының әсем табиғаты және экономикасының ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру, функционалдық сауаттылықты және жүйелі-кешенді сананы дамыту.

Оқытудың міндеттері:

  • табиғатқа, оның дамуына, табиғаттың, қоғамның және экономиканың байланысына диалектикалық-материалистік көзқарасты. қалыптастыру;

  • табиғат ресурстарын үнемді де тиімді пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға, табиғи және экологиялық жағдайды бағалау мен болжауға қажетті білім мен біліктілікті меңгерту;

  • оқу еңбегіне қажетті біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, зерттеушілікке құштарлықты, зейін және байқағыштықты, логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін, сөз шеберлігін және көптілділікті, қиялдау, аумақтық бейнені қалыптастыра білу шеберлігін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шығармашылық көзқарасын және өз білімін арттыруға, дамытуға талпынушылықты қалыптастыру.


ІІ. «Жаратылыстану» және «География» пәндерінің базалық мазмұны.

География – табиғат, халық және оның шаруашылығы туралы ғылым.

Жердің Күн жүйесіндегі орны. Жердің пішіні мен мөлшері. Жергілікті жердің планы. Масштаб, абсолют және салыстырма биіктіктер. Глобус және карта. Жер қабықтары: жердің сыртқы құрылысы. Литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера. Географиялық қабық – жердің ерекше кешенді қабығы.Зоналылық. Жылу белдеулер. Климаттық белдеулер. Азоналылық (секторлық, биіктік, белдеулік).

Материктер мен мұхиттар географиясы қарастыратын нысандар.

Жалпы географиялық заңдылықтар: литосфера және Жер бедері. Атмосфера және климат. Жердің даму тарихының жалпы географиялық заңдылықтары.

Материктер мен мұхиттар табиғатының алуан түрлілігі. Африка, Аустралия және Мұхит аралдары, Антарктида, Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Еуразия. Физикалық-географиялық орны. Материк жағалауындағы мұхиттар. Зерттелу тарихы. Жер бедері және пайдалы қазбалары. Климаты. Ішкі сулары. Табиғат зоналары. Халқы.

Планетадағы уақыт есебі және даталардың алмасу сызығы. Қазақстан Республикасының дүниежүзі және Еуразия картасындағы географиялық орны. Қазақстанның шекаралары.

Қазақстан Республикасы табиғатын зерттеу тарихы. Қазақстан табиғаты. Жер бедері. Геологиялық жыл санау. Негізгі тектоникалық құрылымдар және олардың жер бедеріндегі көрінісі. Пайдалы қазбалар кен орындарының орналасу заңдылықтары.

Климат құрушы факторлар: географиялық орын және күн радиациясы, жер жамылғысы, атмосфера циркуляциясы. Ішкі сулары. Қазақстанның өзендері. Қазақстан көлдері. Жер асты сулары, мұздықтар, жасанды су қоймалары. Топырақтың пайда болуы. Топырақтың негізгі типтері, олардың Қазақстан территориясы бойынша таралуы.

Табиғат зоналары. Ендік зоналары мен биіктік белдеулердің көрінісі. Қазақстанның ірі табиғи-аумақ кешендері. Жазықтар. Аласа таулы аудандар. Биік таулы аудандар. Қорғалатын аумақтар.

Геосаясат және Қазақстанның геосаяси орны. Табиғат ресурстары. Қазақстанның халқы. Елді мекендердің типтері, кенттену процесі. Еңбек ресурстары.

Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама. Өндірістің мамандануы, шоғырлануы, кооперативтендіруі, құрамдастырылуы. Ауыр өнеркәсіп және құрылыс материалдар өндірісі. Отын – энергетикалық кешен. Электр энергетикасы. Металлургия кешені. Машина жасау кешені. Химия өнеркәсібі. Құрылыс материалдар өндірісі және ағаш өңдеу өнеркәсібі. АӨК құрамы және маңызы. Қазақстанның жер қоры. Мал шаруашылығы. Ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеу салалары. Халық кәсіпшілігі. Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Инфрақұрылым, көлік кешені.

Қазақстанды экономикалық-географиялық аудандастыру. Орталық Қазақстан. Шығыс Қазақстан. Батыс Қазақстан. Солтүстік Қазақстан. Оңтүстік Қазақстан. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары.

Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы. Дүниежүзіне жалпы шолу. Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Дүниежүзінің халқы. Дүниежүзінің табиғат ресурстары, жалпы сипаттама, минералдық, агроклиматтық, жер, су, биологиялық ресурстар.

Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және дүниежүзілік шаруашылық.

Дүниежүзілік шаруашылық салаларының сипаттамасы және орналасу географиясы. Отын-энергетика кешені. Электр энергетикасы. Машина жасау кешені. Дүниежүзінің химия және ағаш өңдеу өнеркәсіптері. Дүниежүзінің жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Ауыл шаруашылығының жалпы сипаттамасы. Өсімдік, мал, балық шаруашылығы. Көлік және инфрақұрылым. Халықаралық экономикалық байланыстар.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері. Азия елдері.

Үндістан, Сингапур, Корей Республикасы, Жапония және Қытай. Еуропа елдері. Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия. Солтүстік Америка елдері. Америка Құрама Штаттары (АҚШ) аймағы елдері және Канада. Латын Америкасы. Африка. Оңтүстік-Африка Республикасының (ОАР). Аустралия және Мұхиттық аралдар. Жаңа Зеландия.

Адамзаттың ғаламдық проблемалары. Энергетикалық, шикізаттық, демографиялық, азық-түлік, экологиялық, Дүниежүзілік мұхит проблемалары және ғарышты игеру.
ІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

  • Жердің Күн жүйесіндегі орнын; пішіні мен мөлшерін;

  • глобустағы және географиялық картадағы градус торын;

  • экватор, меридиандар, параллельдер және географиялық координаталарды;

  • ірі, орта, ұсақ масштабты карталарды, олардың шартты белгілерін;

  • тауларды, жанартауларды, жазықтарды, ойпаттарды, мұхиттарды, теңіздерді, шығанақтарды, бұғаздарды, аралдарды, түбектерді, ағыстарды, өзендерді, көлдерді, мұз басу аймақтарын, сарқырамаларды,

  • жер халқының санын, ірі халықтарды;

  • негізгі нәсілдерді, негізгі үш нәсіл өкілдерінің сыртқы белгілерін атауы және көрсетуі тиіс.

  • жергілікті жерде күннің көкжиектен биіктігін; жергілікті жерде көкжиек тұстарын; бағыттарды, қашықтықтарды;

  • жер бетінің планы және географиялық карта бойынша картографиялық нысандарды, бағыттарды, қашықтықтарды, нүктелердің биіктігін, карта және глобус бойынша географиялық координаталарды;

  • туған өлкенің географиялық орнын және табиғатының ерекшеліктерін анықтауды және өлшеуді білуі тиіс.

  • Жердің пішіні мен мөлшері жайлы алғашқы түсініктерді;

  • климатқа байланысты қауіпті табиғи құбылыстарды, климаттың адам өмірі мен тұрмысына әсерін;

  • «Жер планетасы» ұғымының мәнін; жергілікті жердің планын жасау тәсілдерін;

  • картаның градус торын және глобуспен салыстырғанда картаның өлшеу мүмкіндіктерін; климат түзуші факторларды; мұхит суының қасиеттерін, қозғалысын және оның себептерін;

  • геологиялық жыл санауды; ірі литосфералық тақталар мен олардың қозғалыстарын; платформалар мен қатпарлы аймақтарды; ірі сейсмикалық және жанартаулы белдеулерді;

  • құрлық және мұхит түбі жер бедерінің ірі формаларын; климат құрушы факторларды; ішкі сулар және олардың негізгі түрлерін; табиғат зоналарын;

  • материктер халқының ерекшеліктерін атап және көрсете білуі тиіс;

  • Қазақстанның географиялық орны мен жер көлемінің ел табиғатына әсері;

  • Қазақстан Республикасында қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар, табиғат ескерткіштерін ұйымдастыру қажеттігі; экологиялық проблемалардың себептері;

  • Қазақстанның аумағы, республика орналасқан дүние бөліктері, шекаралары;

  • климат құрушы факторларды; ішкі суларын; табиғат зоналарын, таулардағы биіктік белдеулерді;

  • елдің физикалық-экономикалық-географиялық жағдайы және оның Қазақстан экономикасының дамуына әсерін; Қазақстаннның саяси-әкімшілік картасын;

  • халықтың санын, халықтың табиғи өсімін, Қазақстан халқы санының өзгерісіне әсер ететін факторларды;

  • экономикалық аудандардың экономикалық-географиялық салыстырмалы сипаттамалары жайлы;

  • дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері, елдің саяси және геосаяси жағдайы; дүние жүзі елдерінің басқару түрлері, әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы;

  • елдердің типологиясы; дүниежүзі халқы: қозғалыс динамикасы; ұдайы өсуі, аумақ бойынша орналасуы, құрылымы туралы;

  • дүниежүзі табиғат ресурстарының түрлері;

  • дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы;

  • ҒТР түсінігі және оның құрамдас бөліктері, ерекшеліктері;

  • дүниежүзілік шаруашылықтың салалары және орналасу географиясы;

  • дүниежүзінің жекелеген елдерінің және дүние жүзі аймақтарының экономикалық-географиялық сипаттамасы;

  • Қазақстанның қазіргі дүниежүзіндегі рөлі, орны және маңызы жайлы түсінігі болу керек;

  • дүниежүзі аймақтары мен елдерінің географиялық және геосаяси жағдайын;

  • басқару формасы мен әкімшілік-аумақтық құрылысы алуан түрлі елдерді;

  • халық санының ұдайы өсу типтерін; дүниежүзінің және аса ірі елдер халқының саны, олардың өзгеру үрдістерін; елдердің даму деңгейі бойынша типологиясын;

  • географиялық еңбек бөлінісін; халықаралық ынтымақтастықтарды;

  • өндірістің жекелеген салаларының орналастырылу факторларын;

  • аймақтар бойынша жекелеген елдердің сипаттамасын білуі тиіс.


«Физика» пәні

І «Физика» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқытудың мақсатыоқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру, танымдық қызығушылықтарын, физикадан игерген білімдері негізінде олардың практикалық біліктері мен дағдыларын дамыту.

Пәнді оқыту міндеттері:

  • оқушылардың қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдар мен принциптер туралы; табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы;

  • оқу пәні және ғылыми таным әдістері арқылы оқушылардың танымдық және шығармашылық қабiлеттерiн, игерген білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алу дағдыларын дамытуға ықпал ету жатады.

ІІ. «Физика» пәнінің базалық мазмұны.



Табиғатты танып-білудің ғылыми әдісі. Физика – табиғат туралы ғылым. Физика құбылысы. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, тәжірибе. Физикалық шама. Физикалық шамаларды өлшеу. Қателікті анықтау.

Механика. Механикалық қозғалыс. Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы. Жылдамдық. Үдеу. Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс. Денелердің еркін түсуі.

Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру мен жылдамдық. Материялық нүктенiң шеңбер бойымен қозғалысы.



Инерция. Денелердің әрекеттесуі. Масса. Заттың тығыздығы. Күш. Күштерді қосу. Ауырлық күші. Серпімділік күші. Гук заңы. Үйкеліс күші. Ньютон заңдары. Денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалысы. Бүкiләлемдiк тартылыс заңы. Дененің салмағы. Салмақсыздық.

Қысым. Паскаль заңы. Гидравликалық пресс. Қатынас ыдыстар. Манометрлер. Атмосфералық қысым. Сорғылар. Барометрлер. Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары. Ауада ұшу.

Механикалық жұмыс. Қуат. Механикалық энергия (потенциялық және кинетикалық). Механикалық энергияның сақталу заңы.

Тепе-теңдiк шарттары. Жай механизмдер. Механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенті.

Дене импульсі. Импульстiң сақталу заңы. Реактивтi қозғалыс.
Идеал сұйықтың қозғалысы. Бернулли теңдеуі. Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Сұйықтағы дененің қозғалысы. Ұшақ қанатының көтеруші күші.

Механикалық тербеліс және оның сипаттамалары. Математикалық маятник. Серіппедегі жүктің тербелісі. Резонанс.

Көлденең және қума толқындар. Толқынның сипаттамалары. Дыбыс толқындары. Дыбыс жылдамдығы. Дыбыстың қаттылығы, үннің биіктігі. Дыбыстың қаттылығы, тон биіктігі. Жаңғырық.

Молекулалық физика. Жылу құбылыстары. Заттың құрылысы. Атомдар және молекулалар. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Температура. Дене температурасының оның молекулаларының жылдамдығына тәуелділігі. Ішкі энергия және оны өзгертудің тәсілі.

Iшкi энергия және оны өзгерту тәсiлдерi. Жұмыс және жылу берілу. Жылу берілу түрлері – жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару. Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Отынның меншікті жану жылуы.

Заттың агрегаттық күйлері. Балқу және қатаю. Булану және конденсация. Қайнау. Жылулық процестердегі энергияның сақталу және айналу заңы.

Термодинамиканың бiрiншi заңы. Газдың және будың жұмысы.

Қатты денелер мен материалдардың механикалық қасиеттері. Жылу қозғалтқыштары. Жылу машиналары және табиғатты қорғау.

Электродинамика. Денелердің электрленуі. Электр заряды. Зарядтардың өзара әрекеттесуi. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы. Электр өрiсi. Электр өрісінің элекрт зарядына әсері. Электр өрiсiндегі өткізгіштер және диэлектриктер.

Тұрақты электр тогы. Ток көздері. Ток күшi. Кернеу. Электр кедергiсi.. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу. Джоуль-Ленц заңы. Шала өткізгіштер. Конденсаторлар. Конденсаторларды қосу.

Магниттік өзара әрекеттесу. Магнит өрісі. Жердің магнит өрісі. Эрстед тәжірибесі. Токтың магнит өрісі. Электромагнит. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электроқозғалтқыш. Электромагниттiк индукция. Фарадей тәжірибелері. Трансформатор. Электр энергиясының алыс қашықтыққа жеткізілуі.

Электромагниттiк тербелістер. Электромагниттiк өріс. Электромагниттiк толқындар. Радиотелефон және теледидар байланыс принципі.

Жарық – электромагниттік толқын. Жарықтың шағылу және сыну заңы. Жазық айна. Линзалар. Оптикалық аспаптар. Жарықтың дисперсиясы. Электромагниттi сәулелердің түрі және оның тірі ағзаға әсері.

Радиактивтік. Радиактивті ыдырау заңы. Ядролық реакциялар. Радиактивтi изотоптар. Ауыр ядролардың бөлінуі. Тізбекті реакция. Ядролық реактор. Ядролық энергетиканың экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары. Термоядролық реакциялар. Радиактивті сәулеленуден қорғану. Адамзаттың энергетикалық проблемалары. Қазақстанның энергетикалық әлеуеті және оның болашағы.

Кванттық физиканың элементтерi. Квант туралы түсініктің дамуы. Планк гипотезасы. Фотоэффект. Столетов тәжірибелері. Фотоэффект үшін Эйнштейн формуласы. Фотоэффектіні техникада пайдалану. Фотондар. Рентген сәулелері. Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі.

Атом ядросының құрамы. Ядролық өзара әрекеттесу. Ядролық күштер. Ядроның байланыс энергиясы. Радиактивтiк. Радиактивтi ыдырау заңы. Ядролық реакциялар. Радиоактивтi изотоптар. Ауыр ядролардың бөлiнуi. Тiзбектi ядролық реакциялар. Атаом энергиясы. Ядролық реактор. Радиоактивтi сәулелерден қорғану.

Жасанды радиоактивтiк. Ядролық энергетика. Термоядролық реакциялар. Адамзаттың энергетикалық мәселелерi.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

  • фактілер мен құбылыстар, ұғымдар, түсініктер, заңдар, теориялық қорытындылар - ғылыми білім санатын білуі қажет;

  • бақылау, эксперимент, модельдер және болжамдарды құру, нәтижелерден қорытындысы және оларды тексеру - ғылыми таным әдістерін білуі қажет;

  • физикалық құбылыстар, физикалық заң, заттар, материялық нүкте, траектория, жол, орын ауыстыру, лездік жылдамдық, үдеу, инерциялық санақ жүйесі, инерциялық емес санақ жүйесі, инерция, масса, күш, дененің салмағы, салмақсыздық, тұйық жүйе, дене импульсі және импульс күші, реактивті қозғалыс; заттың дискреттік құрылысы; жылулық қозғалыс; молекулалар қозғалысының жылдамдығы; температура; ішкі энергия; жұмыс ішкі энергияны өзгертудің тәсілі ретінде; жылу өткізгіштік; конвекция; сәуле шығару; жылу мөлшері, заттың меншікті жылу сыйымдылығы; калориметр; отынның меншікті жану жылуы; заттың агрегаттық күйлері; қатты денелер; кристалл және аморф денелер; деформация; жылулық ұлғаю; балқу және қатаю; меншікті балқу жылуы; сұйық; булану; конденсация; қайнау; қайнау температурасы; меншікті булану жылуы және конденсацияның меншікті жылуы; газ; газдың көлемі және қысымы; газ және бу ұлғайғандағы жасалынатын жұмыс; іштен жану двигателі; жылу двигателінің пайдалы әсер коэффициенті; денелердің электрленуі, электр заряды, электр зарядтарының екі тегі, электр өрісі, электр өрісінің күш сызықтары, кернеулік, потенциал, электр өрісінің жұмысы, электроскоп, конденсатор, электрсыйымдылығы; электр тогы: токтың бағыты, тоқ күші, электр тізбегі, электр кернеуі, электр кедергісі, меншікті кедергі, өткізгіш, диэлектрик, жартылай өткізгіш, тұрақты ток, амперметр, вольтметр, омметр, реостат, ток көздері, тоқтың жұмысы мен қуаты; газ разряды, электролиз, плазма, анод, катод; гармониялық тербеліс, көлденең және қума толқын, фотон, фотоэффект, фотоэффектінің қызыл шекарасы, ядролық реакция; байланыс энергиясы, жартылай ыдырау периоды, бөлінудің тізбекті ядролық реакциясы, радиоактивтілік, радиоактивтік ыдырау, ядролардың бөлінуі – ұғымдарын білуі қажет;

  • жол, жылдамдық, масса, тығыздық, үдеу, күш, қысым, импульс, жұмыс, қуат, кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, пайдалы әрекет коэффициенті, ішкі энергия, температура, жылу мөлшері, отынның меншiктi жану жылуы, меншікті жылу сыйымдылық, меншікті балқу жылуы, меншікті булану жылуы, ауаның ылғалдылығы, электр заряды, электр тогының күші, электр кернеуі, электр кедергісі, электр тогының жұмысы және қуаты, линзаның фокустық ара қашықтығы, тербелістің амплитудасы, периоды, жиілігі, толқын ұзындығышамаларды білуі қажет;

  • Паскаль, Архимед, Ньютон, Кеплер, бүкіләлемдік тартылыс, Гук, механикалық энергияның және импульстің сақталу, молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары, жылулық және механикалық процестердегі энергияның сақталу және айналу, Кулон, Ом, Джоуль-Ленц, электролиз, радиоактивті ыдырауды - заңдарын білуі қажет.

  • табиғат құбылыстарын ғылыми зерттеу әдістері, бақылау жүргізу, эксперименттерді жоспарлап және орындау, өлшеу нәтижелерін өңдеу, алған нәтижені түсіндіру, қорытынды жасау, өлшеу нәтижесіндегі қателіктерді бағалауда пайдалана алуы;

  • физика бойынша теориялық білімдерін әр түрлі қызмет саласында, өмірде қолданыстарын білуі;

  • бірқалыпты түзусызықты қозғалыс, сұйықтар мен газдардағы қысымның берілуі, денелердің жүзуі. физикалық құбылыс, диффузия, заттың агрегаттық күйлері, жылу берілудiң түрлерi, жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену, булану, конденсациялану, қайнау, балқу, кристалдану, денелердің электрленуі, электр зарядының әрекеттесуі, магниттердің әсерлесуі, тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері, токтың жылулық әсері, электромагниттік индукция, шағылу, жарықтың сынуы және шағылуы, дисперсиясы - физикалық құбылыстарды сипаттау және түсіндіру;

  • кинематика заңдары негізінде тұрақты үдеумен қозғалуы, шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалуы, еркін түсу үдеуі;

  • Ньютонның динамика заңдары, импульс пен энергияның сақталу заңдарын қолдану негізінде әр түрлі механикалық қозғалыстар, денелердің өзара әрекеттесуі;

  • атомдардың энергия шығаруы және жұтуы; жылулық сәулелену және Планктың кванттық гипотезасы, фотоэффект, кванттың энергиясы, рентген сәулелері;

  • ядролық реактордың әрекет ету принципі, тіршілік иелеріне иондаушы сәулелердің әсері; ядролық энергетиканы пайдалануға байланысты туындайтын экологиялық проблемалар; ядролық физика саласындағы отандық және шетел ғалымдарының жетістіктері;

  • элементар бөлшектер, нанотехнологиялар, олардың адамзаттың дамуындағы рөлі туралы мәліметтерді.

  • ара қашықтық, уақыт аралығы, масса, күш, қысым; температура, ауаның ылғалдылығы, ток күші, кернеу, электр кедіргісі, электр тогының жұмысы мен қуаты, электр тогы; ара қашықтық, уақыт аралығы, масса, күш - физикалық шамаларды өлшеу үшін физикалық құралдар мен өлшеу аспаптарын қолдану;

  • суыған дене температурасының уақытқа тәуелділігі, заттың агрегаттық күйi өзгерiсіндегі зат температурасының уақытқа тәуелдігі, тізбектегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі, түсу бұрышының шағылу бұрышына, шағылу бұрышының түсу бұрышына тәуелділігі; уақыттың жүрілген жолға тәуелділігі, серпінділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділігі, үйкеліс күшінің нормал қысым күшіне тәуелділігі, маятниктің тербеліс периодының жіптің ұзындығына тәуелділігі, жүктің тербеліс периодының серіппеге ілінген жүктің массасына және серіппенің қатаңдығына тәуелділігін өлшеу нәтижелерін кесте, сызба, графиктер көмегімен және эмпирикалық тәуелділіктер негізінде көрсете білуі тиіс.


«Биология» пәні
І. «Биология» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Пәнді оқытудың мақсаты:

  • өсімдіктер әлемінің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы түсінік қалыптастыру;

  • эволюциялық теорияның негіздері туралы пікір қалыптастыру;

  • өсімдіктердің табиғаттағы рөлін, өсімдіктер дүниесінің табиғаттағы және адам өміріндегі өзіндік ерекшелігін және жалпы алғанда тіршіліктің аса мәнділігі туралы білімнің құндылығын ұғыну;

  • нәтижелі практикалық әрекет ету мүмкіндігіне қол жеткізу;

  • оқушыларда тірі организмдердің жасушалық құрылысы туралы, сонымен қатар организм мен биоценозды тіршілік құрылымының ерекше формалары ретінде және Жер табиғатындағы биологиялық әртүрлілік тұрақты дамудың бейнесіі екендігі туралы негізге алынатын түсінік қалыптастыру.


Пәнді оқытудың міндеттері:

  • оқушыларда органикалық дүниені оқып-білуге танымдық қызығушылықты дамыту;

  • тірі табиғат туралы бастауыш мектептегі табиғаттану және басқа да жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін одан әрі дамыту;

  • оқушыларда география, химия, физика, математика және басқа да жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқып меңгеруге негіз болатын түсініктер мен тіректік білімдерді қалыптастыруға қажетті жағдай туғызу;

  • оқушыларда дүниенің біртұтас табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптастыру,

  • оқушыларда тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын оқып білуге танымдық қызығушылық қалыптастыру;

  • тірі табиғат туралы жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін одан әрі дамыту;

  • оқушыларда география, химия, физика, математика және басқа да жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқып-меңгеруге негіз болатын түсініктер мен тіректік білімдерді қалыптастыру;

  • оқушыларда органикалық дүние бірлігінің біртұтас табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптастыру.


ІІ. «Биология» пәнінің базалық мазмұны.

Ботаника. Өсімдіктер: жасушалық құрылысы. Өсімдіктердің тіршілік әрекетіндегі негізгі процестер. Табиғи бірлестіктер. Жер бетіндегі алуан түрлі өсімдіктердің даму тарихы. вирустар патшалығы. бактериялар патшалығы. саңырауқұлақтар патшалығы. қыналар - ерекше симбиотикалық ағзалар.

Зоология. Жануарларды жіктеу. «қарапайымдылар немесе біржасушалылар» патшалығы тармағы. Жер бетіндегі жануарлар әлемінің дамуы. табиғи бірлестіктер.

Адам: анатомия, физиология және гигиена. Адам организміне жалпы шолу. Мүшелер жүйесі қызметінің гуморальдық реттелуі, жүйке жүйесі, сезім мүшелері – анализаторлар. Тірек-қимыл жүйесі. Қан және қан айналым. Тыныс алу. Ас қорыту. Зат алмасу және энергия айналымы.



Зәр шығару. Тері және жылу реттелу. Организмнің жеке дамуы. Мінез-құлық және психика. Жасуша және ағзаның жеке дамуы.

Жасушаның құрылысы мен қызметі, химиялық құрамы. Зат және энергия алмасу. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы мен дамуы. Ағзалардың көбеюі және дамуы. Генетика және селекция негіздері. Тұқым қуалау белгілерінің заңдылықтары. Адам генетикасы. Микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлардың селекциясы.

Эволюциялық ілім. Дарвин кезеңіне дейінгі биологияның дамуы. Чарльз Дарвиннің теориясы. Жер бетінде тіршіліктің дамуы. Тірі ағзаның қоршаған ортамен байланысы. Экология негіздері. Биосфера – жердің ғаламдық экожүйесі. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері мен табиғатты тиімді пайдалану.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

  • тірі ағзалардың жалпы белгілерін; өсімдік жасушаларының, өсімдік ағзаларының құрылысын; көп тараған өсімдіктердің түрлерін; өсімдіктер бірлестігіне адамның іс-әрекетінің әсерін білуі тиіс

  • өсімдік жасушасының құрылысы мен қызметіне; бөлінуіне; тыныс алуға, қозғалуына; көбеюіне, өсуіне және дамуына; өсімдіктердің тіршілік ету ортасына; бірлестіктегі тіршілікке өсімдіктердің бейімделуіне; адамның табиғи бірлестіктердегі рөліне; өсімдіктердің алуантүрлілігін, табиғи бірлестіктерді қорғаудағы және биосферадағы тепе-теңдікті сақтаудағы рөліне сипаттама бере білуі керек;

  • өсімдіктер өсіру, қорғау шараларын белгілеуге; өсімдіктер тіршілігінің маусымдық өзгерістеріне; тәжірибе қорытындыларына бақылау жүргізуге қорытынды жасай білуі тиіс;

  • микропрепараттар дайындап, оларды микроскоп арқылы көру; өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді, адамның іс-әрекетінің әсерінен тіршілік ортасының әсерін бақылау; өсімдіктердің тіршілік әрекетін зерттеуге қарапайым тәжірибелер жүргізу; ағзаларға, түрлерге, табиғи бірлестіктерге ұқыптылықпен қарау; табиғаттағы мінез-құлық ережелерін сақтай білуі керек.

  • бактериялар, саңырауқұлақтар, қыналар, өсімдіктер ағзаларын; өзіңнің тұрғылықты жеріндегі ең көп таралған өсімдіктерді, әртүрлі тұқымдастар, класс, бөлім өсімдіктерін; жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды ажырата білулері тиіс;

  • прокариотты және эукариотты, автотрофты және гетеротрофты ағзаларды; тұқымдастарды, кластарды, жабықтұқымды (гүлді) өсімдіктерді; тірі табиғат бөлімдерін салыстыра білулері керек;

  • тірі табиғаттың шығу тегінің бір екендігі; органикалық дүниенің туыстығы мен біртұтастығы; өсімдік және жануарлар әлемінің эволюция барысында күрделенуі туралы қорытынды жасай алулары тиіс;

  • тірі организмдердің жалпы белгілерін; жануарлардың негізгі жүйелік топтарын, түр белгілерін, тірі табиғат Патшалықтарын, Типтерін, Отрядтарын, Кластарын, Тұқымдастарын; жануарлар эволюциясы процестерін атай білуі тиіс;

  • зертханалық жұмыстарды орындауда ұлғайтқыш аппаратураны қолдануды; денсаулықты сақтау мақсатында жеке бастың және қоғамдық гигиеналық ережелерін тыңғылықты орындауды біледі;

  • зиянды әдет дағдыларға әуестенудің (темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық) дене бітімі бұзылудың, жалпақтабандылықтың алдын-алу шараларын;

  • жасушалар мен ұлпалардың құрылысы мен қызметін; жасушалардың бөлінуін; адам организмінің құрылысы мен тіршілік әрекеттерін; зат алмасу және энергия айналымын; организмде ферменттер мен витаминдердің рөлін; тамақтанудың ерекшеліктерін; тыныс алуды, заттар қозғалысын, тіршілік әрекеттерінің соңғы өнімдерін шығаруды; иммунитет және оның адам өміріндегі маңызын; ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) алдын алуды; адамның жай-күйіне және қасиеттеріне әсер ететін экологиялық факторларды сипаттайды.


«Химия» пәні

І. «Химия» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Пәнді оқытудың мақсаттары:

  • қоршаған әлем туралы химиялық білім мен жаратылыстануғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру;

  • талдау қабілеті бар, химиялық тұрғыда ойлай алатын, функционалды сауатты және шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту;

  • өз денсаулығына, туған өлкеге және қоршаған ортаға экологиялық-гуманистік қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Пәнді оқыту міндеттері:

  • әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;

  • заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;

  • химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;

  • заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;

  • заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;

  • адамзаттың экологиялық, азық-түлік, өндірістік, энергетикалық мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;

  • көпұлтты қоғамға сай кіріктірілген білім, құндылық пен қарым-қатынас жүйесін дамыту;

  • өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;

  • мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;

  • негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.



ІІ. «Химия» пәнінің базалық мазмұны.

Бастапқы химиялық ұғымдар, заңдар, теориялар. Заттар, қоспалар және олардың тазарту әдістері, қасиеттері. Физикалық, химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялар. Химиялық теңдеулер. Молекулалар мен атомдар. Химиялық элементтер, сипаттамасы, топшалары. Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық заңы мен периодтық жүйесі. Атом құрылысы. Салыстырмалы атомдық салыстырмалы молекулалық, мольдік массалар. Химиялық формулалар. Атом-молекулалық ілім. Зат мөлшері. Авогадро саны. Катализатор. Металдар, бейметалдар – химиялық элемент, олардың атом құрылысы ерекшеліктері және химиялық жай заттар сипаттамасы. Оттек. Жану. Сутек. Су. Ерітінді. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Оксидтер, қышқылдар негіздер, тұздар: атаулары, құрамы, жіктелуі, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы, алу жолдары. Химиялық байланыс. Зат құрылысы. Электролиттік диссоциациялану механизмі. Электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары. Тұздар гидролизі. Қазақстандағы метал және бейметал, олардың қосылыстарының табиғи қорлары. Қоршаған ортаның қосылыстарымен ластануы және онымен күрес. Қазақстанда химиялық заттарды өндіру. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері. Минералды тыңайтқыштар. Құймалар. Металдар мен құймаларды қазіргі техникада пайдалану. Металдардың коррозиясы және оны алдын алу шаралары бойынша жалпы түсініктер. Қазақстандағы металл кен орындары. Металлургия туралы түсінік. Қазақстан металлургиясының дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет