Қатынас – адам дамуы, оның жеке дамуы процесінде туындайтын іс-әрекеттің алғашқы түрі. Қатынас іс-әрекет түрі ретінде қарастырылады, ол адамдардың өзара мәлімет алмасуына бағытталады. Онда ұстанатын мақсат: Өзара түсінісу іскерлік ,жеке қатынасты достықты құру, өзара көмек беру және бір – біріне ықпал етуді көздейді.Адам бір-бірі мен тілдік және тілдік емес мәліметтер мен алмасады. Адамдар арасында жанама қатынастарда тікелей қатынас болмайды. Мәлімет алмасу өзге адамдар, техникалық құралдар, арқылы жүре береді.