12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері


Химия кабинетіндегі қауіпсіздік шаралары



бет2/2
Дата01.08.2017
өлшемі1,57 Mb.
#22482
1   2

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік шаралары.



ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойлатын талаптар.

Оқушылар:

– жаратылыстану-ғылыми ұғымдарды, заңдарды, химия теориялары мен заңдылық қағидалары; практикалық қолданысы бар заттардың құрылымы, құрамы және қасиеттері; топтастыруды, жиынтықты, бейорганикалық және органикалық заттардың, кешенді құралымның; генетикалық байланысын; электролиттік диссоциацияның теориясын, қышқылдар және негіздер, органикалық заттардың құрылымын, ерітінділер концентрациясын анықтауы; заттардың жалпы алу жолдары; көмірсутектердің табиғи қорлары және оларды өңдеу; ерітінділер, газдар және қатты химиялық заттармен жұмыс істеу қауіпсіздік техника ережелері; қоршаған ортаны химиялық ластандырудан қорғау түрлері; қазіргі әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тануда, экологиялық қауіпсіз химиялық әдістермен қоршаған ортаны сақтау және қорғаудағы химияның рөлі мен мағынасын; заттарды және химиялық құбылыстарды танудың негізгі химиялық әдістерін, химияның эксперименталдық негіздерін; химиялық өнімдерінің өнеркәсіп өндірісі технологиясының негізгі ғылыми принциптерін; табиғатты тиімді пайдалануды, тұрмыстық химияны қолдану қауіпсіздігін; химиялық шикізаттардың табиғи ресурстарының кен орындарын, Қазақстанның өндірістік химиялық кешендерін білу тиіс;

оқушылар: атомның құрамы мен құрылысын анықтауды; заттардың құрылысын, құрылымын және қасиеттерін; заттардың формулаларын құрастыруды, органикалық қосылыстардың изомерлері мен гомологтарының құрылымдық формулаларын құрастыруды; химиялық реакциялардың теңдеулерін; заттардың құрамын және қасиеттерін анықтауды, олар қосылыстардың белгілі бір класына қатыстылығын, заттардың салыстырмалы сипаттамасын беруді; бейорганикалық және органикалық химияда химиялық реакциялардың түрлерін айыруды; жану өнімдерінің сандық талдау деректері және массалары бойынша заттардың молекулярлық формулаларын табуға арналған есептеу тапсырмаларын шешуді; құралдар және химиялық реактивтермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелеріне сәйкес химиялық эксперимент жүргізуді; химиялық зақымдану немесе улануда алғашқы көмек көрсетуді; қоршаған ортаға, өзінің және қоршаған жандардың денсаулығына ұқыпты қарауды, сабақта танысқан заттарды тұрмыста сауатты қолдана білуді меңгеруі тиіс.

– түрлі факторлардың ықпалымен тепе-теңдіктің ығысу бағытын, изомерлер және гомологтарды; заттардың органикалық қосылыстардың түрлі кластарына қатыстылығын, молекулалардағы атомдардың өзара ықпалының сипатын, бейорганикалық және органикалық химиядағы реакциялардың түрлерін анықтауы тиіс;

– химиялық s -, p - және d- элементтерді; ортақ химиялық қасиеттерді металл, бейметалл және олардың қосылыстарын; органикалық заттардың құрылымын және қасиеттерін сипаттауы тиіс;

– периодтық жүйедегі орнына байланысты элементтер мен олардан туындайтын заттардың қасиеттерін; құрамы және құрылысына байланысты бейорганикалық заттардың қасиеттерінің тәуелділігін; химиялық байланыстардың пайда болу табиғаты мен тәсілдерін; әртүрлі факторларға байланысты химиялық реакцияның жылдамдық тәуелділігін, молекулалардың құрылысына байланысты органикалық қосылыстарының реакциялық қабілеттілігін; заттардың қасиеттері мен құрылысы арасындағы себеп-салдар байланысын табуды; күш қуат көздерінің альтернативтік түрлерін; жаңа заттар мен материалдарды алудың негізгі технологияларын түсіндіруі тиіс.
4.4 «Математика және информатика» білім саласы
«Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндері

І. «Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндерін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Оқытудың мақсаты – бастауыш білім деңгейі мен орта білім деңгейі арасындағы сабақтастықты; барлық оқушыларды бейіндік мектептерде оқуын жалғастыруға немесе еңбек қызметіне қатысуға қажетті математикалық дайындықтың базалық деңгейімен қамтамасыз ету.

Негізгі мектепте геометрияны оқыту міндеттері:

  • нақты сандармен амалдар орындау біліктігін қалыптастыру;

  • теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару дағдысын жетілдіру;

  • элементар функциялар бойынша білімдерін қалыптастыру;

  • логикалық бейнелік ойлауды дамыту;

  • жазықтықтағы геометриялық фигуралардың қасиеттерін оқу, сонымен қатар осы қасиеттерді кеңістіктік геометриялық фигураларды және нақтылы объектілерді оқып білуде қолдану;

  • планиметрияның теоремаларын дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;

  • есептеуге, дәлелдеуге, салуға арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту;

  • жазық және кеңістіктік фигуралардың кескіндерін және осы кескіндерде қосымша салуларды орындау біліктігі мен дағдыларын дамыту;

  • функционалдық және графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды дамыту.


ІІ. «Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндерінің базалық мазмұны.

Сандар және есептеулер. Натурал сандар, бүтін сандар, рационал сандар, иирационал сандар, нақты сандар және оларға амалдар қолдану; шамалардың (сандардың) жуық мәндері; абсолютті қателік; салыстырмалы қателік; сандардың жуық мәндерімен амалдар орындау, пайыз және пропорция; дәреже; квадрат түбір; п-ші дәрежелі түбір; санды аргументтің синусы, косинусы, тангенсы және котангенсы, санның логарифмі.

Теңдіктер, өрнектер және оларды түрлендіру. Санды және әріпті өрнектер, рационал және иррационал өрнектер, қысқаша көбейту формулалары; тепе-теңдіктер, тепе-теңдіктерді дәлелдеу, өрнектерді түрлендіруде тепе-теңдіктерді қодану; негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер, тригонометрия формулалары, тригонометриялық өрнектер; дәреженің қасиеттері; квадрат түбірдің қасиеттері; п-ші дәрежелі түбірдің қасиеттері; негізгі логарифмдік тепе-теңдік; логарифмнің негізгі қасиеттері; логарифмдік өрнек; иррационал және тригонометриялық өрнектерді, құрамында логарифмі және дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру.

Теңдеулер мен теңсіздіктер. Теңдеу. Теңсіздік. Мәндес теңдеулер мен теңсіздіктер; бір айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер; айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер мен теңсіздіктер; екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың геометриялық кескіні; бөлшек-рационал теңдеулер; бөлшек-рационал теңсіздіктер; сызықтық және сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелері; иррационал теңдеулер; тригонометриялық, көрсеткіштік және логаримдік теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелері; мәтінді есептер.

Функция. Санды функция, функцияның берілу тәсілдері, графигі және қасиеттері; функция графиктерін түрлендіру; функцияның бірсарындылығы; экстремум нүктелері және функцияның экстремумдары, периодты және шектелген функциялар; сандар тізбегі, арифмеикалық және геометриялық прогрессиялар; математикалық индукция әдісі.

Геометриялық фигуралар және шамалар. Геометриялық шамаларды өлшеу. Геометриялық фигуралар (нүкте, түзу, кесінді, сәуле, бұрыш, жартыжазықтық, жазықтық, сынық, көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, дұрыс көпбұрыш, үшбұрыш, теңбүйірлі үшбұрыш, тікбұрышты үшбұрыш, параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб, трапеция, теңбүйірлі трапеция, тікбұрышты трапеция, шеңбер, дөңгелек, сектор, сегмент, куб, параллелепипед, призма, пирамида) және олардың қасиеттері. Геометрия аксиомалары. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы. Фигуралардың теңдігі мен ұқсастығы. Геометриялық шамаларды өлшеу (кесінді мен шеңбер доғасының ұзындығы, бұрыштың өлшемі, фигураның ауданы, көпжақтың бетінің ауданы). Жазықтықтағы геометриялық түрлендірулер: қозғалыстар (осьтік және центрлік симметриялар, бұру, параллель көшіру); гомотетия және ұқсастық. Түрлендірулердің композициясы. Геометриялық фигуралардың симметриялары. Қиылысу әдісімен (геометриялық орындар әдісі) және алгебралық әдіспен салуға арналған есептер. Вектор ұғымы. Векторларға амалдар қолдану. Векторлардың скалярлық көбейтіндісі. Жазықтықтағы нүктелер мен векторлардың координаталары; түзу мен шеңбердің теңдеулері; геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттеуге координаталар әдісін қолдану. Кеңістіктегі екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы. Кеңістіктегі қозғалыстар туралы түсінік. Кеңістіктегі гомотетия және ұқсастық. Ұқсас кеңістіктік денелердің қасиеттері. Куб, тікбұрышты параллелепипед, призма және пирамиданың көлемдері.

Стохастика элементтері. Статистикалық сипаттамалар (арифметикалық орта, мода, медиана, ауытқу). Кездейсоқ оқиға және оның түрлері. Кездейсоқ оқиғалардың жиілігі мен ықтималдығы. Комбинаторлық есептер. Қосынды ережесі мен көбейту ережесі. Оқиға. Оқиғаға амалдар қолдану. Оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері. Геометриялық ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушылар:

  • нақты сандарға қолданылатын амалдардың қасиеттерін; тура санды теңдіктердің қасиеттерін; тура санды теңсіздіктердің қасиеттерін; бөлшектің негізгі қасиетін; пропорцияның негізгі қасиетін; негізгі логарифмдік тепе-теңдікті;

  • дәреженің, квадрат түбірдің, п-ші дәрежелі түбірдің, санның логарифмінің, функцияның қасиеттерін;

  • қысқаша көбейту формулаларын, квадрат теңдеудің түбірлерін табу формулаларын, Виет теоремасын және Виет теоремасына кері теореманы, шүмүшенің анықтамасын және оның түбірлерін;

  • 300, 45о, 60о, 90о бұрыштардың синусының, косинусының, тангенсінің және котангенсінің мәндерін; негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді, тригонометрия формулаларын;

  • теңдеудің, теңсіздіктің анықтамасын,;

  • теңдеулер және теңсіздіктердің жүйелерінің анықтамысын;;

  • санды функцияның анықтамасын және берілу тәсілдерін;;

  • кездейсоқ оқиға және оның ықтималдығының, геометриялық ықтималдықтың анықтамасын, ықтималдықтарды қосу мен көбейтуді;

  • диаграмма түрлерін (дөңгелек, бағанды, сызықтық);

  • қосынды ережесін және көбейтінді ережесін;

  • геометрия аксиомаларын;

  • оқылатын геометриялық фигуралардың анықтамалары мен қасиеттерін;

  • оқылатын геометриялық фигуралардың орналасуының негізгі түрлерін;

  • жазықтықтағы түрлендірулерді және олардың қасиеттерін: қозғалыс, гомотетия, ұқсастық;

  • үшбұрыштардың, дұрыс көпбұрыштардың, шеңберлердің теңдігі мен ұқсастық белгілерін;

  • жазық фигуралардың симметрияларын;

  • кеңістіктік фигуралардың (призма және пирамида) симметрияларын;

  • геометриялық шамаларды (фигураның ауданы, призма мен пирамиданың бүйір және толық беттерінің аудандары, призма мен пирамиданың көлемдері) табу формулаларын;

  • жазықтықтағы нүктелер мен векторлардың координаталарын;

  • координаталары бойынша екі нүктенің ара қашықтығын табу формуласын;

  • кесінді ортасының координаталарын оның ұштарының координаталары бойынша табу формуласын білуі тиіс

және оқушыларда

  • нақты сандармен амалдар орындау, санды, алгебралық және тригоннометриялық өрнектердің мәндерін табу, формула бойынша арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың п-ші мүшесін және алғашқы п мүшесінің қосындысын табу;

  • пропорция құру, пропорцияның белгісіз мүшесін табу, санның пайызын және пайызы бойынша санды табу; сандардың пайыздық қатынастырын табу, санның модулін табу;

  • тепе-теңдіктерді дәлелдеу, өрнектерді түрлендіруде тепе-теңдіктерді қолдану;

  • бір айнымалысы бар, екі айнымалысы бар, айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген сызықтық және сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктерді, бөлшек-рационал, тригонометриялық, көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін; иррационал теңдеулерді шығару;

  • әртүрлі мәтінді есептерді алгебралық тәсілдермен және теңдеулер мен олардың жүйелері арқылы шығару; қосынды ережесі мен көбейтінді ережесін қолдану арқылы қарапайым комбинаторлық есептерді шығару;

  • дөңгелек, бағанды және сызықтық диаграммаларды салу;

  • сызықтық, квадраттық, дәрежелік, тригонометрияылқ, көрсеткіштік, логарифмдік функциялардың графиктерін салу; функция графигімен түрлендіруді орындау; функцияны зерттеу және оның графигін салу; графигі бойынша функцияның қасиеттерін атау;

  • оқиғалармен амалдар орындау; оқиғаның жиілігі мен ықтималдығын табу; геометриялық ықтималдықты табу; ықтималдықтарды қосу және көбейту амалдарын орындау;

  • оқылатын геометриялық фигуралардың қасиеттерін дәлелдеу;

  • оқылатын жазық және кеңістіктік фигураларды кескіндеу;

  • геометриялық есептерді шешуде алгебра мен тригонометрияны қолдану;

  • жазықтықтағы және кеңістіктегі геометриялық түрлендірулердің қасиеттерін қолдану;

  • геометриялық есептерді шешуде жазықтықтағы векторлық-координаталық әдісті қолдану;

  • геометриялық шамаларды өлшеуге арналған есептерді шешу;

салуға арналған есептерді қиылысу әдісімен (геометриялық орындар әдісі) және алгебралық әдіспен шешу біліктігі болуы тиіс
«Информатика» пәні

І. «Информатика» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Оқытудың мақсаты:

  • оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;

  • оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;

  • оқушыларға ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгерту;

  • оқушыларды өмірге, еңбекке жəне білімдерін жалғастыруға даярлау.

Оқытудың міндеттері:

  • қазіргі тандағы əлемнің ғылыми бейнесін құрудың негізін құрайтын, ақпарат ұғымын қалыптастыру;

  • қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;

  • қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың рөлін анықтау;

  • оқушылардың теориялық, шығармашылық ой қабілетін арттыру;

  • тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған, оперативті ойлай білуді қалыптастыру;

  • ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар саласында білім, білік жəне дағдыларды қалыптастыру жəне оларды дамыту;

  • формалдау, модельдеу, компьютерлік тəжірибе жəне т.б ғылыми танымның жаңа əдістерімен қаруландыру;

  • оқушыларды еңбекке, кəсіби қызметке жəне т.б даярлау.


ІІ. «Информатика» пәнінің базалық мазмұны.

Ақпарат және ақпараттық үдерістер. Біздің өміріміздегі ақпарат. Ақпарат және ақпараттық үдерістер. Компьютердің негізгі құрылғылары, олардың қызметі және жұмыс істеу үдерісінде өзара байланыстары. Операциялық жүйе. Қолданбалы программалық қамтамасыз ету туралы түсінік. Компьютер арқылы хабарламаны қабылдау және жіберу. Компьютер. Ақпараттарды өндейтін құралдармен танысу: мәтіндік редактор, графикалық редактор, калькулятор.

Ақпараттық технологиялар. Мәтіндік ақпаратты өңдеу технологиясы. Графикалық ақпаратты өңдеу технологиясы. Сандық ақпаратты өңдеу технологиясы. Үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу технологиясы. Презентация.

Компьютердің арифметикалық және логикалық негіздері.

Модельдеу және формальдау.

Алгоритмдеу және программалау.

Телекоммуникация. Компьютерлік коммуникация. Интернет. Интернеттің ақпараттық ресурстары. Ақпарат алмасу. Информатика және қоғам. Ақпаратпен жұмыс істеудің адамгершілік-этикалық нормалары.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Оқушылар:

  • информатика пәні нені оқытатынын;

  • ақпаратты өңдеу тәсілдерін;

  • ақпараттың өлшем бірлігін;

  • компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктерін;

  • компьютердің программалық қамтамасыз етуінің міндеттері мен түрлерін;

  • операциялық жүйе ұғымын;

  • операциялық жүйеде жұмыс істеу тәсілдерін;

  • Windows операциялық жүйесінің стандартты қосымшаларында жұмыс істеу тәсілдерін;

  • есептеуіш техниканың даму тарихын;

  • компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттерін;

  • вирусқа қарсы бағдарламалар арқылы ақпаратты қорғау тәсілдерін;

  • мұрағаттау міндеттерін;

  • слайд ұғымын, слайдтармен жұмыс істеу тәсілдерін;

  • компьютерлік байланыстардың түрлерін; интернетте ақпаратты іздеу әдістерін; электрондық поштаны пайдалану салаларын;

  • компьютердің жады құрылғысын;

  • позициялық санау жүйелерінде сандарды ұсыну қағидаларын;

  • сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару ережесін;

  • сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды кодтау ережесін;

  • электрондық кестенің міндеттері мен мүмкіндіктерін;

  • деректер қорының ұғымы мен құрылымын;

  • сканер және сканерлеу бағдарламаларының міндетін;

  • графикалық редактор құралдарымен векторлық және растрлық графиканы өңдеу тәсілдерін;

  • бейне ақпараттарды өңдейтін программалардың мүмкіндіктерін;

  • алгоритм ұғымын;

  • қадамдап бөліктеу әдісінің мәнін;

  • негізгі алгоритмдік конструкциясының құрылымын;

  • деректердің негізгі типтерін және құрылымын, программалау тілінің операторларын;

  • тармақталған және циклдік алгоритмдік құрылымдарды қолдануын;

  • тармақталу алгоритмдерді программалау операторларын;

  • циклды программалау операторларын;

  • символдық деректерге қолданылатын операцияларын;

  • модель және модельдеу ұғымдары мен тәсілдерін;

  • Web-беттерді құру бойынша редакторлар мүмкіндіктерін білуі тиіс;

  • қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерді;

  • ақпараттық объектілері мен процестердің сандық параметрлерін бағалауды;

  • ақпаратты тарату жылдамдығын;

  • компьютердің стандартты графикалық интерфейсін қолдануды;

  • Windows операциялық жүйенің стандарты қосымшаларымен жұмыс істеуді;

  • компьютердің құрылғыларының және енгізу-шығару құрылғыларының міндетін анықтауды;

  • қызметтік программаларды пайдалануды;

  • файлдарды мұрағаттау және мұрағаттан шығаруды;

  • вирусқа қарсы программалар арқылы ақпараттарды қорғау әдістерін пайдалануды;

  • қарапайым мультимедиалық презентациялар құруды;

  • интернет желісінің ресурстарын қолдануды; электрондық поштаны пайдалануды;

  • сандарды екілік, сегіздік және он алтылық санау жүйелерінде жазуды;

  • сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыруды;

  • кодтау кестелері арқылы ақпараттарды кодтауды;

  • қолданбалы программалармен жұмыс істеуді;

  • сканер арқылы ақпаратты енгізуді;

  • программалау тілінде сызықтық алгоритмдерді программалауды;

  • тармақталу, цикл құрылымдарын пайдалана отырып программалар құруды;

  • графикалық объектілерді программалауды;

  • модельдер құруды;

  • ақпараттық қауіпсіздікті сақтауды;

  • арнайы редакторларда Web-беттерді құруды, рәсімдеуді меңгеруі тиіс.


4.5 «Өнер» білім саласы
«Музыка» пәні

І. «Музыка» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Пәнді оқытудың мақсаты:

  • оқушының қазіргі заман өнерін белсенді түрде барлық ынта – ықыласымен қабылдата отырып, оларда музыка мәдениеті негіздерін қалыптастыру;

  • қызығушылығын дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу, қазіргі заман музыкасына деген құрметін арттыру;

  • тәжірибелік біліктіліктерді игерту мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Пәнді оқытудың міндеттері:

  • қазіргі заман музыка өнерінің дамуындағы жалпы ортақ заңдылықтары жайлы білім беру;

  • Қазақстанның музыка мәдениетіндегі ең жоғарғы жетістіктерімен таныстыру;

  • дәстүрлі музыка мен қазіргі заман өнерінің байланысы жайлы түсінігін қалыптастыру;

  • ән айту дағдыларын дамыту.

  • Рухани-адамгершілік қағидаларын қалыптастыру;

  • қазіргі заман мәдениет жаңалықтарын білуге деген қызығушылығын арттыру;

  • отаншылдық қасиетке тәрбиелеп, қазіргі заманғы Қазақстан мәдениетін өркендеткен тұлғаларға деген құрметін арттыру.

  • оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, өз ойын ашық айта білуге тәрбиелеу;

  • қазіргі заман мәдениеті жайлы пікірталасқа араластыра отырып, талқылай білуге үйрету;

  • өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, өзіндік ой талғамын дамыту;

  • өзіне деген құрметін және өмірге деген құлшынысын арттыру.


ІІ. «Музыка» пәнінің базалық мазмұны.

Теориялық мәліметтер. Қазақстанның қазіргі заман музыка өнері.

Сөзбен өрілген саз: Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Дина;

Ақын, батыр, күйші Махамбет; Құрманғазы жайлы бір толғау; Күйге тіл бітірген Қазанғап; Ән құдіретін асқақтатқан Мұхит сал; Күй кемеңгері Дәулеткерей;

Сурет және музыка: Таңбалы тастар сыр шертеді. Қазақ батырлары.

Қазақ вальсі. Домбыра туралы аңыз. Қазақтың сары даласы. Абай бейнесі.

Өнер тұлғалары: Қазақстанның скрипка мектебі. Қазақстанның фортепиано өнері. Қазақ өнерінің дарабоз саңлақтары.Оркестрмен тілдескен дирижер. Бақтағы бұлбұл дауыс. Күйдің Қаршығасы.

Жаңа заманның жаңа әні: «Ақмаңдайлымды» әуелеткен Роза Бағланова. Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев. Сұңқар дауыс атанған Нұрғали Нүсіпжанов. Ұстазын жырлаған Әбілахат Еспаев. Әлияны әлемге паш еткен Роза Рымбаева. Сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев.

Музыкалық білім. Музыкалық ұғымдар: музыка, әдебиет және бейнелеу өнеріндегі көркемдеуші құралдар мен көркемдік бейнелер; домбыра күйлеріндегі жанрлар – толғау, қосбасар, ақжелең; еуропа музыкасындағы жанрлар – вальс, прелюдия, полонез, ән, романс, эстрада әндері, аранжировка, орындаушылық интерпретация, импровизация.

Музыка тыңдау. Ән айту: Музыка тыңдау барысында оқушының назарын музыкалық көркемдеуші құралдарға аудару. Оркестр орындауындағы, қазіргі эстрада өңдеуіңдегі және дәстүрлі жеке орындаудағы шығармаларды тыңдау мәдениетіне үйрету. Оркестр тобындағы музыкалық аспаптардың әр түрлі тембр бояуларын мұқият тыңдап, ажырата білуге баулу. Оқушылардың оркестр және эстрада орындауындағы ерекшеліктерге назарын аудару. Шығарманың мазмұны мен сипатына қандай көркемдеуші құралдар әсер еткендігін айту.

Әннің мазмұнын аша отырып, мәнерлеп орындай білу. Қазіргі кезде орындалып жүрген әндердің көркемдік-эстетикалық құндылығын бағалай білу. Өзінің жеке репертуарына сәйкес келетін әндерді таңдай білу.

Шығармашылық тапсырмалар. Музыкалық шығармалардың болмыс бітіміне сәйкес келетін әдеби шығармаларды, өлең үзінділері мен суреттерді табу. Композиторлар мен музыкалық шығармалар жайлы өз бетінше ізденіп, мәліметтер тауып, баяндама әзірлеу. Әндер жинағы мен музыкалық шығармалардың үнтаспаларын жинақтап, топтастыру.

Тыңдауға арналған шығармалар жинақтары. Айтып үйренуге арналған өлеңдер.
ІІІ. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Оқушылар:

  • музыка өнерінің даму жолдарын;

  • негізгі классикалық шығармаларды және қазіргі танымал эстрада әндерін;

  • негізгі музыкалық жанрлардың ерешеліктерін;

  • танымал Қазақстан композиторларының, жазушылардың, суретшілердің ақындардың есімдерін ;

  • Қазақстанға танымал өнер майталмандарын ;

  • атақты орындаушыларының есімдерін білулері қажет:

оқушыларда төмендегідей:

  • композитор жазған шығармалар мен халық музыкасының ерекшеліктерін ажырата алу;

  • әр түрлі жанрларда жазылған шығармаларды салыстыра білу;

  • музыкалық шығармаларды талдау барысында өз білімдерін пайдалана алу;

  • халық әндерін, күйлер мен жырларды тыңдап, бағалай білу;

  • шынайы көркемдік шығармаларды ажырата алу;

  • қосымша деректермен өз бетімен жұмыс жасай алу;

  • Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың музыкасын түсініп, бағалай білу;

  • музыканың адамдар арасындағы нәзік қатынастың ғажап құралы екендігін сезіне алу;

  • халық музыкасының казіргі кездегі өзгеріске ұшырауы жайлы ой тұжырымдай алу;

  • әр түрлі сипаттағы музыкалық шығармаларды орындай білу;

  • мектеп, қала, аудан өміріндегі музыкалық іс-шараларда белсенділік таныта алу іскерліктері қалыптасуы керек.


«Бейнелеу өнері» пәні

І. «Бейнелеу өнері» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері:

Пәнді оқытудың мақсаты:

  • алдыңғы сыныптарда алған бейнелеу өнері сауаттылығының негізін (сызық, штрих, негізгі және қосымша түстер, негізгі және қосымша түстер, безендіру түрлері, мүсіндеу және формат көлемімен байланысты) толық игеру;

  • бейнелеу өнері түрлерінiң жанрларында, түрлі әдістерде әртүрлі материалдармен жұмыс істеудің қарапайым жолдарын игеру;

  • әртүрлі бағытта, жанрлық стильде орындалған бейнелеу өнері шығармаларындағы көркем-бейнелерден өз түсінігін айта білу;

  • әртүрлі бағыттағы бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларының әлемдік және отандық бейнелеу өнері қайраткерлерінің өмірі мен туындыларын таныстыру;

  • бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларының негізін оқыту сауаттылығы;

  • бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларына әр түрлі техникада, түрлі қарапайым материалдармен жұмыс істеудің біліктілігіне оқыту.

  • әртүрлі бағытта, жанр мен стильде орындалған өнер шығармаларына деген танымдық қызығушылыққа және сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

  • әлемдік және отандық бейнелеу өнері қайраткерлерінің өмірі мен шығармаларына сын көзбен қарайтын, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу;

  • бейнелеу өнері арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, отансүйгіштік сезім мен адамгершілікке тәрбиелеу;

  • оқушылардың жеке шығармашылығын жан-жақты дамытуға, алдына қойған мақсатқа жетуіне және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

  • бейнелеу өнері түрлерінің жанрлары арқылы қоршаған ортаны өз бетімен көркем бейнелей білудегі шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • бала бойындағы тума дарындық қасиеттерін бейнелеу өнері түрлері мен жанрлары арқылы дамыту;

  • бейнелеу өнері түрлері мен жанрлары арқылы баланың байқағыштығын дамыту;

  • көріп есте сақтау және жасампаздық қабілетін дамыту;

бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары арқылы әлемдік қайраткерлерінің туындыларына деген қызығушылығын дамыту.

Пәнді оқыту міндеттері:

    • бейнелеу өнерінің түрлері (графика, кескіндеме, сәнді-қолданбалы өнер, мүсін, сәулет) мен жанрлары (портрет, автопортрет, натюрморт, пейзаж және т.б.) туралы білімін қалыптастыру;

    • бейнелеу өнері түрлерінің жанрларына арналған шығармашылық композициялық жұмыс жасау іс-әрекетімен таныстыру;

    • бейнелеу өнері түрлерінің жанрларына арналып орындалатын практикалық жұмыстарды белгілі бір көркемдеуші құралдар мен әр түрлі материалдармен жұмыс істей білуге дағдыландыру;

    • бейнелеу өнерінің түрлерін, жанрларын қабылдатып меңгерту арқылы шығармашылық композициялық жұмыс жасау іс-әрекетін арттыру;

    • бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларындағы әр түрлі бағытта, стильде орындалған өнер шығармаларындағы көркем ойды қабылдауға деген танымдық қызығушылықтарын арттыру.


ІІ. «Бейнелеу өнері» пәнінің базалық мазмұны.

Теориялық мәліметтер. Графика. Табиғатта кездесетін заттардың құрылысын зерттеу. Табиғи симметрия, әртүрлі заттардың қалыптасуындағы симметрия түрлерінің анықталуы. Графика түрлерін меңгеру: станоктік (қолданыста жоқ суреттер, эстамп, лубок), кітап және газет-журналдық (суреттер, баспаға дайындау, безендіру және құрастыру), қолданбалы (өнеркәсіп графикасы, пошталық маркалар, экслибристер), плакат және коллаж. Графика тілі және оның негізгі айқындағыш белгілері: сызық, штрих, пішін, таңба және өң. Графика құралдары: тушь, фломастер, қарандаш, акварель, гуашь, пастель, көмір және т.б. Графиканың айқындағыш шығармашылық жағы: лаконизм (келте қайыру), образдың сыйымдылығы, графикалық құралдардың таңдалуы және үйлесімі. Графика жанрлары.

Кескіндеме. Негізгі, қосымша және құрама (шығармашылық) түстер. Жарық және өң (түс). Жарық үйлесімі. Түстердің үйлесімі, негізгі (жергілікті) түс. Жарық және көлеңке. Көзге түсер көрініс. Графика және кескіндеме шығармашылығындағы ерекшелік және байланыс.

Қолданылатын құралдар мен бояуларға қарай кескіндемелердің түрленуі: майлы бояудағы, темпера бояуындағы, акварель бояуымен орындалған кескіндеме, гуашь бояуымен орындалған кескіндемелерді түсіндіру.

Монументалды кескіндемеге тән: мозаика, витраж, фресканың ерекшеліктері туралы түсіндіру. Кескіндеме және оның түрлері: станоктік, монументтік және сәндік (орындаудың тәртібі және шығармашылық-образдық тапсырманың шешімі).

Сәндік-қолданбалы өнер. Ою - өрнектердің түрлері: геометриялық, өсімдік тектес, дәстүрлі. Ою-өрнек элементтерін орындау кезеңдері. Қазақстанның сәндік – қолданбалы өнерінің шығу тарихы, дамуы, ұлттық ерекшеліктері. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері: геометриялық, өсімдік тектес, жұлдыз, аң-құс бейнелі. Өрнек үлгілері бойынша түрлі ұлттың ою-өрнектерін меңгеру. Халық қолөнершілері мен кәсіпқой суретшілердің сәндік-қолданбалы өнер шығармаларындағы айырмашылықты көрсету.

Мүсін. Қазақ халқының және әлемдік кәсіпқой мүсіншілерінің шығармалары туралы түсінік. Атақты кәсіпқой мүсіншілер. Мүсін түрлері: станоктік, монументальдық, монументальды-сәндік, ұсақ пластика, барельеф, горельефтік. Панорама, диорама.

Дизайн. Дизайн элементтері. Жобалау негізі. Дизайн өнерінің бейнелеп – мәнерлеу әдістері (нүкте, сызық, фактура, көлемі, бейнесі, кеңістік, сыйымдылығы). Дизайн өнеріндегі композициялық принциптер (симметрия, асимметрия, тепе-теңдік, қимыл-қозғалыс). Дизайндағы үйлесімдік және контраст. Дизайндағы түстану негіздері.

Сәулет. Шығыс және батыс ғимараттарының ерекшеліктері. Сәулеттің үш негізгі түрі: биік ғимараттар сәулеті (тұрғын үй, қоғамдық мекемелер: мектеп, театр, стадион, дүкен және т.б.), өнеркәсіп орындары (зауыт, фабрика, электрстанциясы және т.б.); ландшафтық сәулет: саябақтық алаң орындары (қалалық саябақ, бақ және «шағын» сәулеттендірілген саябақтар – орындық, фонтан, баспалдақтары бар). Қалақұрылысы: жаңа қалалар мен кенттер салу, ескі қаланы жаңарту жұмыстары.

Суретші құралдары мен әдістерін меңгеру.

Қарапайым суреттің сызбасын орындату, оны қаламұшпен немесе қылқаламмен штрих және дақпен бояту. Графикалық материалдардың құрылымын меңгеру. Кескіндеме жанрларының графика, мүсін жанрларынан ерекшелігін және оның орындалу әдістерін білуі. Миниатюралық жұмыстарды орындай білуі.

Көргенді есте сақтауды және байқағыштықты дамыту.

Бейнелеу өнері шеберлерінің туындыларын талдау: мазмұны, сюжет, композициялық шешімі. Қоршаған ортаны, табиғаттың құбылыстарын, нысандарды бақылау. Суретшілердің және оқушылардың шығармашылықтарын талдау, өнер туралы өз-ойын білдіре алуға дағдысын дамыту.

Шығармашылық ой-өрісті дамыту

Шығармашылық ой-өрісті дамытуға бағытталған жаттығулар: бейнелеу өнерінің жанрларына байланысты және еркін тақырыптағы композициялық жұмыстарды орындай білуі. Музыкалық үзінділерді тыңдау арқылы композиция құрастыру. Бейнелеу өнер терминологиясын меңгеру. Бейнелеу өнер түрлеріндегі композициялық шығармаларды талдау: графика, кескіндеме, мүсін, сәндік -қолданбалы өнері, сәулет және дизайн.

Өзіндік шығармашылық іс-әрекет

Бейнелеу өнерінің әртүрлі жанрлары бойынша композициялық заңдылыққа негізделген шығармаларды құру. Өнер түрлерін орындауда әр түрлі материалдар мен түрлі техникада орындай алуды меңгеруі.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Оқушылар:

  • бейнелеу өнерінің шығу тарихын;

  • бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын;

  • еліміздің және әлемдік мұражайлар мен сәулет ғимараттарын;

  • қазақстандық және әлемдік белгілі суретшілер шығармаларын;

  • қазақстандық және әлемдік суретшілердің шығармашылығын;

  • практикалық жұмыста қолданылатын графиканың әртүрлі әдістерін;

  • графика түрлерін;

  • графикалық жұмыстың материалдарын және ерекшелігін;

  • кескіндеме түрлерін;

  • әр түрлі түстердің жарық және көлеңке заңдылықтарын;

  • композиция заңдылықтары мен қажеттіліктерін;

  • табиғат кеңістігінің байланысын талдап көрсету жолдары: табиғат композициясы (орман, дала және т.б.), масштаб, жүйелілік;

  • кескіндеме материалдары мен техникасын (материалдар түрі және кескіндемеде қолданылатын әртүрлі техника);

  • сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің туындыларының мазмұнын;

  • мәнін, стилін, пропорциясын, үйлесімділігін (ырғақ, түр-пішін) ою-өрнек композициясынан ұғым;

  • халық қол өнерлерінің өзіндік ерекшеліктерінің: түс өзгерістерін, орындау техникасын, материалдардың сан алуандығын;

  • ою-өрнек композициясының ұғымын: мәтінін, стилін, пропорциясын, үйлесімділігін (ырғақ, түр-пішін);

  • сәндік бұйымдарға композициялық әшекейлер құру заңдылықтарын;

  • мүсін түрлерін;

  • мүсіндеуге қажетті әртүрлі материалдар мен жұмыс жасау ережелері мен тәсілдерін;

  • мүсіндердің пластикасы мен фактурасын;

  • сәулет өнерінің түрлерін: үлкен көлемде салынған сәулет, ландшафтық сәулет, қалақұрылысын тану біліктілігін меңгеруі тиіс;

    • тақырыптық натюрморттарды: жинақтау, құрау, пәндік деректер, жоспарлау, қорытынды орындауды;

    • оқу-шығармашылық жұмысты орындау барысында әртүрлі графиканы қолдануды;

    • адамның басы мен денесінің эскизін жасауды;

    • кескіндеудің әртүрлі техникасын;

    • натюрморт құрастыруда (жинақтау, құрау, жергілікті жарықты қолдану, конкретизациялау, қорытынды жасау) бір топ заттардың пішіндері мен пропорцияларына тән ерекшеліктерін, адам тұлғаларын бейнелеуде жұмыс кезеңдерін сақтау қ;

    • ландшафттық сәулет өнері бойынша практикалық жұмыс жасау;

    • мүсін өнері бойынша әртүрлі әдістерді қолдана отырып практикалық жұмыс жасау білігін білуі қажет.


4.6 «Технология» білім саласы
«Технология» пәні

І. «Технология» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері:

Пәнді оқытудың мақсаты:

- еңбек іс-әрекетінде оқушылардың мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын ескеріп және қоғамның сұранысына орай білім, іскерлік, дағдыларын меңгеру;

- шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру;

- таңдаған еңбек іс-әрекетінің аймағы бойынша жоғары деңгейдегі құзыреттіліктерге жету;

- адамның практикалық іс-әрекетіне байланысты тұлғаның мәдениетін қалыптастыру;

- еңбек іс-әрекетіндегі сұранысын дамыту.

Осыған байланысты оқушылардың бейіналды даярлық мәселесінің көкейкестілігі айқындалып, келесі негізгі мақсаттарды көздейді:

- интеллектуалды, рухани және оқушының дене тәрбиесінің дамуы;

- жоғарғы сыныптарда оқушының қызығушылығын, сұранысы мен мүмкіндігін ескеріп, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтауға, оқыту бейінін таңдауға, көмектесу.

- оқушыларды болашақ кәсіптік іс-әрекетімен таныстыру.

Пәнді оқытудың міндеті:

– жеке тұлғалық қызығушылықтарын шағын ұжым сұранысына сәйкестендіру сияқты басты құзыреттіліктерін қалыптастыру

– шығармашылыққа деген қабілеттерін, рефлексивті ой-өрісін, өзіндік талдау мен өзіндік бағалау қабілеттерін дамыту;

– тағамды безендіру, киімді модельдеу мен құрастыру барысында эстетикалық талғамын дамыту;

– оқушыларды жекеленген проблемалық жағдайларды шешуге тарту арқылы топтық жұмыс түрлерін қолдану;

– киім тігудің жаңа тәсілдері мен технологиялық операцияларын меңгеру;

– шығармашылық жобаны орындау барысында практикалық біліктілік пен дағдыларын жетілдіру;

– ұтымды пікір алмасу қажеттілігіне орай сыни ойлауын дамыту;

– анық емес жағдайлардың шешімін табуға, проблемаларды болжай білу дағдылары, дұрыс шешім қабылдау, ұтымды шешімін таңдауға дайындау;

– экология және кәсіби бағдар беру саласы бойынша білімдерін меңгеру;

– әртүрлі қызмет түрлерін орындау барысында еңбек және технологиялық мәдениетін дамыту;

– басты құзыреттіліктерді дамыта отырып арнайы және интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру;

– сөздік қорын толықтыру және оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту (арнайы терминдерін есте сақтау, технологиялық процесстер);

– шығармашылық жобаны орындауда ғылыми білімдерін пайдалана білу;

– адамның қызметінің әр саласында шығарылатын бұйымның нарықтағы қажеттілігін зерттеу.
«Технология» (қыз балаларға арналған)
І. «Технология» (қыз балаларға арналған) пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Пәнді оқытудың мақсаты:

    • еңбек іс-әрекетінде оқушылардың мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын ескеріп және қоғамның сұранысына орай білім, іскерлік, дағдыларын меңгеру;

    • шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру;

    • таңдаған еңбек іс-әрекетінің аймағы бойынша жоғары деңгейдегі құзыреттіліктерге жету;

    • адамның практикалық іс-әрекетіне байланысты тұлғаның мәдениетін қалыптастыру;

    • еңбек іс-әрекетіндегі сұранысын дамыту.

Пәнді оқытудың міндеттері:

  • жеке тұлғалық қызығушылықтарын шағын ұжым сұранысына сәйкестендіру сияқты басты құзыреттіліктерін қалыптастыру

  • шығармашылыққа деген қабілеттерін, рефлексивті ой-өрісін, өзіндік талдау мен өзіндік бағалау қабілеттерін дамыту;

  • тағамды безендіру, киімді модельдеу мен құрастыру барысында эстетикалық талғамын дамыту;

  • оқушыларды жекеленген проблемалық жағдайларды шешуге тарту арқылы топтық жұмыс түрлерін қолдану;

  • киім тігудің жаңа тәсілдері мен технологиялық операцияларын меңгеру;

  • шығармашылық жобаны орындау барысында практикалық біліктілік пен дағдыларын жетілдіру;

  • ұтымды пікір алмасу қажеттілігіне орай сыни ойлауын дамыту;

  • анық емес жағдайлардың шешімін табуға, проблемаларды болжай білу дағдылары, дұрыс шешім қабылдау, ұтымды шешімін таңдауға дайындау;

  • экология және кәсіби бағдар беру саласы бойынша білімдерін меңгеру;

  • әртүрлі қызмет түрлерін орындау барысында еңбек және технологиялық мәдениетін дамыту;

  • басты құзыреттіліктерді дамыта отырып арнайы және интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру;

  • сөздік қорын толықтыру және оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту (арнайы терминдерін есте сақтау, технологиялық процесстер);

  • шығармашылық жобаны орындауда ғылыми білімдерін пайдалана білу;

  • адамның қызметінің әр саласында шығарылатын бұйымның нарықтағы қажеттілігін зерттеу.


ІІ. «Технология» (қыз балаларға арналған) пәнінің базалық мазмұны.

Тағам дайындау технологиясы. Тамақтану физиологиясы. Тиімді тамақтану. Дәрумендердің адам өміріндегі рөлі. Ұлттық тағамдар. Сүттен жасалған тағамдар. Асмәзірін құру. Қауіпсіздік ережелері. Жармадан жасалған тағамдар. Қазіргі заманауи ас үй құралдарын қолдану ережелері. Балықтың сақтау мерзімі және жағдайы. Ұннан жасалған өнімдер. Стол әзірлеу. Ішкі ережелер. Санитарлық-гигиеналық талаптар. Жұмыртқадан жасалған тағамдар. Бутербродтар. Ботқа. Балық және теңіз азық өнімдері. Ет және ет өнімдері. Азық дайындау. Үй концервілеу. Тәтті өнімдер. Еттің бөлінуі. Ыстық ет тағамдары.

Мата түрлерімен танысу. Матаны өңдеу технологиясы. Тігін машиналарымен жұмыс. Мата құрылымы. Тігін машина түрлері. Киім және киімге қойылатын талаптар. Машинамен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік ережелері. Сызбаларды оқу. Өлшем алу. Жобалау. Алшалғышты моделдеу. Матаны өндіру технологиясы. Матаны пішуге дайындау. Өнімді технологиялық өңдеу. Тігін өнімдерді құрастыру және модельдеу (жейде, белдемше, көйлек, жакет, кеудеше). Тігін машинасын күту, тазалау және майлау. Малдан табиғи алынған мата талшықтары. Киімді жобалау және өндіру. Үстіңгі және астынғы жіптің тартылуы және машина тігісінің сапасы. Киімді өндіру ерекшелігі. Құрастыру және модельдеу. Өңдеу реттілігі. Ылғалды-жылу өңдеу. Мақта мата талшықтарын зерттеу. Машина тігістерінің түрлері. Киім үлгісін салудың негзгі кезеңдері. Матаны ылғалды жылылап өңдеу.

Киімді және аяқ киімді күту. Киімді жөндеу. Киімді тазалау. Ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу. Шартты белгілер. (кір жуу, үтіктеу). Киімді қолмен жамау. Жамаулар (астарлау, жапсыру, сәндік жапсырма) Киімді күту ерекшеліктері (жүннен, жібек, тері, жұмсақ тері өнімдері).

Сұлулық құпиясы. Салауатты өмір құпиясы. Терінің типін анықтау. Теріні, шашты, тырақты күту ережелері. Жарасымды, сәнді шаш үлгісін таңдау.

Тұрғын үйдің ішкі көрінісі. Тұрғын үйдің сипаттамалық ерекшеліктері. Ішкі көрініс дизайны. Дизайнер міндеті. Үйде жайлы жағдай жасау. Дизайнер мамандығымен танысу. Үйді қолданбалы өнер туындыларымен безендіру. Жиһазды күту. Іш көріністегі бөлме өсімдіктері. Ішкөріністегі перде.

Көкөніс шарушылығы – өсімдіктану шаруашылығының саласы. Маңызды көкөніс дақылдары. Отырғызу. Күту. Топыраққа көшіріп отырғызу. Күнделік жүргізу. Тұқымдарды отырғызу.

Қолданбалы сәндік өнер. Ілмекбізбен тоқу. Бізбен тоқу. Кестелеу. Кесте түрлері. Ұсақ моншақпен тоқу. Баудан жасалған өнімдер. Кілем тоқу. Ши тоқу. Киіз. Батик.

Отбасы экономикасы. Отбасылық бюджет. Жинақтау.

Кәсіптік қызмет технологиясы. Кәсіби өзін-өзі анықтау. Мамандық әлемінде бейімделу.

Жоба. Жоба таңдау және негізін қалау. Жоба тақырыптары. Жобаның мақсаты мен міндеті.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

  • асүйде санитарлық-гигиеналық тазалық талаптары; ақуыз, тұз, дәрумендердің адам ағзасындағы рөлі; матаны өңдеуді таңдау. өлшем алу және олардың шартты белгілері; көйлек, жейде, шалбар, жакет, кеудеше, белдемше пішінінің еркшеліктері; ет тағамдарының бөлінуі; ас мәзір түрлері; жүннен, ұсақмоншақ, жіп, баудан жасалған бұйымдар; формуламен есептеу; көркем өңдеу; сүттен және сүт өнімдерінен жасалған қазақ ұлттық тағамдар әзірлеу түрлері; стол жабу; киім және аяқкиім кұту ерекшеліктерін білуі тиіс;

  • ыстық шай, бутерброд дайындау; жұмыртқа және көкөністен жасалған тағамдар; киімді құрастыру және модельдеу; сызбаны оқу; өлшем жасау; мамандықтар саласын талдау; асүй жабдақтарымен жұмыс істеу; асмәзірін құрастыру; талдау жасау; түйіндеме құрастыру; бұйымды өндіру үшін кеткен қаражатты есептеу; машинаның ақауларын кетіру; қағаз сызбаларын пішуге дайындау; ботқа әзірлеу, қамыр кеспеден жармадан әзірленген тағамдар; матаның түріне қарай жіп ине таңдау; тігістің сапасын анықтауды меңгеруі тиіс.


«Технология» (ер балаларға арналған) пәні

І. «Технология» (ер балаларға арналған) пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Оқытудың мақсаты: технологияны оқу оқушыларды рухани және материалдық құндылықтарды өндіретін заманауи өндірістің негізгі технологиялық процестерімен таныстыруға және олардың келешекте кәсіптік білім алуына және еңбек іс-әрекетіне қажетті даярлықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Оқытудың міндеттері:

  • эстетикалық және экологиялық талаптарды ескере отырып, тұлғалық және қоғамдық маңызды еңбек өнімдерін жасау бойынша әртүрлі технологиялық іс-әрекеттерге тарта отырып, технологиялық білімдер мен біліктер қалыптастыру;

  • технологиялық ақпараттарды іздеуге және қолдануға, еңбек өнімдерін жобалауға және жасауға, үй шаруашылығын жүргізуге, өзінің өмірлік және кәсіптік жоспарларын өзіндік және саналы түрде құруға қажетті жалпы еңбектік және арнайы біліктерді меңгеру;

  • оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, техникалық ойлауын, кеңістіктік елестетуін, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту;

  • еңбекқорлық, үнемділік, ұқыптылық, мақсатқа ұмтылушылық, іскерлік, өз іс-әрекетінің нәтижелеріне жауапкершілік, әртүрлі кәсіптің адамдарына және олардың еңбектерінің нәтижелеріне сыйластық қарым-қатынас тәрбиелеу;

  • басқа оқу пәндерін оқып-үйренуде алған білімдерін, игерген әмбебап оқу әрекеттерін белсенді түрде қолдану;

  • оқып-үйреніп отырған технологиялармен байланысты кәсіптер, оларға еңбек нарығындағы сұраныс туралы түсініктер қалыптастыру.


ІІ. «Технология» (ер балаларға арналған) пәнінің базалық мазмұны.

Еңбек қорғауы мен қауіпсіздік техникасының жалпы ережелері.

Ауылшаруашылық өндірісінің техникасы мен технологиясы. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары. Агроөнеркәсіп саласындағы мамандықтар. Егіншілік шаруашылығы. Мал шаруашылығы.

Машинатану элементтерін қолдана отырып құрылымдау материалдарын өңдеу технологиясы. Машиналар мен механизмдер теориясы. Іштей жану қозғалтқыштар туралы қысқа мәліметтер. Іштен жану қозғалтқыштарының жұмыс істеу принциптері. Қисық тізелі-шатунды механизм. Айналшақты-бұлғақты механизмнің негізгі бөлшектері мен тораптары. Төртырғақтық қозғалтқыштың жұмыс циклі. Құрылымдау материалдарын өңдеу саласына байланысты ең көп таралған мамандықтардың қысқаша сипаттамасы: темір шебері (токарь), фрезерлеуші, сайманшы (инструментальщик), тегістеп өңдіруші (шлифовщик).

Графикалық құжаттар. Сызбалар, эскиздер мен схемаларды оқу және орындау. Өнімнің құрастырылуы мен жасап шығару жолы ретін көрсететін графикалық құжаттар.

Ағаш өңдеу технологиясы. Ағаш ұстасы мен балташы ісі.

Қазіргі заманғы жиһаз өндірісі. Станоктар мен жабдықтар. Жасанды және табиғи ағаш материалдары. Ағаш өңдеу өндірісіне байланысты мамандықтар.

Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қолдана отырып материалдарды көркем өңдеу технологиясы. Қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің даму тарихы. Ұлттық қолөнер мен кәсіптің дамуы.Қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің түрлері.

Тері, ағаш, сүйек, темір, қыш, шыны, т.б. материалдардың көркем өңдеуі. Сәндік-қолданбалы өнерінде қолданылатын материалдар туралы жалпы мәлімет.Тері, ағаш, сүйек, темір, қыш, шыны, т.б.материалдарды өңдеу тәсілдері.

Тұрмыстағы жөндеу және құрылыс жұмыстары. Сумен жабдықтау, арналық кәріз жүйелері мен сантехникалық құрал-саймандары элементтерін қарапайым жөндеу жұмыстары. Құлыпты ойып орнату. Терезе шыныларын орнату. Әрлеу жұмыстары. Сырлау және түсқағаз желімдеу жұмыстары. Құрылыс саласындағы мамандықтар.

Электротехникалық жұмыстар. Электрқондырғылар және олардың жіктелуі. Электр қауіпсіздігі. Электр тоғынан зақымдану кезінде алғашқы көмек көрсету.

Қазіргі заманғы өндіріс пен кәсіби және техникалық білім беру жүйесі.

Кәсіптік және техникалық білім алу жолдары. Кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері түрлері. Аймақтық еңбек және білім беру қызметінің нарығы. Кәсіптік іске заманауи талаптары.

Шығармашылық жоба. Құрылымдау және іскерлік материалдарынан жеке тұлғаға немесе қоғамға маңызды бұйымдарын жобалау және жасап шығару.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушы:

  • еңбекті қорғау бойынша негізгі құқықтық, нормативтік және заңнамалық актілерді;

  • конструкциялық, жасанды материалдардың түрлерін және қасиеттерін, оларды өңдеу технологияларын;

  • конструкциялық, табиғи және жасанды материалдарды көркемдеп өңдеу туралы жалпы мағлұматтарды;

  • шығармашылық жобаларды орындауда конструкциялау және модельдеуді;

  • кәсіптік білім алу және еңбекке орналасу жолдары туралы ақпарат алу көздерін;

  • өндірістің негізгі салаларын, конструкциялық материалдарды өңдеу, олардан бұйымдар әзірлеу, агротехнологиямен байланысты кәсіптерді

білуі/түсінуі;

  • технологиялық мәдениеттің ролі және оның компоненттері;

  • заманауи қоғамдағы техника мен технологияның ролі және олардың даму үрдістері;

  • энергияны, материалдарды үнемдеуші, қалдықсыз және тағы да басқа перспективті технологиялар;

  • технологияны қолданудың әлеуметтік және экологиялық салдарлары;

туралы түсінігі болуы;

  • еңбек мәдениетін;

  • жаңа техникалық шешімдерді іздеудің, шығармашылық жобалық іс-әрекет өнімдері мен нысандарын графикалық модельдеудің құралдары мен әдістерін;

меңгеруі:

  • жұмыс орнын ұйымдастыра;

  • технологиялық, экономикалық және эксплуатациялық қасиеттерін ескере отырып материалдарды, оларды өңдеу үшін үлгі, сурет, эскиз, сызба бойынша аспаптарды, саймандарды, еңбек құралдарын таңдай;

  • материалдарды өңдеудің заманауи әдістерін және бұйымдарды даярлаудың инновациялық технологияларын қолдана;

  • технологиялық операцияларды анықтай және орындау;

  • графикалық құжаттарды оқи және рәсімдей, технологиялық құжаттарды жасай;

  • конструкциялау және модельдеу принциптері мен әдістерін анықтай, бұйым композициясы ерекшеліктерін ажырата және қолдана;

  • тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық қасиеттерін бағалауды, бұйымдарды даярлау және оларды өткізу бойынша іс-әрекет жоспарын құра;

  • технологиялық іс-әрекетте шығармашылық міндеттерді шешу әдістерін қолдана;

  • әртүрлі материалдардан сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын даярлай;

  • аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып кәсіпкерлік іс-әрекеттің мүмкін нысандары мен қызметтерін таңдай алуы тиіс.


4.7 «Дене шынықтыру» білім саласы
«Дене шынықтыру» пәні

І. «Дене шынықтыру» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Оқытудың мақсаты – өз денсаулығын сақтау барысында оқушылардың бойында тұрақты себептер мен қажеттіліктерін және жеке гигиеналық тазалықтарын сақтау әдеттерін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене шынықтыру құралдарын шығармашылық қолдана білуін қамтамасыз ету болып табылады.

Оқытудың міндеттері:

    • қозғалыс-қимыл түрлерінің базалық және қолданбалы негізін үйрету;

    • координациялық (кеңістікте бағдарлай білу, қимыл қозғалыстарын қайта реттеу, белгіні сезінудің жылдамдығы және дәлдігі, қимыл келісімі, ырғақ, тепе-теңдік, негізгі қозғалыс параметрлерінің үйлесімі және дәл орындалуы) және кондициондық (жылдамдықты-қуаттылық, жылдамдық, төзімділік, күштілік, шыныққандық және икемділік) қабілеттерін әрі қарай дамыту;

    • дене шынықтыру жаттығулары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету;

    • білім алушылардың жас және жыныстық ерекшеліктеріне сәйкес олардың дене бітімінің функционалдық мүмкіндіктерін арттыру;

    • оқушылардың денсаулықтарын нығайту, негізгі физикалық (дене шынықтыру) қасиеттерін жетілдіру;

    • жалпы дамыту және жалпы сауықтыру бағытындағы дене жаттығуларын, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістерін, техникалық және тактикалық қимылдық әрекеттер тәжірибесін байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;

    • дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және дене шынықтыру құралдары арқылы салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен денсаулықты нығайту тәсілдерінің формалары туралы білім ауқымын кеңейту;

    • жеткіншектің бойындағы оң қасиеттерді дамыта тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық өзара әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.


ІІ. «Дене шынықтыру» пәнінің базалық мазмұны

Теориялық мәліметтер. Бағдарлама үш тараудан тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Дене бітімін жетілдіру» (әрекеттік компонент) және «Дене шынықтыру дайындығы деңгейіне қойылатын талаптар» (мотивациялық компонент).

Жеңіл атлетика

Жүгіру техникасын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар. Жоғары және төменгі старт (сөре). Екпінді старт (сөре). 100 метр қысқа қашықтыққа жүгіру. Эстафеталық жүгіріс.

Секіру техникасын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар.

Биіктікке, ұзындыққа секіру кезіндегі жеке жылдамдық екпінін таңдау.

Лақтыру техникасын бекітуге бағытталған арнайы жаттығулар. Екпіндей жүгіріп, 500 гр (қыз балалар), 700 гр (жігіттер) гранатаны толық үйлесіммен алысқа лақтыру.

Гимнастика

Саптық жаттығулар. Орнында тұрып айналу қимылдары. Оқушының жеке дене дамуы ерекшеліктерін ескеріп, оның дене мүсінін қалыптастыру, тыныс алу, дене салмағын реттеу, дене бітімі сымбатын дамытуға және гимнастиканың дәстүрлі емес түрлерін реттеуге арналған кешенді жаттығулар.

Акробатика. Жеке физикалық және техникалық дайындықтарды ескере отырып, бұрын үйренген элементтері бойынша құрылған гимнастикалық комбинация. Хореография және ырғақты гимнастика элементтерімен бұрын меңгерген жаттығулардан тұратын еркін комбинация.

Тіреп секіру техникасын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар.

Белтемір; Қос сырық (ер балалар). Түрлі биіктікті сырық (қыз балалар). Бөрене. Тепе-теңдік жағдайындағы жаттығулар (қыз балалар). Арқанмен өрмелеу (ер балалар).

Тартылып асылу. Қолмен іліне тартылып, күшпен тіреп көтерілу.

Бұрын меңгерген жаттығуларды жетілдіру, еркін комбинацияларды құру және орындау. Жартылай отырып тірелу. Бір аяқпен серпіле айналу. Екі аяқты аша серпіле секіру. Тіреу орнын ауыстырып жасалатын жаттығулар: жүру, секіру, айналу түрлері; үйренген 3-4 кешенді (комбинациялық) жаттығулар.

Екі арқанда аяқтың көмегінсіз өрмелеу; бір арқанда жылдамдықпен аяқтың көмегімен өрмелеу.

Шаңғы дайындығы

Шаңғымен жүру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығы жаттығулары.

Сырғанай қадамдап, өрге көтерілу. Конькимен жүріс. Табиғи кедергілерден шаңғымен өту. Шаңғымен төмен ылдилау. Бүйірімен сырғанай, тірене тежеу. Шаңғы жарысының тактикалық элементтері.

Кросс дайындығы

Арнайы дене шынықтыру және техникалық дайындық жаттығулары.

Кедергілер арқылы секіру, ойлы-қырлы жерлермен жүгіруді жүрумен ауыстыра отырып жүгіру, секіру, жүру, кросстық жүгіріс.

Спорттық ойындар

Футбол, Волейбол, Баскетбол, Гандбол

Допты алып жүру, алаңдағы орын ауыстыру техника тәсілдерін бекітуге және жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығы жаттығулары.

Ойыншының қорғаныс пен шабуылдағы жеке әрекеттері. Шабуылдағы және қорғаныстағы топтың және команданың техникалық-тактикалық әрекеттері. Қақпашының техникалық-тактикалық әрекеттері. Спорттық жаттықтыру ойындары.

Топтың және команданың техникалық-тактикалық әрекеттері.

Жүзу

Жүзу жарыстарының тактикалық элементтері: сөре, арақашыққа күшін есептеп бөлу, алға шығу, мәреге жету.

Үйренген тәсілмен (Кеудесімен құлаштап жүзу, шалқалай жатып жүзу, брасс) арақашықтыққа жүзіп өту.

Ұлттық спорт түрлері. Мәдени-этникалық бағыттағы ойындар мен жаттығулар: «Тоғыз құмалақ».
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Оқушылар:

  • дене шынықтыру жаттығуларын орындау техникасына бақылау әдістерін, дене шынықтыру жүктемесінің ережесін (жүрек соғысының жиілігі бойынша), сабақ барысындағы көңіл-күйін (ішкі және сыртқы нышандарына қарай);

  • күн тәртібіндегі дене шынықтыру жаттығуларының рөлін;

  • ағза жүйесінің функционалды жағдайына дене шынықтырудың ықпалын білуі/түсінуі тиіс.

  • денсаулықты нығайтуда дене шынықтыру мен спортты жетілдіру қажеттілігін, өзінің қызығушылығын ескеріп, жеке дене шынықтырумен айналысудағы жоспарын құруды;

  • гимнастикалық, акробатикалық, жеңіл атлетикалық жаттығуларды (комбинацияларды), спорттық ойындардағы техникалық-тактикалық әрекеттерді орындауды;

  • дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздікті сақтауды;

  • бағдарламалық спорт түрлерінің бірі бойынша мектептік жарыстарда төрешілік жұмысты атқаруды меңгеруі тиіс.

  • «Жылдамдық. Күш. Төзімділік (кез келген жаттығу таңдалып алынады). Қимылдарды үйлестіру» дене қимылдарының қасиеттерін көрсетуі тиіс.

  • Меңгерген білімі мен біліктілігін күнделікті өмірде және практикалық әрекетте қолдануы тиіс:

  • Іс-әрекетке қабілеттілігін артыруды, денсаулықты нығайту мен сақтауды;

  • бұқаралық-спорттық жарыстарға қатысу және жеке, ұжымдық жанұялық демалысты өткізу мен ұйымдастыруды;

  • салауатты өмір салтын қалыптастыру мен таңдауда, белсенді шығармашылық әрекеттерді.

Қорытынды
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық орта білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың өзгертілуін, бейімдік оқытуды, көптілділікті қамтамасыз етеді.

Негізгі орта мектепте оқу процесін ұйымдастыру жеке тұлғаның өзін-өзі таныту, ғылыми таным мен ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Оқушыларды болашақ кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде таңдауға даярлауды жүзеге асыратын мектептің психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдық қызметінің жүйесі ретінде бейіналды дайындық енгізіледі.

Негізгі орта мектеп міндетті базалық деңгей болып табылады және базалық білім беру бағдарламаларын аяқтауды және негізгі орта білім берудің негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.

Білім - қоғамды қанағаттандыратын, рухани мұраны сақтайтын ұрпақ пен ұрпақты сабақтастыратын құрал. Сондықтан, оқушының елдің ертеңі, үміт күтер азаматы екенін ескере отырып, тұлға ретінде қалыптастыру, олардың білім деңгейлерінің әлемдік стандартқа сай болуға лайықты жұмыс істеу, білімді де тәрбиелі азамат тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.

Негізгі орта білім беру деңгейінде оқушылардың физиологиялық және психолого-педагогикалық ерекшіліктерін ескере отырып, келесі бағыттарда жүзеге асырылатындығы анықталды, олар:

  • барлық балаларға бірдей білім беру; білімнің ашықтығы, ақпарат алудың барлық азаматтарға мүмкін болуы;

  • оқу бағдарламаларының оқушының қызығушылығы мен талғамдарын ескеруге, дамытуға, олардың бойында жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыруға, сондай-ақ әр оқушының және қоғамның мүддесі мен қажеттіліктерін ескеруге, жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға және жеке тұлғалық оқу үдерісін ұйымдастыруға бағдарлануы;

  • әрбір оқушыға сол социумға сәйкес тарихи қалыптасқан, ең тұрақты рухани, дүниетаным және мәдени құндылықтарының таратылуы және бекуі.

12 жылдық оқытудағы негізгі орта мектепте басқару, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, өзіндік және азаматтық құзыреттіліктер қалыптастырылады.

12 жылдық оқытудағы көшу жағдайында жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің жаңа құнды бағыты ретінде оқу пәндері мазмұнын қазіргі заман талабына сай өзгертуді қажет етеді. Білім беру саласын ізгілендіру идеясы негізінде мектеп жұмысының мазмұнына өзгерістер енгізу болашақта білім берудің мақсат-мазмұнын, оқыту әдістерін жаңартуды талап етеді. Жаңа білім парадигмасы оқушыны оқу процесіндегі басты субъект ретінде қарай отырып, оның кең шығармашылықпен ойлауына мүмкіндік туғызу мен барлық оқу жүйесін өзгертуді қамтамасыз етуі қажет.

Қолданылған әдебиеттер тізімі





  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген.

  2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //Қазақстан мұғалімі. 20 қаңтар. 2004. - 3- 4 б.

  3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2004.

  4. 12 жылдық білім беруге өтудің эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыру туралы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 327 бұйрығы. Астана, 2001 жылдың 10 мамыры // Қазақстан мектебі.-2001.-С.7.-1 б.

  5. 12 жылдық мектептің негізгі орта буынының білім мазмұны // Қазақстан тарихы. -2006. -3.- С. 3-10 б.

  6. Аймауытов Ж. Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері. Қызылорда, 1929 ж. - 58 б.

  7. Избранные педагогические труды: научное издание / Ю. К. Бабанский; сост. М. Ю. Бабанский. - М.: Педагогика, 1989. - 560 с.

  8. Л.С.Выготский, Выготский Л.С. Педагогическая психология.−М.: Педагогика, 1991. – 480 с.

  9. Краевский В. В., Бережнова Е. В. Методология педагогики: новый этап. — М., 2006. — 394 с.

  10. Құланбай Ә. Он екі жылдық білім беру жүйесі. // Егемен Қазақстан. 2003 ж., 22 қаңтар.

  11. Құсайынов А. Сапалы білім - заман талабы. // Егемен Қазақстан. – 2007 ж. 2 қараша. - №339-340.- 8 б.

  12. Құтпанбаев Ә. Он екі жылдық білімнің қажеттілігі. // Ұлт тағылымы. -2001 ж. 73-79 б.

  13. Личко А.Е. Эти трудные подростки: записки психиатра. –Л., 1983.

  14. В.Запорожец Запорожец, А. В. Избранные психологические труды: В 2-х т. М., 1986.

  15. М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер. Статья: Дидактика. Большая советская энциклопедия: В 30 т. — М.: «Советская энциклопедия», 1969-1978.



Мазмұны


Кіріспе....................................................................................................

3

1

12 жылдық мектептің 5-10-сынып оқушыларының физиологиялық ерекшіліктері.........................................................



6

2

12 жылдық мектептің 5-10-сыныптарында оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері...............................


9


3

12 жылдық мектепте негізгі орта білімнің базалық мазмұнын анықтау әдістемесі............................................................................


12


4

Негізгі орта мектептегі негізгі оқу пәндерінің үлгілік базалық мазмұны...........................................................................................


15




4.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы..............................................

16




4.2 «Адам және қоғам» білім саласы..............................................

29




4.3 «Жаратылыстану» білім саласы..............................................

39




4.4 «Математика және информатика» білім саласы......................

52




4.5 «Өнер» білім саласы..................................................................

58




4.6 «Технология» білім саласы......................................................

64




4.7 «Дене шынықтыру» білім саласы.............................................


70

Қорытынды............................................................................................


74

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................

76


12 жылдық негізгі орта мектептің

базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Әдістемелік құрал

Басуға 01.04.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.

Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 5,0.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК

010000, Астана қ., Достық көшесі 20, «Санкт-Петербург» с.-і. о., 13-қабат.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет