Егер Заңға дейін қылмыстық сот ісін жүргізудегі кассация бір жақты болса, қазір барлығын қайта қарайды (апелляциялық сатыдағы соттың жаңа үкімдері немесе соттармен алқа билердің қатысуымен шығарылған үкімдерді ғана емес ).
Осылайша, сот тәжірибесі негізінен жергілікті жерлерде құрылады.
Енді кассациялық сот өкілеттігінің шеңберіне шағым жасалған және наразылық келтірілген сот актілерін, іс бойынша апелляциялық іс жүргізудің болуы не болмауына тәуелсіз сот актілерінің барлығын қайта қарау енеді.
Шағым жасаудың, наразылық келтірудің жалпы мерзімі - апелляциялық сатыдағы сотпен жария етілген күннен бастап алты ай, егер апелляция болмаса – сот актісі заңды күшіне енген кезден бастап, ал қамауда отырған сотталған адам оған үкімнің, қаулының көшірмесі тапсырылған кезден бастап, сотталғанның жағдайын жақсартуға - шағым жасау, наразылық келтіру мерзімдері шектелмейді.
Егер бұрын Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларында жобаланса, сондай-ақ түсіндірілсе, қазіргі уақытта Заңмен ҚІЖК-нің 446-1 бабына «мемлекеттік және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты, қамауға алу түріндегі бұлтартқызбау шарасына санкция беру және оның мерзімін ұзарту мәселелері, анықтауды немесе алдын ала тергеуді жүзеге асыратын тұлғалардың әрекеттері мен шешімдеріне немесе істі алдын ала тергеу сатысында прокурордың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды шешу бойынша шығарылған үкімдері» бөлігінде елеулі өзгерістер енгізілді.
Заңды күшіне енген сот актісіне шағымдану және наразылық келтіру құқығы барлар – апелляциялық тәртіпте шағымдану құқығы бар тұлғалар, ал облыс прокуроры мен оған теңестірілген прокурор, Бас Прокурор және оның орынбасарлары наразылық енгізуге құқылы.
ҚІЖК-нің 446-8 бабы бірінші сатыдағы соттың ғана емес, апелляциялық соттың да үкіміне (қаулысына) қатысты шешім шеңберін құрайды.
Жекелегенде, кассациялық сот:
- бірінші сатыдағы сот үкімін және апелляциялық саты қаулысын өзгеріссіз, шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;
- сот актілерінің күшін жоюға және істі тоқтатуға;
- апелляциялық сатыдағы сот актілерінің күшін жоюға және бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдыруға;
- апелляциялық сатыдағы сот актілерінің күшін жоюға және істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберуге;
- бірінші сатыдағы сот актілерінің күшін жоюға және егер іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған болса, сондай-ақ бірінші сатыдағы сотта іс алқабилердің қатысуымен қаралған болса, істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберуге;
- бірінші сатыдағы соттың үкімін және апелляциялық саты қаулысын өзгертуге;
- үкімнің күшін жоюға және істі қосымша тергеуге жіберуге өкілетті.
Кассациялық сатыда төмен тұрған соттардың шешімдерінің күшін жоюға негіздердің жалпы тізбесі бұрынғыдай қалды - қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы, қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылуы, үкімнің әділетсіздігі (ҚІЖК-нің 446-9 бабы).
Жалғыз ерекшелік – үкімнің әділетсіздігі негіздемесі бойынша – кассациялық сатыдағы сот негізсіз ақтау, жеңілірек қылмыстар туралы заңды қолдану немесе жазаның тым жұмсақтығымен байланысты негіздері бойынша наразылық немесе шағым бар болса, жазаны қатайтуға және аса ауыр қылмыстар туралы заңды қолдануға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |