Амортизациялық саясат – бұл өндірістің техникалық деңгейін арттыруға, негізгі қорлардың белсенді бөлігінің шамадан тыс тозуының алдын-алуға, негізгі қорлардың технологиялық және жастық құрамын жетілдіруге, негізгі капитал мен шығарылатын өнім көлемін арттыруға, еңбек өнімділігін арттыруға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, пайданы максимизациялауға, кәсіпорындардың инвестициялық саясатын белсендендіруге бағытталған негізгі қорлардың ұдайы өндіріс процесін басқару.
Жалпы, амортизациялық саясатмакро деңгейдегі белгілі тетіктердің әрекет етуіне әкеледі, олар негізгі капиталды негіздеу дәрежесіне, елде қолайлы инвестициялық ахуалды құруға, салық жүйесін жетілдіруге ықпал етеді. Макро деңгейдегі амортизациялық саясаттың негізгі элементтері 12.1 кестесінде келтірілген.Микро деңгейде тиімді амортизациялық саясатты жүзеге асыру барысынданегізгі өндірістік қорлардың жаңару процесі мен өндірістің техникалық деңгейінің арту процесі жүзеге асады. Осының барлығы, өз кезегінде, кәсіпорындардың тұрақты әрекет етуінің негізгі бағыттары болып табылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету мен пайданы максимизациялау үшін алғышарттар құрайды (кесте 12.1)