Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттауда кеңінен тараған үш түсінік – дағды, іскерлік және әдет.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттауда кеңінен тараған үш түсінік – дағды, іскерлік және әдет.
Дағды – қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-әрекетті құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет.
Іскерлік - тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл өмірлік жағдайлар өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, дағдылар мен әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік береді.
Әдет – бағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық қосындысы. Бұл тұрақты, тұлға үшін дәстүрлі ұмтылыстар, мінез-құлық пен әрекет етудің қабылданған және ыңғайлы түрі, әлеммен қарым-қатынасы және күйзеліс, мәнер, психологиялық бекіген, тұрақты тұлға тәжірибесі.