Адам психикасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын әрекеттің бірі - еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы ,оның өмір сүруінінің басты шарты. Еңбектің адам сана сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде К.У.Ушинский:«... Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің, адамгершілігі мен ақыл - ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар - ұяты, бостандығы және ақыраяғында қуанышы мен бақыты болып табылады» дейді.