Экономикалық категория ретінде пайда екі қызмет атқарады: бағалау (тиімділік шаралары, өндіріс мақсаттары) және ынталандыру. Бірінші қызмет ретінде пайда кәсіпорын іс-әрекетінің нәтижесінде алынған экономикалық әсерді сипаттайды. Ынталандыру қызметі пайданың кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен резервтерінің негізгі элементі болып табылуынан тұрады, ал өзін-өзі қаржыландыру қағидасының жүзеге асырылуы алынатын пайда көлемінен тәуелді болады, себебі кәсіпорын иелігінде қалатын пайда үлесі белгілі шараларды қаржыландыру үшін жеткілікті болуы тиіс. Мемлекеттің негізгі табыс көзі ретіндегі пайданың үшінші қызметін де атап өтуге болады, алайдаоның мәні толығымен экономиканы және кәсіпорын іс-әрекеттерін мемлекеттік реттеу жүйесінен тәуелді болады.

Кәсіпкерлік пайда кәсіпорынның меншік иесінің иелігіне түсіп, кейіннен өндірісті кеңейту немесе жеке тұтынуға бағытталатын кәсіпорынның таза пайдасын білдіреді.
Ұйым (кәсіпорын) пайдасының көлемі көбінесе капиталдың техникалық және құндық құрылымынан, жұмсалған еңбек массасынан, бағалар механизмінен, бәсекелестіктен, өзара есептесу жүйесінен, нарық жағдайынан тәуелді болады.
а)
Ұйымның (кәсіпорын) жалпы түсімі мен жалпы шығындары арасындағы айырманы білдіретін баланстық (жалпы) пайда;
б)
Бухгалтерлік пайда – ұйымның түсімі мен сыртқы шығындар сомасы арасындағы айырма;
в)
Экономикалық пайда, яғни сыртқы және ішкі шығындарды шегергендегі ұйым түсімінің жалпы көлемі;
г)
Таза пайда – ұйымның түсімі мен экономикалық шығындар (айқын және айқын емес) арасындағы айырма;
д)
таза (бөлінбеген) пайда – ұйым иелігінде қалатын пайда;
е)
Салық салынатын пайда – тиесілі салық салынатын пайда;
ж)
Маржиналды пайда – өнімді (жұмыстар, қызметтер) өндіру және өткізуден түсетін түсім мен өндіріс шығындарына жатқызылған ауыспалы шығындар арасындағы айырма;
з)
Қалыпты пайда – бұлұйымда қалатын және аталмыш кәсіпорындағы өз капиталын пайдалану үшін кәсіпкер ұмтылысын қолдауға қажетті минималды пайда;
и)
Экстремалды пайда – капиталды жоғалту тәуекелінің шамасы пайданы алу тәуекелінің шамасына теңестірілетін тәуекелді операциялар бойынша алынатын бір реттік пайда.