Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан



Дата16.01.2022
өлшемі66,79 Kb.
#112364
Байланысты:
Жеке тұлға дамуы туралы теориялар Назерке


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «___Ақпараттық технологиялар_________________»

Кафедрасы «___Жасанды интеллект и Big Data 1902_________________»

СӨЖ

Тақырыбы: _____Жеке тұлғаның дамуы туралы концепция_______________________________

Орындаған:_Бауыржанқызы Назерке___________

Тексерген:_______Садырова М.С____



Алматы 2020ж

Жеке тұлға дамуы туралы теориялар

«Мен» концепциясы мен жеке адам

Тұлғаның басқадан айырмашылығы

Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары(кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы түсіндіріледі.
Кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық теория даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсендірсе, гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны “ Мен” деген түсініктің қалыптасуымен ұштастырады.

Тұлғаның өмір сүру барысында қарым-қатынас ету ерекшелігі оның қоғамдағы статусын, жақындары арасындағы орнын белгілейді. Әлеуметтенудің үшінші аумағы, яғни өзіндік сапа жалпылама адамдардағы оның «Менінің» қалыптасуын бейнелейді. Өкінішке орай, осы мэселе төңірегіқце даулы қайшылықтар өте көп, себебі авторлардың тұлға концепциясында «Мен -бейнесін» түрліше қабылдайды. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық кестесі ретінде «Мен - концепциясының» психологиялық теориялық - концептуалды жоспарда толығымен феноменологиялық тұрғы немесе гуманистік психологияға интеракционизмге, аз дэрежеде психоанализмге сүйенеді. «Мен» объект ретінде 4 аспектіден тұрады: рухани «Мен» материалды «Мен», әлеуметтік «Мен», денелік «Мен».Жалпы феноменологиялық тұрғы шеңберінде құрастырылған «Мен-концепциясы» келесі жағдайларға негізделеді.

Мінез-құлық индивидтің қабылдау еңбегі болып табылады,

ол өз алдында феноменологиялы: индивидтің психологиялық

шынайы өмірі - бұл жалпы объективті өмір емес, оның мінез-

құлық жағдайындағы субъективті қабылдауының нэтижесі.



Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет етеді және керісінше де солай.

Индивид – жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет