ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
«Адам және оның еркіндігі»
Тексерген: Аубакиров Е.Ж.
Орындаған:Мұрал М
Тобы: СИБ21-3
Қарағанды 2022
Мазмұны
1..Еркіндік ұғымына философиялық анықтама беру.
2. Еркіндік және жауапкершілік.
3. Саяси еркіндік.
4. Сөз еркіндігі.
1..Еркіндік ұғымына философиялық анықтама беру.
Философия тарихында еркіндік мәселесінің орын алуы ерте замандардан басталады. Философиядағы еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде философия тарихында діни, этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып келді, әлі де зерттеліп бітпеген. Бұл философиялық ұғым адам тіршілігінің маңыздылығын сипаттайды. Еркіндік пен жауапкершілік бақылау, сараптама, тәжірибе жасау нәтижесінде адам білімінің артуына көмектеседі.
Философия тарихында да еркіндік мәселесінің орын алуы сонау ерте замандардан басталады. Дана ойдың иелері барша адамға ғана қатысты ерекше қасиеттерді қарастыру барысында бұл мәселені де еш тастамаған. Осы бір сөзді естігенде ең алдымен еркіндіктің саяси маңызына бірден назар аударамыз. Еркіндік осы тұрғыда өте өзекті әрі қажетті болып табылады. Саяси тұрғыдан алғанда ол еркін қоғам, адамдарға лайықты өмір қамтамасыз ететін еркін әлем.
Еркіндік біреудің үстемдігінсіз және зорлықсыз өмір сүру мен еңбек ету, мұнысыз ол өзін тұлға ретінде қабылдай алмайды. Еркіндік ұғымы бұл тұрғыда тәуелсіздікпен жалғасып кетеді. Саяси еркіндікпен тығыз байланыста болатын экономикалық тұрғыдағы еркіндіктің көрінісі бар. Бұл дегеніміз, өз бетінше өндірісті дамытып, ешкімге материалдық жағынан тәуелсіз болу арқылы өз саясаттарын іске асыру.
Адамзаттың ерте замандардан бері тілеген арманы бар, ол еркіндік. Тарих ашық түрде еркіндік «Әрекет етуге бөгет жасамаңдар» деген ұранмен буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде 17-18ғ. енген болатын. Бұған бұл ұғым қарастырылмаған деген түсінік тумауы тиіс, әрине. Жүйелі түрде осы кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейін шолу жасап көрейік.
Ағылшын философы Томас Гоббстың пікірінше, еркіндік деп адамдардың өз ойымен және өз түсініктері бойынша істеуіне болатын әрекеттерді атқару барысында сырттан кедергілердің болмауы. Гоббстың көңіл аударатын тағы бір қыры еркіндікпен қажеттіліктің үйлесе алатындығы.
Еркіндік мәселесі Б.Спиноза (1632-1677) мұрасында кеңінен қарастырылған. Ол Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, әуелі сауда-саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бұрды. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін тереңдеп зерттеу ісіне басты назар аударды. Негізгі еңбегі – «Этика».
М.Хайдегердің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы. Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік.
Неміс экзистенциализмінің негізін салушылардың бірі М. Хайдеггер пікірлері осы еркіндік мәселесі тұрғысынан өзі қызық әрі құнды. Адамның шынайылығы-оның еркіндігінде. Еркіндік болмыста негізделген және болмысты негіздейді. Еркіндік-адам шынайылығының ақиқаты "осында орныққан" адам ерікті, себебі: "осындағы болмыс"орын және адамға Адам болу мүмкіндігін беретін орын қасиетін ашады. Орынды жоғалту өліммен бір. Орынға иелік ету-белгілі бір нәрсені тірлігіне мүмкіндік жоқ болу емес, орын - адам өз-өзін зерделей бастайтын шынайылықтың түрі. Бұл оның тірлік негізі және оның жүзеге асумүмкіндігі.
Алайда, орынның шартты анықтамасы адам орны жүзеге асатын саяси, экономикалық және әлеуметтік сияқты нақты сұрақтарда ақырына жетеді. Осы аумақтардың әрбірі еріктілік жүзеге асуы үшін қажет. Метафизикалық еріктілік аздық етеді. Хайдеггердің еріктіліктің нақты өлшемі жөніндегі ілімді тірліктің экономикалық па, әлеуметтік пе немесе саяси аспекттерге енгізуге қабілетсіздігі осы ілім мен метафизика арасындағы диалектикалық байланысты түсінуге үлкен кедергі болып тұр. Біз адам—саяси мақұлық деп айтқанда біз оның метафизикалық еріктіліктің шынайылығы және мойындауы болатын саяси еріктілікті сақтаумағынасында түсінеміз. Бұған қарамастан,метафизикалық еріктілікті жариялау, тәуелсіз адамды саяси тәуелдендіру арқылы сіңіріп кетуге жол бермейді.
Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына «даналық мұраты» ұғымын қолданған. Адамның қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген.
Ерік – бұл алға қойған мақсатты орындау жолында кездесетін қиыншылдықтар мен кедергілерді жеңуге бағытталған адамның саналы психологиялық ісәрекеті. Еркіндік пен ерік синоним ретінде қолданылады. Ерік өз тілегеніңді алдыңа қойған мақсатыңды жүзеге асыру, саналы ұмтылыс, тілек, талап, билік, мүмкіндік, ал «еркіндік дегеніміз – ерікті күй». Ар-ождан қоршаған орта алдындағы өнегелі жауапкершілік сезімі.
Еркіндік ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы ерткіндікті құқық реттейді.Ішкі еркіндік бұл субъективті еркіндік, яғни адамның адамның ойлау еркіндігі, сенім, көзқарас еркіндігі және т.б.
Құқықтық еркіндік барлық еркіндік түрлерінің жүзеге асуына кепіл болады, яғни саяси, экономикалық, рухани және т.б. еркіндік.
Фихте еркіндіктің мынадай деңгейлерін көрсетеді:
- инстинкт арқылы сананың шексіз басшылық ету кезеңі;
-саналы инстинкт сыртқы мәжбүрлі беделге айналған кезең;
- арылу кезеңі, бұл кезеңде кез-келген ақиқатқа селқос қарау басым болды;
- саналы ғылым кезеңі- ақиқаттың мойындалған кезеңі;
- саналы өнер кезеңі - адамзат сенімді түрде сананың жеткен жетістігін пайдаланған кезең.
Белгілі философ Фромм еркіндікті оң және теріс деп бөліп көрсетеді. Оң еркіндік барлық байланыстардан қол үзуді талап етпейді, тек ойластырған мәселені жүзеге асыруға кедергі келтіретіндерден бас тартуды талап етеді. Ол адамға қуаныш сыйлайды, дамуына ықпал етеді. Ал теріс еркіндік дегенеіміз адамдар алдындағы жауапкершіліктен, барлық міндеттерден бас тарту. Бұл қоғамда кері пікір қалыптастыратын еркіндік түрі.
2.Философиядағы еркіндік пен жауапкершілік
Жауапкершілік пен еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде философия тарихында діни, этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып келді, әлі де зерттеліп бітпеген. Бұл философиялық ұғымдар адам тіршілігінің маңыздылығын сипаттайды. Еркіндік пен жауапкершілік бақылау, сараптама, тәжірибе жасау нәтижесінде адам білімінің артуына көмектеседі.
Жауапкершілік – бұл біреуге жүктелген міндет, ол адам өз әрекетіне, өз кінәсіне оның салдарына есеп бере алатын болуы қажет. Біз әрдайым өз өміріміз бен өзгелер үшін де жауапкершіліктеміз, еркіндік қашанда жауапкершіліксіз өмір сүрмейді, сондықтан олар өзара байланысады.
Еркіндік пен жауапкершілік тұлғаның өмір сүруінің шарттары, адамдар өз әрекетінің мақсатын анықтағанда едәуір еркіндікті иеленеді. Еркіндік те, жауапкершілік те абсолютті ұғымдар емес. Еркіндік бізді күреске итермелейді, адамдық қуаныш пен ләззаттан бас тартуға сүйрейді. Қайғыру, тәуекел, жеңіліс арқылы болған еркіндіктің өзі өмірімізді жақсы ете алады, сондықтан оған адам ғана таңдау жасайды. Еркіндік пен жауапкершілік мәселесі өздерінің әлеуметтік мәнінде қоғамдық өмірде, саясатта, заң, басқа да заңды актілерде, өнерде, көркем әдебиетте кең тарағандықтан антропология, саясаттану, заң ғылымдары, психология, мәдениеттану, әлеуметтану, этика, қоғамтану пәндерінің орталық мәселесі ретінде көреміз.
«Жауапкершілік – тұлғаның әлеуметтік ортадан қоғам мен мемлекеттен нормативтік үлгіге сәйкестікті талап ететін этикалық-құқықтық категория». Жауапкершілік ұғымында әлеуметтік нормаларды ұстану үшін моралді-құқықтық санаға шақыратын мәжбүрлік сипат бар. Бұл біздің жоғарыда айтып кеткен анықтамамызға ұқсас болып тұр. Еркіндік пен жауапкершіліктің өзара байланысы адамзат дамуының ажырамас бөлігі, олар материалды игіліктер мен ақпаратқа өзара айырбас жасаумен байланысты.
Саяси еркіндік.
3.Саясатта еркіндік мәселесі ұлттың құқықтық мемлекет құру
идеясымен байланысты. Кез келген қоғамдағы жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесі,
ең алдымен, билік жүйесіне, оның түрлеріне (деспоттық, либералдық-демокр., т.б.)
байланысты болып келеді. Либералдық-демократиялық басқару моделінің саяси еркіндік
саласындағы негізгі принципі — жеке адамдардың үстемдігі емес, ең алдымен заңның
үстемдігі, яғни адамдардың заңмен ғана шектелетін еркіндік құқыларын пайдалана алуы.
Жеке адам мен ұлт еркіндігінің шектелуі немесе тежелуі әр түрлі объективті және
субъективті себептерге байланысты. Мыс., тоталитарлық, авторитарлық жүйелердің
үстемдігі, яғни демократтық құқыларға, саяси бостандықтарға (сөз, жиналыс, митинг,
бірлесу, сайлау және сайлану, т.б.) қысым жасалуы, сондай-ақ, материалдық жоқшылық,
рухани жұтаңдық, шектен тыс эгоизм және т.б. Шынайы еркіндік — адамдар арасындағы
мәдени қарым-қатынастардың кепілі. Ендеше оның ғылыми мәні мен мазмұнын әрбір
азаматтың айқын түсінуіне қол жеткізу ұлттық идеология мен саясаттың басты
міндеттерінің бірі болып табылады.
4. Сөз еркіндігі.
Адам еркіндігінің ажырамас бір бөлігі – ол сөз бостандығы. Сөз бостандығы - «Ақпарат бостандығы» атты атау алған барынша жалпы құқықтың құрамдас бөлігінен тұратын азаматтың саяси құқықтары мен адамның негізгі жеке құқықтарының бірі. Өзінің пікірін (ойларын) жария түрде (ауызша, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жазбаша) білдіру мүмкіндігі түрінде көрінеді.
Демократиялық елдердің заңнамасы мен сот тәжірибесі, сөз бостандығын теріс пайдаланушылыққа жол бермеу мақсатымен оны шектеудің жүйесін жасап шықты. Атап айтқанда, әлемнің көптеген мемлекеттерінде сөз бостандығын заңды билікті күштеп кетіруге, мемлекеттік құпияны жариялауға, қылмыс жасауға арандатуға, ұлттық, нәсілдік, діни және басқа араздасуды тоқтату үшін пайдалануға, басқа адамдарды қорлау және оларға жала жабу үшін пайдалануға, қоғамдық мораль мен адамгершілікке қастандық жасау құралы ретінде пайдалануға тыйым салады.
Абайдың «Толық адам» концепциясы. Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.
Абайда адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де, жемісті таным бар. Абайдың «Он жетінші» қара сөзінде «толық адамның» мәні мен негізіне үңілген белгілі бір жүйе бар. Сол жүйені мынадай күйде көруге болады:
а) толық адам: ақыл, қайрат, жүрек;
ә) ақыл, жүрек;
б) жуанмәртілік: ақыл, рақым, әділет;
в) жүрек: әділет, рақым, мейірім,сүю, т.б.
г) әділет;
д) сүю;
е) ізгілік, қайырымдылық, бақыт.
Ақынның өзі айтқандай, адамда екі түрлі қуат бар: жан қуатымен ақыл таппақ та, тән қуатымен мал таппақ, еңбек етпек. Ақын екеуінің де адалдықпен болғанын қалайды. Және осы ойының жүйелі түрде қалыптасқан таным екенін кейінгі өлеңдерінде сапалы өсудегі қайталауымен дәлелдеп отырады. Ақын толық адам туралы танымын өмірінің соңына дейін алып барады. 1902 жылы жазылған «Тоты құс түсті көбелек» атты мәні терең өлеңінде тағы да осы үш қасиеттің тұтастығын танығандай боламыз. Адамзат үшін қажет үш қасиеттің осы шумақтағы бөлінбес бірлігін кездейсоқ құбылыс дей алмаймыз. Абай адам бойындағы барлық асыл қасиеттер мен қабілеттерді бір орталыққа біріктіріп, оларды өзі таныған үш қасиет арқылы толық адам бойына жинақтайды. Ақыл,қайрат, жүрек үшеуінің «бір кеудеден табылып,одан толық адам туатын танымы - ұлы ақынның зор табысы.
Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеяларына келсек, олардың түпқазық идеясы – қазақ мемлекеті. Ол үшін ата-баба қанын төгіп қорғаған, сақтап қалған, мыңдаған жылдар бойы ешқайда көшпей, тұрақты мекен еткен жерді бөлшектемей, жатжұртқа таптатпау, сатпау, жерден айрылғаның барлық байлықтан, дәулетіңнен, құт-берекеңнен айрылу, өлу, өшу деген сөз; мемлекеттік басқару дәстүрлерді сақтай отырып, алдыңғы қатарлы Еуропа, Америка, Жапония үлгісіндегі қағидаттарға негізделген демократиялық сайлаушылар арқылы жасалған жүйелермен жүру керек; бұл ретте ешкімнің нәсіліне, жынысына, дәулетіне байланысты шектеу жоқ; шикізат емес, ұқсатып жасаған, пайда әкелетін өнім шығару мемлекет әрекетінің ең бірінші шарты; қазақ тілін дамыту, оқулықтар, сөздіктер жасау, мектептер, университеттер ашу; өз ақшасын шығару, әскер құрып, елді - мемлекетті қорғау керек деген.
Алаш қайраткерлері ұлттық сана-сезімді мемлекеттік деңгейге көтере білді. Алаш партиясы сол қиын уақыттардағы тығырықтан шығуға бағытталған шешімдер жиынтығын ұсына білген қазақ даласындағы алғашқы саяси ұйым еді. Алашшылардың негізгі ұраны осы күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтпаған елдің береке-бірлігі болды. Алашордашылар заман ағымына сай өздерінің позициясын табандылықпен қорғап қана қоймай, әккі саясатты да ұстана білді. Алаш қозғалысының басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін құру, елдің даму жолын таңдауда ұлттық болмысқа ден қою, Ресейдің ішкі губернияларынан қазақ жеріне шаруаларды жаппай қоныстандыруды доғару, әлемдік озық тәжірибелерді негізге ала отырып қазақ қоғамын жаңғырту болды.
Қазақ зиялылары әрдайым ұлттың ұлттық, туған тілі туралы, мәдени ғана емес, сондай-ақ саяси ерекшелігі ретінде де мән беріп, қамқорлық жасады. Бүгінде, мемлекеттік тіл мен басқа да тілдердің дамуы мәселесі жүз жыл бұрынғыдай тәуелсіз Қазақстан үшін маңызды болып қалуда. Өз дербестігімізді сақтап қалу үшін біз бар күшімізді ағартуға және жалпы мәдениетке салуымыз қажет; ол үшін біз алдымен, туған тілдегі әдебиетті дамытумен айналысуымыз қажет деген тұжырымдар жасайды.
Дәрісімізді қорыта келсек, жеке тұлғаның еркіндігі адамның қоғамдағы әлеуметтік және құқықтық жағдайының негізі болып табылады. Оның қоғамдағы формалары төмендегідей:
- адамға тән және оны басқа тірі заттардан ажырататын ішкі еркіндік;
- шектеу мен зорлық-зомбылықтан, теңсіздік пен қоғамдағы кемсітушіліктің әртүрлі түрлерінен еркіндік. Бостандық адамның қадір-қасиетіне қайшы келетін және құқықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерді жеке тұлғаға қатысты қолдануға тыйым салуда көрінеді;
- еркіндік – тұлғаның іс-әрекет сипаттамасы ретінде. Еркіндік адамның әлемге деген түрлі қарым-қатынасының түрлі нұсқаларын таңдауды болжайды.
Достарыңызбен бөлісу: |