Ерекшеліктер



Pdf көрінісі
Дата19.06.2020
өлшемі309,1 Kb.
#74024
Байланысты:
pediatrya-qaz



Педиатрия 

1.  Жаңа  туылған  нәрестеге  бірінші  патронаж.  Анасының  жағынан  шағым  жоқ.  Анамнезінде: 

Нәресте ешқандай ерекшеліктерсіз өткен 1-ші  жүктіліктен туылған,  1-ші  босану, 38 аптада. 

Туылған кездегі салмағы - 3900 гр., бойы - 49 см. Анасының қаны 0(I), Rh(-), баланың қаны - 

А  (II),  Rh  (+).  Апгар  шкаласы  бойынша  бағалау  -  7-8  балл.  3-ші  тәулікте  нәрестенің  терісі 

сарғайған. Көңіл күйі бұзылмаған. Белсенді түрде емеді, лоқсымайды. Ішкі ағзалары бойынша 

ерекшеліктер 

жоқ. 


Туа 

бітті 


рефлекстері 

белсенді. 

Қанның 

биохимиялық 

талдауында:билирубин  90  мкмоль/л  тура  емес  фракциясы,  трансаминаза  қалыпты. 

Клиникалық диагнозды тұжырымдаңыз: 

2.  Жаңа  туылған  нәрестеге  бірінші  патронаж.  Шағымы  жоқ.  Анамнезінде  ерекшеліктер  жоқ. 

Объективті  қарауда  қалыпты  соматикалық  статуста  нәрестенің  салмағы  мен  бойының 

бірқалыпты азаюы байқалады. Осы жағдайды көрсететін анықтаманы көрсетіңіз: 

3.  Нәресте  3  айлық.  Шағымы:  іш  қатуы  және  терінің  сарғаюы.  Анамнезінде:  1-ші  жартысы 

токсикозбен өткен 1-ші жүктіліктен туылған. Туылғаннан жасанды түрде тамақтанады. Қарау 

кезінде: қозғалысы нашар, көз саңыаулары тар, кеңсірігі кеңейген. Терісі салқын, сарғайған. 

Бұлшықеттік гипотония. Тынысы пуэрильді. Жүрек тондары басылыңқы, ЖЖЖ  - минутына 

90 соққы. Тілі үлкен, ауыз қуысынан шығып тұр.  Ішінің көлемі  үлкейген, кіндік жарығы. 2 

күннен  бері  үлкен  дәретке  бармаған.  Нәрестенің  қандай  диагнозбен  ауруханаға  тексерілуге 

және емделуге жіберілгенін анықтаңыз: 

4.  Педиатр  қабылдауына  10  жасар  бала  келді.  Бойының  қысқалығына  шағымданады. 

Анамнезінде: қалыпты өткен 1-ші жүктіліктен туылған. Туылғандағы салмағы 3000, бойы 50 

см.  Ерте  жетілуі  ерекшеліктерсіз.  Ата-анасының  бойы  орташа.  Бойы  өсуінің  кешеуілдеуі  3 

жастан байқалады. Өсу қарқыны әрқашан нашар болған. Қарау кезінде: бойы 106 см, салмағы 

22  кг.  Дене  бітімі  пропорциональды,  беті  кішкентай,  беті  дөңгелек,  салмағы  артық.  Ішкі 

органдары  ерекшеліктерсіз.  Сыртқы  жыныс  органдары  ер  типтес  қалыптасқан,  аталық  без 

ұмада  орналасқан,  көлемі  кішірейген.  Нәрестені  қандай  диагнозбен  маман  дәрегерге 

консультация алу үшін жібергенін анықтаңыз: 

5.  Нәрестеге  5  күн.  Анамнезінде:  1-ші  жүктілік,  1-ші  босанудан.  Босану  кезінде  акушерлік 

қысқыштар салынған. Бірден жылаған, Апгар шкаласы бойынша бағасы – 7/8 балл, салмағы – 

3500  г,  бойы  –  51  см,  басының  айналымы  –  35  см.  Қарау  кезінде:  қозу  күйінде,  терісі 

гиперемиялы. Басы бүйірден қысыңқы, қысқыштар ізі бар, бас тіндері жалпы ісінген. Сол жақ 

төбе  сүйегі  аймағында  шеттерінде  буылтықты  жұмсақ  түзіліс  пальпацияланады,  сүйек 

шекарасынан  шықпайды.  Жаңа  туылған  нәресенің  шартсыз  рефлекстері  көрнекті.  Ағзалары 

бойынша патологиялар анықталмаған, тыныс жиілігі  – минутына 54 рет, ЖЖЖ – минутына 

154. Болжамды диагнозды тұжырымдаңыз: 

6.  Ұл  нәрестеге 25 күн. Мазасыздануға,  салмақты аз қосуға (100 г) шағымданады. Туылғаннан 

бастап  тамақтанудан  кейін  лоқсиды,  тәулігіне  2-3  рет  құсады.  Объективті:  шошынады, 

жылағанда  иегі  мен  қолының  дірілі.  Рефлекстері  қанағаттанарлық,  бұлшықеттік  дистония. 

Терісі таза. Теріасты-майлы қабаты нашар дамыған. Өкпесінде тыныс барлық бөлікте, тыныс 

жиілігі  –  минутына  52  рет.  ЖЖЖ  –  минутына  168  рет.  Іші  үлкейген,  ішек  жолдарыме 

құрылдау.  Нәжісі  қорытылмаған  тамақ  қалдықтарымен  бірге,  сирек,  тәулігіне  3-4  рет. 

Пилоростеноз және пилороспазм арасында салыстырмалы диагноз өткізіңіз, екінші диагнозға 

қатысты симптомдарды көрсетіңіз: 

7.  Жаңа  туылған  нәрестелердің  гемолитикалық  ауруымен  ауыратын  нәрестеде  сарғаю  түрі, 

өткізілген консервативті емге қарамастан неврологиялық симптоматика күшейген. Тура емес 




билирубин  деңгейі  540  мкмоль/л.  Билирубинді  энцефалопатия  анықталған.  Ядролық 

сарғаюдың классикалық белгілеріне қарсы келетін симптомды атаңыз: 

8.  Нәресте 5-ші жүктілік 2-ші босанудан туылған. Анасы 25 жаста, ішімдікті көп ішеді. Анасы 

жүктілік  бойынша  есепте  тұрмаған,  тексерілмеген.  Нәрестенің  салмағы  2500,  бойы  45  см. 

Қарау  кезінде  теріде  әртүрлі  диаметрдегі  қызыл  дақтар,  теріасты-майлы  қабаты  нашар 

дамыған.  Микроцефалия  белгілері,  дисэмбриогенез  стигмалары  (төменгі  жақтың  жетілмеуі, 

көлденең  жүлге,  кең  кеңсірік)  бар.  Жүрек  шекарасы  солға  кеңейген,  төстің  сол  жиегінде 

систолалық  шу.  Нәрестедегі  морфофункциональдық  өзгерістер  ішімдіктен  болған 

эмбриофетопатия  деп  бағаланған.  Клиникалық  көріністі  бағалауда  нәрестедегі  шекаралық 

жағдай симптомын анықтаңыз: 

9.  Жаңа  туған  балада  бірінші  күннен  толасыз  құсу.  Құсық  шырыш,  өт  қоспаларымен  аралас. 

Нәресте салмағын айтарлықтай жоғалтқан, сусыздану белгілері байқалады. Осы клиникалық 

көріністің себебін анықтаңыз:  

10. Қыз нәрестеге 6 күн. Шағымдары: жалпы әлсіздік, емуі нашар, Т- 35,8º С. Анамнезінде: мерзімі 

өткен 1-ші жүктіліктен туылған. Босануда патология болмаған. Туылғандағы салмағы - 4200 г, 

бойы  53  см.  Объективті:  рефлекстері  әлсіреген,  акроцианоз,  беті  ісінген,  көз  саңылауы 

тарылған, аузы ашық, тілі үлкен, терісі сарғайған. Өкпеде тыныс пуэрильді, ЖЖЖ минутына 

90 соққы, іші қампайған, нәжісінде меконий, бауыры +1см. Диагнозды нақтылау үшін зерттеу 

әдісін анықтаңыз:  

11. Балада ЖРВИ ауырғаннан кейін 5-ші  күні  :  дене температурасы 39°С, бас ауыруы, әлсіздік, 

тәбеті нашарлаған, ылғалды жөтел, ентікпе. Объективті тексеру мәліметтері, кеуде қуысының 

рентгенографиясы және қақырықты себу пневмококктың бета-лактамаза өндіретін штаммдары 

туындатқан пневмонияны анықтауға мүмкіндік берді. Осы ауруды этиотропты емдеу бойынша 

тағайындау беріңіз:  

12. Бала  6  жаста.  Мұрыннан  су  ағуға,  түшкіруге,  жөтелге  шағымданады.  Анамнезінде:  балалар 

бақшасында  қызылша  бойынша  контакт  болған.  Барлық  симптомдар  бала  саябаққа  келген 

бірінші  күннен  басталған.  Объективті:  терісі  таза,  қабағының  гиперемиясы  және  ісінуі 

байқалады.  Мұрынмен  дем  алу  қиындаған,  шырышты  бөлінулер  бар.  Өкпесінде  тынысы 

барлық бөлімде, сырылдар жоқ. Аңқасы орташа гиперемиялы. Баланың осы жағдайы немен 

байланысты екенін түсіндіріңіз: 

13. Балалар  лагерінде  балалардың  жаппай  ауруы  байқалған,  барлығында  қақырығы  жоқ  жөтел 

және  көрнекі  интоксикация  симптомдары  болған.  Рентгенограммада  өкпенің  екі  жақты 

зақымдалуы  байқалған,  өкпе  суреті  күшейген  және  перибронхиальды  инфильтрация. 

Ампициллинмен  және  цефалоспориндар  қолданған  антибактериялық  емнің  тиімділігі 

болмаған. Аурудың мүмкін болатын этиологиясын анықтаңыз: 

14. 3 жасар сәбиде келесі клиникалық симптомдар анықталған: экспираторлы ентікпе, ысқырықты 

таралған 

сырылдар, 

кеуде 

қуыы 


эмфизематозды 

кеңейген. 

Кеуде 

қуысының 



рентгенограммасында  өкпе  суретінің  күшеюі  байқалады.  Осындай  клиникалық-

рентгенологиялық көрініс көрінетін ауруды анықтаңыз:  

15. Көрнекті  интоксикация  және  тыныс  жеткіліксіздігі  бар  баланың  кеуде  қуысы 

рентгенограмасында анықталды: өкпе аумағы сол жақтан анық шекарамен гомогенді қараюы, 

көкет  және  синус  контурлары  анықталмайды,  көкірек  аралық  оңға  ығысқан.  Болжамды 

диагнозы тұжырымдаңыз: 

16. 6  айлық  баланың  ауырғанына  4  күн  болды.  Ентігу,  тыныштықта  периоралды  цианоз.  ТЖ 

минутына 64, оральды крепитация, ылғал жөтел, шамалы обструктивті синдром. SaО2 92%. 




Өкпе тұсында - тимпанит, аускультация: ұзырған, қиындаған дем шыгаруы, көптеген майда 

көпіршікті және шашыраңқы құрғақ ысқырықты сырылдар. SO2 89 %. ЖҚА- RBC 4,3х1012/л, 

HB 112 г/л, PLT 210х109/л, WBC 12,1х10х109/л, с/ядролық 52%, эозинофил 2%, моноцит 7%, 

лимфоцит  38%  ЭТЖ  20  мм/сағ.  Тағайындалғанның  ішінде  қайсысы  бронхобструкцияны 

күшейтеді: 

17. Жасөспірім 13 жаста. Әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. 2 апта бұрын іші ауырған, 

бас  ауруы  және  бір  рет  қара  түсті  нәжіс  болған.  Қарау  кезінде:  тілі  ақ  қақапен  қапталған, 

эпигастрийінде, оң қабырға астында, өт  жолы проекциясында орташа ауырсыну  байқалады. 

Диагностикалық мақсатта эзофагогастродуоденоскопия тағайындалған. Осы зерттеуге баланы 

дайындауға ұсыныстар беріңіз: 

18. 12  жасар  қыз  3  жылдан  бері  гастроэнтерологта  есепте  тұрады.  Шағымдары:  қыжыл,  жүрек 

айну, тәбеті нашарлаған, тамақтан кейін эпигастральды аймақтағы ауырсыну, ішінің бұзылысы 

және  ауырлық  сезімдері.  Объективті:  тілі  ақ  қақпен  қапталған.  Пальпацияда  эпигастрийде 

және іштің ақ сызығының бойымен ауырсыну байқалады. Іші қампайған, сұйық нәжіс. Кешенді 

емдеуде  антацидтер  тағаайындалған.  Антацидты  препараттардың  қабылдауын  жеңілдететін 

аурудың клиникалық көрінісін анықтаңыз: 

19. Бала  қыжылға,  ауырлық  және  күйдіргендей  сезімге,  төс  артынынң  ауырсынуына,  қышқыл 

кекіріктің,  ауыз  қуысында  жағымсыз  дәмнің  пайда  болуына  шағымданады.  ФГДС 

гастроэзофагеальдық  рефлюксті  анықтаған.  Диагнозды  нақтылаудағы  келесі  қадамды 

анықтаңыз: 

20. 12  жастағы  бала.  Шағымдары:  қыжыл,  кышқыл  мен  ауамен  кекіру,  төс  артында  ауырсыну. 

Қыжыл  тамақтан  соң,  еңкейгенде,  жатканда  және  физкультура  сабақтан  соң  күшйеді. 

Объективті түрде: тілі ақшыл өңезделген, төменгі 2/2 азу тістердің кариесі. Пальпация кезінде 

ішінің  эпигастрий  аймағында  шамалы  ауырсынуы.  ЭФГДС  –  өңештің  төменгі  үштен  бір 

бөлігінде  шырыш  қабатының  айқын  гиперемиясы  және  борпылдақтығы,  бірлі-жарым 

эрозиялар,  зонд  тиіскен  жерінде  (контакттілі)  қанағыштығы.  Уреазалық  тест  теріс.  Бірінші 

таңдау препараты: 

21. 14 жастағы ер бала олимпиялық резерв мектебінде оқиды. Шағымдары: әлсіздік, басы айналуы, 

тәбетінің төмендеуі. Үйреншікті спортық жүктемелерді көтере алмай бастады. Әлсіздікті және 

шаршағыштықты  ет  тағамдарын  жегісі  келмейді  деп  түсіндіреді.  Қарау  кезінде  терісі, 

алақандары  және  шырыш  қабаттары  бозғылт.  Тілі  бозғылт,  бүртіктері  тегістелген.  Тынысы 

везикулярлы, систолалық шу жүрек ұшында, ЖЖ 92 минутында, АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Іші 

жұмсақ,  эпигастрий  аймағында  ауырады,  бауыры  +1  смқабырға  доғасының  астынан.  ЖҚА: 

эритроциты 3,58х1012/л, HB 89 г/л, Ht 30 %, ЭТЖ 28 мм/сағ. Жағдайдың себебін растайтын 

қандай зерттеу: 

22. 11 жасар қыз артериялық гипертензия жөнімен ауруханаға тексеруге жіберілді. Қарау кезінде 

беті  қошқыл-қызыл  түсті,  толық  ай  тәрізді,  аяқ-қолы  жіңішке.  Терісі  құрғақ,  шынтағы,  тері 

қатпарлары  гиперпигментацияланған,  ішінде,  сандарында  стриилар  бар.  Қан  талдауында  – 

глюкозаға толеранттықтың бұзылысы. Осы науқастағы синдромды анықтаңыз: 

23. Қыз  бала  13  жаста.  Диффузды  токсикалық  зобтың  ауыр  түрімен  эндокринологта  қаралады. 

Дәрілермен  емдеуде  тұрақты  эутиреоидды  күйдің  болмауына  байланысты  баланы  операция 

жасауға  жіберді.  Струмэктомия  операциясынан  кейін  құрысу  пайда  болды.  Науқаста  пайда 

болған асқынуды анықтаңыз: 

24. 14 жастағы жасөспірім ұл әлсіздікке, күннің соңында шаршағыштыққа, тәбетінің болмауына, 

салмағынынң  азаюына,  дәм  сезу  ауытқуына  (тұз  жейді)  шағымданады.  Тексеру  кезінде 



артериялық  гипотония  және  дененің  ашық  бөліктерінің,  емшек  ұштары  мен  ұманың 

гиперпигментациясы байқалған. Осындай симптоматиканың даму себебін түсіндіріңіз: 

25. Бала  1ж.  2  ай.  Анасы  баласының  дамуы  артта  қалғанына  шағымданып  дәрігерге  келді. 

Объективті түрде:  терісі  бозғылт,  құрғақтау, қол-аяқтарында қабыршақтану. Шашы құрғақ,, 

сирек, жылтыр емес. Беті сәл ісіңкіреген, ауызы ашық, тілі үлкен. Үлкен еңбегі 3х3 см. Жүрек 

тондары әлсіреген, ЖЖЖ 94 минутына. Өқпе – қатаң тыныс, ТЖ 36 минутына. Іші жұмсақ, 

бауыр  мен  көкбауыр  ұлғаймаған,  кіндік  жарығы  бар.  Бала  өз  бетінше  отыра  алмайды, 

жүрмейді. Эмоциялары аз, белсенді сөйлеу дамымаған. Болжамалы диагноз: 

26. Нәрестеге  8  ай.  Жүректің  туа  біткен  ақауына  күдікпен  ауруханаға  жатқызылды.  Туғаннан 

демікпеге,  шаршағыштыққа  шағымданады.  Қарау  кезінде  терісі  бозғылт-қызғылт.  Ісінулер 

жоқ. Жүрек дөңесі. Діріл систолалық, төстен солға қарай. Тыныс жиілігі - минутына 60 рет. 

Тынысы пуэрильді, сырылдар жоқ. Жүрек ұшының соғуы жайылған. ЖЖЖ 150 соққы/мин. 

Төстің сол жақ жиегінде,3-4 қабырғааралықта систолалық шу естіледі. Бауыры +4 см. Рентген: 

өкпе  суреті  күшейген,  гиперволемия,  сол  қарынша,  сол  жүрекше  есебінен  КТИ  –  68%, 

тамырлар  будасы  кеңейген.  ЭКГ:  ырғақ  синусты,  ГБОА  (ПНПГ)  толық  емес  блокадасы, 

жүректің барлық бөліміне күш түсу белгілері. Ақаудың орналасқан орнын анықтаңыз: 

27. Нәрестеге  8  ай.  Жүректің  туа  біткен  ақауы,  қарыншааралық  қалқаның  ақауы  диагнозымен 

ауруханаға  түсті.  Туғаннан  демікпеге,  шаршағыштыққа  шағымданады.  Қарау  кезінде  терісі 

бозғылт-қызғылт. Ісінулер жоқ. Жүрек дөңесі. Діріл систолалық, төстен солға қарай. Тыныс 

жиілігі - минутына 60 рет. Тынысы пуэрильді, сырылдар жоқ. Жүрек ұшының соғуы жайылған. 

ЖЖЖ 150 соққы/мин. Төстің сол жақ жиегінде, 3-4 қабырғааралықта систолалық шу естіледі. 

Бауыры  +4  см.  Рентген:  өкпе  суреті  күшейген,  гиперволемия,  сол  қарынша,  сол  жүрекше 

есебінен  КТИ  –  68%,  тамырлар  будасы  кеңейген.  ЭКГ:  ырғақ  синусты,  ПНПГ  толық  емес 

блокадасы,  жүректің  барлық  бөліміне  күш  түсу  белгілері.  Консервативті  емді  өткізу  үшін 

препараттарды тағайындаңыз: 

28. Нәрестенің  туылғанына  2  күн,  шұғыл  көрсеткішпен  кардиологиялық  ауруханаға  түсті. 

Анамнезінде: жүктілік кезінде үзу қаупі болған, мерзімінде туылған. Туылғандағы салмағы 3 

кг,  бойы  50  см,  Апгар  -  8/9  балл.  Туылғаннан  кейін  1  сағаттан  соң  терісінің  сұрлануы, 

акроцианоз байқалған. Тынысы өкпенің барлық беткейінде, сырылдар жоқ. Тыныс жиілігі  – 

40/мин. Жүрек тондары ашық, ЖЖЖ – минутына 40 рет, шулар естілмейді. Сатурация O2 - 

75%. Оттегімен сынама теріс. Болжамды диагнозды тұжырымдаңыз: 

29. Бала  3  жас.  Респираторлық  инфекциямен  ауырған,  6  күннен  кейін  анасы  баланың  тез 

шаршауына,  тершеңдігіне,  қозғалмалы  ойындардан  бас  тартуына  көңіл  ауыдарады.  Түнде 

жөтел мазалайды, анда-санда ұйқы кезінде ыңқылдайды. Қарау кезінде акроцианоз, шырыш 

қабатарының  көгеруі.  Жүрек  шекаралары  кеңейген,  тахикардия,  тондары  әлсіз,  «шоқырақ» 

ырғағы. Өкпеде екі жақта майда көпіршікті сырылдар. Бауыр +1см қабырға доғасынан төмен, 

көкбауыры ұлғаймаған. Ең ықтимал диагноз: 

30. Бала  3  жас.  Респираторлық  инфекциямен  ауырған,  10  күннен  кейін  анасы  баланың  тез 

шаршауына, тершеңдігіне, қозғалмалы ойындардан бас тартуына шағымданады. Түнде жөтел 

мазалайды,  анда-санда  ұйқы  кезінде  ыңқылдайды.  Қарау  кезінде  акроцианоз,  шырыш 

қабаттарының  көгеруі.  Жүрек  шекаралары  кеңейген,  тахикрдия,  тондары  әлсіз,  «шоқырақ» 

ырғағы. Өкпеде екі жақта майда көпеіршікті сырылдар. Бауыр +1см қабырға доғасынаң төмен, 

көкбауыры ұлғаймаған. Қабыну процесін басу үшін қандай препарат қолданасыз: 

31. Жаңа туған балаға 5 күн. Туғандағы салмағы 3200 г.. емшек емгенде терлейді, ентігіп қалады. 

Терісі бозғылт, үлкен еңбегі шығынқы, бүлкілдейді (пульсация). ТЖ 64 минутына, ЖЖЖ 162 



минутына.  Өкпедегі  тыныс  әлсіреген.  Тұрпайы  систолалық-диастолалық  шудан  жүрек 

тондары әлсіз, шуыл бүкіл жүрек аймағында естіледі, punct.maximum төстің сол шетіндегі 2 

қабырға  аралықта.  Бауыры  +  2-3  см  қабырға  доғасынан  төмен,  тығыздығы  жұмсақ-

эластикалық. Өкпедегі гемодинамиканы қалпына келтіру үшін нені тағайындасыз:  

32. Бала 7 жаста. Анамнезінде: ЖРВИ-дан кейін қанағаттанарлық жағдайда зәрінің түсі өзгерген. 

Бір күннен кейін зәр талдауы тапсырылды: протеи қалдықтары, көру аумағында лейкоциттер 

1-2,  эритроциттер  20-25.  Қанның  жалпы  талдауы  қалыпты.  Объективті  қарауда  ішкі  ағзалар 

жағынан өзгерістер анықталған жоқ. Әкесінің әкесі СБЖ (ХПН) қайтыс болған, баланың әкесі 

нефрологта гематурия жөнімен қаралады. Болжамды диагнозды тұжырымдаңыз: 

33. Нәрестеге  10  ай.  Шағымдары:  температура  38,5,  құсу,  әлсіздік,  тамақ  ішпейді.  Объективті 

қарауда:  терісі  таза,  бозарған.  Ісінулер  жоқ.  Өкпеде  тыныс  пуэрильді,  жүрек  тондарының 

дыбысы қанағаттанаралық. ЖЖЖ минутына 130 рет. Іші жұмсақ, ауырмайды. Үлкен дәреті 3-

4  рет,  ыдыраған.  Қан  талдауында:  орташа  көрнекті  анемия,  нейтрофильді  лейкоцитоз.  Зәр 

талдауында:  протеин  0,066,  көру  аумағында  лейкоциттер  25,  эритроциттер  0-1.  Болжамды 

диагнозды тұжырымдаңыз: 

34. Бала  7  жаста,  қатты  шаршауға,  әлсіздікке,  ішінің  ауыруына,  бел  аймағының  ауыруына 

шағымданады.  Клиникалық  көрінісі:  терісі  бозарған,  температурасы  қалыпты.  Катаральды 

белгілер жоқ.  Ішкі  ағзалар бойынша патология жоқ. Кіші дәретке жиі  шығады, ауырмайды. 

Қанның клиникалық талдауы: Hb – 90 г/л, эр. – 3.1х1012/л, лейк. – 6,6х109/л; ЭТЖ – 8 мм/сағ. 

Зәрдің жалпы талдауы: салыстырмалы тығыздығы –1020, белок қалдықтары, көру аумағында 

эритроциттер  -3-5,  лейкоциттер  –  2-3,  оксалаттар  +++.  Талдаулардағы  өзгерістерді  ескере 

отырып  балаға  диета  тағайындалған.  Оксалурия  кезінде  баланың  рационына  қоспайтын 

өнімдерді анықтаңыз: 

35. Бала  5  жаста.  Клиникалық-зертханалық  зерттеулер  мәліметтері  созылмалы  обструкциялық 

пиелонефрит диагнозы қойылған. Баладағы зәр шығару жүйесіндегі осы инфекция кезіндегі 

патогенетикалық механизмдерді анықтаңыз:  

36. Ұл бала, 6 ай. Анамнезінен: туылғаннан бастап сирек зәр шығару, бетінде, аяқтарында ісіну. 

Отбасындағы  бірінші  бала  қайтыс  болған.  Клиникалық  көрінісінде  тері  қабаттары  бозғылт, 

бетіндегі,  аяқтарындағы  айқын  ісіну,  асцит.  Дизэмбриогенез  таңбалары.  Бауыры  қабырға 

доғасынан +4 см. ЖҚА: НЬ - 115 г/л, Эр - 3,0х1012/л, Лейк -14,0х109/л, т/я - 3%, с - 28%, э - 

7%, л - 52%, м - 10%, ЭТЖ - 25 мм/сағ. ЖЗА: ақуыз-3,0 г/л, эритроциттер - 1-2 к/а, лейкоциттер 

-  1-2  к/а,  гиалинді  цилиндрлер  -  8-9  к/а.  Глюкокортикоидтармен  ем  нәтижесіз.  Балаға  қан 

биохимиясы және генетикалық тексеру ұсынылды. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу 

әдісін жүргізу керек? 

37. Бала  14  жаста.  Әлсіздікке,  бас  айналуға,  мұрнынан  қан  кетуге  шағымданады.  Объективті 

қарауда|: тері жамылғылары бозғылт, ішінде және аяқтарында әр түрлі көлемді қанқұйылулар. 

ЖЖЖ  100  рет/мин.  Іші  жұмсақ,  бауыры  ұлғаймаған,  көкбауырдың  жиегі  пальпацияланады. 

Қан сараптамасында: Нв – 60 г/л, эритроциттер 2,1х1012, лейк 2,5х109, тромбоциттер 35 мың, 

формула өзгеріссіз, ЭТЖ 45 мм/сағ. Бала қанына сипаттама беріңіз: 

38. Балаға резус-сәйкес емес қан құйылған. Қан құйғаннан кейін 30минуттан кейін белінде қатты 

ауырсынулар  пай  болған.  1  сағаттан  соң  АҚ  төмендеді,  бала  қара  түсті  зәр  шығарды.  Бұл 

асқыну  жедел  гемолиз  деп  танылды.  Тамырішілік  және  жасушаішілік  гемолиз  арасында 

ажыратпалы диагностика жүргізіңіз, және бірінші диагнозға тән белгіні табыңыз: 

39. Бала 15 жаста. Ауруханаға өздігінен немесе аздаған жарақаттан кейін пайда болатын теріасты 

қанқұйылуларға, мұрнынан қан кетуге шағымданады. Гематологтың қарауында бірнеше жыл, 



ауру  рецидивті  сипатта.  Объективті:  тері  жамылғылары  боз,  көптеген  экхимоздар.  ЖЖЖ 

100рет/мин. 

Іші 

жұмсақ, 


бауыры 

ұлғаймаған. 

Көкбауыр 

пальпацияланбайды. 

Тромбоцитопениялық пурпураның түрін анықтаңыз|: 

40. Ұл бала 4 жаста. Оң жақ тізе буынында ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде ұзақ уақыт 

мұрнынан қан кетулер. Клиникалық сипатта: теріде көптеген экхимоздар, оң жақ тізе буыны 

көлемінде  үлкейген,  ыстық,  пальпацияда  ауырсынады.  Қан  сараптамасында:  Нв  110  г/л, 

лейкоциттер  12х109/л  мың,  тромбоциттер  230х109/л  мың.  Протромбинді  индекс  қалыпта. 

Тромбоциттер агрегация бұзылмаған, Ли Уайт бойынша қан кету уақыты-20 мин. Болжамды 

диагноз қойыңыз: 

41. Қыз бала 14 жаста. Үдей түсетін жалпы әлсіздікке, 2 апта бойы денесінде себепсіз пай болған 

көгерулерге шағымданады. Клиникалық көріністе: тері жамылғылары боз, денесінде көптеген 

әр түрлі мезгілді петехиялар мен экхимоздар. Лимфатикалық түйіндері ұлғаймаған. Өкпесінде 

тынысы везикулярлы. ТЖ-18рет/мин. Іші жұмсақ. Бауыры, көкбауыры ұлғаймаған. Жалпы қан 

сараптамасы: Эр - 1,0х1012/л, гемоглобин - 58 г/л, Тромбоциттер - 8х109/л, ретикулоциттер - 

0,1  о/оо,  лейкоциттер  -3,5х109/л.  Формула:  таяқшаядролы  -  10%,  сегментті  ядролы  -  15%. 

Лимфоциттер - 65%, моноциттер - 10%. ЭТЖ - 40 мм/ч. Микросфероцитоз. Болжам диагноз 

қойыңыз: 

42. Бала  2  жаста.  Өкпенің  деструкциясымен  асқынған  пневмониямен  аурып,  реанимация 

бөлімшеде  жатып  шықты.  Бір  айдан  кейін  ЖҚА  -  RBC-3,2x1012/л;  Hb-82  г/л,  RTC( 

ретикулоцит)- 0,5% . MCH–24pg; MCHC-322; RDW-23,5%; WBC-10,2х109/л, с/ядролық 52%, 

эозинофил  10%,  моноцит  7%,  лимфоцит  31%,  PLT–280х109/л;  СОЭ-22  мм/сағ.  Гематолог 

құрамында темір сульфаты барFe 2+ актиферрин тағайындады: Элементарлы темірдің емдік 

дозасын қандай мөлшерде тағайындайсыз:  

43. Қыз бала ревматологтың бақылауында. Бір жылдың ішінде отбасымен елден шет бірнеше рет 

шыққанан  соң  бициллинопрофилактиканы  уақытында  алған  жоқ.  Ауруханаға  буындардың 

ауырсуынына, субфебрилді температураға және шаршағыштыққа шағымданып түсті. Баланы 

қарап шыққаннан соң дәрігер аурудың өршуі туралы қорытынды жасады. Жедел ревматикалық 

қызба ағымының ауырлығын және асқыну белгісін анықтайтын белгіні көрсетіңіз: 

44. Қыз 10 жаста. Невролог қарағаннан соң стационарға жолдама берді. Шағымдары: есте сақтауы 

және үлгерімнің төмендеуі, жазуының бұзылуы, еріксіз қозғалыстардың салдарынан заттарды 

ұстай  алмай  құлату.  Объективті  түрде  –  дене  бітімі  дұрыс,  тамақтану  жағдайы 

қанағаттанарлық. Гиперкинездер, Ромберг қалпында тұрақсыз, сөйлеуі түсініксіз, бұлшық ет 

гипотониясы,  Черни  симптомы  оң.  Шеткері  лимфатикалық  түйіндер  ұлғаймаған. 

Бадамшалары гипертрофиялы, жұтқыншақтың артқы қабырғасында - лимфоидты гиперплазия. 

Жүрек  тондары  кереңделген,  ырғақты,  ЖЖЖ  90  минутына,  ТЖ  20  минутына.  Бауыры  мен 

көкбауыры қалыпты. Таңдау препараты: 

45. 10 жастағы бала ревматологтың қарамағында тұр. Профилактикалық емді уақытында алмайды. 

ЖРВИ  кейін  артралгия,  жүрек  ауырсынуы,  ентігу  пайда  болды.  Объективті  түрде:  буындар 

қозғалыс  көлемі  шектелмеген,  деформация  жоқ.  Аускультация  кезінде  1  тонның  әлсіреуі, 

ырғағы  дұрыс,  үрлеген  систолалық  шу  жүрек  ұшында,  сол  жақ  қолтық  аймағына  беріледі. 

Жүрек  шекаралары  –  сол  шекарасы  +1  см  сол  ортаңғы  бұғана  сызықтан.  Бауыры  мен 

көкбауыры ұлғаймаған. Аурудың өршу кезінде қолдануы жөн препарат: 

46. 14 жастағы қыз дене қызуының 37,5С дейін көтерілуіне, білезік буындарының ауыруына және 

дем алғанда кеуде қуысының ауырсынуына, жөтелгеніне шағымданады. Ауырғанына бір апта 

болды, дәрігер амоксициллин тағайындады. Дене қызуы парацетамолмен басылады. 3 күннен 



соң  бетінде  және  мойын  кеуденің  алдыңғы  бетінде  бөртпе  шықты.  Қарау  кезінде  бөртпе 

шыққан жері екі беті және «декольте» аймағы. Мойын, қолтық асты лимфатикалық түйіндер 

ұлғайған.  Буындары  сырттан  қарағанда  өзгермеген,  қозғалыстары  шектелмеген.  Өкпесінде 

элсіреген везикулярлы тыныс, үйкеліс шуы. Диагноз дәлелдейтін ең хабардар көрсеткіш: 

47. Д  атты  6  жастағы  баланың  анасы  фтизиатрға  тәбетінің  төмендеуі,  айқын  тершеңдікке 

шағымданып  келді.  Туберкулезді  байланыс  анықталмаған.  ТЕ  Манту  сынамасы  алғаш  оң-

папула  13мм.  Объективті:  6  топ  шеткері  лимфа  түйіндерінің  ұлғаюы.  Рентгенологиялық- 

өкпеде өзгерістер жоқ. Төменде көрсетілгендерден қай шараны дәрігер жасау керек? 

48. Т.С.  Деген  4  жастағы  баланың  анасы  педиатрға  жалпы  дімкәстікке,  субфебрильді 

температураға,  жиі  ЖРВИ-ға  шағымданып  келді.  Анамнезінен:  активті  туберкулезбен 

ауыратын  ағасымен  бір  реттік  байланыс.  Объективті:  жағдайы  орташа  ауырлық  дәрежеде, 

аздаған интоксикация белгілері, дене қызуы-37,5. Тері жамылғылары боз, тамақтануы төмен. 

Физикалды  ақпарат-өзгеріссіз.  Рентгенограмммада:  оң  жақ  өкпенің  жоғары  бөлігінде 

гомогенді  емес  қараю,  ұлғайған  трахеобронхиальды  лимфа  түйінімен  жолмен  жалғасқан. 

Диагнозды анықтау үшін төменде көрсетілгендердің қайсысын дәрігер жүгізуі керек? 

49. 8 жастағы балаға емханада Манту сынамасы жүргізілген- папула 11мм. Фтизиатрға жолданған 

және қаралған. Интоксикация белгілері жоқ. Тері жамылғылары қалыпты, таза. БЦЖ тыртығы-

2мм.  Микрополиадения.  Рентгенологиялық  тексеруде-сол  жақ  түбір  кеңейген,  құрылымсыз, 

айқын  емес  контурларымен,  негізгі  бронхтың  жолағы  дифференцирленбейді.  Төменде 

көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? 

50. Бала 6 жаста, педиатрдың Д тіркеуіндетуберкулез бойынша "қауіп" тобында. Бір жыл бұрын 

туберкулинді  сынама  теріс  болған,  қазіргі  уақытта-папула  12мм.  Фтизиатр  кеңесіне 

жолданған.  Шағымы  жоқ.  Туеркулезбен  ауыратын  науқаспен  байланыс  жоқ.  Интоксикация 

белгілері жоқ, микрополиадения. Диаскинтест-папула 15мм. Рентгенологиялық: оң жақ түбір 

кеңейген,  құрылымсыз.  Түбір  арқылы  томограммада:  оң  жақ  бронхопульмональды  түйін 

ұлғайған. Фтизиатр дәрігердің мүмкін болатын тәсілі қайсы? 

51. Бала  11  жаста,  ауруханаға  әлсіздікке,  тез  шаршағыштыққа,  арықтауға,  субфебрильді 

температуға  шағымданып  түсті.  Анамнез:  туберкулезбен  ауыратын  әкесімен  байланыс. 

Интксикация  белгілері  айқын.  Перифериялық  лимфа  түйіндері  5  топта  2-3  өлшемге  дейін 

ұлғайған,  ауырсынусыз.  Диаскинтест-15  мм.  ЖКК  рентгенограммасында:  суретті  қараңыз. 

Болжамды диагноз және емдеу категориясын таңдаңыз: 

 

52. Бала 10 жаста, ауруханаға дене температурасының 37,5оС жоғарлауына, қақырықпен жөтелге, 



әлсіздікке,  тершеңдікке,  шаршағыштыққа  шағымданып  түсті.  Өкпеде  әлсіреген  тыныс 

сипатында  аздаған  ұсақкөпіршікті  сырылдар  естіледі.  Кең  спектрлі  антибиотиктермен  және 




симптоматикалық  ем  тағайындалды.  Жүргізілген  терапиядан  кейін  нәтиже  болмады.  Манту 

реакциясы-17мм. Диаскинтест-15мм. Шолулы рентгенограммада- суретті қараңыз. Болжамды 

диагнозды таңдаңыз: 

 

53. 7 жастағы бала дене қызуының 38,50С көтерілуімен, 5 ретке дейін құсумен және шырышты 



және  жасыл  сұйық  нәжіспен  жедел  ауырды.  Басының  ауырсынуы,  ішінде  ауырсыну.  Тілі 

құрғақ сұрғылт-қоңыр жабындымен, тісінің іздерімен, көлемі аздап ұлғайған. ТЖ-20рет/мин. 

ЖЖЖ-100рет/мин. Іші газдармен үрілген,оң жақ мықын аймағында ауырсыну, шұрылдайды. 

Перкусссияда  оң  жақ  мықын  аймағында  тұйықтану.  Менингиальды  белгілер  жоқ.  4  күні 

денесінің  бүйір  беткейлерінде  бірнеше  розеолалы  бөртулер.  Гепатоспленомегалия. 

Шығындылардың  бактериологиялық  сараптамасында  Salmonella  paratyphy  A  анықталды. 

Диагноз: 

54. Бала  10жаста.  Жедел  ауырды.  Әлсіздік,  бас  айналу,  төсектен  тұра  алмайды,  2  рет  құсу. 

Нормотермия.  Сұрақтарға  қиындықпен  жауап  береді,  сөздері  түсініксіз.  Жалпы  адинамия, 

гипотония.  Екі  жақтық  птоз,  көз  алмаларының  конвергенциясыың  бұзылуы,  мидриаз,  көруі 

төмендеген, көз алдында тұман, заттар екі еселеніп көрінеді. Жұтынуы қиындаған, таңдайлық 

рефлекс анықталмайды. Аузы құрғақ. Сіңірлік рефлекстер анықталмайды. Нәжісі 1 рет, сұйық. 

Анамнезінде: балық сорпасын және герметикалық жабындылы құтыдағы қызанақтар жеген. 

Диагноз: 

55. 4  жастағы  бала  температурасының  38,50С  көтерілуімен,  қайталамалы  құсумен,  жұтынуда 

ауырсынумен,  бөртпелердің  пайда  болуымен  шағымданып  түсті.  Қарауда:  беттері  айқын 

қызыл,  ерін-мұрын  үшбұрышы  бозғылт.  Терісі  құрғақ,  гиперемирленген,  денесінде,  аяқ-

қолының  жазатын  беткейінде  көп  ұсақнүктелі  бөртпе.  Бауыр,  көкбауыр  ұлғаймаған. 

Жұтқыншақта  ашық  шектелген  гиперемия,  жұмсақ  таңдайда  энантема,  бадамшалар  ІІд, 

лакуналарда  арал  тәріздес  танулар,  ақшыл-сарғылт  түстес,  тез  алынады,  шпателмен  үгіледі. 

Жұтқыншақтан себіндіде А тобының гемолитикалық стрептококк. Диагноз: 

56. 13  жастағы  балада  жеңіл  этиологиясы  анықталмаған  ЖІИ  кейін  субфебрилитет  3  ай  бойы 

сақталуда,  әлсіздік  күшейе  түсуде,  бас  ауырсыну,  үнемі  емес  көшпелі  бұлшықет 

ауырсынулары, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, жақыннан көрудің қиындауы. Бауыр +4см, 

көкбауыр  +1  см.  Аяқ  бұлшықеттері  ішінде  ауырысантын  тығызданулар  пальпацияланады-



кальцификаттар.  Қанның  биохимиялық  сарапатамасы:  АЛТ,  АСТ-қалыпты.  ИФА  IgM  (-) 

токсоплазмозға ; IgG (+). ПЦР токсопазма ДНК табылды . Диагноз: 

57. Бала 7 жаста, жедел ауырды, қалтырау, бас ауру, дене қызуының 39,8-ге жоғарлауы, 2 рет құсу 

болған. Аурудың 2 күні оң жақ балтырының төменгі 3/1 бөлігінде тығыздану байқалған, 3*4см 

тері аймағының ауырсынуы және қызаруы. Өзгерген тері аймағы анық дұрыс емес жиекпен, 

"географиялық карта" тәріздес, тері ыстық, сипағанда сезімтал. Шап лимфа түйіндері оң жақта 

ұлғайған, ауырсынады. Диагноз: 

58. 10  жастағы  баланың  анасы  бірнеше  күн  бұрын  мінезінің  өзгегенін  байқаған:  жоғары 

қозғыштық  пайда  болған,  тұйық,  тамақтан  бас  тартады,  тынымсыз  ұйқы.  Қарауда  Т  37,5. 

Дамылсыз, қозғыш. Су ішемін деп сұрады, ішер кезде стақанды лақтырды, көгеріп кетті, ент 

ігу  пайда  болды,  құсу.  Ұл  бала  ұйытқыды,  қасындағыларды  ұрғысы  келді.  Бөлмеде  жарық 

қосқанда  бетінің  бұлшықеттерінің  тырысуы,  қарашықтың  кеңеюі,  ларингоспазм.  Эпид 

анамнезінен: 3 апта бұрын белгісіз итті сипағысы келген, бірақ ит тістеп алған. 

59. 7 айлық бала жедел мұрынның бітелуі мен дене қызуының 38-ге дейін жоғарлауымен жедел 

ауырған,  3  рет  құсу.  Тонико-клоникалық  тырысулар  естің  жоғалуымен.  ЖЖ  т/і  реланиум 

салған. Жағдайы ауыр, есі-мед седация, диффузды бұлшықеттік гипотония. Тері жамылғылары 

бозғылт-қызыл,  жылы,  бөртпе  жоқ.  ЖЖЖ-140рет/мин.  БР  1,5×1,5  см,  пульсацияланады, 

кернеулі. Қан сараптамасы: Hb - 95 г/л, Эр. – 2,5×1012 /л, Т.к. - 0,85, Тр. – 250×109/л, Лейк. – 

20,4×109/л;  т/я-11%, с/я-81%, л-7%,  м-1, ЭТЖ-52 мм/сағ. Ликворограмма:  бұлыңғыр, цитоз-

5290кл/мкл,  100%  -  нейтрофилдер,  ақуыз  –  1218  мг/л,  р.  Панди  4+,  глюкоза  –  1,8  ммоль/л, 

лактат – 3,2 ммоль/л. Диагноз: 

60. Сәби 3 жаста. Дене Т 39,5°С жоғрылаған, қозу күйінде, бас ауруы, қайталап құсқан. 8 сағаттан 

соң ауруханаға түскен. Жағдайы ауыр. Көзі жұмулы күйде бүйірімен жатыр, аяқтарын ішіне 

қарай  жинап  алған,  температура  39,5°С.  Шүйде  бұлшықетінің  ригидтілігі  2  см.,  Керниг 

симптомы  110-120°  бұрышта  екі  жақтан.  Аңқада  гиперемия.  Ми-жұлын  сұйықтығын 

талдау: бұлыңғыр, сүт түстес, цитоз - 3000 кл/мкл, 98% - нейтрофильдер, 2% - лимфоциттер, 

протеин  -  1600  мг/л,  қант  -  1,8  млмоль/л,  лактат  -  3,2  ммоль/л,  Панди  реакциясы  +++. 

Ликвормен  латексті  агглютинация  реакциясында  (ЛАР)  -  В  тобындағы  N.  meningitidis-ке 

антиген анықталған. Диагноз: 

61. Бронх демікпесімен ауыратын 9 жастағы балада мол сұр түйір тәрізді қақықрықпен ылғалды 

жөтел, кейде қан аралас, аузынан көгерген иістің шығуы  пайда болды. Енжар болып қалды, 

тәбеті төмендеді. Дене температурасы 39 С дейін жоғарлады, кеуде клеткасында ауырсыну, 

экспираторлы ентігу қосылды. Аспергиллезды терілік сынама-оң мәнді. Зәрде аспергиллездің 

галактомананнды атигеннің болуы анықталды. Диагноз: 

62. Ата-анасы  4  жасар  баласымен  бірге  жарғанаттар  мекендейтін  үңгірге  экскурсияға  барды.  3 

аптадан  соң  сәбидің  Т  39°С-ге  дейін  жоғарылады.  Ылғалды  жөтел  пайда  болды,  стоматит, 

терісі  мен  склерасы  аздап  сарғайған,  гепатомегалия  +5  см,  спленомегалия  +3  см,  мойын, 

шүйде, қолтық асты, шап лимфа түйіндері ұлғайған, нәжісі көбікті, жағымсыз иісті, 5-6 рет. 

Қан  талдауы  -  анемия,  лейкопения,  тромбоцитопения.  Қанның  биохимиялық  талдауы  - 

билирубин,  АлАТ  жо,ғарылаған.  Кеуде  ағзлаларының  рентгенограммасында  -  шашыраңқы 

ошақты  және  инфильтрациялық  өзгерістер  және  түбір  лимфа  түйіндерінің  ұлғаюы.  Қаннан 

және сүйек кемігінен гистоплазма бөлінген. Диагноз: 

63. 2  жасар  сәбиде  сұйық  нәжіс  20  реттен  көп,  гипервентиляция,  гипертермия.  Қарау  кезінде 

мазасыз, қозғыш, шөлдей береді. Салмағын бастапқыға қарағанда 10% -ға жоғалтқан. Эксикоз 

белгілері бар: көз алмасы шүңірейген және еңбегі үлкен, беті үшкірленген, терсі мен сілемейлі 



қабықтары құрғақ. Саливация және тер бөліну нашарлаған. Диурез азайған. АҚ жоғары. Жүрек 

тондары  дыбыссыз,  пульстің  толымы  және  кернеулігі  әлсіз.  Қандағы  электролиттер 

концентрациясы жоғары: анық метаболиттік ацидоз. Эксикоз түрін анықтаңыз: 

64. 4  жастағы  бала  жедел  ауырған,  Т  38°С.  Аурудың  2-ші  күні  тамағы  ауырған,  мұрынмен  дем 

алуы қиындаған, беті домбыққан, мойынның бүйір беткейі аймағы ісінген. Қарау кезінде беті 

ісінген,  аузын  ашып  дем  алады.  Ауызжұтқыншақта  орташа  гиперемия,  бадамшабездер  III 

дәреже,  тіндерге  жайылған.  Мойынның  артындағы  көптеген  лимфа  түйіндері 

пальпацияланады  1,5  см-ге  дейін,  тонзиллярлық  лимфа  түйіндері  1,5  см-ге  дейін.  Қабырға 

доғасынан  бауыры  1  х  2  х  3  см,  көкбауыры  +1,5  см  шыққан.  Қанның  клиникалық 

талдауында: Нb 120 г/л, Л – 12,7 х 109/л, т/я-4, с/я-45, л-34, м-2, атиптік мононуклеарлар –14%, 

ЭТЖ 25мм/сағ. Диагноз: 

65. Жаңа  туған  нәрестенің  медициналық  картасын  клиникалық-фармакологиялық  сараптау 

барысында пневмонияны емдеу мақсатында тағайындалған цефтриаксон препаратынан кейін 

ядролық  сарғаюдың  дамығандығы  тіркеуге  алынған.  Жаңа  туған  нәрестелер  кезеңінде 

препараттың қандай фармакокинетика ерекшелігі осы кері әсердің дамуын түсіндіреді? 

66. 6 жасар науқаста "Эпидемиялық паротит, орташа-ауыр түрі" анықталған. Дене температурасы 

39,2°С.  Осы  клиникалық  жағдайда  гипертермиялық  синдромды  тоқтату  мақсатында  қандай 

препаратты тағайындау қажет? 

67. 10 жасар науқаста "Термиялық күйік (ыстық сумен) 28% Дене ауданы (IIIБ-IV=12%)/ IIIБ-IV 

дәрежесі  арқада,  бөкседе.  Күйікті  шоқ  ауыр  дәрежеде"  анықталды.  Аурулық  синдромның 

фармакотерапиясы  мақсатында  гидрохлорид  морфині  тағайындалған.  ҚР  09.06.2016  жылғы 

ұлттық клиникалық протоколға сәйкес препаратты осы жағдайда енгізу мөлшері мен реттілігі 

қандай? 

68. 12 жасар науқаста "Гипертрофиялық кардиомиопатия, симметрилы, обструкциялық емес түрі, 

II дәреже, субкомпенсация сатысы" анықталған. Анамнезінде: Бронх демікпесі. ҚР 06.11.2015 

жылғы  ұлттық  клиникалық  протоколға  сәйкес  осы  жағдайдағы  фармакотерапияның  негізін 

қандай препараттар тобы құрайды? 

69. 16  жылдан  бері  жүрек  клапандары  протезделген  З  есімді  науқаста  метициллин-резистентті 

стафилококктар штаммдары туындатқан жұқпалы эндокардит дамыған. Гентамицинмен қатар 

ванкомицин қабылдайды. ҚР (04.06.2014 №10) ұлттық клиникалық протоколының ұсынысына 

сәйкес  бөтен  материалдарды  имплантациялау  кезінде  бактерияларды  эрадикациялау 

мақсатында қандай препаратты қосымша тағайындау дұрыс болады? 

70. Науқас  М.,  5  жаста,  ауруханада  "Муковисцидоз,  аралас  түрі,  ауыр  ауырлықты  дәрежесі. 

Екіншілікті созылмалы бронхит, өршуі. Көптеген бронхоэктаздар (S1–S6 оң жақта қапшықты, 

S4–S8  сол  жақта  цилиндрлі).  Созылмалы  көкіріңді  инфекция.  Ұйқы  безінің  экзокринді 

жеткіліксіздігі"  диагнозымен  емделуде.  Осы  жағдайда  ұтымды  фармакотерапияның  негізін 

қандай препараттар құрайды? 

71. 12  жылдан  бері  жүре  пайда  болған  иммунды  тапшылық  синдромымен  (ЖИТС)  ауыратын 

И.есімді  науқаста  екі  жақты  пневмония  дамыған.  Осындай  клиникалық  жағдайда  қандай 

антибактериялық препаратты тағайындау дұрыс болады?  

72. 2  жастағы  науқаста  "Целиакия,  типтік  түрі,  клиникалық  манифестация  кезеңі"  анықталған. 

Гипротеинемияны  қалпына  келтіру  альбуминнің  10%  ерітіндісімен  өткізілген,  протеиннің 

физиологиялық  деңгейі  қалыпқа  келген.  30.11.2015  жылғы  ұлттық  клиникалық  протоколға 

сәйкес  осы  жағдайда  метаболизм  процестерін  қалпына  келтіру  негіздерін  қандай  препарат 

құрайды? 



73. Жаңа  туған  нәрестеде  "Некрозды  энтероколит,  IIА  сатысы"  анықталған.  Антибактериялық 

фармакотерапия  түрінде  ампициллин  және  метронидазол  тағайындалған.  Осы  клиникалық 

жағдайда антибактериялық емнің ұзақтығы қандай? 

74. 11  жасар  науқаста  "Қантты  диабет  1  типі"  анықталған.  Ауру  ағымының  өзгермелілігі  мен 

гликозденген  гемоглобин  деңгейіне  қарамастан  гликемияның  тәулік  бойындағы  үлкен 

ауытқушылығына  байланысты  науқасты  помпты  терапия  жолымен  инсулинді  үздіксіз  тері 

асты инфузиясына ауыстырылған. Осы клиникалық жағдайда инсулиннің қандай препаратын 

таңдау препараты түрінде қолдану қажет? 

75. 11  жастағы  науқаста  "Қуықтың  нейрогенді  дисфункциясы,  жеңіл  дәреже  (түнгі  энурез)" 

анықталған.  Фармакотерапия  мақсатныда  м-холиноблокаторлар  тағайындалған.  Осы 

клиникалық жағдайда фармакотерапия тиімділігінің индикаторы қандай? 

76. 10  жастағы  науқаста  бас-ми  жарақатының  нәтижесінде  қатерсіз  екіншілікті  бассүйек 

гипертензиясы анықталған. ҚР 30.11.2015 жылғы ұлттық клиникалық протоколға сәйкес осы 

жағдайдағы фармакотерапияның негізін қандай препараттар тобы құрайды?  

77. Жаңа туған нәрестенің кіндік сақинасы аймағында- мазасызданған кезде пайда болатын ілгері 

шығу,  алдыңғы  құрсақ  қабырғасының  бұлшықеттерінің  кернеуі,  тыныштықта-жойылады, 

ауырсынусыз.  Ілгері  шығу  болмаған  кезде  пальпаторлы  апоневроздың  дөңгелек  сипатта 

дефекті  анықталады.  Хирург  мына  диагнозды  қойды:  Кіндік  жарығы.  Ем  бойынша  сіздің 

нұсқауларыңыз: 

78. 7  жастағы  баланың  ата-анасы  емхананадағы  хирургқа  2  ай  бұрын  алдыңғы  құрсақ 

қабырғасының ісік тәрізді түзілісіне шағымданып келді. Жегілікті жағдайы: визуалды іштің 

ортаңғы сызығы бойымен кіндікүсті аймағында дөңгелек түзіліс анықталады, өлшемі 1,5*2,0 

см,  түзіліс  үстіндегі  тері  өзгеріссіз.  Пальпацияда  түзіліс  беткейі  тегіс,  консиситенциясы 

эластикалы,  пальпация  кезінде  аздап  ауырсыну,  қолмен  басқанда  өлшемі  кішірейеді. 

Клиникалық диагноз қойыңыз: 

79. Қабылдау  бөліміне  10  жастағы  науқас  ішектен  қан  кету  белгілерімен  жеткізілді-  тері 

жамылғылары  боз,  солғындық  әлсіздік,  бас  айналу,  артериялық  қысымның  төмендеуі, 

минутына  116  рет  тахикардия,  нәжісі  қара-шие  түстес  қан  аралас.  Қан  сараптамасында 

гемоглобин  мөлшерінің  80г/л  дейін,  эритроциттердің  санының  төмендеуі,  ЭТЖ  жоғарлауы. 

Жүрек  айну,  құсу  жоқ.  Іші  жұмсақ,  ауырсынусыз,  ішперде  тітіркену  белгісі  жоқ,  құрсақ 

қуысында  патологиялық  түзіліс  пальпацияланбайды.  Хирург  Меккель  дивертикулынан  қан 

кету  деп  күмәндануда.  Асқазан-ішек  жолдарынан  қан  кетуді  нақтылайтын  негізгі 

диагностикалық сынаманы көрсетіңіз: 

80. Іштің  ақ  сызығының  жарығы  бойынша  жоспарлы  ота  жасау  кезінде  хирургпен  іштің 

бұлшықеттерінің  апоневрозында  диспластикалық  өзгерістер  анықталды,  жарықтық  қапты 

қоршаған тіндерден бөліп алу, қапты ашу, шарбы майды құрсақ қуысына салу жүргізілді. Ота 

жүргізу  кезінде  аурудың  қайталануының  алдын  алу  үшін  хирургтың  арғы  тактикасын 

анықтаңыз: 

81. Бала  10жаста.  Ішінің  көлемінің  өзгеруіне,  қан  аралас  құсыққа,  тері  жамылғыларының 

сарғаюына, әлсіздікке шағымданады. 1 жыл бойы бала инфекция дәрігерінде мына клиникалық 

диагнозбен  ем  алды:  "Вирусты  гепатит  "С".  Қанның  биохимиялық  сараптамасында-

трансаминазалардың мөлшерінің жоғарлауы, тікелей фракциялы гипербилирубинемия. Құрсақ 

қуысы мүшелерінің УДЗ кезінде гепато және спленомегалия, бауыр паренхимасының қатаюы, 

висцерльды  көктамырларды  доплерографиялық  тексеру  кезінде  -  қақпа  көктамыры 

өткізгіштігі сақталған. Балада дамыған асқыну түрін анықтаңыз: 



82. Волкович-Дъяконов  бойынша  кең  жол  бойымен  жедел  аппендицитке  ота  жасау  кезінде 

аппендикулярлы өсінді ретроцекальды орналасқан, тек оның негізі көрінеді, ұшы париетальды 

ішпердемен  толық  жабысу,  соқыр  ішектің  күмбезімен,  шарбы  маймен,  жіңішке  ішек 

ілмектерімен  борпылдақ  жабысу.  Конгломератты  ажырату  кезінде  колибацилярлы  іріңді 

бөлініс бөлінді, құрттәрізді өсінді кірлі-сұр түсті, фибринмен жабылған, ортаңғы үштігінде-

өлшемі  4мм-ге  дейін  қабырғасының  перфорациясы.  Клиникалық  диагноз  қойыңыз  және 

оперативті емнің қажетті көлемін анықтаңыз: 

83. Хирургиялық ауруханаға 2күн бойы ішінің ауырсынумен, бірнеше рет болған құсумен науқас 

жатқызылды.  Жағдай  өте  ауыр,  шөлдеу,  тері  жамылғылары  және  көрінетін  шырышты 

қабаттары құрғақ, тері тургоры төмендеген, бет әлпеті өткірленген, көз алмалары үңірейген. 

Жоғарыда айтылған белгілер бойынша су алмасудың қай түрінің бұзылуы? 

84. Балада интубациядан және оттегімен жасанды вентиляциядан кейін оң қысыммен цианоздың 

күшеюін және артериялық қысымның төмендеуін байқады. Ең ықтимал диагноз: 

85. 3 жастағы бала ерін мен қатты таңдай жырығына ота жасау үшін бөлімшеге түсті. Анамнезінде 

жиі бронхиттер. Интубация өте қиын жүргізілді: дауы байламдарынан жіңішке интубациялық 

түтікті қиындықпен өтті. "Қиын" интубацияның себебін түсіндіріңіз: 

86. 4  жастағы  бала  тез  тамақтану  кезінде  сөйлеп  тамақ  ішкен.  Кенеттен  жағдайының 

нашарлағанын сезген: қатты ұстамалы жөтел, тыныс алудың қиындауы. Объективті: бет және 

мойын тері жамылғыларының цианозы, тахикардия, науқас қозулы, бір орында отырмайды. 

АҚ 110/70 мм.с.б.б. Мүмкін болатын диагноз? 

87. 5  жастағы  балада  басынан  өткерген  желшешектен  кейін  келесі  неврологиялық  белгі  пайда 

болды:  ұйқышылдық,  гемипарез,  сөйлеудің  бұзылуы,  аздаған  бастың  ауырсынуы.  Болжам 

диагноз: 

88. Балада  жөтел  ұстамасынан  кейін  кенеттен  кеуде  клеткасында  ауырсыну,  тыныс  алудың 

қиындауы,  ентігу.  Оң  жақта  тыныс  шулары  естілмейді.  Перкуторлы-тимпаиякалық  дыбыс. 

Рентгенограммада-оң жақтық кернеулі пневматороксы. Қандай шара қолдану керек? 

89. Бала 3 жаста. Кеуде клеткасының оң жақ бүйірлі шолулы және қосымша рентгенограммасында 

оң  жақ  өкпенің  төменгі  бөлігінде  гомогенді,  интенсивті  қараю.  Бөлікарлық  саңылау  қараю 

жағына  қарай  ығысқан,  өкпенің  көрші  бөлімдерінің  ауалануы,  диафрагманың  оң  жақ 

күмбезінің  жоғары  тұруы,  көкірек  мүшелерінің  оңға  жылжуы.  Сол  жақта  ошақтық  және 

инфильтративті өзгерістер анықталған жоқ. Сіздің қорытындыңыз: 

90. Пневмонияға күдік туған кезде негізгі рентгенологиялық зерттеудің қай түрі қолданылады?  

91. Бала  7  жаста.  Микциялық  цистография  жүргізілді.  Рентгенограммада  тығыз  толтыру 

фазасында  несепқуық  контрастты  затпен  толы,  домалақ  пішінді,  айқын,  тегіс  жиектерімен. 

Контрастты  препараттың  несепағар  бөлімдеріне  лақтырылыс  белгілері  көрінбейді. 

Рентгенограммада  босау  фазасында  сол  жақ  несепағардың  дистальды  бөлімінде  контрастты 

зат анықталды. Контрастты затпен жүргізілген несепағардың бөлімі айқын кеңейген. Оң жақта 

контрастты заттың лақтырылысы жоқ. Сіздің қорытындыңыз: 

92. Бала  12  жаста.  Кеуде  клеткасының  сол  жақ  төменгі  бөліктерінде  ауырсыну,  жөтелгенде 

күшейеді, дене температурасының 37,6 градусқа жоғарлауына шағымданады. Аускультацияда 

өкпелік 

дыбыстың 

тұйықталуы. 

Кеуде 


клеткасының 

тік 


кескінді 

шолулы 


рентгенограммасында 4 қабырғаның алдыңғы кесіндісінен және диафрагмаға дейінгі деңгейде 

өкпе алаңының гомогенді, интенсивті қараюы, айқын, тегіс жиекті жоғары интенсивті. Сол жақ 

синус  қарайған.  Оң  жақ  өкпе  алаңы  ошақтық  және  инфильтративті  өзгеріссіз.  Сіздің 

қорытындыңыз: 




93. Бала 7 жаста. Сол жақ кәрі жілік-білезік буынындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде 

5 сағат бұрын велосипедтен созылған қолымен құлаған. Сол жақ кәрі жілік-білезік буынының 

екі кескінді рентгенограммасында метадиафиз деңгейінде кәрі жілік сүйегі жиегінің сүйектің 

дистальды бөлімінің бұрышта ығысуымен, сыртқы жаққа ашылуымен деформациясы. Сіздің 

қорытындыңыз: 

94. Науқас  К.,  10  жаста.  Мұрынның  қосалқы  қойнауының  КТ  суретінде  сол  жақ  жоғарыжақ 

қойнауының  жоғары  қабырғасына  жұқа  негізбен  орналасқан  дөңгелек  пішінді,  біртекті 

құрылымды,  өлшемі  2,4*2,5*2,4  см,  айқын,  тегіс  жиекті,  сұйықтықты  тығыздықты  (9,2-12,7 

бХ) түзіліс. Сүйек жүйесінде деструкция белгілері анықталған жоқ. Сіздің қорытындыңыз:  

95. 3  жастағы  бала,  балабақшаға  толық  күнге  барады.  Тәрбиеші  баланың  сылбыр,  кейін  жылау 

бастауын және мазасызданғанын байқаған. Дене температурасын өлшегенде 39 С, құсу пайда 

болған.  Жедел  жәрдем  келген  кезде:  бала  кереуетте  жатыр,  есі  шатасқан,  басы  артқа 

шалқайған, аяқтары ішіне тартылған. Жедел түрде ауруханаға жеткізілді, люмбальды пункция 

жүргізілді. Ликвор сараптамасы: қысымы 250 мм су бағанасы бойынша, түсі бұлыңғыр, цитоз 

1000 1 мм3-та, нейтрофилдер басым. Болжамды диагноз: 

96. 12  жастағы  науқас  тез  шаршағыштыққа  және  аяқтарының  қозғалуының  қиындауына 

шағымданады.  Объективті:аяқ  бұлшықет  тонусы,  сіңірлік  рефлекстер  жоғарлаған, 

патологиялық  табандық  белгілер,  клонустар  пайда  болды.  Тұқымқуалаушылық:  әжесі  мен 

тәтесінде осы көріністер. Болжамды диагноз: 

97. Мектеп  оқушысы  8  жаста.  3  ай  бойы  бетінен,  тілінен  басталатын  тонико-клоникалық 

сипаттағы  ұстамалар,  гиперсаливациямен,  сөйлеудің  тоқтауымен,  қалыпты  қозғалыс 

белсенділігінің  тоқтауымен,  қоршаған  ортамен  байланыстың  жоғалуымен  қоса  жүреді, 

қолдарының  автоматикалық  қозғалысы  байқалады,  кейін  тонико-клоникалық  жайылмалы 

тырысулар байқалады. Ұстамалар 1-2 аптада 1 рет, еш себепсіз, ұзақтығы 2-3 минут, ұстамадан 

кейін  бала  ұйықтайды.  ЭЭГ-да  маңдай-самай  аймақтарында  шыңдар,  конвекс  бойынша 

жайылады.  Бас  жарақаты,  нейроинфекциялар  болмаған.  Диагнозды  дәлелдеу  үшін  зерттеу 

әдістері: 

98. Мектеп  оқушысы  8  жаста.  3  ай  бойы  бетінен,  тілінен  басталатын  тонико-клоникалық 

сипаттағы  ұстамалар,  гиперсаливациямен,  сөйлеудің  тоқтауымен,  қалыпты  қозғалыс 

белсенділігінің  тоқтауымен,  қоршаған  ортамен  байланыстың  жоғалуымен  қоса  жүреді, 

қолдарының  автоматикалық  қозғалысы  байқалады,  кейін  тонико-клоникалық  жайылмалы 

тырысулар байқалады. Ұстамалар 1-2 аптада 1 рет, еш себепсіз, ұзақтығы 2-3 минут, ұстамадан 

кейін  бала  ұйықтайды.  ЭЭГ-да  маңдай-самай  аймақтарында  шыңдар,  конвекс  бойынша 

жайылады. Бас жарақаты, нейроинфекциялар болмаған. Емдеу қағидасы: 

99. Мектеп  оқушысы  8  жаста.  3  ай  бойы  бетінен,  тілінен  басталатын  тонико-клоникалық 

сипаттағы  ұстамалар,  гиперсаливациямен,  сөйлеудің  тоқтауымен,  қалыпты  қозғалыс 

белсенділігінің  тоқтауымен,  қоршаған  ортамен  байланыстың  жоғалуымен  қоса  жүреді, 

қолдарының  автоматикалық  қозғалысы  байқалады,  кейін  тонико-клоникалық  жайылмалы 

тырысулар байқалады. Ұстамалар 1-2 аптада 1 рет, еш себепсіз, ұзақтығы 2-3 минут, ұстамадан 

кейін  бала  ұйықтайды.  ЭЭГ-да  маңдай-самай  аймақтарында  шыңдар,  конвекс  бойынша 

жайылады. Бас жарақаты, нейроинфекциялар болмаған. Алғашқы жәрдем қағидасы: 

100. 


14  жастағы  науқас  жүрісінің  бұзылуына,  денедегі  күштемелі  қозғалыстаға 

шағымданады.  Неврологиялық  жағдайы:  спастикалық  қисық  мойын,  денедегі  ротаторлы 

күштемелі  қозғалыстар,  оромандибулярлы  дистония.  Болжамды  диагноз:  Торсионды 

дистония. Диагностикалау қағидасы: 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет