Аналитикалық әдіс. Өнімнің кең ассортименті бар салаларда пайданы жоспарлау үшін, сондай-ақ тікелей әдіске қосымша ретінде тексеріс үшін қолданылады. Есептеу базасы ретінде тауарлы өнімнің 1 мың теңгесіне шаққанжағы шығындар, базалық рентабельділік, сондай-ақ кәсіпорын іс-әрекетінің есепті көрсеткіштерінің жиыны алынады (факторлық әдіс).

Тауарлы өнімнің 1 мың теңгесіне шығындарды ескере отырып, пайданытауарлы өнімнің барлық шығарылымы бойынша жоспарлайды (салыстырылатын және салыстырылмайтын).
Есептеу формуласы:
П = Т (100 – З)/100 .
мұндағы П – тауарлы өнімді шығарудан түсетін жалпы пайда
Т – кәсіпорынның өткізу бағаларындағы тауарлы өнім
З – тауарлы өнімнің 1 мың теңгесіне шаққандағы шығындар
Бүгінгі күні кәсіпорын иелігінде қалатын пайданы бөлу жүйесіне қатысты қойылатын басты талап оның тұтынумен жинақтауға бағытталатын қаражаттар арасындағы оңтайлы ара-қатынасты орнату негізінде кеңейтілген ұдайы өндіріс қажеттіліктерін қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуінен тұрады.